Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

Айнымалы ұғымы . негізгі сипаттамалары: аты,типі,мәні



Сабақ тақырыбы: Айнымалы ұғымы . Негізгі сипаттамалары: аты,типі,мәні.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды берілгендер типі және айнымалылар ұғымымен
таныстыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың компьютерде дұрыс жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың алгоритмдеу тәсілдері мен әдістерін қолдану
қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Практикум элементі бар, көрсете түсіндіру сабағы.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру. Оқушылардың жаңа сабаққа дайындығын
қадағалап өту.
II. Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1. Алгоритм деп? / берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі
түріне келтіруді айтамыз /
2. Алгоритмнің қасиеттері? / айқын, дәл өрнектелу қасиеті, дискреттік
(үзіктілік) қасиеті, нәтижелілік қасиеті, жалпылық немесе ортақтық
қасиеті./
3. Алгоритмді жазу тәсілдері? / Табиғи тілде, қарапайым алгоритмдік тілдер
қолдану, Блок-схема түрінде, Программалау тілінде жазу./
4. Атқарушы командалар жүйесі дегеніміз? / Атқарушы орындай алатын
командалардың жиынын./
5. Алгоритм атқарушысы бұл? / алдын-ала қойылған әрекеттерді орындап,
нәтижеге жететін адам, компьютер немесе техника болуы мүмкін./
Ш. Жаңа сабақты түсіндіру.
Тіл деп – информацияны символдық жүйеде ұсынуды айтады. Кез келген
программалау тілдің өінің символдық жүйесі, алфавиті болады. Алфавит ол –
тәртібі анықталған, шектеулі белгілерден, әріптерден, арнайы символдардан
тұратын жиын. Стандартты Паскаль тілінің алфавитіне мына символдар жатады:
1) латын алфавитінің 26 бас және кіші әрптері;
2) араб цифрлары: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9
3) арнайы символдар: + – * / ; , : . < > = ‘’ ( ) [ ] { } $ _ # ^ @
Сонымен қатар Паскаль тілінде арнайы символдардың
комбинацияларынан құрылған мына символдар да қолданылады:
: = меншіктеу <= кіші немесе тең
<> тең емес >= үлкен немесе тең
.. мәндердің диапазоны (..) альтернативасы []
(* *) альтернативасы {}
Паскальдағы сөздер. Паскаль тілінде қолданылатын сөздер жиынын үш
топқа бөлуге
болады: резервтелген сөздер, стандартты атаулар (идентификаторлар),
пайдаланушының атулары. Резервтелген деп – бір арнайы мәні бар, жазу
үлгісі бекітілген сөздерді айтады.
Мысалы: Program – программаның басы, Procedure– процедураның басы, Function
–функцияның басы, Begin – бастау, End-бітіру, Var – айнымалылар, Const –
тұрақты т.б.
Идентификатор. Программаны, айнымалыларды, тұрақтыларды, әр түрлі
процедураларды және функцияларды т.б. объектілерді белгілеу үшін
идентификаторлар (атаулар) қолданылады. Идентификаторлар (атау)
тұрақтыларды, айнымалыларды, олардың түрлерiн, функцияларды,
бағдарламаларды т.б. обьектiлердi белгiлеу үшiн қолданылады. Бұл сөз
латынның identifico – ұқсатамын сөзінен шыққан. Идентификатор кез-келген
ұзындықта бола алады, ал оның негізгі мәні ретінде алғашқы 63 символ
алынады.
Тілдің деректер типтерін, тұрақтыларын, процедураларын және функцияларын
белгілеуге стандартты атаулар қолданылады. Мысалы: integer, Sin, Cos, Ln,
Sqr, Sqrt, Read, Readln, Write, Writeln.
Тұрақтылар және айнымалылар. Паскаль тілінің негізгі берілім
элементтеріне тұрақтылар және айнымалылар жатады. Тұрақтылар – программа
орындау процессінде өзінің мәнін өзгертпейді. Сандық тұрақты – программада
тікелей сан түрінде жазылады: 4, -59, 3.14, 0.625.
Символдық тұрақты – апострофтың ішіне алынған символдар тізбегі:‘S=’,
‘3.14’, ‘Summa’, ‘введи два числа’
Айнымалылар – программа орындалу процессінде мәні өзгеріп отыратын
шама немесе жады ұяшығы.
Берілім типтері. Паскаль тілінің ерекшелігі, әр түрлі типті
берілімдерді қолдану мүмкіндігі мол. Берілім типтері (data type) –
амалдардың белгіленген мүмкіншілік жинақтарымен біріккен шамалар жиыны.
Мәлiмет типтерi қарапайым скалярлық және құрылымды структуралық шамалар
болып екiге бөлiнедi.

Қарапайым типтер реттелген және нақты болып екiге бөлiнедi. Реттелген
тип – мәндер аймағы реттелген санылымды жиынды айтады. Бұған төмендегі
типтер жатады: Integer (бүтін) - бүтін сандар жиынын белгілеуге арналған.
Бүтiн оң және терiс сандардың жазылуы да қарапайым: 6, -40, 1999, 0, т.с.с.
Бүтiн сандар –32768-бен +32767 аралығында ғана және жадыда алатын көлемі 2
байт бола алады.
Char (символ) – символдар жиыны құрайды. Char типтегi шамаларды
арифметикалық өрнектерде қолдануға болмайды. Символдық типтің константасы
апострофқа алынған рұқсат етілген символ болып табылады. Жадыда алатын
көлемі 1 символ - 1 байт. Мысалы: ‘7’, ‘+’, ‘F’, ‘’’’, ‘j’, ‘?’.
Boolean – бульдік немесе логикалық тип. Бұл типтегi шама екi мәннiң
бiреуiн ғана қабылдай алады: TRUE (ақиқат) немесе FALSE (жалған). Логикалық
амалдың келесі түрлері бар: NOT (логикалық “емес”), AND (логикалық “және”),
OR (логикалық “немесе”), Xor (ерекше логикалық “немесе”) . Бульдік типті
мәндерді салыстыру операциялары орындалуы мүмкін, мұнда false < true
(жалған < ақиқат) деп есептеледі.Бульдік типті мәндер жадының 1 байт
көлемін алады. Бұл амалдардың мәндерi төмендегi қатынастар бойынша
анықталады.
Саналатын тип – ол қабылдай алатын мәндерді санап шығумен беріледі.
Әрбір мән кейбір идентификатормен аталады, мысалы: Type colors = (red,
white, blue, black);
Тип-диапазон – кез келген реттелген тип ретінде өзінің базалық
типтегі ішкі жиыны.
<минималды мән>..<максималды мән> Тип-диапазонды анықтау үшін келесі
ережелерге сүйену керек: - ".." бір символ ретінде қарастырылады, сондықтан
екі нүкте арасына пробел қойылмайды; - сол жақ шекара оң жақ шекарадан
аспауы керек. Мысалы: Type month = 1..12;
lat = ’a’..’z’;
Real - нақты шамалармен есептеулерді қажет дәлдікпен жүргізу үшін
пайдаланамыз. Нақты тип кәдiмгi табиғи аралас сандар тәрiздi санның бүтiнi
мен бөлшегi нүкте арқылы ажырытылып жазылады. Жадыда алатын көлемі 6 байт
Мысалы: 3.023, -1.264, 5.0, -23.94 Ал өте үлкен немесе кiшi нақты сандар
көрсеткiшi бар экспоненциал сандар түрiнде жазылады: Мысалы: -2.65Е-06,
3.9Е+04, .61Е-02. Мұндағы Е әрпi “10-ның дәрежесi” деген мағынаны
бiлдiредi. Санның бүтiн бөлiгi нөлге тең болса, ол жазылмайды, ал санның
таңбасы оң болса, + белгiсi қойылмайды. Нақты сандар 2.9Е-39-ден 1.7Е+38-ге
дейiнгi аралықта бола алады. Мәндерi бұл аралықтан шығатын сандар үшiн
арнайы тәсiлдер қолданылады.

|Тип |Диапазон |Жадыда алатын көлем |
|Integer (Бүтін) |-32 768..+32 767 |2 байт |
|Real (Нақты) |2.9Е-39..1.7Е+38 |6 байт |

STRING жолдық тип, 0... 255 символ
Логикалық тип: 1 байт BOOLEAN (False, True) AND, OR, XOR Стандартты атаулар
өзгертілмейді.

IV. Жаңа тақырыпты бекіту:
1. Паскаль тілінің алфавитіне не жатады?
2. Идентификатор дегеніміз не?
3. Идентификаторды орыс әріптерімен жазуға бола ма?
4. Мәліметтердің қандай типтері бар және айырмашылығы неде?
5. Паскаль тілінде қандай математикалық функциялар қолданылады? Олардың
атап шығыңыз?
6. Паскаль тілінде санның бүтін бөлігін және қалдығын бөліп алу үшін,
қандай резервтелген сөздер қолданылады?

V. Үйге тапсырма. Өтілген жаңа тақырып бойынша оқып келу.

 
Сабақтың тақырыбы: Алгоритм ұғымы. Алгоритмнiң қасиеттерi. Алгоритмдi
бейнелеу тәсiлдерi. Блок-схема.
Мақсат:
Оқушылардың алгоритм ұғымы, оның қасиеттері және бейнелеу тәсілдері туралы
білімдерін қалыптастыру. Блок-схема құруды үйрету.
 Білімділік:
Оқушылардың алгоритм, алгоритм қасиеттері және блок-схема ұғымдары туралы
білімдерін 
қалыптастыру. 
 Дамытушылық: Оқушылардың алгоритмдеу тәсілдері мен әдістерін мегеруін
дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан-жақты
тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ.
 Сабақ типі: жаңа сабақ игеру.
 Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап.
 Құрал-жабдықтар: компьютер - 13, жұмыс дәптері, ActiveStudio бағдарламасы,
ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пәнаралық байланыс: математика.
Сабақ барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
       а) оқушылар тізімі;
       ә) кабинет жағдайы;
       б) сабақ барысымен таныстыру.
2) Жаңа тақырыпқа кіріспе.(3-5 мин)
3) Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Информатика ғылымында «алгоритм» түсінігі ақпарат түсінігі сияқты негізгі
ұғымдардың бірі болып табылады.  
«Алгоритм» сөзі атақты араб математигі Әбу Жафар Мухаммед ибн Мұса әл-
Хорезми (763—850 жж.) есімінің латындық транскрипциясы болып табылады. Ол
санаудың ондық санау жүйесінде көпорынды сандар мен арифметикалық
амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні
табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже
осы күнге дейін қолданылып келеді. 
       Алгоритм  деп берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар
тізбегі түріне келтіруді айтамыз. Кез келген есептің шешу кезеңін қарапайым
амалдар тізбегіне бөлектеуге болады. Алгоритмді компьютерде орындау үшін
оны программа түрінде жазып шығу керек. 
       Программа деп машина тілі түсінетіндей, инструкциялар тізбегі
түрінде жазылған алгоритмді айтамыз. Программа командалар тізбегінен
тұрады. Командалар тізбегі орындалған кезде есептің нәтижесі шығады. Әрбір
компьютер алдын-ала құрылған программа бойынша жұмыс жасайды.      
Алгоритм ұғымын толығымен түсіну үшін оның қасиеттерін білу қажет. Және де
компьютерде орындалатын алгоритмге қойылатын талаптарды білу керек:
• алгоритм нақты және анық берілуі қажет;

• модульдік қасиетке ие болуы керек (яғни, алгоритмді қарапайым кіші
бөліктерге бөлу мүмкіндігі болу керек);

• белгілі бір уақыт аралығында бір нәтижеге келу, яғни, алгоритм
қадамдарының саны шексіз болмауы керек;

• бір тектес есептерге жалпы бір ғана алгоритмді қолдану.
Сергіту жаттығулары (2 мин)

1. Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті. Алгоритмде көрсетілген
барлық әрекеттер анық, нақты және белгілі болу керек. Онда көрсетілген
қадамдар ғана орындалуы керек.

2. Алгоритмнің дискреттік (үзіктілік) қасиеті. Үлкен алгоритмді кіші
модульдерге бөлу мүмкіндігі болу керек. Бұл қасиет бойынша алгоритмді
кіші бөліктерге бөліп, аралық нәтижені бақылауға мүмкіндік алуға
болады. Алгоритмді 2-3 бөлікке бөліп, оның әрқайсына бөлек алгоритм
құруға болады.

3. Алгоритмнің нәтижелілік қасиеті. Кез келген алгоритм белгілі бір
нәтижеге әкелуі қажет. Белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір қадам
орындалған соң біз бір нәтиже алуымыз керек.

4. Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті. Алгоритм тек бір ғана
есепке емес, бір типті есептерге жалпы болуы керек. Мұндай қасиет
жалпылық қасиет деп аталады. Мысалы, квадрат теңдеудің түбірлерін
табатын алгоритм тек қана бір есепке емес, барлық квадрат теңдеу
есептеріне арналған болуы керек

Алгоритмді жазу тәсілдері.
Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны белгілі бір заңдылықтарға сәйкес
өңдеу керек. Алгоритмді жазудың бірнеше тәсілдері бар:

1. Табиғи тілде
2. Арнайы түйінді сөздер – терминдер, псевдокодтар арқылы жазу. Яғни,
қарапайым алгоритмдік тілдер қолдану.
3. Блок-схема түрінде графикалық кескіндеу.
4. Программалау тілінде жазу.
       Осының ішінде алгоритмді блок-схема түрінде жазу және одан
кейін оны программалау тіліне аудару кеңінен қолданылады. 
       Алгоритмді графикалық кескін түрінде жазу – кеңінен
қолданылатын тәсіл. Алгоритм схемасын блок-схема деп атайды.

 
|Атауы |
|Блок-схема түрі |
|Негізгі әрекеттері |
| |
|Процесс |
|[pic] |
|Математикалық өрнектерді есептеу |
| |
|Таңдау |
|[pic] |
|Шартқа сәйкес есептеу жолын таңдау |
| |
|Модификация |
|[pic] |
|Циклдің басы (қайталау) |
| |
|Енгізу және шығару |
|[pic] |
|Берілгендерді енгізу және шығару |
| |
|Басы, соңы |
|[pic] |
|Алгоритмнің басы және соңы |
| |
|Қосалқы программа |
|[pic] |
|Қосалқы программа шақыру |
| |

 

4) Жаңа тақырыпты бекіту (20-25 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
       1. Алгоритм қасиеттері?
       2. Алгоритмнің формальды орындалуы дегеніміз не?
       3. Алгоритмді жазу тәсілдері?
       4. Блок-схема дегеніміз не?
       5. Қандай блок-схема түрлерін білесіңдер?
       6. Блок-схема құру үшін қандай ережелерді білесің
Тапсырма . Жұмыс дәптеріңе орында. 
x – тің кез келген мәні үшін у = (ах3 + b) / (cx3 – d) функциясының блок
–схемасын құр.

5). Сабақты қорытындылау және бағалау
Оқушыларға алгоритм ұғымы және оның қасиеттері туралы мағлұмат беру.
Алгоритмге блок-схема құруды үйрету.

6). Үйге тапсырма § 1.1, 1.3, 1.4, 1,5, бет. 4-16 
Алгоритм, программа ұғымдары. Алгоритм қасиеттері. Алгоритм жазу тәсілдері.

Алгоритм график түрінде кескінделуі. 
 

 


Ұқсас жұмыстар
Шығару операторы
Массивтер
Функция ұғымы. Функцияның берілу тәсілдері
Датчиктердің сипаттамалары
Айнымалы ток жөнінде ұғыт
Санның квадраты
Функцияның берілу тәсілдері
Алгоритм түсiнiгi. Алгоритмнiң қасиеттерi. Алгоритмдi бейнелеу тәсiлдерi. Блок-схема
Сызықтық алгоритмдерге программа құру
Программаны компиляциялау
Пәндер