Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқыту мен оқу үшін бағалаудың маңыздылығы

СҚО
Тайынша ауданы
Чкалов селосы
Чкалов№2 орта мектебі
Тақырыбы: Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында
оқыту мен оқу үшін бағалаудың
маңыздылығы
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:
Шауенова Алтын Балгановна.
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқыту мен оқу үшін бағалаудың маңыздылығы
Мақсаты: Әріптестеріммен тәжірибе алмаса отырып, . . . жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға үлес қосу.
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқыту мен оқу үшін бағалауды
басшылыққа ала отыра, оқушылардың тілін дамытып, сыни тұрғыдан ойлауға жағдай жасау.
Реурстар (көрнекілік) : слайд, постер, маркер, жұмыс жасауға қажетті тапсырмалар, тәжірибе алмасу мақсатында үлестірмелі материалдар т. б.
Барысы: Кріспе.
Сұрақ қойған бес минут қана ақымақ болса,
Оны қоймаған өмір бойы ақымақ боп өтеді.
Қытай даналығы.
Ал, Сократ:
«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» - десе
Абай атамыз
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», -деп айтқан екен. Сондықтан да озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді. Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер ететіні сөзсіз.
XXIғ. көшбасшысы - жаңашыл, ізденімпаз, шебер ұстаз. XXI ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, өмірге реалистік тұрғыдан қарайтын, терең біліммен қаруланған оқушы тұлғасын сомдау үшін өзі де шеберліктің шыңынан көрінуі тиіс. Қазіргі таңда оқу үрдісінде қазақ тілін оқытуда сан-алуан жаңа әдіс-тәсілдер сапалы білім беруде үлкен рөл атқарады.
Заман талабына сай оқушыларға сапалы, тиянақты білім беру-мұғалімдер алдындағы үлкен міндет. Бұл әрбір мұғалімге тынымсыз ізденісті, оқытудың жаңа формасымен, әдіс тәсілдерін тиімді пайдалануды қажет етеді.
Сол себепті де біз баланы оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастырып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландырамыз. қазір сіздермен бөліскім келіп тұрғаны: қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқыту мен оқу үшін бағалаудың маңыздылығы. Мен бүгінгі жұмысымызды алдымен біз бір-бірімізге жақсы тілектермен, шынайы ниеттермен бастағым келеді.
Бағалау - оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Бағалау, көбінесе, баға қоюдың синтездік түрі (1-ден 5-ке дейінгі ранг) арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Жоғары оқу орындарында бағалау рейтингтік әдіс арқылы жүргізіледі (Қазақ Энциклопедиясы, 1 том) .
1960-жылдардан бастап формативтік (қалыптастырушы) және суммативті (жиынтық) бағалау терминдерінің арасындағы айырмашылық енгізіле бастады. Кей жағдайда өзіміз алдымен формативті бағаланып, соңынан портфолио жинақтап, таныстырылымдарды қорғап, емтихан тапсырып жиынтық бағалау үдерісіне түсетінін біріміз білсек, біріміз білмей жатамыз. Бағалаудың бұл екі түрінің арасындағы байланысты түсінбей жатады. Ең үлкен қиындық, міне, осында жатыр. Әрине, бұл екі бағалауда да өздеріне қатысты өз критерийлері болады. Оны әр топтың тыңдаушыларын бағалайтын тәуелсіз бағалаушылардың құзырына береміз.
Нақтырақ айтқанда, жіктеу үшін өткізілетін оқуды бағалау және оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болатын оқыту үшін бағалау арасында. Оқытуды, әдістерді жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған оқыту үшін бағалау (ОүБ) дербес тұжырымдама ретінде 1999 жылдан кейін қолданысқа енді. Бағалау оқытудың алға жылжуын белгілейді және өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық (оқуды бағалау) болып саналады (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 56 бет) .
Оқушыны қандай мақсатта, не үшін, қалай бағалаймыз? Бағалау кезінде мынадай мақсаттар болуы мүмкін: оқытудың қиындықтарын анықтау, жетістікке жеткендегі кері байланыс, уәж, болжау, стандарттарды бақылау, бағдарламаның мазмұны мен стилін бақылау. Бұл келтірілген барлық бағалаудың түрлерінде бақылау, интерпретациялау, қорытындылауды қамтиды.
Оқыту үшін бағалау құралдары:
Оқушылар сұрақ құрастырады, Оқушылар сұрақ қояды, Түсініктеме арқылы бағалау
Блок ортасында бағалау т. б.
«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі білім беру, оқыту үдерісіндегі әдіс-тәсілдердің барлық түрлерімен байланыста болады. Бұны меңгеру үшін қалған модульдердің мазмұнын игеру қажет, болжау, сұрыптау, бақылау, жоспарлау әдістерін меңгеру керек. Оқушылардың алға қарай даму мақсатында жұмыс нәтижелерін, өз-өздерін бағалай білуі керек.
Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бағдарламаның басқа модульдерімен тығыз байланысқан. Бұл модульді пайдаланғанда барлық жаңа тәсілдердің мазмұнын дұрыс игеру керек, орынды пайдалану керек. Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі оқушылардың білім деңгейін анықтауға, алдағы жұмыстарды қалай жоспарлау керектігі, алға қойған мақсатқа жету алгоритмін құру керек.
Қазіргі кезде оқытудың көптеген жаңа технологиялары жайлы айтылып, бұқаралық ақпараттар құралдар арқылы да жарияланып келеді. Бұған көптеген материалдар бар.
Біз, мұғалімдер осындай қиындықтарды шешуге жол сілтей отырып, бағыт-бағдар беріп мұғалімдердің кәсіби жұмыстарында оқушыларды нақты, әділ баға беруіне үйретеміз, дағдыландырамыз. Сондай мұғалімдерден білім алған әрбір жеткіншектен қоғам құрылады. Ал, біздің қоғамымыз шыншылдықты, әділдікті, парасаттылықты, білімді басты мақсат етіп ұстанса Тәуелсіз Еліміздің дамыған елдердің қатарынан көрінетініне, биік шыңдарды бағындыратынына
Әрине бәрін бір сабақта қамтып, қарастырып өті мүмкін емес. Сонда мен сіздермен бірге осы 3 бағытты қамтып өткізген бір сабақ үлгісін сіздермен қарастырмақпын. (бөліспекпін)
Мұғалімдермен жұмыс жоспар бойынша. Ж. Молдағалиев. «Ар-ұят туралы. » өлеңі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz