Сабақ жоспары :: Технология
Файл қосу
Еденге паркет төсеу. 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Еденге паркеттің төсеу
Мақсаты: Оқушыларға едендік жабындар туралы түсінік бере отырып, онымен
жұмыс істеу жолдарын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың едендік жабындар туралы білімдерін, қызығушылығын,
еркін сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды жинақылыққа, шеберлікке, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа білім қалыптастыру.
Көрнекілігі: Линолеум,қыш тақташалар.
Сабақтың барысы:
* Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа білім қалыптастыру.
* Жаңа білім бекіту.
* Үйге тапсырма беру.
* Оқушыларды бағалау.
* Сабақты қорытындылау.
Жаңа сабаққа кіріспе.
Едендік жабындармен жұмыс істеудің негізгі функциялары:
* Паркетті едендерді жөндеу;
* Дара паркетті жөндеу;
* Линолеумді жөндеу;
* Қыш тақташаларды жөндеу;
* Ламинатты төсеу;
Еден күтімі
Паркетті едендерді жөндеу – жинақтық паркеттің шығып кеткен тақтайшаларын
төсеу кезінде қолданатын мастикамен желімдейді. Тақтайшаларды кірінен
тазалап, ескі желімді кетіреді. Тақтайша орнатылған негіздің желімін де
тазартады, желімді қайта жағады, орнына қойып, ауыр затпен бір тәулік
бастырып қояды.
Дара паркетті жөндеу – дара паркет тақтайшалары өзара ойықпен және тарақ
тістерімен біріктіріледі.Зақымданған тақтайшаларды көрші тақтайшалардың
тарақшаларымен бірге шауып алып тастайды. Жаңа тақтайшаның тарақтарын да
кесіп алып тастап, дайындалған орынға желімдейді.
Линолеумді жөндеу – жөндеу кезінде ескі линолеумді жаңасымен алмастыруға
тозған жерлерін жамауға болады. Егер линолеумді алу қиын болса, онда желім
жағылған жерлерін жібітіп алады, сонда линолеум оңай алынады.
Қыш тақташаларды жөндеу – қыш тақташалармен жабылған едендер жоғары
беріктігімен ерекшеленеді, сондықтан басқа едендерге қарағанда жөндеуді
сирек қажет етеді. Көбінесе мынадай зақымданулар кездеседі:
* Сына бастайды;
* Үнемі аяқпен басыла бергендіктен, беті сүріледі;
* Қыш тақташалардағы жарықшақтарды цемент қоспасымен толтырады;
Ламинатты төсеу. Ламинат – қалыңдығы 6 – 11мм, ұзындығы 1,5м және ені 20см
болып келетін табақ материал. Әрбір табақтың шеттерінде біріктіретін
құлыптар орналасады. Табақтардың бетіндегі үлдір қабат оларды күн сәулесі
мен ылғалдан қорғайды. Сурет салынып, түс берілген келесі қабаты – қағаз.
Ал, үшінші негізгі қабаты жоғары тығыздықтағы ағаш талшықты тақта. Соңғы
қабаты қорғаныш қызметін атқаратын әртүрлі шайырлар сіңірілген қағаз.
Төсеудің желімдік әдісінен кейін табақтарды қайта пайдалануға болмайды.
Бұған қоса желімдік ламинатты жылытылатын едендерге пайдаланылмайды.
|Еденді ламинат төсеуге дайындау |Ламинатты төсеу тәсілдері |
|Ламинатты сатып алғаннан кейін бөлме |Ламинатты төсеудің тікелей алдында |
|температурасында бірнеше күн ұстау керек.|бағытты таңдап алуы қажет. Егер терезелер|
|Төсеудің алдында бірінші кезекте еденнің |бөлменің бір жағында орналасса, онда |
|тегістігін тексеру қажет. Егер тегіс |ламинат күн сәулелері бағытын бойлай |
|еместік мөлшерден асып кетсе, онда тегіс |төселеді. Ламинатты желімдік және |
|емес жерлердің бәрін ажарлаушы машинамен |желімсіз тәсілмен біріктіреді. Ламинатты |
|теістеу керек. Ламинатты бетондық |төсеудің желімдік тәсілінің артықшылығы |
|жазықтыққа төсеу кезінде де тегістікті |табақтардың қосылған жерлері ылғалға |
|тексеру керек. |төзімді келеді. |
Еден күтімі.
Еденді күтуге арналған заттар қатарына мыналар жатады:
* Мастика
* Жалтырағыш эмульсия
* Еден тазартқыш
* Жуу – жалтырату
* Сырлау бұйымдары
Мастика – мастика жағылғаннан кейін еденді сүртіп, жылтырату керек. Мастика
кепкеннен кейін 20-30 минут өткен соң еденді еденсүрткішпен немесееденді
сүртіп жылтыратуға арналған қылшақпен сүрту керек. 1м2 еденге 10-15 грамм
мастика қажет.
Жалтырағыш эмульсия - жалтырағыш эмульсияны еденге жаққаннан кейін оны
жалтыратып сүртудің қажеті болмайды.Эмульсияны бірінші сулы шүберекпен
сүртіп, еденге жағу керек. Эмульсияның жылтырауын күшейту үшін оны еденге
арасына 30 минут салып, 2-3рет жағу керек.
Еден тазартқыш - арнаулы тазартқыштарды қолданбас бұрын ыдыстың ішіндегісін
шайқап араластыру керек. Содан кейін оны жылы сумен сұйылтып, эмульсияға
айналғанша араластырады.Дайын болған эмульсияны еденге жағып, оны 5 минут
өткен соңқатты қылшақпен немесе жөкемен сүртеді.
Жуу-жалтырату – еденді кірден тазартуға, сондай – ақ еденнің жылтырауын
қалпына келтіруге арналған арнаулы қоспалар бар. Бұларды мастика ретінде
кез – келген еденге пайдалануға болады. Ол кепкеннен кейінеден бетінде жұқа
қорғаныш қабат пайда болады.Бұл еденге жалтыраған өң береді. Еден мен
іргелік бастырғыдағы саңылауларды арнайы пастамен бітеуге болады.
Сырлау бұйымдары – еденсүрткішті паркет, линолеум төселген және сырланған
еденді механикалық түрде сүртуге пайдаланады. Электрлі еденсүрткіш еденді
электр қозғалтқыштың әсерінен айналатын қылшақпен сүртеді. Қазіргі кездегі
еденсүрткіштер құрылымында сүрткіш қылшақтан шыққан шаңды қоса, сорып алу
мүмкіншілігі де қарастырылған. Яғни еденсүрткіштер шаңсорғыштың да қызметін
атқарады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz