Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда жаңа педагогикалық, ақпараттық-коммуникативтік технологияның мүмкіндіктерін қолдану

№ 3 орта мектеп





Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда жаңа педагогикалық, ақпараттық-коммуникативтік технологияның мүмкіндіктерін қолдану.





Мектепке дейінгі шағын орталығы бар
№3 жалпы білім беру орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Есбергенова Мереке






Жоспар:

I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.
1.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда жаңа педагогокалық, ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану формалары.
2.Ақпараттық - коммуникативтік технологияны қолдану арқылы оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылығын арттыру.
А) Интербелсенділік оқыту технологиясы.
Ә) Электрондық оқулықтарды пайдалану тиімділігі.
Б) Оқушының ойы мен белсенділігін дамытудағы ойынның рөлі.
III.Қорытынды.

Кіріспе
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында айтқандай: <<Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін білім>>. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибелері зерттеліп , мектеп өміріне енуде.Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақты, білімі қажет.
Қазіргі мұғалім:
* Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын ;
* Педагогикалық өзгерістерге тез төселлетін;
* Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
* Оқшылармен ортақ тіл табыса алатын;
* Білімді, іскер, шебер болуы керек;
Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері- өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту,өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу.
Қазіргі оқушы:
* Дүниетаным қабілеті жоғары;
* Дарынды өнерпаз;
* Іздемпаз, талапты;
* Өз алдына мақсат қоя алатын;
Осындай тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет.Оқыту үрдісінде осындай әдістерді пайдалану мұғалімнің шеберлігіне қарай жүзеге асады.
ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге ,адамның денсаулығына , кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім, қоғамдағы демократиялық бастамалар барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асады.Мұғалім қоғам айнасы.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру- жаңа ақпараттық - коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзегее асыра отырып, оқу- тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Біріккен ұлттар ұйымының шешеімімен <<ХХІ ғасыр- ақпараттандыру ғасыры>> деп аталады. Қазақстан республикысы да ғылыми- техникалық процестің негізгі белгісі - қоғамдық ақпараттандыру болатын жаңа кезеңге енді.

<<Баланың ынтасын арттыру үшін
оқылытын нәрседен бір жаңалық
болуы кекрек>>
Жүсіпбек Аймауытов
Қазақ тілі сабағында ақпараттық - коммуникативтік технология құралдары оқушыларға жаңа ақпарат көздеріне жол ашады, жеке жұмыс пен білім алудың нәтижелілігін, тиімділігін көтереді, кәсіби дағдыларды қабылдау және бекіту үшін мүмкіндіктер береді, қашықтықтан оқытудың жаңа түрлері мен әдістерін жүзеге асыруға мүмкіндіктер ұсынады.
Ақпараттық - коммуникативтік технология - оқытушы жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттілігін дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу үрдісін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді.Жаңа ақпараттық технологиялар дегенiмiз -- бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру үрдісі болып табылады.
Ақпараттық - коммуникативтік технологияны қазақ тілі сабақтарына енгізуіме алдыма жаңа бағыттағы мақсаттар қойылды:
* Қазақ тілі пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру
* Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;
* Инновациялық әдістерді пайдалану, құралдар жасау
* Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету.
* Интербелсенді оқыту технологиясы - бұл ұжымдық, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу үрдісіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту үрдісін ұйымдастыру болып табылады..
Интербелсенді оқыту - бұл, ең алдымен білім алушы мен оқытушының қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін -- ұйымдастыру және сұхбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады. Интербелсенді бір көзқарастың немесе бір ғана сөйлеушінің басым болуы жағдайын болдырмайды. Сұхбаттасып оқыту барысында оқушылар сыни ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды, дискуссияға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық және топтық жұмыс ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары, рөлдік ойындар қолданылады, құжаттармен және түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасайды.Әр оқытушы сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.Интербелсенді тақта -- топтағы оқушылардың барлығын оқыту үшін құнды құрал. Бұл оқытушы жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін көзге көрінетін құнды құрал. Оның ақпаратты түрлі мультимедиялық ресурстар көмегі арқылы танысуға мүмкіндігі зор. Ол сызбаларды түсіндірудіжеңілдетіп, қиын мәселелерді шешуге көмектесе алады. Оқытушылар өздерінің жаңа ойларын, идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсету үшін осы тақтаны қолданса мақсаттарына жетеді. Бұл тақтада оқытушылармен жаңа материалдарды бірігіп талдауға мүмкіндігі зор. Зерттеулер көрсеткендей, түрлі ресурстарды, қызықтыруларды ұлғайта отырып қолданса, оқытушылар үшін де, оқушылар үшін де интерактивті тақта сабақты қызықты ететіні анықталды. Интербелсенді тақтамен дұрыс жұмыс жасаса, оқушылардың білімдерін тексере де алады. Интербелсендіі тақта топтағы барлық оқушылардың басты назарына айналады. Ал егер де керекті материалдардың барлығы алдын ала дайындалып, түсінуге оңай болса, сабақтың жақсы қарқынды өтуін қамтамасыз етеді.
Жаңа сабақты түсіндіру барысында сабақтың мазмұнын дайын күйінде бермеуге тырысамын. Оқушылардың өздігінен танып -- білу дағдыларын қалыптастыра отырып, жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді өздері құрастырып тұжырымдай білуіне жетелеймін. Ол үшін оқытудың интерактивті әдіс - тәсілдерін сабақта қолданамын. Олар:
* Жеке шығармашылық тапсырмалар, жобалар.
* Тірек - сызба, көрнекіліктер және анықтама құралдары.
* Ойын арқылы оқыту.
* Сөзжұмбақ, бейнесөздер.
* Логикалық тапсырмалар мен деңгейлік жаттығулар.
* Тестілеу және бақылау.
Интербелсенді оқыту моделін пайдалану -- өмірлік жағжаяттарды модельдеуді, рөлдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады. Оқу процесінің қандайда бір қатысушысын немесе идеяны ерекшелеуді шектейді.
Интербелсенді тақтамен жұмыс істеудің артықшылықтары:
* Бағдарлама бойынша барлық топ оқушыларына қолайлы;
* Web-сайттарды, басқа да құралдарды қолдана отырып, жаңа материалдарды түсіндіруге, меңгеруге қолайлы;
* Берілген материалды әсерлі жеткізуге және оны топтағы оқушылары арасында талқылауға үлкен мүмкіндіктер туғызады;
* Интерактивті тақта топтағы барлық оқушылардың басты назарына айналуына байланысты орталықтан демонстрациялауға қолайлы жағдай туғыза алады;
* Оқытушының, оқушының да шабытын, қызығушылығын арттырып, сабақты тартымды өткізуге ынталандырады;
* Оқушы алдына жаңа материалды жанды түрде көрсете отырып, танымдық қабілетін арттыруға мүмкіндік алады.
Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша жаттығулар мен тапсырмаларды орындап, тестілер шешіп, семантикалық карталар және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады.Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез және жай түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электронды оқулықтың ең қажет мүмкіндігі аудиохабарлар. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине оқытушының тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген оқушының құштарлығы оянады деп ойлаймын.
Электронды оқулықтар оқушының бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге мүмкiндiк жасайды. Дәстүрлi оқытуда әр оқушы оқытушы тарапынан бақылау өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң әр кезеңін бақылай алады. Тiптi кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпарға сiлтемелер берiп отырады. Бұл оқушы үшiн, бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әдiл бағасын беруге, оқушыға қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлiмет алуға мүмкiндiк жасайды.
Электронды оқулықтар оқушылардың
-- бiлiм деңгейiн тереңдетуге; -- ауызекi тiлде сөйлей бiлу дағдыларын қалыптастыруға; -- өз бетiнше iздену қабiлетiн қалыптастыруға; -- ойларын дамытуға; -- студенттердiң сөздiк қорының молаюына; -- тiлдi үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына; -- сабақта өзiн еркiн ұстап, өз мүмкiншiлiгiн кеңiнен пайдалана алуына; -- өз iсiне талдау жасай алуға көптен-көп көмегiн тигiзедi.
Қорыта келе айтарым, оқу үрдiсiнде электронды оқулықты қолданудың маңызы өте зор. Тiл үйренушi электронды оқулықпен сабақ бойы үздiксiз байланыста болғандықтан тiлдi меңгеруiне үлкен мүмкiндiктерi бар. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану - оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады .
<<Айтушы ақылды болса, тыңдаушысы дана болады>> дегендей, сөзімді қорыта келе, сабақтарымда жаңа ақпараттықтехнологияның әдіс - тәсілдерін қолданудың мынадай тиімді жақтары бар екеніне көз жеткіздім:
Оқушының оқуға деген ынтасы артады;
Әр оқушының жеке қабілеті айқындалады;
Үлгерімі нашар оқушыға көңіл бөліп, оларға көмектесу мүмкіндігі туады;
Жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуына жағдай туады;
Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;
Оқушы өз білімін бағалай білуіне бағыттауға мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз.Демек, жаңа ақпараттық технологиялық әдіс - тәсілдерді пайдалану білім сапасын арттырудың бірден - бір жолы. Оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар.


Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық – коммуникативтік технологияны қолдану арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын қалыптастыру
Ақпараттық технология
ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
БМК мұғалімдері
Оқытудың ақпараттық технологиясы
Интерактивті әдіс - тәсілдер
ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Жаңа ақпараттық - коммуникативтік технология
Ақпараттық технология негізінде құзіреттілікті қалыптастыру
Оқушыларға тіл нормаларын меңгерту
Пәндер