Жақсы сөз жанға қуат

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп Бітік ОЖББМ Мерзiм__2 11. № 9 Тақырып: Жақсы сөз - жанға қуат
Құндылық: С үйіспеншілік Қасиеттер: Адалдық, сенімділік, ризашылық
Мұғалiм: Мирманова Толғанай Класс 4 Оқушылар саны__12_
Сабақ мақсаты:
Сүйіспеншілік құндылығы арқылы оқушыларды сөз қадірін білуге, ойланып сөйлей білуге үйрету.
Міндеттері:
Жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
Жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту.
Ізгілікке, адалдыққа, сенімділікке тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.
- Үй тапсырмасын тексеру.
Оқулықтағы 9 сабақ. 48 бет «Сыпайы қоян» мексика ертегісін оқып, талдау.
1. Қоянның жылы сөздерінің өзіне қандай көмегі болды?
2. Жақсы сөз адамдарға қалай әсер етті ?
- Дәйексөз.
Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады.
Халық мақалы
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Оқушылар есте сақтап қалу үшін үш рет қайталаймыз. Дәптерлеріне дәйексөзді жазып аламыз.
- Әңгiмелеу.
Аңыз әңгіме «Жайнап өскен гүлдің құпиясы»
Ш. АМОНАШВИЛИ
Мамасы Ергеннің бөлмесіне ыдысқа отырғызылған екі гүлді әкеліп, терезесінің алдына қойды.
Күнде суарып тұр, олар саған қуаныш сыйлайды - деді мамасы.
Ал Ергенге бір гүл ұнады да, екінші гүл ұнаған жоқ.
Ол ұнаған гүлін суарған кезде іштей: «Қандай керемет гүл. . . Мен сені жақсы көремін. » деп ойлап суаратын. Ал ұнамаған гүлді суарған кезде: «Бұл жаман гүл. Босқа суарып жатырмын. Мамамның көңілі үшін суарып жүрмін, әйтпесе терезеден лақтырып жіберер едім!» деп іштей ұрсып тұратын.
Осылай бірнеше ай өтті.
Бір күні мамасы бір гүлдің жайнап өсіп келе жатқанын, ал екінші гүлдің солып бара жатқанын байқады да, баласынан:
-Неге бұлай? Әлде біреуін дұрыс суармадың ба?- деп сұрады.
-Екеуін де бірдей суарып жүрмін - деді баласы.
Мамасы солып бара жатқан гүлді өз бөлмесіне апарып қойды да, оны мәпелеп, күтіп: «Мен сені емдеймін. Әлі керемет болып өсесің. » - деп күлімсіреді. Суарған сайын көз алдына: осы гүлдің иісі аңқып, жайнап гүлдеп, жайқалып өсіп тұрған кезін елестетіп тұратын.
Мына ғажапты қараңыз, мамасының жақсы ойы жүзеге асып, қуанышқа кенелді. Солып жатқан гүлдің жанданып, жайнап өсіп тұрғанын көрген Ерген:
-Мама, сен бұл гүлдерге не істедің? - деді.
-Өзім де білмеймін! - деп жауап берді мамасы.
Бұл құпияны тек ыдыстағы топырақ пен әдемі гүлдің өзі ғана білетін. Бірақ олар айта ала ма?!
Сұрақтар:
1. Мамасы баласының бөлмесіне гүлдерді не үшін әкелді?
2. Ерген гүлдерді қалай суарды?
3. Гүлдердің әртүрлі болып өсуіне не әсер етті?
4. Солып қалған гүлдің жайнап өсуінің құпиясы неде деп ойлайсыңдар?
- Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Өлеңді толықтыр:
Аялай біл, сен деп соққан жүректі,
. . . . . . . . . . . . таси берсің, ізгілікті.
Айналамда нәзік жанды . . . . . . . . .,
. . . . . . . . . . . . . . бір-бірінен көмекті.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz