Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар

Файл қосу

Қазына көтерген бала

Атырау қаласы.
№5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Айтмағамбетова Умитай Кенжегуловна
Ана тілі.
Сабақтың тақырыбы: Ә. Жапаров <<Қазына көтерген бала>>
Білімділік мақсаты: Оқушыларды Қ.Сәтпаевтың өмірі жайлы әңгімемен таныстыру
Дамытушылық мақсаты: Қ.Сәтпаев есімімен байланысты кен орындарын білгізу, оқушыларды ізденуге, ойлауға жетелеу, көркем сөйлеу іскерлігін арттыру, танымын елестету, сезіну қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: туған ел байлықтарын қорғауға үйрету, ұлы адамдар өмірін үлгі ету.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: Баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылықты ояту, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: Қ.Сәтпаевтың өміріне арналған слайд, видео. Фостермен жұмыс. Қазба байлықтар коллекциясы. Географиялық карта.
Сабақтың барысы:
* Ұйымдастыру
* Үй тапсырмасын тексеру
Т.Рысқұлбеков <<Бала Тұрар>> атты әңгімесін ақпараттық іздену әдіс-тәсілі бойынша сұрау. Тақтаға үш оқушы шығады. Әңгіме мазмұнына сай сұрақтар қойып, екі оқушы бір-біріне жауап береді. Үшінші оқушы олардың жауабын тыңдап, әңгімені толық баяндайды. Келесі оқушы картадан әңгімедегі жер, су, ел аттарын көрсетеді.
3) Топтастыру
* Тұрар Рысқұлбеков кім?
* Мемлекет, қоғам қайраткері
* 1916 жылы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқан
* 1894 жылы 26 желтоқсанда Жетісу облысы, Верный уезінде туды.
* 1938 жылы 10 ақпанда, 43 жасында, Мәскеу түрмесінде қайтыс болды.
* Алматы қаласында Басқару академиясы Рысқұлбеков есімімен аталады.
* Нұртаза Шерхан <<Қызыл Жебе>> атты 1,2 кітабында Рысқұлбеков келбетін сомдады.
* Сталинге Қазақстандағы ашаршылық жөнінде бірінші хат жолдаған қазақ.
* 1937 жылы 21 мамырда <<Халық жауы>> деген атпен тұтқындалды.
* Жамбыл облысының Тараз қаласында Рысқұлбеков атындағы парк, онда ескерткіш қойылған.
* Бағалау
* Бала - мына жерде бір үлкен қапшық тұр. Оны кім әкелді? Көрелік.
* Мынау не қағаздар?
* Ұстап көрші?
* Мынау тапсырма ғой
Қапшықтағы қағаздарды алып, тапсырмаларды орындау
* Топпен жұмыс
І топ қиылған суреттерді құрастыру
ІІ топ қаламызда қандай ескетркіштер бар?
ІІІ топ мынау не? Ол неге жатады? (мұнай бағаналарының суреті)
* Тапсырмалар тексеріледі
* Жер қойнауындағы тастарды зерттеген адам кім?
* Қ.Сәтпаев

Жаңа сабақ Ә. Жапаров <<Қазына көтерген бала>> деп тақтаға жазу
Ә.Жапаров - ақын, жазушы. Оның бір ерекшелігі оның Қ. Сәтпаев жөніндегі осы <<Қазына көтерген бала>> атты шығарманы жазуы
Қ.Сәтпаев туралы видео-фильм
- Тізбектете оқыттыру
- Қаныш қандай сурет салған?
- Ол неге ынтық болған?
6) Ендеше қапшықты ашатын кез келді
(Тастарды қарап,аттарымен таныстыру )
-Қаныш осы тастарды зерттеген - геолог екен. Геолог - тау - тастарды зерттейтін ғалым.
7) Атырау қаласында Қ.Сәтпаев атындағы көше, даңғыл, ескерткіш, мектеп бар.
8) Фостермен жұмыс
-Көргенімізді, естігенімізді суретке салайық. Суреттер бағаланады.
9) <<Алақан тренингісі>>
а) Қызыл түс - қол алысу
ә) Сары түс - арқасынан қағу
б) жасыл түс - құшақтасу

10) Дәптермен жұмыс Қ. Сәтпаев кім?
- Қазақ ғалым академиясының тұңғыш президенті
- Геолог- ғалым
-Академик
- Ертіс-Қарағанды каналының аты Қ.Сәтпаев атымен аталады.
- Қ.Сәтпаев атын дағы даңғыл, көше, мектеп
- Қ. Сәтпаев атындағы ғаламшар бар
- 100 жылдыгына монета шыккан
- Жезқазған мыс Рудасын тапқан адам
-Ақсу,Атырау т.б. қалаларында ескерткіштері бар.

11) Әңгіме <<Қазына көтерген бала>> деп не себептен аталды?

12) Биыл 11 қараша 2014 жылы Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы шықты. Мақсаты: Дүниенін әр түпкірінде белең алған тұрақсыздық, әлемдік экономиканың өзгеруі Қазақстанда да болуы мүмкін. Алға қойған өзекті мәселелерді жедел орындау халыққа тапсырылды . Ұлттық қордан әр түрлі салаларға қаржы бөлінді. Мысалы білім саласына 70 млрд. ақша бөлінді. Ол жаңа мектеп , бала-бақша салу, үш кезеңде мектептерді үлкейту, жою, мүгедек балалар үшін арнайы мектептер салу.

13) Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан-теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа>> Н.Ә. Назарбаев

14) Ендеше елдің байлығы - ол біздің байлығымыз. Біз де Қаныш атамыз сияқты ерінбей еңбек ете білуіміз керек сонда ғана , еліміз көркейіп, өміріміз мәнді де, сәнді болады.

15) Бағалау
16) Үйге тапсырма

а) Ә.Жапаров туралы дерек жинау
ә) <<Қазына көтерген бала>> әңгімесін түсініп оқу
б) №3 сызбаны толтыру, дәлелдеу

Ұқсас жұмыстар
Өнегелілік туралы , Ерте есейген бала әңгімелерін мазмұндау
Ата сөзі санамда
Атам сөзі санамда, Жасы үлкенге жол берем
С. торайғыров туған еліме
Тақырып - Тапқыр достар
Бүршік. Б.Әдет Жетісу суреттері. І.Жансүгіров
Тіл - өнер сайысы
Өнер бекеті
Мәңгі өшпес жарық жұлдыз
Мен – тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!
Пәндер