Бастауыш сыныпта құқықтық тәрбие: Заңды білсең балдырған тақырыбындағы тәрбие сағаты жоспары

БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі:Есқайрова Айсұлу Жақсылыққызы

Тәрбие сағаты

Тақырыбы : Заңды білсең, балдырған

Ақиқат шығар, алдыңнан.

Мақсаты: 1. Еліміздің болашағына өскелең ұрпақтың жауапты екенін саналарына сіңіре отырып, Ата заңын сыйлауға, қадірлеуге, білуге, сақталуына өз үлестерін қосуға талпындыру.

2. Адам өмірі мен құқықтары, бостандықтары туралы көзқарас қалыптастыру.

3. Адамгершілік, ұлтжандылық, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдісі: СТО технологиялары

Түрі: құқықтық сағат

Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер

Күтілетін нәтиже: - Өз көзқарастарын еркін білдіреді.

  • Өз Отанына өздері жауапты екенін саналарына сіңіреді.
  • Ата заңның баптарын өз жас ерекшелігіне сай біледі.

Міндеті: Отанымыз туралы білімдерін кеңейту, Қазақстанның жаңа азаматын тәрбиелеу, өз ойын ортаға салу.

Өту жоспары:

1. Ойлан «Адасқан әріптер»

2. Таныс «Салтанат құрған құқығым»

3. Айт «Болады- болмайды»

4. Көмектес

5. Біл «Өзіңді таны»

Оқушылар ҚР гимнін орындайды.

І. Қызығушылықты ояту.

Психологиялық дайындық

Тренинг: Ойлан «Адасқан әріптер» Шарты: Әріптерді дұрыс орнына қойса, мағыналы сөз шығады.

1. ң, а, з

2. т, л, а, п, а

3. н, м, і, е, д, т

4. қ, ы, ұ, қ, қ

5. т, р, т, ә, п, і

\Баяу музыка ойнап тұрады, оқушылар дәптерге жазады\

Сабақтың тақырыбын ашу үшін бұл сөздердің маңызы бар.

-Балалар, мына сөздердің қоғамға, адам өміріне қатысы бар ма?

- Белгілі бір ережеге, заңға бағынған адам тәртіпті болады.

ІІ. Мағынаны тану.

Тақырыппен таныстыру:

« Заңды білсең, балдырған,

Ақиқат шығар алдыңнан! »

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Адам дүниеге келеді. Олөзі омір сүрген ортадағы қоғамның мүшесі. Әр елдің өз адамдарына арналған Заңы- Конституциясы бар. Ата Заңымыз ең алдымен адам құқығын ту етіп көтереді. Сол сияқты дүние жүзі елдерінің бәрі қолдайтын ортақ заңдар мен ережелер бар. Олар: «Адам құқықтары жайлы жалпыға бірдей декларациясы» және «Балалардың құқығы жайлы конвенция».

\ интерактивті тақтадан көрсету арқылы сөздік жұмысы жүреді\.

Құқық -- заң арқылы реттелетін адам құқығы.

Конституция - құрылым.

Конвенция -- келісім.

2. Таныс. «Салтанат құрған құқығым». \Мультимедиа арқылы\

Оқушылар өз құқығының салтанат құрған жерлерін бейне суреттен атайды.

Өз құқығыңды анықта, ата.

- Мен мектепке баруға, оқуға құқығым бар.

- Өмір сұруге құқығым бар.

- Ойнауыма, демалуыма құқығым бар.

- Өз пікірімді білдіруге құқығым бар.

- Ақысыз емделуіме құқым бар.

- Балалар, Ата Заң осындай құқықтарыңды берумен қатар міндеттер де артады.

Өздеріңнің қандай міндеттерің барын айтып бер.

3. Айт. «Болады- болмайды»

- Балалар, күнделікті өмірде мынадай жағдаяттар кездеседі.

1. Сен бүгін қаламыңды үйде қалдырып ұмытып кеттің. Досыңның сөмкесінен қаламын алдыңда, жаза бастадың.

- Балалар, осы әрекетте адам құқығы бұзылды ма, жоқ па?

Өз пікіріңді білдір

2. Сен туыстарыңмен телефон арқылы сөйлеспек болдың. Трубканы көтерсең, бөтен адамдардың сөйлесіп жатқаны қосылып кетті. Сен олардың сөзін тыңдадың. Олай істеуге бола ма?

Әрине олай істеуге болмайды. Бұл 12-бабта айтылған:

  • Біреудің атына кір келтіруге;
  • Жеке басының тіршілігіне араласуға;
  • Рұқсатсыз үйіне кіруге
  • Жазған хаттарын оқуға ешкімніңқұқығы жоқ

4. «Қиялға ерік берсек . . . »

Ертегілер желісі бойынша ертегі кейіпкерлерінің қандай құқығы бұзылды және оны кім бұзды? Соны ойланып табуымыз керек.

«Алтын сақа» ертегісіндегі жағымсыз кейіпкер кім?

Баланың өміріне қандай қауіп төнді?

Бала құқығы бұзылды ма?Бұзылды.

«Қырық өтірік» ертегісіндегі мұратына жеткен кейіпкер кім?

Бұл жерде қандай құқық туралы болды?

Хан жарлығы қандай?

13- бапта бала өз пікірін еркін білдіруге құқығы бар деп атап көрсеткен. Бала құқығы бұзылған жоқ.

Балалар, ертегі кейіпкерлерініңқандай құқықбұзғанын және кімнің бірімен тығыз байланысты. құқығы бұзылғанын ой елегінен өткіздік. Олай болса, адамның құқығы мен міндеті бір-бірімен тығыз байланысты.

Баланың міндеттері:


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта салауатты өмір салтын қалыптастыру: Денсаулық планетасы тақырыбындағы тәрбие сағаты
Бастауыш сыныптарға арналған құқықтық тәрбие сағаты: Өз құқығыңды білесің бе
Ата Заңды ардақтау: Қазақстан Республикасының Конституциясын таныстыру және құқықтық тәрбие сабағы
Бастауыш сыныпта Мейірімділік - асыл қасиет тақырыбындағы тәрбие сағатының сабақ жоспары
Бастауыш сыныпта отансүйгіштікті қалыптастыру: Жаса Қазақстан тәрбие сағаты
Өз құқығыңды білесің бе: бастауыш сыныптарға арналған құқықтық тәрбие сағаты
Құқықтық сауаттылық - заман талабы: мектептегі тәрбие сағаты мен сайыс-жоспары
Бастауыш сыныпта Ертегілер еліне саяхат тақырыбындағы оқу-тәрбие сабақ жоспары
Құқықтық сауаттылық - заман талабы: 5-Б сыныбына арналған тәрбие сағаты жоспары
Бастауыш сыныптағы Атадан қалған асыл сөз тақырыбындағы тәрбие сағаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz