Бастауышым - балбұлағым

Тақырыбы: Бастауышым - балбұлағым

Ертеңгіліктің мақсаты : Білімділігі : оқушылардың бастауыш сыныпта алған

білімдерін қорытындылау.

Тәрбиелілігі:өз Отанын, мектебін, ұстазын құрметтей білуге тәрбиелеу .

Дамытушылығы : оқушылардың ойлау қабілетін

Көрнекілігі : мектеп, білім туралы нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, слайд .

Барысы:

І. Ұйымдастыру

Мұғалім:

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп, инеиен құдық қазғандар

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Өлең оқып, би билеп, ән де бүгін айтылар.

Қайырлы күн, құрметті ата- аналар, ұстаздар және оқушылар! Бастауыш әлеміндегі дәстүрлі мерекенің бірі асыға күткен - бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер!

Бүгінгі біздің 4 «А» сыныбында өткізгелі отырған «Бастауышым - балбұлағым» атты мерекелік шараны ашық деп жариялаймын.

Ендеше, 4 «А» сыныбының сынып жетекшісі Ниязова Сандуғашты және бастауыш сыныпты бітіруші түлектерді қошеметпен ортаға шақырамыз.

Мұғалім:

Елдің елдігі

Ердің ерлігі - Әнұран

Сезім биігі

Төзім иығы - Әнұран

Әннің асылы

Ұранның басымы - Әнұран

(Әнұран орындалады)

Мұғалім:

Құрметті ата- аналар алдарыңызда тұрған балаларыңыз осыдан төрт жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп - кішкене балдырғандар еді. Енді міне бойлары да, ойлары да өсіп, бастауышта білім алып аяқтап, орта буынға өткелі тұр. Талаптарына нұр жаусын деп ертеңгілігімізді бастаймыз.

Алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Досов Болат Бексиыкұлына беріледі.

Мұғалім:

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз білім нәрімен сусындатып, көп нәрсені үйретті. Сондықтан да алғашқы ұстазымызға

Хормен: Мың алғыс!

Ұстаз - мейірімді, сезімтал. Сені сүймелдеп, демеп, өмірге өрлетіп, жетелеп келе жатқан ұстазың емес пе?

Ақылбек :

Ұстаз болу - жүректің батылдығы,

Ұстаз болу- сезімнің ақындығы

Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу - адамның ақылдығы.

Сандияра :

Сен менің әкемдейсің, анамдайсың,

Мен үшін армандайсың, алаңдайсың

Ұстазым сеннен артық ақылшым жоқ,

Адалдық пен парасаттан жаралғансың.

Ерасыл:

Көңілің бар шәкірттің таба алатын,

Кеуделерге намыс отын жаға алатын

Өзіңдей болса, шіркін барлық ұстаз,

Жез таңдай, күміс көмей, сөзі алтын.

Ақтілек:

Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп,

Шәкірттерді баулыды тәртіпті қып

Қоштасамыз бүгін ұстазбенен,

«Ұстаз» әнін жаңғыртып айтып тұрып.

Хор: Ұстазым менің

Мұғалім:

-Иә, бүгін бізде үлкен қуаныш . Себебі біз білім бастауы бастауышпен қоштасқалы тұрмыз.

-Балалар, сендер мектеп табалдырығын аттағанда алғашқы кездерің естеріңізде ме ?

Хормен: Әрине

Иляс:

-Иә, біз алғаш мектепке келгенде әліппедегі әріптерді танымадық, оларды бірге қосып, оқып жаза алмадық. Осының бәрін үйреткен, «Әліппе» оқулығы емес пе?

Айгерім:

-Иә, «Әліппе» оқулығы бізге көп нәрсені үйретті.

Ашыла берді алдымнан

Кең дүние есігі

Соғылған сомдап алтыңнан

«Әліппе»- білім бесігі

«Әліппем» -менің «Әліппем» менің

Өмірді көрсем танып мен

Қайталап айтам мың рет:

Өзіңе көп -көп рахмет !

«Әліппем» менің, Әліппем

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырыпәріппен

Тақылдатып сөйлеттің.

Мұғалім:

-Міне, балалар, әріптердің бәрін оқи алтын болдыңдар. Күні кеше ғана білім ордасында жанарлары жәудіреп, тал бойлары майысып, үркектей кірген балапандар, енді міне, алғашқы басқыш бастауыш мектепті тәмамдап, ортаңғы буынға көшкелі отыр .

(Слайд арқылы сыныпқа мінездеме беру)

-Рамазан, неге спорт киімін киіп шықтың?

-Дене шынықтыру сабағынан үйренгенімді көрсетейін.

-Мен онда бейнелеу өнерінен үйренгенімді көрсетейін .

-Еңбекке баулудан үйренгендей көгершіндер жасап келдім. Бұл біздің көгершіндеріміз. Бастауыштан ұшып жоғары сыныпқа ұшып бара жатырмыз. Жолымыз оң болсын ! Сәт сапар достар!

Мұғалім:

Жалығуды білмейміз,

Жабығуды білмейміз

Жауқазындай көзді тартып,

Жайраң қағып билейміз.

Би: Флешмоп

Мұғалім:

Ғалым иесі ғалым да, ел қорғаны батыр да, тілінен бал тамызған ақын да, тегеуіріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал бағып, тер төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған. Сондықтан да біз ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз .

-Ендеше ортаға бейнелеу пәнінің мұғалімі Бисенбекова Айсұлуды, еңбек пәнінің мұғалімі Шакиева Алияны, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Тоқтабаева Динаны, орыс тілі пәнінің мұғалімі Сарсенбаева Тазагүл мен Бисенбаева Гүлжанатты, өзін өзі тану пәнінің мұғалімі Қайымбетова Жазира сынды ұстаздарды ортаға шақырамыз.

( Оқушылар осы ұстаздарға арнап өлең жолдарын оқиды )

Мұғалім:

Тамсандырып ән салат,

Естіген жан тамсанат

Жүректерге жеткізіп


Ұқсас жұмыстар
Ұстаз ана жасады мына бізден
Бастауышым-балбұлағым. бастауышпен қоштасу кеші сценарий
Тақырып - Бастауышым - балбұлағым
Өшірмейік балалар
Әліппе хан
ХОР ұстазым
Бастауышым балбұлағым жайлы ақпарат
Ұстаздарыңыз соған тілекші
Бастауышым - балбұлағым туралы ақпарат
Бастауышым-балбұлағым жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz