5-сынып математика: Жылдамдық, уақыт және қашықтық арасындағы тәуелділіктер

Жумагалиева Амина Кайроллаевна
Математика пәні мұғалімі
«№34 ЖОББМ» КММ
Семей қаласы
Шығыс Қазақстан облысы
Математика
5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Шамалар арасындағы тәуелділіктің мысалдары
Сабақтың мақсаты: Шамалар арасындағы тәуелділік туралы білімдерін
пысықтау
Сабақтың міндеттері:
Білімділік:
Жылдамдық, уақыт, қашықтық туралы білімдерін толықтырады;
Дамытушылық:
Жылдамдық, уақыт, қашықтық шамалары арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шешу дағдыларын жетілдіреді;
Оқушы оқып үйренуді жүйелі түрде жүргізужәне сыни тұрғыдан
ойлау қабілетін дамытады.
Тәрбиелік:
Математиканы жақсы меңгеру, басқа пәндерді меңгеруге көмектеседі деген
сенімдерін нығайту;
Рухани қолдау, математикалық мәдениетке үйрету.
Сабақтың құрылымы:
Ұйымдастыру:
- Топқа бөлу - Балалар туған күндеріне байланысты топқа бөлінеді;
- Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру - топ мүшелері қол ұстасып жақсылық тілейді.
Тапсырмалар:
Пайдаланыла
тын етістіктер
1. Жылдамдық, уақыт, қашықтық туралы сұрақтар топтамасын құру.
2. Топта талқылау
ІІІ тапсырма
1. Екі қаладан қарама-қарсы екі автобус шықты. Бірі 70 км/сағ, екіншісі 60 км/сағ жылдамдықпен жүрді. 3 сағаттан соң олар кездесті. Екі қаланың ара қашықтығын тап.
2. Астана станциясынан бір уақытта қарама қарсы бағытта екі пойыз шықты. 5 сағаттан соң пойыздардың ара қашықтығы 950 км болды. Бірінші пойыздың жылдамдығы 90 км/сағ. Екінші пойыздың жылдамдығын тап.
3. Алматы станциясынан бір мезгілде қарама - қарсы бағытқа екі пойыз жолға шықты. Бірі 80 км/ сағ., екіншісі 100 км/ сағ жылдамдықпен жүрді. Қанша уақыттан кейін олардың арасы 720 км болады ?
4. Айлақтан бір мезгілде екі теплоход кері бағытта жолға шықты. Бірі 40 км/сағ, екінші 30 км/сағ жүзсе, олардың ара қашықтығы 2 сағаттан соң қанша км болады?
ІІ тапсырма
Кесте бойынша есеп құрастыр
Қашық
тық
Жылдам
дық
І тапсырма
1. 30 км/сағ жылдамдықпен жүрген теплоход 6 сағатта қанша километр жол жүреді?
2. 80 км/сағ жылдамдықпен қозғалған машина неше сағатта 320 км жол жүреді?
3. Қаладан ауылға дейін 240 км. Жүк машинасы 4 сағатта қалаға жетті, оның жылдамдығын тап.
4. Жүк пайызы 8 сағатта 256 км жол жүрді. Оның жылдамдығы қандай?
1. Қарама қарсы қозғалыс жағдайында, жақындау жылдамдығы қалай анықталады?
2. Қарама қарсы қозғалыс жағдайында, қашықтық жылдамдығы?
3. Бір бағыттағы жылдамдық?