Тілге құрмет - елге құрмет: қазақ тіліне арналған зияткерлік ойын

«Тілге құрмет-елге құрмет»

зияткерлік ойыны

Мусина Нұрлыгүл

Т. Жармағамбетов атындағы ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ойынның мақсаты:

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуына байланысты, оқушылардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру;

Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру; Олардың халқына деген, еліне деген махабабатын арттыру; Жаһандану кезеңінде қазхақ халқына ұлттық өркениет шеңберінде алатын орнын салмақтау; Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтық салт-дәстүрлерімен сабақтастығын көрсету, дамыту.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және де бүгінгі «Тілге құрмет-елге құрмет» атты зияткерлік ойынына қатысқалы отырған сайыскерлер!

Қымбат маған ана тілім, бал тілім,

Қымбат маған дана тілім, ар тілім,

Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,

Ана тілім-ардақ тұтар алтыным!-

деп ақындар жырлағандай тіл қай ұлтта болса да қасиетті, құдіретті. Ана тілі-әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінің ғасырлар бойғы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры. Тіл тарих тереңіне бойлайтын, өнер бұлағынан сусындататын рухани әлеміміздің сарқылмас бұлағы, сондықтан да барлығымыз өз тілімізді көзіміздің қарашығындай қорғап, тілге құрмет көрсетуіміз керек, ендеше бүгінгі сайсымызды тіл мерекесіне арнай отырып, бүгінгі сайыс баршаңыздың жүректеріңізге шуақ құятын мерейлі сәт болсын деп тілек тілей отырып, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Бүгінгі «Тілге құрмет-елге құрмет» атты зияткерлік ойынына қатысқалы отырған сайыскерлерімізді таныстырып өтейін.

9а сыныбынан

9ә сыныбынан

9б сыныбынан

Сайысымызға әділ төрелік жасайтын әділқазы алқасының мүшелерімен таныс болыңыздар.

1. Аямастан ақ пейілін, уақытын.

Аялайтын шәкірттердің бақытын.

Ардақ апай -ұлы тұлға, аяулы.

Шашатұғын ақыл, білім жақұтын.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Молбаева Ардақ апай.

2. Зердесін болашақтың зерделеткен

Білім беріп, өмірге жол көрсеткен.

Шәкірттің жүрегіне жол табатын

апай баршаға шебер ұстаз.

Сайыскерлерімізді бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.

  1. Таныстыру. (өлеңмен, қарасөзбен)
  2. «Ана тілі-жүрек үні» (тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп жатқа оқу)
  3. «Мақал айтсаң-жол көрсеттің,

Мәтел айтсаң-жанымды жайландырдың» (үзік-үзік сөздерден мақал-мәтел құрастыру)

  1. Күлдіргі жұмбақтар

(жұмбақ шешу)

  1. «Тілге құрмет-елге құрмет» (Берілген әріптертер бойынша сұрақтарға жауап беру)
  2. «Ана тілім - арман қанатым» шығармашылық жұмыс (тіл туралы ойтолғау)

Тіл дегенім-түсіністік құралы,

Тір арқылы адам бәрін ұғады.

Татулық та, бірлік достық, береке,

Бәрі, бәрі осы ұғымға сияды.

Сонымен, сайысымыздың 1 кезеңі Таныстыру сайысын бастаймыз. Бұл сайыстың шарты бойынша әр топ өз командасын таныстырады. Топтың аты, эмблемасы, ұраны болуы керек.

Ана тілім-бәрін сөйлер шежірем,

Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!

Тілім барда ғана мынау ғаламның

Кілтін табар саналысы сезінем.

О, адамдар, қадіріне жетіңдер,

Ана тілің-анаң, сыйлап өтіңдер-дей отыра

сайысымыз 2 кезең» «Ана тілі-жүрек үні» сайысын бастаймыз. Бұл сайыстың шарты бойынша сайыскерлер үйден жаттап келген өлеңдерңн мәнерлеп оқиды. (тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп жатқа оқу) .

Туған тілде сыры терең жаным бар, ,

Туған тілде мың-мың ыстық қаным бар

Туған тілде әнімменен сәнім бар,

Туған тілім-жүрек үнім, наныңдар-дей келе сайыскерлеріміздің білімін бағалау үшін сайысымыздың келесі бөлімі «Мақал айтсаң-жол көрсеттің, Мәтел айтсаң-жанымды жайландырдың» сайысына кезек береміз . (үзік-үзік сөздерден мақал-мәтел құрастыру) . Бұл ойынның шарты бойынша әр командаға 2 мақал-мәтелден беріледі, сайыскерлер мақалдың жалғасын табулары керек.

  1. Ата . . . , бала . . . (Ата-бәйтерек, бала-жапырақ)
  2. . . . сүйіндіреді, . . . күйіндіреді. (Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді) .
  3. . . . әдемі сөз- . . . ақылды сөз. (Ең әдемі сөз, ең ақылды сөз)
  4. Жасында . . . үйренбеген кісіден өскен соң . . . жоқ. (Жасында әдеп үйренбеген кісіден өскен соң қайран жоқ)
  5. Жеті жұрттың . . . біл, Жеті түрлі . . . біл. (Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл)
  6. . . . еттен өтеді, . . . сүйектен өтеді. (Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді) .

Шын жүйрік шабысынан табылады.

Нақты білім, терең ой сыналады.

Ал келесі ойын шарты бойынша,

«Күлдіргі жұмбақ» сайысы басталады.

Бұл ойынның шарты бойынша сұрақтар беріледі, жауабын білген команда қолдарын көтеріп жауап беруі керек.

  1. Кім барлық тілде сөйлей алады? (жаңғырық)
  2. Тышқан аулағышты бес әріппен қалай жазуға болады? (мысық)
  3. Дүниедегі ең шапшаң нәрсе не? (ой-қиял)
  4. Не нәрсе сенің меншігің, бірақ оны сенің өзіңнен басқалар көп айтады? (сенің есімің)
  5. Дүниеде барлық нәрсеге не қажет? (атау, есім)
  6. Аптаның бес күнін атын атамай, қалай рет-ретімен атап шығуға болады? (алдыңгүні, кеше, бүгін, ертең, бүрсігүні)
  7. Өсімдік пен сөзге ортақ қасиет? (түбір)

Қазақ тілі-өз тілім, ана тілім,


Ұқсас жұмыстар
Тілге құрмет - елге құрмет: Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңына арналған мектептік мерекелік-сайыс кешінің сценарийі (2006-2007 оқу жылы)
Қазақ тіліне құрмет: білгірлер сайысының сценарийі
Тілге құрмет пен отбасылық үлгі арқылы патриоттық тәрбиелеу
Ғафу Қайырбековтің Ана тілі өлеңі бойынша сабақ жоспары: тілге құрмет пен сөйлеу мәдениетін дамыту
Сабақ жоспары: Тілім менің тірегім - ана тіліне құрмет пен үштілді білім беру
Сабақ жоспары: Үлкендерге құрмет пен инабаттылыққа тәрбиелеу
Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетуге арналған әдеби-музыкалық кештің сценарийі
Ата-ана құндылығы: құрмет, сүйіспеншілік және тәрбие
5-сыныпқа арналған тәрбие сағаты: Құрмет мәдениеті және сыйластық дағдыларын дамыту
Қарттарым - асыл қазынам: құрмет пен ұлттық тәрбие
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz