Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тұлғаны азаматтық-патриоттық рухта тәрбиелеудегі мемлекеттік нышандардың ролі


ТҰЛҒАНЫ АЗАМАТТТЫҚ-ПАТРИОТТЫҚ РУХТА ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ
МЕМЛЕКЕТТІК НЫШАНДАРДЫҢ РОЛІ

НАБУОВА РОЗА АБДРАХМАНҚЫЗЫ
Облыстық білім беру қызметкерлерінің
біліктілігін арттыру және қайта даярлау
институты директорының орынбасары, п.ғ.к.

Мемлекеттік рәміздер тарихына үңілер болсақ, мемлекеттік
рәміздер дегеніміз - белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын,
бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен
байланыс мұратын білдіретін белгі. Былайша айтқанда, тәуелсіз
деген қасиетті ұғым мәдени нышандар тілімен де сөйлей алады.
Рәмізбен айналысатын ғылым салалары - геральдика (Елтаңба
тану) мен вексилология (ту тану) өмірге келгелі де бірнеше ғасыр
өткен. Бұл жөніндегі алғашқы кітаптар 16 ғасырда-ақ белгілі бола
бастаған. Француз тарихшысы Менестрэ 1650 жылы осы мәселені
жазған үлкен еңбегі үшін елтаңба тану ілімінің атасы атаңды.
Патриоттық тәрбие – маңызды мемлекеттік міндет. Ол үшін
жасөспірімдердің рухани-адамгершілік қасиеттерін және азаматтық
саналылығын қалыптастыра отырып, өз Отанын сүюге, өз қоғамына,
мемлекетіне қызмет ете алатындай етіп тәрбиелеу керек.
Жасөспірімдердің адамгершілік қасиеттерін қалыптастырумен
қатар тәрбиеде конституциялық құқығын терең түсіне білу қажет.
Балаларға кішкентай кездерінен бастап өз Отанының көп
ғасырлық тарихын оқыту арқылы оның дүниежүзілік тарихи үрдістегі
алатын орнын, ел тәуелсіздігі үшін күрескен азаматтардың арман,
мақсатын таныта отырып, өз Отан алдындағы парызын өтеуге әрқашан
дайын болуға тәрбиелеу - білім беру ұйымдарының негізгі
міндеттерінің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2009 жылғы 16 қарашадағы №521 бұйрығымен бекітілген Қазақстан
Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие
тұжырымдамасының негізгі бағыттарының бірі – азаматтық-
патриоттық, құқықтық тәрбие болып табылады.
Тәрбие тұжырымдамасында «Гуманизмге, қазақ халқының тарихы
мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы
дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, Қазақстанның басқа
халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген
азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, құқықтық және
полимәдениетті, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлтаралық
мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті
қалыптастыруы тиіс» - деп, нақты мазмұны айқындалған.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік
рәміздері Қазақстанның көпұлтты халқының бірігуінің бастамасы
болып табылады.
Мемлекеттік рәміздер бір жағынан - жас, тәуелсіз
мемлекетті бейнелесе, екінші жағынан – тарихи дәстүрлердің
сабақтастығын куәландырады. Сондықтан әр адам үшін қасиетті
Отанының мемлекеттік нышандарына деген құрмет пен сүйіспеншілік
өскелең ұрпаққа беріліп отыру қажет.
Мемлекеттіктің атрибуттарын зерделеу: Тудың, Елтаңбаның,
Әнұранның мәні мен мағынасын түсіндіру тәуелсіз Қазақстанның
болашақ азаматтарын тәрбиелеудің негізін қалаушы бағыттардың
бірі. Әрбір оқушы рәміздердің мемлекеттік қалыптасу процесіндегі
ролі мен мәнін терең түсініп, еліміздің мемлекеттік рәміздерін
қастерлеу рухында тәрбиеленіп, құрметтеуге деген
жауапкершілікке тартылатын сезініп мемлекеттік нышандар туралы
терең білім болуы міндетті.
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеуді сабақ
үстінде, факультативтік сабақтарда, сыныптан тыс жұмыстарда
өткізу кезінде, салтанатты іс-шараларда, ұлттық және мемлекеттік
мерекелерді өткізу барысында қалыптастыру қажет.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2005
жылғы 9 сәуірдегі № 227 бұйрығын басшылыққа алып, елжанды,
отаншыл, ұлтжанды азамат тәрбиелеуде мемлекетіміздің рәміздерін
өз дәрежесінде насихаттаудың маңызы зор.
Оқушылар арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік
рәміздерін насихаттауда олардың жас ерекшеліктеріне ескере
отырып ұйымдастырылуы қажет.
Облыс білім беру мекемелерінде Қазақстан Республикасының
мемлекеттік рәміздерін насихаттау және даталы күндер мен ұлттық
және мемлекеттік мейрамдарда, оқушылар жиындарында мемлекеттік
рәміздерді құрметтеу шаралары орындалуы дәстүрге айналуда.
Мемлекеттік нышандардың орналасу тәртібі
➢ ҚР-ның Мемлекеттiк туы, бiлiм беру ұйымы басшысының кабинетiнде
басшы үстелiнiң оң жағында орналасуы керек.
➢ Мемлекеттiк нышандардың (Елтаңба, Ту, Әнұран мәтiнi) кескiндерi
бар стандарттық стендтер мемлекеттiк мерекелерге және басқа да
маңызды күндерге арналған салтанатты iс-шаралар өткiзiлетiн
арнайы орындарда (фойе, акт залдары, кiтапханалар) орналасуы
керек.
➢ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарын стендтерге
орналастыру кезiнде бiр деңгейде орналасуын қарастыру қажет.
➢ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандары кескiнделген
стендтер әсем безендiрiлген және шаруашылық-тұрмыстық
бөлмелерден, дәлiздерден, киiм iлетiн жерден алыс орналасу
керек.
➢ Тарих, алғашқы әскери дайындық кабинеттерiнде мiндеттi түрде
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандары қабырға мектеп
тақтасының сол жағында орналасуы керек.
➢ Бiлiм беру ұйымдарының барлық оқу кабинеттерiнде мiндеттi түрде
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарына арналған
(лицензияланған баспа өнiмi) арнайы бұрыш безендiрiлуi керек.
Бiлiм беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк нышандарын қолдану тәртiбi
➢ Бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк мекемелерге, айрықша мәндi
күндерге арналған салтанатты iс-шараларды өткiзу кезiнде
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарын мiндеттi түрде
қолдану қажет. Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесi күнi
және басқа да мереке күндерi Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк туы мекемелер мен бiлiм беру ұйымдарының ғимаратында
орналастырылады.
➢ Мемлекеттiк мереке, айрықша мәндi мереке күндерi салтанатты iс-
шаралардың басталуы мен аяқталуында Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк Әнұраны барлық қатысушылармен орындарынан тұрып, оң
қолдарын жүрек тұсына қойып орындалады. Оны орындау барысында
артық қозғалыс-қимылға жол берiлмейдi.
➢ Салтанатты iс-шаралар барысында бiлiм беру ұйымдарының үздiк
оқушылары үш адамнан: бiр ту ұстаушы және екi шығарып салушыдан
құралған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын енгiзу және
шығару рәсiмi болады.
➢ Жаңа оқу жылын ашу және оқу жылын аяқтау салтанатты рәсiмдерi
“Назар аударыңыз!”, “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы
енгiзiлсiн!” командасынан кейiн сапты қадаммен аяқ басқан ту
ұстаушы топ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын енгiзедi.
Ту ұстаушы топ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын
оқушылар қатары алдынан өткiзгеннен кейiн, мектеп сап түзеуiнiң
төрiне орналасады.
➢ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы енгiзiлгеннен кейiн
iс-шараларға қатысушылардың барлығы Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк Әнұранын орындайды.
➢ Iс-шаралар аяқталғаннан кейiн “Назар аударыңыз!”, “Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк туы шығарылсын!” командасынан кейiн
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын шығару рәсiмi
орындалады.
➢ Оқу жылын ашу және оқу жылын аяқтау iс-шараларында Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк Туын енгiзу және шығару рәсiмiнiң
орнына тутұғырда байлаған туды көтеру рәсiмiн орындауға болады.
“Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы көтерiлсiн!”
командасынан кейiн тутұғырда байланған ту көтерiледi. Туды
көтеру құқығы бiлiм беру ұйымының үздiк және белсендi
оқушыларына берiледi.
➢ Ту көтерiлгеннен кейiн “Оқу жылын ашуға (аяқтауға) арналған
салтанатты iс-шаралар ашық деп жариялансын!” командасы бойынша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Әнұраны орындалады.
Мұғалімдер, сынып жетекшілері, мектеп-директорларының тәрбие
жұмысы жөніндегі орынбасарлары, әдістемелік жұмыстар
жүргізу кезінде ата-аналар мен балалардың мемлекеттік нышандарға
деген оң көзқарасын қалыптастыру мүмкіншілігін зерделеу
мақсатында төмендегі танымдық тәрбиелік шаралар оқыту танымдық
шаралар ұйымдастырылуы қажет:
- семинарлар, дөңгелек үстел басындағы кездесу, байқаулар, сайыстар;
- мемлекеттік рәміздердің тарихын терең білу мақсатында
«Жарлықтың, бейбітшіліктің және үміттің белгісі», «Еліміздің
мемлекеттік рәміздерін безендірудің ең үздік бұрыштары мен
қабырға жұмыстары», «Қазақстан Республикасының үздік орындалған
Әнұраны» байқаулары мен олимпиадаларын өткізу;
- халықтардың дәстүрлері мен ғұрыптарын зерттеудің аймақтық турист-
өлкетану экспедициясын ұйымдастыру;
- патриоттық тәрбиеге байланысты жинақталған іс-тәжірибесінен
ақпараттық әдістемелік жинақ шығару;
- білім беру мекемелерінде патриоттық жұмыстарды үйлестіру үшін
Кеңестер мен штабтар құру;
- патриоттық тәрбиені ұйымдастырудың озық тәжірибелерін
жинақтайтын мектепішілік, аудандық, қалалық базасын жасақтау.
Облысымыздағы білім беру ұйымдарында патриоттық тәрбиені
үйлестіру үшін қалалық аудандық кеңестер штабтары құрылуы керек.
Штабтардың жоспарлары жасалып, бекітіліп патриоттық бағыттағы
түрлі тәрбиелік іс-шаралар өткізіліп, жүйеленгенуді қажет етеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау
жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (олардың жас ерекшеліктеріне
ескере отырып ұйымдастыру) дайындалуы қажет.
- мектепке дейінге ұйымдарда мемлекеттік нышандарды
таныстыру жұмыстарынан бастау алуы қажет.
- бастауыш сыныптардағы оқушылардың Қазақстан Республикасының
мемлекеттік рәміздері туралы білім деңгейінің өлшшемдерін
айқындау;
- 5-11 сынып оқушыларының Қазақстан Республикасының
мемлекеттік рәміздері туралы білім деңгейінің өлшшемдері;
(Құқықтану негіздері т.б факультатив сабақтарында ерекше мән
берілуі қажет),
- 10-11 сыныптарда республика рәміздерінің адамгершілікті
және саяси мәнін терең түсіндіру үшін, жоғары сынып оқушылары
өздерінің азаматтық міндеттері туралы түсініктерін кеңіту,
оқушылардың рухани, елжандылық сезімде тәрбиелеу керек.
Білім беру ұйымдарында «Алтын заң - тәуелсіздік белгісі»
айлығы барысында «Менің Республикамның рәміздері», 5 күндік
акция, «Ел намысын жықпайық» спорттық ойындар сайысы, «Жетелі
жұрттың жеті белгісі» атты сайыс, «Патриоттық тәрбиедегі
мемлекеттік нышандардың маңызы» ата-аналар мен оқушыларға
арналған лекция, «Қазақстан Республикасының рәміздері» суреттер
байқауы сынды жұмыс формалары ұйымдастырылғаны жөн.
Облыс мектептерінде “Желбіреген көк байрағы елімнің” сурет,
“Елтаңба–елдігіміздің айшығы” шығарма, “Әнұраны елімнің
жүрегінде” хор ұжымдарының байқауларын білім беру ұйымдарында
тұрақты түрде ұйымдастырылып, нәтижесін, яғни мемлекеттік
рәміздері туралы білім деңгейінің өлшемдерін айқындау.

Білім беру ұйымдарында әнұранды түсініп, іштей
сезініп орындау дағдысын қалыптастыру бағытында “Әнұраны елімнің
жүрегінде” атты хор ұжымдарының мектепішілік байқауы өткізіліп,
білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының Әнұранын
орындайтын кәсіби, тұрақты жұмыс жасайтын хор ұжымдарының
қалыптасуын жүйелендіруіміз қажет.
Білім беру мекемелерінің тәрбие үрдісіндегі ең басты, маңызды
міндеттердің бірі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік
рәміздеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қаңтардағы №2797
Қаулысы,
2. Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие
тұжырымдамасы, (білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 16
қарашадағы №521 санды бұйрығымен бекітілген).
3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2005
жылғы 13 маусым № 401 санды бұйрығымен бекітілген «Қазақстан
Республикасындағы білім беру мекемелерінің 2006 - 2011 жылдарға
арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы»,
4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2005
жылғы 9 сәуірдегі 227 санды «Білім беру ұйымдарында салтанатты
іс-шаралар өткізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік
рәміздерін қолдану рәсімі жөніндегі» Ережесі,
5. Е.Шаймерденов, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік рәміздері,
«Алматы» 2005 жыл.
6. «Білімдідегі жаңалықтар» ақпаратты-әдістемелік журналы, 2006
жылғы №2 (14)


Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға әскери - патриоттық тәрбие берудің маңызы
АӘД сабақтарында патриотизмді қалыптастыру жолдары
Қазақ Совет энциклопедиясы
Жас ұлан әскери патриоттық сайысы
Жеке тұлғаға қалыптастыруда ұлттық тәрбие негіздері
Жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру
«мен жастарға сенемін» - ұлтжандылықтың ұраны
Қазақстан республикасының елтаңбасы
Кәсіптік лицей оқушыларының рухын көтеру
Оқушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін тәрбиелеу
Пәндер