Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Щ щ әрпі мен дыбысы


Мухамедрахимова Гульжанар Жаскайратовна- бастауыш сынып мұғалімі.

Пәні: әліппе
Сабақтың тақырыбы: Щ щ әрпі мен дыбысы
Сабақтың мақсаты: а\Щ щ дыбысы мен әрпін таныту.Щ щ дыбысы қатысты
сөздерді дұрыс буынға бөлгізіп
айтқызу.
Дауысты, дауыссыз дыбыстарды
ажырата
білуге үйрету.
ә\ Щ дыбысына байланысты сөздерді
білдіру арқылы
оқушылардын ой-өрісін дамытып,
зейінін жетілдіру .
б\ Оқушыны ізденуге жетелеу.
Жауапкершілікті
сезінетін өнерлі тұлғаны
тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Әдісі:сұрақ-жауап, сөздік.
Түрі:аралас
Көрнекілігі:кеспе әріптер,буындар,жұмбақтар,мақал-мәтелдер.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.Шаттық шеңберін құру.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық, достарым!
Арайлап атқан әр күнге.Сабаққа назарларын аудару.
ІІ.Өткен сабақты қайталау.
1.Дидактикткалық материалдар мен суреттерді пайдалана отырып, сөздерді
буынға бөлу, Ё дыбысы бар сөздерді тапқызу..
2. Әр сөзге дыбыстық талдау жасап, сызба түрінде көрсету:
ІІІ. Жаңа сабақ.Кіріспе әңгіме.
1.« Щётка» туралы айтып беру.
- Щётка сөзі қандай дыбыстан басталады?
-. Щётка сөзінде неше буын бар?
-.Щётка не үшін қажет?
-Щ дыбысы қандай дыбыс ? Щ-ны бірнеше рет хормен айтқызу
2.Щ дыбысына сөздер айтқыза отырып , Щ әрпі сөздің басында, орта,соңғы
буындарында кездесетінін аңғарту.
3.Ойын "Ш-ма,Щ-ма ?".Көп нүктенің орнына тиісті әріпті дұрыс қою.
І.шік, қай.ы, .ётка, а.ы, тұ.ы, ғары. .
4.Өлең жолдарынан й дыбысы бар сөздерді тапқызу. Дыбыстық, буындық
талдау жасау.Өлеңді жаттату.
Атқарады талай-талай ісіңді,
Тазалайсың киіміңді тісіңді..
5.Мазмұнды суретпен жұмыс. Берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құрату.

Түскі ас
Борщ орамжапырақ картоп пияз қызылша
Нағима түсте беріп апа ұнатамын дәмді
ІV. Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық
Қолды белге қояйық.
Бір отырып,бір тұрып
Демімізді алайық.

V.Оқулықпен жұмыс.
- «Щеткалардың айқасы» мәтінін оқыту, талдау жасату.
- Мәтін бойынша сұрақтар қою.
VІ.Дәптермен жұмыс.
- дәптермен қаламды дұрыс пайдалану ережесін сақтау.
- Щ щ әрпінің дұрыс тұлғасын өрнектеу үшін қол саусақтарын жаттықтыру.
- Щ щ әрпінің элементтерін құрайтын сызықтардың жазылуы. (тақтаға көрсету).
VІІ.Сабақты қорытындылау.
1.«Буынға буын қос ? » ойыны. Буындардың жалғасын тауып қою.
Бұр ка тұ щы шақ ә щёт теш
2 .Сұрақ-жауап:
а)Қай әріппен таныстық?
ә)щ дыбысы қандай дыбыс?
VІІІ.Оқушыларды мадақтау.


Ұқсас жұмыстар
Щ дыбысы мен әрпі жайлы ақпарат
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар, 1 сынып, әліппе
Ө дыбысы мен әріпі. 1 сынып
Ц дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Дауысты дыбыс әріптері
Щ дыбысы мен әрпі
Сс дыбысы мен әрпі
Қорытынды бағалау
Іі дыбысы мен әрпі
Пәндер