Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мұғалімге қысқа мерзімді сабақты жоспарлау арқылы барлық педагогикалық қуатты құралдарды іске асыруға көмек көрсету

Коллеги - педагогический журнал Казахстана
Главная | Мой профиль | Выход | RSS
Учительские университеты
Главная >> Статьи >> Творческая мастерская
[ Добавить статью ]

"Мұғалімге қысқа мерзімді сабақты жоспарлау арқылы барлық педагогикалық қуатты құралдарды іске асыруға көмек көрсету"
"Мұғалімге қысқа мерзімді сабақты жоспарлау арқылы барлық педагогикалық қуатты құралдарды іске асыруға көмек көрсету" атты коучингім. Мақсатым: Жеті модулді ықпалдастыра, сабақты қысқа мерзімді жоспарлай отырып, белгілі-бір нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беру болды. Коучигке жиналған мұғалімдердің көңіл-күйлерін көтеріп және жағымды психологиялық ахуал орнату мақсатында <<сиқырлы ағаш>> тренингін өткіздім. Тренингке мұғалімдер ұйымшылдықпен, үлкен қызығушылықпен қатысты. Әріптестерімнің қолына қиылған суреттер тараттым. Онда отандық атақты ақын-жазушылар мен олардың белгілі шығармаларының атаулары қағаз қиындыларына жазылған еді. Көпшілік мұғалімде сабақ болғандықтан он адам жиналып, оларды 2 топқа бөлуді дұрыс деп білдім. Сәйкестендіру арқылы әріптестерімнің коучингке деген белсенділіктері тіпті арта түсті. Олар әбден реттелген соң, <<бұлттар және аққұтандар>> атты бейнемультфильм көрсетілді. Мұндағы мақсатым <<мұғалімнің сабақтағы қарулы күші-қысқа мерзімді сабақ жоспары>> сөзінің мағынасын ажырату болатын. <<Шығармашылық>> деңгейде бұл құбылысты өз беттерінше талдай келіп, мұғалімдер тарапынан өзіндік ойлары мен көзқарасын біршама нық қадамдар жасады. Осы тараптан кедергіге жолығамын ба деген ой мазалады, бірақ бұл соншалықты қиындық тудырған жоқ, себебі коучинг тақырыбы алдын ала хабарланған еді. Әр топқа <<қысқа мерзімді жоспарлау >> тақырыбында логикалық мәтін таратылды. Ой түрткі жасалып, топта кластер жасауға кірісті. Дайын болған кластерді қорғауға дайындалды. Мен әріптестеріме отырған орындықтарының арқалығына қарауды сұрадым. Әріптестерім жұмыс жасап жатқанда әр топтағы бір адамның орындығының арқалығына жапсырма қағаз жапсырып қойған едім. Әріптестерім күліп, орындығының арқалығында жапсырылған қағазы бар әріптестеріне қолдау көрсетіп, қол шапалақтады. Сол әріптестері ораға шығып өз топтарының дайын өнімін қорғады. География пәнінің мұғалімі Разина Құралай қысқа мерзімді жоспарға сабақтың мақсатынан бастап, өн бойында атқарылатын жұмыстардың бәріне қатысты сөздерді тізбектеп, қиял мен интуицияға ерік беріп, түбегейлі тоқталған кластері өте сәтті шықты. Ал екінші қорғаушы тәлім алушым Қаламқастың тобы кластер мен постерді шатастырып алғанын байқадым. Кластер жасауда ойдың, тақырыптың <<жүрегі>> болып табылатын басты сөзді немесе сөйлемді таза беттің ортасына жазып, берілген тақырыпқа келетін, бейнелерді, фактілерді, ойды көрсететін сөздерді немесе сөйлемдерді жан-жағына <<лақтырып>> тастау керек екенідігін атап өттім. Осы жердегі кемшілігім кластер туралы қысқаша мәтін тартуым керек еді деген ой түйдім. Екінші топ тез арада өз қателіктерін түзетіп, жаңа кластер жасай қойды. (қосымша 1) <<Сабақты жоспарлау үшін сіз ең алдымен не істейсіз?>>, <<сабақты жоспарлауда қандай да бір қағидаттарға сүйенесіз бе?>>, <<сабақты жоспарлауда не нәрсеге көңіл бөлген жөн?>> деген сұрақтар ұсындым. Мұғалімдердің көбі <<әдіс-тәсілді пайдаланам, оқулықты негізге аламын, тақырыпты ұғуға мән беремін>> деген пікірлер білдірді. Осы ретте Выготский айтуынша, интерактивті мүмкіндік, яғни көпірше, ұсынуым қажет болды, себебі әріптестерімді <<адастырмай>>, нақты бағыттауды дұрыс деп білдім. Қысқа мерзімді сабақ жоспарын таныстыру мақсатында әріптестеріме SMART мақсат туралы презентация көрсету арқылы түсінік бердім. Мақсат қою - белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асатын үздіксіз процесс. Әрбір қойылған мақсатты үнемі талдап, қажет болса қайта қарастыру керек. Үздіксіз талдау жасау мұғалімдерге маңызды шешім қабылдауға көмектеседі. Ең маңыздысы жүзеге аспай қалған немесе мерзімі бойынша қалып отырған мақсаттарға мән беру екенін бас айттым (таныстырылым) Әріптестерім мені мұқият тыңдады. Қысқа мерзімді жоспардың ерекшелігі, жаңашылдығы - біз сабақ мақсатын оқушыға бағыттауымыз керек екенін баса айттым. Бұған дейін де мақсат, міндет қоя алғанмен, күтілетін нәтижеге мән берілмеді. Нәтижеге бағытталмаған және оның мерзімі де белгісіз болды. Енді атқарған кез-келген істің нәтижеге бағытталып, мерзімін және жұмысыңның қорытындысын көріп, рефлексия жасай алып, тәжірибемізді жетілдіре аламыз. Сол арқылы оқушыға жеке көңіл бөлуді, оқушылардың жас ерешеліктеріне байланысты ерекшелігін ескеріп отыруды дағдыға айналдырамыз. Себебі, сабақ барысында барлығы біз ойлағандай бола бермейді, түрлі кедергі болатын оқиғалар орын алу мүмкін. Осындай сәттерде ортақ шешімді қалыптастыру тек мұғалімге байланысты екенін баса айттым. Кез келген мұғалімге өз пәнін оқушыларға толықтай жеткізіп, сапалы білім беруді басты мақсат етіп қоямыз. Ол үшін біз, ұстаздар өзіміз де үйрене жүріп, өзгелерді үйретеміз. Сол себепті үнемі білімді жетілдіріп отыру әріптестерімізге ауадай қажет. Ал осындай ізденіс үстінде жүрген мұғалімдер қауымына осы мәндесте бағытталған коучинг оң шешімін береді. Ойымды толығырақ жеткізсем деген оймен, сабақта қойылатын нақты мақсаттарды мысал ретінде келтіре кетіп едім, әрқайсысы үшін ақпараттың маңыздылығы үлкен рөл атқарғандығын сездім, себебі <<мұғалімдер өзара сөз алмасып қана қоймай, сондай-ақ ортақ мәмілеге келіп, әсіресе, смарт мақсат қоюда нақтылы мерзімі және оны жүзеге асыратын орынды құралдары болу керек>>, <<шынайылылық деген жері өте ұнады, себебі шындыққа жақын, өтіріктен ада>> деген жеріне ерекше тоқталып, құнды пікірлерін ортаға салды. Мұғалімдердің кейбіреулері оқып, талдап, белсенділік көрсетіп, қызығушылық танытып жатты. Осы сәттен кейін көңілім орнына түсіп, жоғарыда аталған тақырып бойынша таныстырылым көрсету арқылы алған мәліметтерін толықтырдым. Коучинг ұнаған тәрізді. Келесі кезекте алынған ақпаратты ой електерінен өткізіп, әрбір мұғалімге қысқа мерзімді жоспар жасауды ұсындым. Қысқа мерзімді жоспар әр мұғалімнің өз туындысы және ол талқылауға түспейді. Әр топ өз өнімдерін бөлмедегі өздеріне ұнаған, қолайлы, қалаған жерлеріне ілуді тапсырдым. Олар өзара келісе отырып өнімдерін ілді. Галереяға саяхатқа шықтық. Әріптестерім топпен сағат тілімен жылжып өзге топтардың жұмыс өнімдеріне саяхат жасады. Бір ұсыныс, бір пікір қалдырды. Өз топтарының жұмысына өзге топтардың қосқан бір ұсыныс, бір пікірін оқып, топта талдады. Ортаға баяндаушы шығып қорғады. Бақылаушы топта кімнің қандай жұмыс атқарғаны туралы өз бақылауын оқып берді. Оның ішінде <<бәріміз мақсатты тамаша қойыппыз, бірақ оқуда кездесетін қиындыққа келгенде кедергілер болды, себебі кейбір мұғалімдер ауқымды жазып, енді біреулерінің ол бөлімі бос еді. Бұны әлі де жетілдіреміз>> деген ой түйді Әріптестерім бір-бірін қолдап, мадақтап отырды. Мұғалімдер әрбір берілген тапсырмаларды өздерінің ой елегінен өткізіп, топтасып ойлау, пкірлесу арқылы өте керемет орындады. Алғашқы өткізген коучингім болғандықтан, мұғалімдердің алған әсерлері , олардың пікірлері мен үшін өте маңызды еді. Осы ретте кері байланыс жазуларын өтіндім. Тақтаға үш түрлі сурет ілдім: шелек, еттартқыш және чемодан. Әріптестерім тез арада ұғып, өз пікірлерін білдіре бастады. Қысқа мерзімді жоспар туралы, сабақтың құрылымы және де смарт мақсат туралы білгендерін, қажетті ой толғаныс алып, біртіндеп әдістемемді өзгертемін деген пікірлер білдірді. (қосымша 2) Қысқа мерзімді сабақ жоспары жасандылыққа, уақыт талабынан қалыс қалуға төзбейді. Белгілі бір мақсатқа жету үшін теориялық, іскерлік шеберлігін тәжірибелеп, шығармашылықпен еңбек ету, сабақтың барлық кезеңдеріне талдау жасап, баға беру, әдіс-тәсілдерді сұрыптап, ең таңдаулысын анықтау және де өз тәжірибесін жинақтап, көпшілікке ұсыну екенін баса айтты. Осы коучингтен жіберген қателіктерімді келесі жұмыстарымда қайталамас үшін уақытты тиімді пайдалану және асығыстық жасамауды жоспарладым. Бұл коучингті өткізу мен үшін сәтті болды деп ойлаймын . Өйткені мұғалімдер топта жұмыс жасап, <<қысқа мерзімді жұмыс жоспарын>> туралы ұғымдары қалыптасты , болашақта өз тәжірибелерінде қолданудың маңыздылығын түсінді.
*
* 1
* 2
* 3
* 4
* 5
Категория: Творческая мастерская | Добавил: Айко1962 (Сегодня) | Автор: Айтказина Айрайлым Серикбековна E
Просмотров: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Всего комментариев: 0
http://teacher-almaty.clan.su/http://skazka.ucoz.ru/ - Академия сказочных наукhttp://bala.ucoz.ru/ Сайт детских домов Казахстанаhttp://almatylit.ucoz.ru/ - Сайт учителей русского языка и литературыhttp://pobeda1945.kz/ (Прислать материал) http://pedagog.kz/

Ұқсас жұмыстар
Басбармақпен бағалау
Сынып деңгейі
Тәжірибенің мақсаты
Қазақ тілі пәнін оқытудың негізгі міндеттері
Бастауыш сыныптарда технология сабағын оқыту әдістері
Практикум сабақтары
Сабақты жоспарлау
Тізбектелген сабақтар
Оқу жоспары
Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану
Пәндер