Сөйлем мүшелері

Пәні: қазақ тілі 4 «б» сынып мұғалімі Есқайрова А.

Уақыты: 23. 10.

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері

Сабақтың мақсаты: а) Сөйлем мүшелері, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер туралы алған

білімдерін пысықтау.

ә) Сөйлем ішінен тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді сұрақ қою арқылы таба

білу дағдыларын арттыру.

б) Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: жаттығу, практикалық.

Сабақтың түрі: Сыни ойлау

Сабақтың көрнекілігі: белсенді тақта, топшама

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.

Бүгінгі сабақтың бағалау шкаласымен таныстыру.

II. Қызығушылықты ояту «ой қозғау».

Өтілген материалды тексеру, қорыту.

Дыбыс үндестігі дегеніміз не ?

Буын үндестігі дегеніміз не ?

Сөз тіркесі қалай жасалады ?

Жай сөйлеммен құрмалас сөйлемді қалай ажыратамыз ?

III. Мағынаны тану.

- І -ші слайд.

-Жалаң сөйлем дегеніміз не?

(Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлемді жалаң сөйлем деп атайды. )

-Жайылма сөйлем дегеніміз не?

(Тұрлаулы мүшелерден басқа, тұрлаусыз мүшелердің қатысуымен жасалған жай сөйлемнің түрі жайылма сөйлем деп аталады. )

Сөйлем мүшелерінің өзіндік белгілерін еске түсіру:

1. Сөйлем мүшесі белгілі бір сұраққа жауап береді.

2. Толық мағыналы сөз немесе күрделі сөз сөйлем мүшесі болады.

3. Сөйлем мүшесі бір сөзден де, бірнеше сөзден де жасалады.

2. Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

Сөйлемді көшіріп жазу.

Бастауыш пен баяндауышты тауып, астын сызу.

-Сөйлемнің бастауышы мен баяндауышын алып тастап, оқып көрейікші. Не байқадыңдар?

-Тұрлаусыз мүшелердің өздері сөйлем бола алмайды. Сөйлемдегі ой әр уақытта тұрлаулы мүшелер, яғни бастауыш пен баяндауыш арқылы білінеді.

2-жаттығу.

Жұмбақты көшіріп жазу. Тұрлаусыз мүшелерді тауып, сұрақ қою.

Мейіріммен сүйеді ол бар адамды,

Өзіне жаратпайды қарағанды. (күн)

Көкшіл айна үйдегі

Көрсетеді киноны. (теледидар)

Топпен жұмыс

3-жаттығу

І -топ

Сурет бойынша әңгіме құрастырып жазу. Сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді белгілеу.

ІІ - топ

Сурет бойынша өлең құрастырып жазу. Сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді белгілеу.

5-жаттығу.

Өлеңді мәнерлеп оқыту.

Қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздерді атату.

-Ол сөздер сөйлемнің қандай мүшесі болады?

IV. Сабақты бекіту. Ой толғаныс.

Семантикалық карта

Сөйлем
бастауыш
баяндауыш
Сөйлем:
бастауыш:
баяндауыш:
:
Сөйлем:
бастауыш:
баяндауыш:
:
Сөйлем:
бастауыш:
баяндауыш:
:

V. Бағалау.

8 - 9 балл « 5 »

6 - 7 балл « 4 »

4 - 5 балл « 3 »

Аты, жөні

Жаңа сабақты түсінуі

1 2 3

Топтық жұмыс

1 2 3

Жаңа сабақты талдау

1 2 3

Жалпы балл
Аты, жөні:
Жаңа сабақты түсінуі1 2 3:
Топтық жұмыс1 2 3:
Жаңа сабақты талдау1 2 3:
Жалпы балл:

VI. Үйге тапсырма.

4-жаттығу. (47-бет)


Ұқсас жұмыстар
Жайылма сөйлем
Сөйлем мүшелеріне сұрақ қой
Сөйлемнің дара және күрделі түрлері. 4 сынып
Сөйлем мүшелері жайлы ақпарат
Практикалық тапсырмалар
Тұрлаусыз мүшелер
Сөйлем мүшелері.2-сынып
Ұлылар елі. сөйлем мүшелерін қайталау. 8-сынып
Сөйлем мүшелері. 4 сынып
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz