Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Сөз және оның мағынасы
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы
Тихонов мектеп-балабақша кешені.
2 санатты бастауыш сынып мұғалімі Кабулова Жайнагул Коптлеуовна
2 сынып. Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасыСабақтың мақсаты:1. Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету.;2. Сөздік қорын молайту;3. Зейінділікке тәрбиелеу.Сабақтың әдісі: салыстыру, жаттығу, сұрақ - жауап., дидактикалық ойындар.Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңіІІ. Үй тапсырмасын тексеру.5 - жаттығу● Үйге берілген жаттығудың орындалуын тексере отырып, оқушылардың мәндес сөздерді қаншалықты меңгергенін анықтау.● Мәндес сөздердің қай сөз табына жататынын анықтау, үтірдің қойылу себебін сұрау.IIІ. Жаңа сабақ Сөз және оның мағынасы1. Көркем жазуЖақсы, жылы, түзу, бүлдіру, күлкілі.:: Осы сөздер қатарында қай сөз артық? Неліктен? <<Бүлдіру>> сөзі артық, себебі ол қимылды білдіреді, яғни етістік. Ал қалғандары сын есімдер.:: Осы сөздерге қарама - қарсы мағыналы сөздерді тауып айт. Мысалы, жақсы - жаман, жылы - суық, түзу - қисық, бүлдіру - түзету, күлкілі - қайғылы.2. Бұл қандай сөздер?:: Мағынасы бір - біріне қарама - қарсы сөздер (антонимдер):: Мағынасы жуық сөздер ( синонимдер):: Айтылуы да, жазылуы да бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер (омонимдер)3. Оқулықпен жұмыс 1 - жаттығуСөйлемдерді көшіріп жазып, қарама - қарсы мағыналы сөздердің астын сыз.Жел әкелгенді сел әкетер. Тау жақтан баяу жел соқты. Қатты желдің екпіні қайықты аудара жаздады. Бүлдіру - оңай, түзету - қиын. Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар.2 - жаттығу Көп нүктенің орнына қарама - қарсы мағыналы сөздерді жаз.қатты -...... жүру -..........таяз -.......... кию -............жылы -........ кіру -...........кең -.......... сөйлеу -.........● әр бағандағы сөздердің ортақ қасиетін табу, қай сөз табына жататынын анықтау;● тасымалданбайтын сөзді табу.IV. Сергіту сәті << Бір әріптің ізімен>> дидактикалық ойыныЖжж (жолдас), Ддд (дос), Ыыы (ылғалды), Сссс (суық ), Ббб (бала), Ттт ( тоңу)Берілген әріптермен және сөздермен сөйлем құрап айту:: Жолдасым желмен жарысты. Жарас жақсы жігіт.:: Досым допты домалатты.:: Суық сумен сүртіндім.V. Өзіндік жұмыс 5 - жаттығу● Мәндес сөздерді бір бөлек, қарама - қарсы мағыналы сөздерді бір бөлек жаз.● Қалаған 3 - 4 сөзбен сөйлем құрап жаз.1. еріну - жалқаулану, есептеу - санау, қайталау - пысықтау;2. ақырын - шапшаң, апару - әкелу, бастау - аяқтау, тоңу - жылыну.Сөйлемдер мынадай болуы мүмкінШаршы топта сөз бастау қиын. Қайталау - білім анасы. Тоңған кісілер үйге кіріп жылынды.VI. Жұмбақ шешу● Қарамен жазылған сөздерді қарама - қарсы мағыналы сөздермен алмастыр.Жақыннан әкеп хабарды.Ренжітер барлық адамды.Алыстан әкеп хабарды,Қуантар барлық адамды. ( жеделхат)Жеңілдікпен аршылар,Көзіңнен жас тамшылар.Қиындықпен аршылар,Көзіңнен жас тамшылар. ( пияз)● Бес жолды өлең құрастыру1. Пияз2. Ащы, пайдалы.3. Аршылады, ашытады, өседі.4. Жуа5. Аршыған кезде пияз көзді ашытады.VII. Қорытындылау Дұрыс па, бұрыс па?а) Дұрыс емес тұжырымды түзетіп айту, дұрыс жауапты дәлелдеу○ Мәндес сөздерді басқаша синоним деп атайды.○ Қарама - қарсы мағыналы сөздер антоним деп аталады.:: Жақсы, жаман - синоним сөздер○ Сөздің мағыналық бөлігі түбір деп аталады.○ Қыстырма сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды.:: Бастауыш - сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі○ Жалаң сөйлем тұрлаулы мүшелерден тұрады.○ Дауысты дыбыстар 2 - ге бөлінеді:: Бірыңғай мүшелердің арасына нүкте қойылады.ә) Берілген мақалдардың ішінен антонимдерді тап.Бетегеден биік, жусаннан аласа.- құрмет, кішіге - ізет.Көз қорқақ, қол батыр.Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіріп айтарЖақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа,Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа.Ағаш кессең, ұзын кес, қысқартуың оңай,Темір кессең, қысқа кес, ұзартуың оңай.VII. Үйге тапсырма
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz