Ондық бөлшектерді қосу бойынша есептер шығару сабағы

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы,
№20 жалпы орта білім беретін мектептің математика пәні
мұғалімі Мутиева Светлана Тантаевна
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу.
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Оқушыларға аралас сандарды қосу жолдарын түсіндіру және үйрету.
2) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, математикалық тілін дамыту, электрондық оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
3) Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, ұжымшылдыққа, шыдамдылыққа өз бетінше ізденуге тарбиелеу.
Сабақтың түрі: Есептер шығарту сабағы.
Оқыту әдістері: Сұрақ - жауап, есептер шығару, дидактикалық материалдарын пайдалану, деңгейлеп оқыту техникасынан пайдалану, электронды оқулықпен жұмыс орындау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, электрондық оқулық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын тексеру.
Өткенді қайталау.
Есептер шығарту.
Тест тапсырмасы
Үйге тапсырма.
- Ұйымдастыру. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру, оқұшылардың зейіндерін ұйымдастыру.
- Үй тапсырмасын тексеру.
№963.
Шаңғышы 1-ші сағатта - 13, 09 км
2-ші сағатта - 13, 96 км
2 сағатта - ? км
Шешуі:
13, 09+13, 96=27, 05 (км)
Жауабы:
2 сағатта 27, 05 км сырғанады.
- Өткенді қайталау.
- Ондық бөлшектер
- Жазу
- Оқу
- Координаталық сәуледе
- Салыстыру
- Қосу
Ондық бөлшектерді қосу үшін:
- Ондағы аттас разрядтар бірінің астында бірі тұратындай (үтірдің астына үтір тура келетіндей) етіп баған түрінде жазу керек;
- Разрядтар бойынша қосу керек;
- Қосындыдағы үтірді қосылғыштардағы үтірлердің астына қою керек;
IV. Есептер шығарту.
Жердің қандай бөлігіне үйлер салынған?
1. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыр.
2, 7=
0, 8=
3, 54= 3
121, 27=
Кестені толтыр!
Оқулықпен жұмыс
№954
Кім жылдам?
1. Теңдік тура болатындай етіп тиісті жеріне үтір қой:
- 5 2 + 0 7 = 5 9
- 5 + 7 7 7 = 1 2 7 7
- 2 7 + 3 6 8 = 6 3 8
2. Тиісті цифрларды тауып, орнына қой:
3. Кестедегі қосындылармен бір бағанға оның тұсындағы әріптерді қойыңдар. Сонда XV ғасырда ондық бөлшектерді енгізген Самарқандтық ғалымның атын оқисыңдар:
0, 17+1, 32 И
13, 12+5, 024 Ә
38, 4+2, 06 А
0, 83+1, 607 -
6, 57+0, 117 Л
9, 04+13, 8 К
0, 231+31, 25 Ш
V. Тест тапсырмасы
VI. Үйге тапсырма
№970, 971, 974.