Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Білім беру ұйымдарында тәрбие жүйесін қалыптастырудың ерекшеліктері
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Набуова Роза Абдрахманқызы
Педагогика ғылымдарының кандидаты, Қызылорда облыстық
білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
және қайта
даярлау институты директорының орынбасары
Тәрбие күрделі, көп өлшемді, көп қырлы процесс. Тәрбие жұмысын
ұйымдастыруда сынып мұғалімі өзінің оқушыларының инициативасына сүйену,
барлық баланың деңгейін, қызығу бағыттарын, әрқайсысының дара дамуын, жеке
тұлғалық қалыптасу жолын және шығармашылықпен жаңа формамен түрлендіріп
өткізуі қажет десек. Өкінішке орай, білім беру ұйымдарының тәрбие
жұмыстарына талдау жасағанымызда, 4 сыныпта, 5-9 сыныпта, тіпті 11 сыныпта
да кәсіби бағдар бағытындағы өткізілетін тәрбиелік шаралар бір ғана «Кім
болам?» тақырыбында ұйымдастырылады.
Яғни, тәрбие саласында қалыптасқан саналы шаблондық тәсілдерді өзгерту,
өзгерту жолдарын анықтау қажеттігі туындайды.
Білім беру ұйымдарының басшылары әсіресе, тәрбие ісі жөніндегі
орынбасарлар тәрбиелік шараларды ұйымдастыру мен жоспарлауда тәрбие
принциптерінің жүйесін, яғни балалардың жас және дара ерекшеліктерін есепке
ала отырып, тәрбие процесінде мектеп, отбасы, жұртшылық әрекетінің бірлігін
қалыптастыру бағытында жұмыстарды жүйелендіруі қажет.
Ғалым В.А.Караковский: Тәрбиелік жүйе ұғымы педагогикалық әрекеттің
неғұрлым іргелі факторларының бірін: мектепті өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі
ұйымдастыруды, өзіндік қызмет ету және даму логикасы бар, әлеуметтік ағза
ретінде бейнелейді – деп анықтама берген.
Әрбір білім беру ұйымдарында мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
тәрбие жүйесінің негіздерін басшылыққа ала отырып, мектептің тәрбие
жүйесінің іс-әрекет картасы жасалып, әрбір тоқсан сайын талдау-мониторингі
жүргізілуі қажет.
Тәрбие жүйесінің көп қырлы бағыттарын басшылыққа ала отырып, тәрбие
саласымен айналыстын педагог мамандардың атқаратын міндеттері мен
қызметтері нақты айқындалуы керек.
Мектептегі трбие берудің стратегиялық жоспарын әзірлеу, мақсатын
анықтау, жұмысты жобалау және ұйымдастыру мектептің басқару жүйесіне енеді.
Басқару процессі басқарушы және басқарылатын жүйелердің өз ара
байланысын және ара қатынасын ескеріп, мектептің тәрбие саласына қатысты
барлық буындардың сынып жетекшілері мен ұжымның әр мүшесін қоса қамти
отырып жүзеге асырады.
Ұйымдастыру, әкімшілік қызметін тиімді басқару мақсатында, тәрбие
тұжырымдамасына сай мектептің тәрбие жұмысы саласының құрылымы және жүйесі
айқындалып, әзірленуі қажет.
Мектептегі тәрбие жүйесін басқарудың тиімділігін бағалауды және
талдауды мектеп қызметінің барлық бағытын үйлестіретін мектептің тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары мониторинг, бағалау және бақылау арқылы жүзеге
асырады.
Мектептердің тәрбие жүйесінің миссиясын жүзеге асыруға бағытталған және
төмендегі бағыттары басшылыққа алынуы қажет:
- Әлемдік деңгейде жиналған озық тәжірибеге негізделген қазақстандық
және халықаралық құжаттамалардың деректер базасы;
- Мектептегі тәрбие жүйесінің нақты айқындалуы;
- Тәрбие тұжырымдамасына көзделген, оқушының жеке тұлғалық ерекшелігін
қалыптастыру;
- Оқушының өзіндік және ғылыми-тәжірибелік қызметі;
- Шынайы мамандық таңдау және кәсіптік бағдар қызметі.
Мектептің тәрбие жүйесінің 6 блок-схемадан құрылған үлгісі төмендегі
кестеде көрсетілген.
Мектептің жалпы тәрбие жүйесі
Мектептегі тәрбие жүйесінің негізгі 6 бағытын, яғни блок-сызбасын
нақтыласақ:
1. Тәрбие жүйесін үйлестіруші басқару құрылымы:
Педагогикалық кеңес - сынып жетекшілерінің әдіс бірлестіктері
(бастауыш, орта, жоғары сынып жетекшілері) - сынып жетекшілер зертханасы- 1-
Блок сызбасы.
Педагогикалық кеңесте тәрбие саласына қатысты мәселенің қаралуы, әрбір
буындағы оқушылардың дара, жеке ерекшеліктерін ескеру, тәрбие саласына
қатысты өзекті мәселелердің сынып жетекшілерінің әдіс бірлестілігінде
талқыланып, тиімді шешмдерін қабылдау т.с.с., яғни тәрбие жүйесін басқару
құрылымының жалпы мектептік жүйесін қалыптастыру. Сынып жетекшілер
қызметіің ғылыми-әдістемлік жағынан қамтамасыз етілуі де аса маңызды
мәселе.
2. Тәрбие саласымен айналысатын педагог-мамандар арасындағы
үйлесімділікті қалыптастыру;
Сынып жетекшілер – педагог-психолог – тәлімгер - әлеуметтік педагог –
мектеп аяжаны – асхана меңгерушісі – мектеп инспекторы – алғашқы әскери
дайындық пәнінің мұғалімі – дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі – кітапханашы. 2-
Блок сызбасы.
Білім беру ұйымдарында тәрбие сласымен айналысатын мамандар арасында
үйлесімділік қалыптаспай жататын фактілер жиі кездеседі. Айталық, тәлімгер
11 қыркүйек күні 8 сыныптар арасында тәрбиелік шараны ұйымдастырады, ал, 8
сыныптың жетекшілерінің жұмыс жоспарында жұмыстың бұл бағыты қамтылмаған.
Сондықтан мектептегі тәрбие саласымен айналысатын тәрбие мамандарының
арасында үйлесімділік болуы керек.
Жоғарыдағы көрсетілген блок-сызбадағы үйлесімдлік тұрғысында тәрбие
жұмысының мазмұны, бағыттары айқындалуы шарт.
3. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс бағыты;
Жалпы мектептік ата-аналар комитеті- сыныптар бойынша ата-аналар
комитеттері- «Әкелер», «Аналар» мектебі», «Ата-аналар университеті»- 3-Блок
сызасы:
4. Мектептегі қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер үйлесімділігі;
Мектепте әрбір буынға жас ерекшелегіне сай айқындалған қоғамдық ұйымдар
мен бірлестіктердің: бастауыш буында (1-4 сыныптарда) “Балдырған”
бірлестігі, “Сәбира” қыздар клубы, «Жас ұрпақ» бірлестігінің «Балдәурен»
бағыты.
Орта буын (5-9 сыныптарда) “Жас ұрпақ” бірлестігі, “Сана” психологиялық
орталығы, «Қайрат» қайырымдылық тобы;
Жоғарғы буын (10-11 сыныптарда) “Ғасыр дауысы” жастар клубы, “Ақжүніс”
қыздар клубы, «Барыс» ер балалар тобы, «Жас ұрпақ» бірлестігінің «Мұрагер»
бағыты- 4-Блок сызбасын:
[pic]
5. Ынтымақтастықта жұмыс жасайтын мекемелермен үйлесімділік;
Аудандық, қалалық әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың iсi және
олардың құқықтарын қорғау жөнiндегі комиссиялар, кәмелетке жасы толмағандар
ісі жөніндегі инспекция, балалар құқығын қорғау жөніндегі департамент,
педагогикалық-психологиялық кабинет, жол полициясы, наркологиялық,
салауатты өмір салтын сақтау орталықтары, бұқаралық ақпарат құралдары-
5-Блок сызбасын:
6. Сыртқы ықпал ететін ортамен байланыс сабақтастығы;
Мектептен тыс қоғамдық орындар, мекемелер (оқушылар үйі, әуез, өнер
мектептері, спорт мектебі, мәдениет үйі, орталық кітапхана және түрлі
мекемелер) - 6-Блок сызбасын:
Мектептің аталған тәрбие жүйесі - оқушыларға ұйымдастырушылық және
шығармашылық қабілеттерін толық ашуға, оны жүзеге асыруына, мектеп пен
қоғам мәселелерін шешуде өздерінің маңыздылығы мен қатыстылығын сезінуге
мүмкіндігін қалыптастыру және ұйымдастырылған тәрбиелік шараларға талдау
мониторинг жасауға ықпалы, тиімділігі зор.
Әрбір білім беру ұйымдары стратегиялық тәрбие жоспарын әзірлеу алдында
жоғарыдағы көрсетілген блок-сызбаларды пайдалана отырып, білім беру
ұйымдарының өзіндік ерекшелігі есепке алып, тәрбие жүйесін шығаруы қажет.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы;
2. Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие
тұжырымдамасы, Астана - Білім және министрлігінің №521 бұйрығы, 2009
жылғы 16 қараша.
3. Мемлекет басшысының 1997 жылғы 11 қазандағы «Қазақстан-2030» Қазақстан
халқына Жолдауы, барлық қазақстандықтардың көркеюі, қауіпсіздігі және
тұрмысын жақсарту;
4. Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы 10 наурыздағы №4-06-3/624
санды «Адами құндылықтар және оның адам өміріндегі рөлі» лекция жобасы
5. Қазақстан Республикасында жаңа формация педагогының үздіксіз
педагогикалық білім концепциясы (жоба) //12 жылдық білім. 2006. № 12,
18-23б.
6. С.Ш.Әбенбаев Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Алматы., 2004. 154б.
7. В.А.Сухомлинский Методика воспитания коллектива. М., 1981. 323с.
8. Н.И.Болдырев Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. Алматы: Мектеп,
1980. 223б.
9. В.С.Караковский Воспитательная система школы: педагогические идеи опыт
формирования. М., 1992. 217с.
10. Шер.Р.П., Қожахметова К.Ж. Тәрбие үрдісі мен оқушылардың
тәрбиелік деңгейін бағалаудың өлшемдері. Алматы, 2006. Б. 5-8, 49-54.
Түйіндеме
Мақала авторы сынып жетекшілерінің біліктілігін арттыруда тәрбие
технологиясын пайдалану, тәрбие жүйесін қалыптастыру жолдарын
қарастырады.
-----------------------
Педагог мамандар арасындағы үйлесімділік жүйесі
2-БЛОК-СЫЗБА
Қоғамдық ұйым, бірлестіктер жүйесі
4-БЛОК-СЫЗБА
Сыртқы ықпал ететін ортамен байланыс
6-БЛОК-СЫЗБА
Ынтымақтастықта жұмыс жасайтын мекемелер
5-БЛОК-СЫЗБА
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар
3-БЛОК-СЫЗБА
Тәрбие жүйесін үйлестіруші басқару құрылымы
1-БЛОК-СЫЗБА
МЕКТЕПТІҢ ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІ
Педагогикалық кеңес
сынып жетекшілерінің әдіс бірлестіктері (бастауыш, орта, жоғары сынып
жетекшілері)
сынып жетекшілер зертханасы
Сынып жетекшілер
Асхана меңгерушісі
Мектеп
аяжаны
Педагог-психолог
Тәлімгер
Дене тәрбиесі мұғалімі
Мектеп инспекторы
Әлеуметтік педагог
ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАР
АӘД пәні мұғалімі
Жалпы мектептік
ата-аналар комитеті
Сыныптар бойынша
ата-аналар комитеттері
«Аналар» мектебі тоқсанына бір рет бас қосу
«Ата-аналар университеті»
«Әкелер» мектебі тоқсанына бір рет бас қосу
Ынтымақтастықта жұмыс жасайтын мекемелер
Аудандық, қалалық әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың
құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия
Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекция
Жол полициясы
Педагогикалық - психологиялық кабинет
Наркологиялық орталық, нарко бекет
Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы
Балалардың құқығын қорғау департаменті
Бұқаралық ақпарат құралдары
Оқушылар үйі, үйірмелер саны
Әуез, өнер мектептері
Спорт мектебі
Мәдениет үйі
Орталық кітапхана
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz