Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Сүт қалай ұйықтады?



Сабақтың тақырыбы:Сүт қалай ұйықтады? О.Әубәкіров
Сабақтың білімділігі:қазақтың белгілі сатирик-ақыны Оспанхан
Әубәкіровтің өмірбаянымен
таныстыру,ертегінің мазмұнын
ашу,сүт тағамдарымен тереңірек таныстыру.
Нақыл сөздер,тыйым
сөздер,мақалдардың мағынасын ашу.
Сабақтың дамытушылығы:оқушыларға бағыт-бағдар бере
отырып,өздіктерінен жұмыс істеу,
ой-өрісін
дамыту,білім,іскерлік дағдыларын қалыптастыру,өзіндік талдау,
жинақтау,жеке топтық
жұмыста шапшаңдық таныту,өз ойын әдеби тіл-
мен өрнектей білуге
машықтандыру.
Сабақтың тәрбиелігі:ертегі арқылы еңбексүйгіштікке,мейірімділікке
баулу,төрт түлікті құрмет-
теуге,сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:ой қозғау,топпен жұмыс.
Сабақтың түрі:аралас сабақ,жаңа тақырып.
Сабақтың көрнекілігі:О.Әубәкіров суреті,әр бөлімге байланысты суреттер,
«Сөз құрап жаз» кестесі,
«Бәйге» ойыны.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Психологиялық дайындық.
Оқимыз,үйренеміз,жалықпаймыз,
Білімнің шыңына біз шарықтаймыз.
3.Үй тапсырмасын сұрау.
1.Мысалдың мазмұнын 3-4 оқушыдан сұраймын.
2. «Бәйге» ойыны арқылы үй тапсырмасын қорытындылаймын.
1.Мысалдың авторы кім?
2.Ақын ненің басынан өткен жағдайды суреттейді?
3.Құрлықта балық қандай күйге ұшырады?
4. «Тәкаппар» сөзінің мағыналас қатарын тап.
5.Мақтаншақтық туралы мақал айт.
6.Балықтың өтінішін білдірген шумақты жатқа айт.
7.Балық не деп мақтанды?
8.Балық құрлыққа қалай тап болды?
9.Автордың қорытынды ойы.
3.Бағалаймын.
4.Кіріспе әңгіме.Оқушылардың қызығушылығын ояту.
-Балалар,қазір күз мезгілі болғандықтан адамдардың еңбегі туралы не
айтасыңдар?
-Малдың жем-шөбін дайындайды.
-Төрт түліктің адамға қандай пайдасы бар?
-Төрт түлік малдың етін,сүтін тағам ретінде,жүнін,терісін киімге тұтынады
және көлік ретінде пайдаланады.

Топтастыру стратегиясы.

терісі

сүті Төрт
түлік жүні

еті

Топпен жұмыс.

1-қатар
2-қатар

Сүзбе

шұлық тымақ
айран құрт
сүт
жүн

қаймақ ірімшік

қолғап көрпе
май
ішік

3-қатар

теппе
сүтті төкпе

тыйым сөздер

басынан ұрма теріс мінбе

5.Жаңа сабақ
-Мына тұрған сандар неше таңбалы сандар?
-Екі таңбалы сандар.
-Ендеше осы екі таңбалы сандарды өсу ретімен санау арқылы екінші жағын
аудара отырып,бүгінгі жаңа тақырыбымызды тауып аламыз.
15 18 26 29 32 38 41 45 51 53 67 74 76 89 94 97 99
С ү т қ а л а й ұ й ы қ т а д
ы ?
-Бүгін Оспанхан Әубәкіровтың «Сүт қалай ұйықтады?» деген шығармасымен таныс
боламыз.
Шығармамен таныспас бұрын авторымен танысып алайық.

1934 жылы 4-мамыр Алматы облысы
Жамбыл ауданы

Сатира жанырын дамытушы
Сүйінбай атындағы совхоз

Оспанхан Әубәкіров
Қағаз қалпақ суреті
Үшбұлақ бөлімшесі

Сүзеген сөз
Ымды білесіз бе?

Құрманғазы Сағырбайұлы актер
1986 жыл

Оқулықпен жұмыс.
1.Ертегінің мазмұнын түсіндіремін.
2.Өлеңді нақышына келтіре оқып беремін.
3.Оқушыларға тізбектей оқытамын.
4.Мақалмен жұмыс:Ұйқы деген дұшпан бар
Тұла бойды талдырар,
Жолдан,істен қалдырар.
5.Тыйым сөз:Кісіге қарап есінеме.Есіней қалсаң,аузыңды қолыңмен қалқала.
(Оқушыларға өздері білетін тыйым сөздер айтқызу.)
Ертегімен жұмыс.Тауып оқу.
1.Ертегіден ел-жұрттың сөзін тауып,әуеніне
сай оқы.
2.Ертегідегі мақалды тауып оқы.
3.Әженің іс-әрекетін тауып оқы.
4.Қалтаға құйылған сүттің жағдайын тауып
оқы.
Ертегіні бөлімдерге бөлу (3 бөлім)
Бөлімдерге ат қою. 1-бөлім «Сүттің ұйықтап қалуы».
2-бөлім «Сүттің тасуы».
3-бөлім «Қалтаға құюы».
Бөлімдерге сәйкес суреттерді ілемін,өз сөздерімен ертегіні баяндатамын.
Өмірмен байланыстыра отырып, «Құрттың дайындалуы» туралы айтамын.
Дәптермен жұмыс.
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Түп-түзу боп отырып,
Көркем етіп жазайық.
Қарашаның жиырмасы.
Сүт қалай ұйықтады?
Оспанхан Әубәкіров.
Оспанхан Әубәкіров 1934 жылы 4-мамырда Алматы облысының Жамбыл ауданында
Сүйінбай атындағы совхоздың Үшбұлақ бөлімшесінде дүниеге келген.1986 жылы
дүниеден өткен.
Топтық тапсырма.Берілген буындардан сөз құрап жазу.

қай |рім |сүз |шұ |мыз |кө |шұ |қол |і | |і |ай |шік |же |бат |ран |ғап
|лық |шік | |ран |мақ |бе |ай |қы |май |ты |тон |мақ | | | | | | | | | | |
|
Қаймақ,ірімшік,сүзбе,айран,шұбат,қымыз,көже,шұлық,қолғап,тон,ішік.

Блинц-турнир сұрақтары. Кім жақсы меңгерді?

1-қатарға.1.Ақын ертегіде ненің әрекетін суреттеген?
2.Сүттің аянышты халін кім байқады?
3.Сүттен жасалатын тағамдарды ата.
4.Жұрт сары су жайлы не дейді екен?
5.Ертегінің авторы кім?
2-қатарға.1.Бір күні сүтке не болыпты?
2.Сүт неліктен жылады?
3.Ертегідегі кейіперлерді ата.
4.Ақын осы ертегі арқылы не айтпақ болды?
5.Оспанхан Әубәкіровтың туған жылы.
3-қатарға.1.Ел-жұрт неге қайран қалды?
2.Ұйықтаймын деп сүт қандай күйге ұшырады?

3.Сүт неліктен жылады?
4.Өлең неліктен ертегіге жатады деп ойлайсың?
5.Оспанхан Әубәкіровтың туған жері.
Сабақты қорыту: Шығарма аты Сүт қалай ұйықтады?
Авторы Оспанхан
Әубәкіров.
Жанры Ертегі.
Жақсы қасиеттер Ұйқышылдықтан
қашу,еңбекті сүйе білу.
Жаман қасиеттер Ұйқышылдықтың
зияны.
Негізгі ой Жаман
әдеттен аулақ болу.
Қорытынды Сүт
өнімдерінің жасалуын біле жүру.
Бағалау.
Үйге тапсырма:Ертегінің мазмұнын айтуға дайындалу.
«Ұйқының зияны» атты тақырыпта шығарма жазу.
[pic]


Ұқсас жұмыстар
Cүт қалай ұйықтады?
Оспанхан Әубәкіров. Сүт қалай ұйықтады
Сүт қалай ұйықтады? (оспанхан әубәкіров)
Ынталарыңыз қалай
Білімді сынып
Әдебиеттік оқу 2 сынып сабақ жоспарлары
Тақырып - Амандасу салты
Зат есімнің тәуелденуі
Интеллектуалды сайыс "бала тілі - бал!"
Баланың тапқырлығы
Пәндер