Кембридж 3-деңгейлік курсы арқылы педагогикалық шеберлік пен мектептегі жаңашылдықтарды дамыту

D:\фото\DSCF4142.JPG

Шауенова Алтын Балгановна

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Чкалов№2 орта мектебі

СҚО

Тайынша ауданы

Чкалов селосы

altyn. shauenova@mail. ru

« . . . Бізге бұрынғы қай кездегіден де

білім мен ғылымның баға жеткіліксіз қорын

барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай ету қажет»

Н. Назарбаев

Мен және менің ұжымым жаңалыққа құштар.

Қайсыбір жылдары Назарбаев оқулары болады деген әңгіме естіген күннен «барсам» деген бір ауыз сөз санамда жатталып қалса керек, сол қызығушылығым мен тәжірибемді жетілдірсем деген мақсатым ұштасып, «сабақты ине сәтімен» демекші Кембридж оқыту бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатқан 3-деңгейлік курсқа келдім. Қазіргі таңда оқу барысында азды-көпті тәжірибемен өз қоржынымды толтырудамын.

Мен алғашқылардың бірі болып, қоржыныма жинап жатқан жаңалықтарымды алдағы уақытта өз тәжірибемде іске асыратыныма шексіз қуаныштымын. Мектебіме барып, бар жаңалықты әріптестеріммен бөлісіп, шәкірттеріме бойымдағы бар күшіммен қызықтыра жеткізуге асығудамын. Сол сәтті ойлсам, дәл қазір уақыт алдыға жылжымай қойған тәрізді

Қазекем «Жас келсе іске» деп бекер айтпаса керек-ті. Сол себепті де мектебімнің ұжымымен бірлесе отырып, өз тәжірибесінде жетістікке жетуге талпынатын, мектебіміздің жаңа ағымнан қалыспай сапалы білім беруіне де мүмкіндік жасайтын, ол туралы ойлауға мүмкіндік тудыратын шығармашыл мұғалімдермен тығыз қарым-қатынас жасаймын.

Кез-келген істің жеңілі де, қиыны да болады ғой «Көз қорқақ, қол батыр», - дегендей бірден оңайға түспейтінін іштей сеземін де, алайда «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н. Назарбаевтың сөзі есіме түскенде, ұстаздарға жүктелген жауапкершілікті сезініп, қорқынышым да сейіліп сала береді.

Әрине, бұл бағдарлама жайлы бұрын да хабарым бар. Мектебіміздегі осы деңгейлікті бітіріп келген әріптестерім жеті модулмен терең таныстырып, сыни тұрғысынан ойлауға үйретуге әсер ететін әдіс-тәсілдерге кеңірек тоқталуда. Осыдан менің байқағаным кейінгі кезде әріптестерімнің бір-бірімен жиі пікір алысып, қоя-қолтық іске кіріскені.

Р. Ф. атты әріптесімнің де қуанышты жүзбен«Бұрын менің басқа мұғалімдердің не өткізіп жатыр, не қойып жатыр ісінде жұмысым болмаушы еді, ал қазір маған бәрі де қызықты егер мен мұғалімдермен хабарласпасам бірдеңені білмей қалатындай боламын», -дегені мектебімдегі әріптестерімнің жаңалыққа құштар екенін байқауға болады.

Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатов: «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт-оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз - оқу» , -деп ғылым, білім, оқудың маңызын сонау жылдары қара халыққа көрсетіп кетпеді ме?!

Ал, қазіргі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. Яғни, мен және менің ұжымым да жаңалыққа құштар.


Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық шеберлік және болашақ мұғалімнің кәсіби-этикалық моделі
Райхан балабақшасы: мейірімді орта және педагогикалық шеберлік
Мектептегі ұлттық музыка арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Бастауыш сыныпта заманауи педагогикалық технологиялар арқылы шығармашылық пен сыни ойлауды дамыту
Тәрбиешінің рөлі: ұлттық тәрбие, педагогикалық шеберлік және жаңашылдық
№11 Қоскөл орта мектебінде Кембридж деңгейлік курстары негізінде іске асырылған іс-әрекеттегі және диалогтық оқыту тәжірибесі мен дарынды оқушыларды дамыту
Тәрбиеші мамандығы: бақыт, жауапкершілік және педагогикалық шеберлік
Кембридж бағдарламасы арқылы жаңашыл мұғалімнің кәсіби өсуі және заманауи оқыту әдістемелері
Деңгейлік бағдарлама негізінде функционалдық сауаттылық пен сыни ойлауды дамыту әдісі
6-сыныпқа арналған таңдау курсы: Проценттер арқылы математикалық сауаттылықты дамыту оқу-әдістемелік бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz