"күн жүйесіне саяхат" физика- астрономиялық сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Күн жүйесіне саяхат»
Сабақтың түрі: Физика-астрономиялық кеш
Сабақтың өткізу әдісі : сайыс сабақ
Мақсаттары :
Білімділік : осы пәнге қызығушылықтарыңды арттыру, кейбір мәліметтерді сайыс түрінде түсіндіру, сабақта алған білімдеріңді пайдалана білуге үйрету, білімдерін байқау-бақылау;
Дамытушылық: оқушылардың осы пәндерге қызығушылығын тудыру, арттыру, білім дағдыларын дамыту, ізденіске ұмтылдыру;
Тәрбиелік: шапшаңдыққа, бірігіп жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, әсемдік пен әдемілікке тәрбиелеу болып табылады.
Кластан тыс жұмыстың өткізілу түрі: кеш
Өткізілу әдісі: сайыс
Қолданылатын көрнекі құрал-жабдықтар: «Күн жүйесіне саяхат» кеш тақырыбы жазылған плакат, компьютер, Күн жүйесі туралы «Седмое небо» электрондық оқулығы, кодоскоп, ғаламшарлар суреттері салынған плакаттар, «Бұл қай заң?» торкөздерге жазылған плакат, жеті түрлі футболка, жеті түрлі қағаздан жасалған корона, космостық жылдамдықтарды көрсететін плакат, күн жүйесі салынған плакат.
(«Седьмое небо» электрондық оқулығы әуенімен қосылып тұрады. ), тәжірибеге керекті құрал-жабдықтар.
Кештің бағдарламасы:
1-сайыс. Викториналық сұрақтар.
2- Сайыс. Суреттер сырын ашайық.
3-Сайыс. Үй тапсырмасы 8а кл. Ньютон спектрі.
7ә кл. Планеталар парады.
4-Сайыс. Қызықты тәжірибелер.
5-Сайыс. «Формулалар жазайық». Топ басшысы жарысы
Кіріспе сөз: Мұғалім: Бүгін біз сіздермен «Күн жүйесіне саяхат» атты физика пәні бойынша кеш өткізгелі жиналып отырмыз. Кештің мақсаты сіздердің осы пәнге қызығушылықтарыңды арттыру, кейбір мәліметтерді сайыс түрінде түсіндіру, сабақта алған білімдеріңді пайдалана білуге үйрету, білімдеріңді байқау-бақылау, шапшаңдыққа, бірігіп жұмыс жасауға, әсемдік пен әдемілікке тәрбиелеу болып табылады. Негізінен жарысты 9а класының физикадан факультатив сабағына қатынасатын оқушылар көмегімен өткіземіз.
Сайысты жүргізу үшін 9а класс оқушылары Әсел мен Тимурды ортаға шақырайық.
1- Жүргізуші:
ХХ-ХХІ ғасыр ғылыми-техникалық революция ғасыры деп аталады. Мысалы: Адамзаттың ғарышқа ұшуы, Плутонның ашылуы, лазерлік сәулелердің және атом ядросының энергиясының игерілуі т. б.
2- жүргізуші:
Қазақстандық ғарышкерлердің ғарышқа баруы, электронды есептеуіш машиналардың - компьютерлердің қарыштап дамуы, спутниктік байланыстардың мүмкіндігі артуы, бүкіл дүние жүзілік өрмек - интернеттің пайда болуы т. б жаңалықтар жатады.
1-жүргізуші:
Жалпы физика-астрономия жаратылыстану пәндеріне жатады. Физика табиғат құбылыстарының болу себептерін зерттейді, ал астрономия пәні аспан денелерін зерттейді.
2-жүргізуші:
«Физика» сөзі грек сөзінен аударғанда «фюзис»-табиғат дегенді білдіреді.
Бұл сөздің ғылыми мағынасын байытуда тарихта «екінші ұстаз» аталған біздің ұлы бабамыз- Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбегі зор. Орыс тіліне алғаш енгізген орыстың ұлы ғалымы М. В. Ломоносов.
1-жүргізуші :
Ал «астрономия» сөзі де грек сөзі, «астрон» - жұлдыз, номос - заң дегенді білдіреді. Астрономия ғылымының негізін салған Коперник, Исаак Ньютон, Галлилео Галлилей, Кеплер деп айтамыз.
2-жүргізуші:
Біздің бұл мәліметтеріміз кешіміздің кіріспесі болып табылады. Кеш сайыс түрінде өтетін болғандықтан алдымен әділ қазылар алқасын сайлап алайық:
Ортаға физика пәні аға- мұғалімі Алиева Үрзада апайды, бастауыш класс меңгерушісі Сағынтаева Ғалия апайды, жаратылыс тану бірлестігі жетекшісі Айжарықова Әсия апайды шақырамыз.
1-жүргізуші:
Енді кешімізді бастайық. Кеш 7ә класс және 8а класс оқушылары қатысуымен өтеді. Кешке 7ә класы «Планета» деген атпен, 8а класы «Спектр» деген атпен келіп отыр.
2-Жүргізуші:
Сонымен кешіміз мынадай 5 кезеңнен тұрады:
1-сайыс. Викториналық сұрақтар.
2- Сайыс. Суреттер сырын ашайық.
3-Сайыс. Үй тапсырмасы 7ә кл. Планеталар парады.
8а кл. Ньютон спектрі.
4-Сайыс. Қызықты тәжірибелер.
5-Сайыс. «Формулалар жазайық». Топ басшысы жарысы
1-жүргізуші:
1- сайыс. Викториналық сұрақтар:
Бұл сайыста әр класқа 10 оның ішінде біреуі бейне сұрақ болады. Келесі топ жауап беруге болады.
Қай топ көп сұраққа дұрыс жауап берсе, сол топ жеңіске жетті деп есептеледі. Бағалау өзіміз үйренген 5 ұпайлық болсын.
7 класс өқушыларына қойылатын сұрақтар:
1. Тартылыс күші дегеніміз қандай күш?
( Ауырлық күші немесе кез келген планетаның өзіндегі орналасқан денелерді
тартуы, осы күштің әсері әр планета үшін тұрақты, мысалы Жер үшін 9, 8 Н/кг, Ай үшін 1, 6 Н/кг )
2. Өз планетамызда жүріп тұруымыз үшін, ауырлық күші жеткілікті ма, тағы қандай
күштің әсері керек?
( Үйкеліс күші керек, бұл күш болмаса Жер өзіне тарта берсін, біз сырғанап
қозғалуымыз қиындап кетер еді)
3. Эклиптика деген не?
( Күннің бір жыл ішінде жүріп өтетін сызығы - эллипс бойымен болады, осы
траекторияны эклиптика деп атайды )
4. Аспан денелерін бақылайтын құрал? ( Телескоп )
5. Бір астрономиялық өлшем ( а. ө. ) деген не?
(Жердің Күннен орташа қашықтығы аспан денелерінің ара қашықтығын есептеуде қашықтықтың бірлігі ретінде қабылданған 1 а. ө. 149597868 км-ге тең ≈ 150·10 6 км )
6. Видео сұрақ: Ауа шары туралы көріністе қандай құбылыс болды, түсіндіру керек. ?
Ауа шары көтерілу үшін шардың ішіндегі ауаны қыздыру керек, ауа ұлғаяды және тығыздығы азаяды, ауа көлемі ұлғаяды деген оған әсер ететін кері итеруші күш, яғни, Архимед күші артады деген сөз, сөйтіп ауа шары көтеріле бастайды. F=ρgV. Ал ауа шары төмен түсу үшін оған әсер ететін ауырлық күші Архимед күшінен көп болу керек. Бұл көріністе шардың ішіндегі ауа көлемін азайту арқылы Архимед күшін де азайта бастаған.
Жауабы электрондық оқулықтан тыңдалады. Оқушылар жауабы салыстырылады.
7. Күн жүйесі қозғалысы ілімін кім ашты? (Коперник)
8 . Жазғы күн тоқырау күні қашан? (22 шілде)
9. Ең алғашқы қазақ ғарышкері ? (Т. Әубакіров )
10. Ең алғаш ғарышқа ұшқан адам? (Ю. Гагарин)
2-жүргізуші:
8 класс оқушыларына қойылатын сұрақтар:
1. Жарық жылдамдығы қандай? ( 3 км/с )
2. Жерде Ай тұтылу толық болған кезде Айдағы ғарышкер нені көреді?
( Айда күн тұтылу болады, яғни Жер Ай мен Күннің ортасына келіп қалады)
3. Тұңғыш жасанды Жер серігі қашан ұшырылды? (1957 жылы)
4. Бізге аспан көк болып, Айдағы бақылаушыға аспан қара болып, Марстағы
бақылаушыға қызғылт болып көрінеді екен, неліктен?
(Күннен келген жарықты әр ғаламжар әр түрлі шағылдырады. Жер көк сәулелерді, Ай барлық сәулелерді жұтады, аз шағылдырады, ал Марс қызғылт сәулелерді шағылдырып, қалғанын жұтады деп түсіндіреміз )
5. 1 парсекте қанша км бар? (Жұлдыздарға дейінгі қашықтық парсекпен өлшенеді, 1пк=206 265 а. ө. = 3·10 13 км )
6. Видеосұрақ. Бір ғаламшардың бетін екінші ғаламшар жабады?
Әңгіме қандай планеталар туралы, қандай құбылыс туралы?
Жауап:(Ай тұтылуы құбылысы. Түсінірек айтсақ, Айдың бетін Жер жауып қалады немесе Ай Жердің көлеңкесінде қалады)
7 . Айға алғаш қонған қай елдің азаматтары?( американдық Армстронг пен Олдрин)
8. Қысқы күн тоқырау күні қашан? (22 - желтоқсан)
9. Ғарыш туралы теорияның негізін салушы кім? (К. Э. Циолковский)
10. Ғарышқа ұшуды іс жүзінде жүзеге асырған ғалым?( П. Королев)
1-жүргізуші:
2- Сайыс. Суреттер сырын ашайық.
Тақтада екі сурет ілінген. Біріншісі алтын жұмыртқа туралы, бұл суреттегі жұмыртқаны кім сындырды, қалай, физикамен қалай байланыстырамыз?
8 класс сурет сырын ашып тарқатып берсін. Алдымен шартын тыңдап алыңыздар:
Ата мен әже өздерімен-өзі өмір сүріп жатты. Олардың тауығы болды. Осы тауығы алтын жұмыртқа әкелді. Атасы ұрып көрді жарылмады, әжесі ұрды жарылмады. Бір кезде бір бұрыштан тышқан шыға келіп құйрығымен жұмыртқаны қағып кетті ме екен, әйтеуір әлгі жұмыртқа жарылып қалды. Атасы мен әжесі жұмыртқаның жарылып қалғаның көріп жылап жібереді, сонда тауығы: «Ата, әже сіздер жыламаңыздар мен сіздерге енді алтын емес кәдімгі жұмыртқа тауып беремін», - дейді. Сонда жұмыртқаны кім сындырған? Тақтадағы суретті қараңыз.
Бұл туралы 8а класс оқушыларының түсіндірмесін тыңдап көрейік.
Жауабы: Жұмыртқаны кім көрді немесе қозғады сол сындырды: атасы ма, әжесі ма немесе тауық па? Тынышта тұрған кезде жұмыртқада(қарт кісілермен салыстырғанда олар еденнен биікте орналасқан орындықта отыр ғой) потециялық энергия болады, оны көтере бастаған кезде потенциялық энергия кинетикалық энергияға айналады. Бұл жағдайда тышқан құйрығымен іліп жұмыртқаны қозғалысқа түсіреді. Соқтығысу кезінде(тышқанның кинетикалық энергиясы) кинетикалық энергия әсерінен жұмыртқаның пішіні деформацияланып (сынып), яғни жарылады.
2-жүргізуші:
Ал екінші сурет балды жақсы көретін аю туралы. Бұл сұраққа 7 класс оқушылары жауап берсін. Алдымен шартын тыңдап алыңыздар:
Аю балды өте жақсы көреді. Аралар орналасқан ағашқа жоғарғы жағынан жіпке ағаш цилиндр байлап қояды. Аю ағашқа өрмелеп жіпке байланған кесек ағашты итеріп, ара ұясына жетпек болады. Ал кесек ағаш маятник немесе әткеншек сияқты қозғалып, қайта аюға соғады, осылайша қозғалыс бірнеше рет қайталанады, аюды соғып тастайды. Бір кезде аю құлап қалады. Аюды құлатқан кім?
Жауабы: Аюды құлатқан өзі. Бұл жұмыс аюдың өзінің энергиясы есебінен жасалды. Аюды қатты итеріп жіберген ағашы біршама биіктікке көтеріледі. Осы кезде потенциялық энергия ( аюдың потенциялық энергиясы) ағаштың кинетикалық энергиясына айналып, қайта аюға соғады, осылайша жалғаса береді. Ызаланған аю ағашты одан сайын бар күшімен итереді, кесек ағаш болса өзіне қайта соға береді, сөйтіп аю күшінен айырылып, шаршап, оның үстіне кесек ағаш соғып әбден шаршап, құлап қалады. Сөйтіп ол өзін-өзі құлатады.
1-жүргізуші:
3-Сайыс. Үй тапсырмасы 7 кл. Планеталар парады.
(Көмекші оқушылар Айбек пен Мержан Электрондық оқулықтан 9 планетаны көрсетіп қояды. ) Оқушылар ортаға ғаламшар суреттерін алдына ұстап шығады, ғаламшарлар өздерінің көлемдері ескеріліп салынады. Үй тапсырмасы болғандықтан, оқушылар мәтінді жатқа мәнерлеп айтулары керек.
1-жүргізуші:
«Планета» грек сөзі, қазақша ғаламшар дейді. Ұлы поляк ғалымы Коперниктің аспан әлемі туралы заңына сәйкес Күнді айнала тоғыз планета қозғалып жүреді. Олардың әрқайсысының көлемі де, температурасы да және Күннен қашықтығы да әртүрлі. Планеталардың Күнді айнала жүретін орбитасы болады. Енді сол планета атынан сөйлейтін 7 «ә» класс оқушыларын ортаға шақырамыз.
Күн: Күн, яғни мен ғаламдағы тіршілік көзімін. Мен барлық планеталарға жарық беремін. Мен олардың ортасында тұрамын, барлық планета менен жарық, жылу алып айналып қозғалып жүреді. Әр планетаның менен қашықтығына байланысты ондағы жылулық жағдайы да әр түрлі болып табылады. Менің массам 2*10 30 кг., мендегі тартылыс тұрақтысы g=2, 73 Н/кг, ал менің диаметрім 1 390 600 км екен. Күн тәжінің температурасы 1, 5*10 6 К, фотосферамның температурасы 6000 К., жарықтылығым, сіздер білетін электр шамдарының қуаттылығымен айтсам 3, 8*10 26 Вт.
1. Меркурий: Мен Күнге ең жақын ғаламшар- Меркуриймін. Қазақша атым- Болпан немесе кіші Шолпан. Өлшемім де массам да кішкене болғандықтан мен өзімнің айналамда атмосфераны ұстап тұра алмаймын. Күндізгі температура +300°С-қа дейін көтеріліп, ал түнде -200°С -ға дейін төмендейді екен. Массам 36*10 22 кг., радиусым 2400 км., мендегі тартылыс тұрақтысы g=3, 7 Н/кг, серігім жоқ, Күнді 80 күнде бір айналып шығамын. Менде атмосфераның ізі ғана бар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz