Сұйықтар мен газдардың қозғалысы: гидроаэромеханикаға арналған интерактивті коучинг сабақ жоспары

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы селосы,

Ы. Алтынсарин атындағы мектеп - гимназиясының

жоғарғы санатты физика пәнінің мұғалімі

Гүлнар Мәкітайқызы Ашкербекова

Сабақтың тақырыбы: Сұйықтар мен газдарың қозғалысы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сұйықтар мен газдарың механикалық қасиеттерін, олардың және олардың ішіндегі қатты денелердің қозғалысын жан-жақты сипаттау.

Дамытушылық: Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін (тәндік, когнитивті, психо-әлеуметтік) дамыту.

Тәрбиелік: Теориялық білімін практикамен еркін ұштастыруда ұйымшылдықпен жұмыс істей алатын, кәсіби мамандыққа икемді азамат тәрбиелеу. Қауіпсіздік ережелерін сақтауды назарда ұстау.

Түрі: Коучинг сабақ.

Типі: Топпен жұмыс

Оқытудың әдіс-тәсілі: сұрақ - жауап, схемалармен жұмыс, сәйкестендіру, іздену, талдау, шығармашылық еңбегін қорғау.

Сабақтың ұстанымы: «Көзге елестеткен мың ойдан, қолмен істеген бір іс артық». М. В. Ломоносов.

Пайдаланған технология : Интерактивті оқыту технологиясы - оқу-танымдық, коммуникативтік-дамытушылық, элеуметтік-бағдарланушылық міндеттерді шеше отырып, оқушы өз еңбегінің табысты болатынын сезетіндей, зияткер болатынына сенетіндей оқытуға жайлы жағдай туғызу.

Көрнекілік :Интерактивті тақта, компьютер, флипчарт, слайдтар, сызбалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Гидроаэромеханика - сұйықтар мен газдардың механикалық қасиеттерін, олардың қозғалысын және олардың ішіндегі қатты денелер қозғалысын зерттейтін физиканың бөлімі. Әуе және су көлігінің, зымыран техникасының дамуы физиканың осы бөлімімен байланысты.

ІІ. Оқушыларды 3 топқа бөлу.

1-топ. Гидромеханика.

2-топ . Аэромеханика.

3-топ. Гидроаэростатика.

ІІІ. Топтардың өзін-өзі таныстыруы.

1-топ. Гидромеханика.

Армандарға қол созумен келеміз,

Білім - теңіз жүзіп келеді кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз,

«Гидромеханика» тобына қол соғыңыз.

2-топ. Аэромеханика .

«Аэромеханика» биіктерде шарықтасын,

Жеңісіміз көк аспанда қалықтасын.

Жалын оты кеудемізде алауласын,

Жеңісті бізден ешкім ала алмасын!

3-топ. Гидроаэростатика.

Шығып жүрген жақсы аты,

Жиналған ылғи дарындар.

Жүректе от, көздерінде жалын бар

«Гидроаэростатика» тобын

Қол соғып қарсы алыңдар!

ІҮ. «Алтын ереже» қабылдау:

  1. Бірлесе жұмыс жасау;
  2. Қысқа және нақты көтеріліп отырған мәселе бойынша сөйлеу;
  3. Бірін - бірі сыйлау, сөздерін бөлмеу;
  4. Уақытты бағалау;
  5. Берілген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарау.

Ү. Бекітілген регламент

Тапсырмалар
Әр топқа бөлінген уақыт
Жалпы уақыт
Тапсырмалар: Таныстыру
Әр топқа бөлінген уақыт: 1 минут
Жалпы уақыт: 3 минут
Тапсырмалар:

І-айналым Бағыңды сынап көр»

1. Постерге дайындық

2. Постерді қорғау

Әр топқа бөлінген уақыт:

3 минут

2 минут

Жалпы уақыт:

9 минут

6 минут

Тапсырмалар:

ІІ-айналым

«Сырлы сауалдар»

Әр топқа бөлінген уақыт: 2 минут
Жалпы уақыт: 6 минут
Тапсырмалар:

ІІІ-айналым

«Кім жүйрік»

Әр топқа бөлінген уақыт: 4 минут
Жалпы уақыт: 12 минут
Тапсырмалар:

ІҮ-айналым

«6 ойлау қалпағы»

Әр топқа бөлінген уақыт: 2 минут
Жалпы уақыт: 6 минут
Тапсырмалар: Қорытындылау
Әр топқа бөлінген уақыт:
Жалпы уақыт: 3 минут

ҮІ. Әр топ белсенділерінің міндетімен таныстыру:

Суретші - сурет салады.

Баяндамашы - постер қорғайды.

Бақылаушы - топ жұмысын бақылайды.

Интервьюер - сұрақ дайындайды.

Таймкипер - уақытты бақылайды.

Инженер - практикалық іс-әрекетті жасаушы.

ҮІІ. І-айналым «Бағыңды сынап көр» Ресурсты тарату. Әр топ өз топ аттарына байланысты тақырыптарын қорғап, постерге түсіріп, тапсырмаларды орындап, практикалық жұмыстарын қорғайды.

ҮІІІ. ІІ-айналым «Сырлы сауалдар» әр топ қарсы топқа қызықты сауалдарын жолдайды.

ІХ. ІІІ-айналым. «Кім жүйрік» Әр топқа есептер:

  1. Құбыр бойымен мұнай 0, 8 м/с жылдамдықпен ағады. Мұнай шығыны 2·10³т/сағ-ты құрайды. Құбырдың радиусын анықта.
  2. Горизонталь құбырдың кең бөлігіндегі су 1, 5·10⁵ Па қысым кезінде 0, 08 м/с жылдамдықпен ағады. Құбырдың тар жеріндегі қысым 1, 4·10⁵Па. Құбырдың тар жеріндегі жылдамдықты табыңдар.

3. Құбырдың кең жеріндегі судың ағыс жылдамдығы 10 м/с. Диаметрі осыдан 4

есе тар жеріндегі судың ағыс жылдамдығы қандай?

Х. ІҮ - айналым. Эдвард де Боно «6 ойлау қалпағы»

Ақ - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру.

Қызыл - ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру.

Қара - негативті ойлау.

Сары - жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар.

Көк - жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды білдіреді, қорытындылайды.

Х. Әр топтың жұмысы бағаланады.

Топтың аты
І-айналым «Бағыңды сынап көр»
ІІ-айналым «Сырлы сауалдар»
ІІІ-айналым. «Кім жүйрік»

Қорытынды

ұпай

Топтың аты: Гидромеханика.
І-айналым «Бағыңды сынап көр»:
ІІ-айналым «Сырлы сауалдар»:
ІІІ-айналым. «Кім жүйрік»:
Қорытындыұпай:
Топтың аты: Аэромеханика.
І-айналым «Бағыңды сынап көр»:
ІІ-айналым «Сырлы сауалдар»:
ІІІ-айналым. «Кім жүйрік»:
Қорытындыұпай:
Топтың аты: Гидроаэростатика.
І-айналым «Бағыңды сынап көр»:
ІІ-айналым «Сырлы сауалдар»:
ІІІ-айналым. «Кім жүйрік»:
Қорытындыұпай:

ХІ. Үйге тапсырма. Тақырыпты мазмұндау.


Ұқсас жұмыстар
7-сыныпқа арналған ашық сабақ (жарыс форматы): Сұйықтар мен газдардың қысымы
Сұйықтар мен газдардағы қысым және Паскаль заңы: 7-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Қысымның берілуі (қатты денелер, сұйықтар, газдар) және Паскаль заңы: 7-сыныпқа арналған сабақ жоспары
7-сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар: Газдардың, сұйықтардың және қатты денелердің молекулалық құрылысы
10-сыныпқа арналған физика сабағы: Газдардың техникада қолданылуы
7-сынып физикасы: дене қозғалысы бағытындағы күштің жұмысы - сабақ жоспары мен әдістемелік нұсқаулық
Ауырлық күші әсерінен сұйықтар мен газдардағы қысым
Қысым және оның қатты денелер, сұйықтар мен газдар арқылы берілуі
7-сынып: Газ қысымы мен ауырлық күшінің әсерінен сұйықтар мен газдардағы қысым
7-сыныпқа арналған: Сұйықтар мен газдардағы қысым және Паскаль заңы - гидростатикалық қысымның формуласы мен қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz