Педагогикалық кеңес. 2014 жыл

№1
Педагогикалық
кеңес
2013-2014 оқу жылы
Хаттама №1
Педагогикалық кеңес 28 тамызда 2013 жылы өткізілді
Қатысқандар :
Директор-Ұлбекова. А.
МұғалімдерБатырханова. Б . Қазыбаева. Н
Омарова. К
Тұрысбекова. М
Тилеужанова. Г . Рысбаева. А
Психолог : Елшибекова Э
Педагогикалық кеңес тақырыбы: Оқыту процесіндегі мұғалімнің ролі
.
Педагогикалық кеңестің мақсаты :
Бастауыш сыныптардың жетілдірілген бағдарламасы әр ұстаздан оқу мен тәрбие бірлігін қамтамасыз ету арқылы оқушылардың икемділігін, дағдыларын қалыптастыруды, бірлесе ойлау әрекетін игеруге жеткізетін дамыта оқытудың әдіс-амалдарын меңгеруді, пәнаралық байланысты іске асыруды, оқыту ісін оптималдандыру
Өткізілу әдісі: дәстүрлі
Күн тәртібі
1. Өткен педагогикалық кеңес шешімдерінің орындалуына талдау жасау.
Батырханова Б
- Жаңа 2013-2014 оқу жылының оқу-тәрбие бойынша жұмыс жоспарын бекіту;
- Мектеп әкімшілігінің лауазымдық міндеттерін бөлу; жаңа оқу жылындағы жұмыс режимін және мектептің ішкі тәртіп ережелерін бекіту;
- Жалпыға бірдей міндетті оқумен қамтуды ұйымдастыру айлығының өткізілу барысымен таныстыру, жоспарын жасау және мектепке қарасты мөлтек ауданның сызбасын бекіту, оларға мұғалімдерді тағайындау;
4. 1 сыныпқа қабылданған оқушылардың есте сақтау, қабылдау, ойлау қабілеттерінің деңгейін анықтау (мектеп психологының анықтамасы)
Педагогикалық кеңестің барысы:
Тыңдалды:
1. Батырханова Б №5 педагогикалық кеңестің шешімдерінің жүзеге асу барысынан мәлімдеме жасады.
Оқушылар сыныптан сыныпқа көшіліріп, бұйрықтар шығарылды.
Жаңа оқу жылының жоспары таныстырылып, өткен оқу жылына талдау жасалды.
Жазғы жөндеу жұмыстары түгел талапқа сай жасалды.
2 мәселе бойынша тыңдалды
«Оқыту процесіндегі мұғалімнің ролі» тақырыбында мектеп мұғалімі Рысбаева Айнагүл баяндама оқыды . Өзектілігіне талдау жасап, тақырып мазмұнына тоқталды.
"Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз" демекші, бүгінгі бала - ертеңгі азамат. Сондықтан қазіргі мектептің басты мақсаты - баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің ашылуына қолайлы жағдай жасау. Білім беру мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту - бүгінгі күннің талабы. Бүгінгі оқыту жүйесінде жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, оң нәтижелер беруде.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңында: "Білім беру жүйесінің басты мақсаты - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық- тар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау" делінген. Жас ұрпақ - еліміздің ертеңі, болашағы. Ендеше, білім беру саласындағы басты міндет ұлттық ерекшеліктерді есепке ала отырып, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісін жетілдіру, жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Сөйлесу іскерлігі, сөйлесу түрлерін оқытудың қай-қайсысы болмасын, сапалы әдіспен жалпы әдістеме мәселесіне келіп тіреледі. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқытудың жаңа ақпараттық техникасын пайдаланған жөн деп ойлаймын. Оқу-тәрбие үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау, білім беруде жеке оқытуды дамыту, көзделуі қажет. Көрнекті педагог
В. А. Сухомлинский: "Сабақ жасөспірімдердің интелектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы керек. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесімен сақтаушысына, кітап-мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады"-деп айтқан екен. Міне, осыған сай бастауыш сыныпта оқу әрекеті қалыптасуының қуатты жүретіні, оның мазмұны оқу тапсырмалары түрінде берілетіндігі, оқу тапсырмаларын өздігімен шешіп орындайтын ортақ тәсілдеріне үйрету, бір пәннен алған білім, білік, дағдыны екінші пәнді оқытуға тірек ету, байқалған кемшіліктерді түзетуді оқушылардың өздері орындайтынды- ғы, әрбір орындалған тапсырманың мақсатын анықтауы, т. б. мәселелер қамтылады. Оны іс жүзіне асыру жүйелі жұмысты қажет етеді.
Өзімнің тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым - оқушыны субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Ең бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс- әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету. Сондықтан, жаңа технологияны пайдалану дегенде, өз басым интерактивті тақтаны барынша көп қолдануға тырысамын. Бұл жағдайда интерактивті тақта көп рөл атқарады. Яғни, уақытты ұтымды әрі тимді пайдалануға мол мүмкіншілік береді. Жұмыстың көптеген түрлерін жүргізуге болады. Байланыстыра сөйлеудің заңдылықтарын оқушыға ереже түрінде емес, практикалық жолдармен үйретуде, грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игертуде интерактивті тақтаның көмегі мол. Бастауыш сыныптарда, әсіресе 1-сыныпта суретпен жұмыс, тіл дамыту жұмыстарын барынша көптеп жүргізуге тура келеді. Мысалға, 2-сыныпта өткізген мына сабағымды үлгі ретінде алып отырмын.
Осындай жұмыстар оқушылардың қызығушылығын тудырады. Тілді үйренуге деген ынталарын, зейіндерін арттырады.
Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру, алда тұрған үлкен міндет екені мәлім. Тұжырымдамада, оқу бағдарламасында оқу әрекеті ерекше аталған. Ол - заңды құбылыс. Бағдарламада сөз болып отырғандай, яғни" . . . оқу процесін автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту; жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және олардың азаматтық белсенділігін, әлеуметтік жауапкершілігін және әлеуметтік ашу тетіктерін қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенен іске асыру . . . "сынды жобалары қуантарлық жағдай. Үкімет ұсынып отырған 12 жылдық білім беруге көшу-өркениетті даму жолында еліміздің өтуге міндетті асуларының бірі.
Бастауыш сыныптардың жетілдірілген бағдарламасы әр ұстаздан оқу мен тәрбие бірлігін қамтамасыз ету арқылы оқушылардың икемділігін, дағдыларын қалыптастыруды, бірлесе ойлау әрекетін игеруге жеткізетін дамыта оқытудың әдіс-амалдарын меңгеруді, пәнаралық байланысты іске асыруды, оқыту ісін оптималдандыру идеяларын практикаға енгізуді талап етеді. Соған сай, сабақта оқушыларды терең де тиянақты білімдермен қаруландырып, шығармашылық қабілетін қалыптастырып дамытуға жетелеуіміз керек. Бұл мұғалімдер алдына білімдік және тәрбиелік міндеттен басқа оқушыларды оқу еңбегіне қызықтыру, олардың өз білімін дербес толықтыру дағдыларын дамыту мақсатын қояды.
Қазір бұрынғыдай емес, оқушылар ояу. Оларды мектеп өміріндегі оқу-тәрбие ісіне қатысты барлық нәрсе ойландырады: ұстаз мәдениеті, білігі, білім сапасы, шәкірттер мен оқушылардың достық, адамгершілік қарым-қатынастары - бәрі мазалайды.
Интерактивті тақтаныпайдалана отырып сыныбыммен «Білім мен парасат» атты интелектуалды сайыс өткіздім. Осы сайыс арқылы оқушылар әр пәндерден өз білімдерін ортаға салды.
Мектеп - білім мен тәрбие берудің орталығы. Баланың өмірге көзқарасы, дүниетанымы, мінез-құлқы да мектепте қалыптасады.
Ұстаз! Осы сөзде қаншама құдіретті, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Ендеше осы қасиетті сөздің иесі болу - бақыт. Ы. Алтынсарин атамыз: " . . . жақсы мұғалім - мектептің жүрегі", - деген еді. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің де іске аспайтыны белгілі.
Мен өз сыныбыммен 1-ші сыныптан бері «Ана тілі сабағында оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін арттыру» тақырыбында жұмыс істеп келемін.
Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшіндұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдерқабылдай білуге үйренуі қажет.
Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай білуге, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдары ұсынылады, сабақтардың мүмкіндіктері қарастырылады.
Бастауыш сыныпта жүргізіле бермейтін шығармашылыққа үйрету жұмысының бірі -өлең жазғызуға баулу. Мен бұл жұмысты 1-ші сыныптан, яғни баланың сауаты ашылыпболған соң жүргізе бастадым. Ол үшін алдымен оқушыларға ұйқас сөзінің мәнін түсіндіріп, өлеңдердегі ұйқастарды табуға тапсырма бердім. Мысалы:
а) -у -у -у -у
жақсы оқу
ә) -ға, -ға, -ға
бардым ауылға
б) Ауылға барамын
Төлдерді бағамын
Осы тәртіппен басталып, кейін күрделілене түседі.
Оқушыларды шығармашылыққа үйретудің тағы бір жолы - әңгімелер, ертегілер жазғызу. Мысалы мына тақырыптар бойынша тапсырмалар берілді: «Мен қалай құмырсқа болдым», «Менің атым қасық» және ертегі жазу жұмысын бердім.
1-тапсырма:
Ссиқырлы дәріні ішіп, көзге көрінбейтін болып қалған тышқанды мысық ұстауы үшін не істеуі керек деп ойлайсыңдар?
Жауаптар:
Оқушының жауабы - мысық сиқырлы дәріні ішіп тышқан тұрған жерге барып, тышқанды ұстайды деп жауап берді.
Осы тапсырмаға оқушы - Мысық бір уыс дәріні алып бөлменің ортасына төгіп қояды. Оны көрген тышқан дәнді біртіндеп ініне таси бастайды. Осылайша дәнді тасып жүргенде, мысық жаймен барып тышқанды ұстап алады жеп жауап береді.
Осылайша әр түрлі тақырыпта тапсырмалар берілді. Бұл тапсырмаларға балалардың берген жауаптары әр түрлі.
Айтылған ойды қорытындылай келе, еңбек етудің өмір сүру үшін қаншалықты маңызы бар екеніне тоқталамын.
Ана тілі сабақтарында басталған шығармашылық жұмыстар сыныптан тыс уақыттарда жалғасын тауып жатса ғана нәтижелі болмақ. Осындай жұмыстар оқушылардың ақыл-ойын, шығармашылығын, дамыту мәселесін шешеді және білімнің сапасын көтерер еді деп ойлаймын.
Ұстаз берген білімді, тәрбиені дұрыс қабылдау, көркем әдеби кітаптарды көп оқу, пәндік үйірме жұмыстарына, әдеби-драмалық, көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене қатысу-оқушы білімі мен тәрбиесінің жоғары болуына елеулі әсер етеді. Қорытындылай айтарым, жарқын, бақытты өмір сүру үшін жастарымыз білімді, саналы азаматтар болып қалыптасуы керек.
Бұл-ұстаздарға, барлық жұртшылыққа жүктелетін ауыр да абыройлы іс. Еліміздің білімді, саналы азаматтарын тәрбиелеп шығарудан артық ұстаз үшін бақыт болмаса керек.
Уақыт талабы, кезеңі де осыны талап етеді.
Бағдарлы білім беру - оқытудың дифференцияланған және жекелеген принциптері жүзеге асатын, толық жалпы орта білімнің қорытынды кезеңі. Бұл кезеңде оқушылардың өмірлік қажеттіліктері мен қызығушылықтарының арқасында білімді тұлғалық анықталу мақсатында жүргізе отырып, мамандық таңдауға мүмкіндік алады.
Кез - келген мұғалімде осы қасиеттер болса онда бұл мұғалімнің жұмыс нәтижесі мынадай болмақ:
Мына келесі сызбадан біз нені байқаймыз?Яғни бұл жерде мұғалімнің кешегі күнге дейінгі ұстанымдары мен бүгінгі күнгі ұстанымдары салыстырылып көрсетілген. Жалпы мектептердің барлығы дерлік 12 жылдық білім беру жүйесіне көшсе онда жұмыс жасайтын мұғалімдердің де өмірге деген көзқарасы өзгереді.
Директор өз сөзінде «Алдына ұлы мақсат қойсаң ұлылыққа жетесің» деп данышпан ақындарымыз айтпақшы, барлығымыз бірге күш жұмсап, ел ертеңіне сеніммен қарасақ ғана алдымызда тұрған көптеген қиыншылықтардан қиналмай өтеміз деген ойдамын.
Сөйлеушілер:
Тұрысбекова Маржан
Қазір мұғалімдердің сабақ берумен ғана шектелмей, білім және тәрбие жұмысын бірге жүзеге асыру талап етіледі. Мұғалімнің сабағы өмірмен байланысты әрі білімдік, әрі тәрбиелік мақсатқа сай болу керек.
Батырханова Бағила
Әр ұстаз шығармашылықпен еңбек ету керек. Іздену, жаңалыққа ұмтылу - бүгінгі күннің талабы. Қайта құру өзімізден, өзіміздің іс-тәжірибемізді молайтудан басталады. Ұстаз оқу мен тәрбие жұмысын ұштастыра, байланыстыра жүргізу қажет. Оқу-тәрбие жұмысы ұстаздардан білімділікті, шеберлікті талап етеді.
Білімді ұстаз ғана өз оқушысының алдында беделге ие болады. Мұғалім өз оқушыларының пікірімен санасып, бірімен-бірі өзара достық қарым-қатынаста болса, оқу-тәрбие жұмысының да алға басатыны даусыз.
Сонымен қатар оқушы да өзін-өзі басқару дәрежесінде болуы керек.
3 мәселе бойынша өткен оқу жылының оқу- тәрбие жұмысына талдау, жаңа оқу жылының міндеттерін бекіту .
Сөйледі . Батырханова Б
Уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңарту бүгінгі күннің басты міндеті. Қандай да өркениетті мемлекеттің қуатты болуы білікті, білімді халқының санымен айқындалады. Бүгінгі оқушы, ертеңгі азамат олай болса оқу-тәрбие үрдісін жаңартып, білім сапасын арттыру білім қызметкерлерінің үлкен жауапкершілігіндегі іс.
ҚР «Білім туралы» Заңы мен «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасын» елбасы Н. Назарбаевтың «2030 стратегиялық бағдарламасын» басшылыққа алып, білім министрлігі мен облыстық білім департаментінің, аудандық білім бөлімінің бұйрық, шешім, нұсқаулары бойынша оқу-тәрбие жұмысының жоспары жасалынып, іс-шара жұмыстары жүргізілді. Жоспар тамыз айының педагогикалық кеңесінде бекітілді.
Мектеп ұжымы: «Құзіретті білім беру моделі жағдайында саралап оқытуды ұйымдастыру жолдары» проблемасы бойынша жұмыстар атқарды. Оқушылар үш кезекте оқиды. Мөлтек аудан бойынша барлық оқушылар мектепке тартылды. Мектеп проблемасын іске асыру барысында мектеп ұжымы біршама жұмыстар атқарды. Оқу жылын 44 оқушымен бастап, 42 оқушымен аяқтады.
2012-2013 оқу жылында 44 оқушымен 4 сынып комплектісінде оқыды. Мектеп бойынша оқу жылын 42 оқушы аяқтап, оның 16 оқу озаты, 10 оқу екпіндісі болды. Жылдық қорытынды бойынша үлгерім 100%, сапа 62 %.
Жалпылама оқуға тарту
ҚР Конституциясының 30 бабы мен ҚР Үкіметінің 28 тамыз 1998 жылғы «Қазақстан Республикасында орта білім жүйесін одан әрі реформалаудың шаралары туралы» №812 қаулысын және облыстық білім департаментінің 24 желтоқсан 2007 жылғы №340, аудандық білім бөлімінің 2011 жылғы №272 және білім ордасының №13/1 «Жалпыға бірдей міндетті орта білім беру айлығы туралы» бұйрығын орындау мақсатында іс-шара жоспары жасалды.
2012-2013 оқу жылында мектепке бекітілген мөлтек аудан бойынша 0-18 жастағы балалар мен жасөспірімдерді міндетті оқуға тарту мақсатында жыл ішінде 3 рет есеп жүргізіліп, жасөспірімдердің толық есебі алынды.
Жалпылама оқуға тарту айлығының қорытындысы бойынша аудандық білім бөліміне мәлімет тапсырылды. Айлық кезінде «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы жүргізіліп, жетім, жартылай жетім, көпбалалы жанұя, сәтсіз жанұя балаларын анықтап, көмек көрсетілді.
Бірінші сыныпқа 15 бала оқуға қабылданды. Ата- аналармен өткізілген кеңес нәтижесі 100% баланың мектепалды даярлық тобына барғандығын көрсетіп отыр.
Өз уақытысымен медициналық тексерілуден өткізілді, ауру балалар есепке алынды, балалардың денсаулығын жақсарту және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін, қазан айынан бастап дене шынықтыру пәніне арнайы сағат бөлінді. Тұрмысы төмен отбасының балаларына қолдан келгенше көмек көрсетіліп тұрады. Отбасылық жағдайы төмен балалардың барлығы тегін оқулықпен қамтамасыз етілді. Олардың 44% 1-4-сыныптар оқушылары. Кітапхана қоры жаңа оқулықтар мен әдістемелік құралдармен жабдықталған. Жалпыға бірдей оқумен қамту бағдарламасы бойынша мөлтекаудандар бойынша барлық оқушыларға орта білім алу үшін қажетті жағдай жасалынған. Бұл жұмысты ұйымдастыру барысында біз ескі әдістермен қатар жаңа әдістерді қолдана отырып, сапалы нәтижелерге қол жеткіздік.
Педагог мамандармен жұмыс
Болашағымыз бүгіннен де нұрлы болуына ықпал жасап, жас ұрпақты жеке тұлға етіп қалыптастырып, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш - Білім ордасы. «Ұрпақ ұлт келешегі» демекші бүкіл адамзаттың мақсаты сол ұрпақтың сәулетті болашағын жасау. Ұрпақ болашағы үшін еңбек ететін мектеп ұстаздары.
Мектепте 7 мұғалім қызмет етті, оның 4-жоғары білімді, 3-арнайы орта білімді. 7 мұғалімнің 2-бірінші, 3-екінші санатты, 2-санаты жоқ мұғалімдер.
Мектеп ұстаздары оқытудың жаңа технологиясын оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдаланып, жұмыс істеу арқылы нәтижеге жетіп жүр.
2012-2013оқу жылында аттестациядан өтуге 2 мұғалім өтініш берген. 2-санатты растау Тұрысбекова Маржан мен Қазыбаева Назым растады. Аттестациядан өткен мұғалімдер жаңа технологияларды пайдаланып ашық сабақтарын, сабақтан тыс іс-шараларын көрсетті, кабинеттерін жаңа талапқа сай жабдықтады, шығармашылық есеп берді.
Әдістемелік жұмыс жүйесі
Әдістемелік жұмыс оқу-тәрбие жұмысын басқарудың маңызды құралдарының бірі, мектепті басқару жұмысының белді саласы болып табылады. Әдістемелік жұмысқа қойылатын негізгі талап әдістемелік жұмысты үнемі жетілдіру, оқытудың сапасын ғылыми егізде ұйымдастыру, оқушылар білімінің деңгейін көтеру мақсатына бағытталады.
Әдістемелік жұмыстың мақсаты:
Мектептің педагогикалық ұжымында әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру үшін әдістемелік кеңес және әдістемелік бірлестік жұмыс істеді. 2012-2013 оқу жылына арналған әдістемелік жұмыстың жоспары, бірлестіктің жеке жұмыс жоспары мен бірлестік жетекшісі тамыз айындағы педагогикалық кеңесте бекітіліп, жоспар бойынша іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілді. Жоспар бойынша онкүндіктер, сыныптан тыс іс-шаралар, ашық сабақтар, әдістемелік кеңес өз мерзімінде өткізілді.
Әдістемелік жұмысты жандандыру барысында педагогикалық ұжым негізінен «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау», «Сатылай комплексті талдау», «Модульді оқыту», «Деңгейлеп оқыту» технологиялары бойынша курстан өтіп, өз тәжірибелерінде тиімді енгізуде жұмыс жасалынды.
. Мектепте 3 жыл бойы озық іс- тәжірибе таратуға сай мұғалімдер анықталды. Қазыбаева Назым, Ұлбекова Айгүл және Батырханова Бағила . Бұл мұғалімдердің сапалық құрамы жасалынды.
Шығармашылық топ құрылып, жоспары құрылып мектеп көлемінде және аудан көлемінде тарату анықталды. Әдістемелік бірлестік бұйрық шығарылды. Қараша айындағы әдістемелік отырыста озық тәжірибелі мұғалімдер шығармашылық есеп берді.
Батырханова Бағила мектепте 1- сыныпқа сабақ береді. Әр сабағында жаңа технологияларды пайдаланып, жас мамандарға тәжірибе алмасу мақсатында ашық сабақтар өткізді. Дүниетану пәнінен «Жыл мезгілдерінің өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы» тақырыбында пысықтау сабақ өткізді. «Алтын күз» мектепішілік мерекелік сайыста 1 сынып оқушылары бас жүлдені иеленді. «Әліппемен қоштасу» мерекелік ертеңгілік өткізіп, ата-аналардың ризашылығына бөленді. Әліппе сабағынан «І дыбысы мен әрпі» тақырыбында ертегі сабақ өткізді. Шалқан ертегісінің желісімен, тартымды және математика, дүниетану пәндерімен байланыстыра өткізді. Ата-аналармен тығыз байланыста, жұмыстар жүргізеді.
Ұлбекова Айгүл «Қозғалысқа берілген әртүрлі есептер шығару» тақырыбында жарыс сабақ өткізді. Сабақта жаңа технологиялар мен ақпараттық технологиялар пайдаланылды. «Ұмытылмас желтоқсан» тақырыбында 4 сынып оқушыларымен ашық тәрбие сағатын өткізді.
Озық тәжірибелі мұғалімдеріміз дарынды оқушылармен жұмыс жүргізе отырып, үлкен жетістіктерге жетті. Оқушылардың «Дарын» ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша аудандық ғылыми жобаны қорғауға 1оқушы Қазыбаева Эльнара 4-сынып оқушысы «Қымыз -жанға қуат, дертке шипа» тақырыбында зерттеу жұмысына қатысып «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының аудандық байқауында жеткен жетістігі үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Осы оқушыға жетекшілік жасаған мектеп мұғалімі Қазыбаева Назым дарынды оқушылардың нәтижелі де сапалы жетістіктерге жетекшілік еткені үшін аудандық грамотамен марапатталды. Мектеп мұғалімдері Ұлбекова Айгүл мен Батырханова Бағила жас маман Тілеужанова Гүлнұрға үлгілі сабақтар көрсетті. Математика сабағынан 20. 09. 2012ж 4-сыныптар бойынша «Масса және оның өлшем бірліктері», 24. 10. 2012ж «Жылдамдық, уақыт, қашықтық» тақырыбына үлгілі сабақтар көрсетті. 1-сынып жетекшісі Батырханова Бағила әліппе сабағынан «Ы дыбысы мен әрпі»тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізілді. Математика пәні бойынша «Қосу мен азайту өзара кері амалдар» тақырыбына ашық сабақ өткізілді. 21. 01-28. 01. 2013 ж аралығында өтетін «Бастауыш - білім бастамасы» атты бастауыш сынып апталығында «Білімділер сайысы» интеллектуалды ойынды 3-4сыныптар арасында Қазыбаева Назым өте қызықты түрде өткізді. Математикалық турнир 4 сыныпта Ұлбекова Айгүл өткізді. Апталықта ашық сабақтар өткізілді. Бұл сабақтарға мектеп мұғалімдері қатысты. Сабақтар өз деңгейінде өтілді. «Бастауыш STARS» бастауышпен қоштасу әзіл- кешін Ұлбекова Айгүл өткізді. Кеш әсерлі, көңілді өтті.
Уақыт талабына сай, мектеп қабырғасынан 1-4сыныптар аралығында тест жұмыстары әрбір өтілген сабақтан соң, өтілген материал бойынша жүргізіліп отырылуы тиіс. Бұл баланың қабілетін дамытып, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Жалпы тест жұмысын жүргізудің мақсаты оқушылардың білім сапасын тексеру, іріктеу, сауатсыздықты жою. Мектепте оқу процесінің мазмұны өзгермеген. Сол мазмұн бойынша тест құрылады. Сондықтан әрбір пән мұғалімі жақсы нәтижеге жету үшін, өз сабағына зор жауапкершілікпен қарап, ғылыми тұрғыда ізденіп, өз білімдерін қағаз жүзінде емес, іс жүзінде көрсете білуі керек. Сонымен қатар ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жасап үлкен табысқа жетуге болады.
Ол үшін арнайы курс ұйымдастырылады. Қазіргі уақытта білім саласында сан емес сапа талап етіліп отырғанда өз мамандығын жетік меңгерген маман ғана сапалық қызмет ете алады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz