Сабақ жоспары :: Тарих
Файл қосу
Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар мен мемлекеттер
Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар мен мемлекеттер
ШҚО, Аягөз ауданы, С. Ғаббасов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің
тарих
пәні мұғалімі
Тулеуов Талғар Халықбергенұлы
Сабақтың түрі: Қайталау - қорытындылау ойын сабағы.
Сабақтың мақсаты: Қазақстан аумағында өмір сүрген тайпалардың шығу
тарихын, қоғамдық құрылыстарын,
шаруашылықтарын,
ескерткіштерін қорытындылап
қайталау
Дамытушылық мақсаты: Тарихи оқиғаларды қорытындылап, қосымша
деректерді пайдалана отырып,
оқушылардың ой-
өрістерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды отаншылдыққа, туған жерін,елін сүюге,
Оның тарихына құрметпен
қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, сақ,
ғұн,сармат,қаңлы,үйсін тайпалары
туралы түрлі – түсті
суреттер, термин сөздер жазылған
плакаттар.
Сабақтың әдіс-тәсілі: «Кім? Қашан? Қайда? » ойыны.
Сынып екі топқа бөлінеді.Әр топтың аты (тарихи атауы) алдын-ала
жасалынады.Әрбір топ айнала отыратын үстелге Қазақстан Республикасының
жалауларын қоямыз (бұл оқушылардың сұраққа жауап беру кезінде көтеру үшін
қажет ) Ойын V бөліктен тұрады.
І бөлім «Таныстыру »
І бөлімнің шарты бойынша топ атымен таныстыру.Әрбір топ өз аттары
жазылған тақтайшаны қарсы топқа береді. Ал олар тақтайшадағы топтың
атауының шығу тарихын айтуы тиіс. Таба алмаған жағдайда топ жетекшісі
түсіндіреді.
І топ «Яксарат»
ІІ топ «Хорезм»
Жауабы: «Яксарат» --Сырдария өзенінің байырғы атауы. Өуел баста
Яксарат деп
Сырдарияның қазіргі Ленинабад пен Ташкент аралығындағы орта ағысы атадса,
Кейіннен ол өзеннің түгелдей атауына айналды. Птоломей, т.б. авторлар
Яксарат атауы
бұл аймақты мекен еткен сақтардың яксарат тайпасына байланысты шығуы мүмкін
деп жорамалдайды.
«Хорезм» атауы б.з.б. 2мың жылдықтан бұрын пайда болған. Біздің
дәуіріміздің ІV
ғасырында Хорезм мемлекет орталығына айналып, Арал теңізінің атауы осы
кезден
бастап аталған деген жорамал бар.
ІІ бөлім. «Сұрақ-жауап.»
Ойынның ІІ-ші бөлімінің шарты—сұрақ-жауап. Әр сұраққа топтың
бір
мүшесі өз жауаптарын берулері керек.
1-ші сұрақ. Грек авторы Ктесий сақ әйелдерін қалай
баяндаған?
Жауап: «Сақ әйелдері ер жүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде
ерлеріне
көмек көрсетіп ұрысқа араласады»,---деген Ктесий.
2-ші сұрақ. Қаңлылар қандай елдермен сауда жасаған?
Жауап: Қара теңіз жағалауындағы елдермен, Сирия, Индия, Балтық
теңізі
бойындағы елдермен, Иранмен.
3- сұрақ Аңдық стиль өнері қалай пайда болды?
Жауап: Б.з.б. VІІ ғасырдың басында далалы аймақтар өңірінде аңдарды
бейнелеу
пайда болды. «Аң стилі» өнері дәстүрімен сақтар алдыңғы Азия мен Иранға
жасаған
жорықтарында танысты. Осы жерлерден сақтарға «өмір ағашы» дейтін арыстан
бей-
несі тарады. Бұл ұғым жергілікті жануарлар мен аң-құстардың, жылқы, қой,
түйе,
бұғы,ақбөкен,барыс,жолбарыс, бүркіт, қасқыр, қоян бейнелеріне ауысты.
4-сұрақ. Ғұндардың атақты патшасы Атилланың әлемдік
тарихта
Алатын орны жайлы айтып беріңдер.
Жауап: Көптеген халықтардың жадында ұлы ғұндардың бейнесі
сақталып
қалған. Атилла патша туралы еңбектер VІ ғасырдан бастап әлі күнге дейін
жазылып келеді. Неміс, француз және италиян тілінде бірнеше туындылар
шықты. Италияның тақты композиторы Джузеппе Верди «Атилла» операсын жазды.
«Атилла» бейнесі
біздің халықтың есінде де сақталған. Халық оны «Еділ» деп атайды. Волга
өзені қазақша
«Еділ» деп аталады.
5-сұрақ. Үйсіндер туралы деректер қай ғасырда, кімдердің
жазбаларында
кптеп кездеседі? Және мекендеген жерлерін ата.
Жауап: Үйсін атауы қытай жазбаларында, б.з.б. ІІ ғасырдың
басында кездеседі.
Олар «атжақты, аққұбаша, сары шашты» болып бейнеленеді.Үйсіндердің шығыс
шегі бір кездерде Қытайдың солтүстік-батысындағы Бесбалақ ауданы арқылы,
батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өткен. Қаратаудың шығыс
беткейлеріне дейін созылып жатса керек. Олардың ордасы Қызыл Аңғар қаласы,
Ыстық көл маңы.
6-сұрақ, Сармат тайпаларының орналасуы туралы не
айтасыңдар.
Жауап: «Сармат» деген жұрттың аты. Көне дәуір авторларының
еңбектерінде
б.з.б.ІІІ ғасырдың басында «Савроматтар» деп атаған. Сарматтардың
ескерткіштері біздің
жерімізде Батыс Қазақстан аймағында кездеседі. Оның көпшілігі Жайық, Елек,
Жем өзендерінің бойында.
ІІІ бөлім. «Әңгіме құрастыру».
Ойынның ІІІ бөлімінің шарты--әңгіме құратыру. Балалар
тарихта болған тұлғаларды қатыстырып,өтірік-шыны аралас әңгіме құрастырады.
Қарсы топ оқиғадағы кейіпкерлердің қай кезде болғанынының шындыққа жақын
детальдарын айтуы тиіс.
«Яксарат» тобының әңгімесі:
1955 жылы Жетісу жеріндегі Есік қорғанын археолог
Ә.Марғұлан «Алтын
киімді адам» мүрдесін тапқан. Зерттеушілердің пікірі бойынша, ол б.з.б. V-
ІV ғасырларға
жатады. Жасы 8-10-да, бойы—165см,болса керек. Алтын киім 8 мыңға жуық
әшекеймен
безендірілген екен.
Дұрыс жауап: 1969 жыл, Қ. Ақышев, 17-18-де, 4 мыңға жуық.
«Хорезм» тобының әңгімесі:
Ғұн мемлекетінің өрлеуі б.з.б. ІV ғасырда өмір сүрген
Тұман Шаньюмен байланысты. Ғұндар мен Қытайдың Хань әулеті арасындағы соғыс
б.з.б. 288 жылы
Хань әулетінің жеңілісімен аяқталды. Қытай императоры ғұндарға жыл сайын
алым-салық төлеуге мәжбүр болды.
Дұрыс жауап: Б.з.б. ІІІ ғасырда, Мөде шаньюймен
байланысты, соғыс
Б.з.б. 188 жылы болған.
ІV бөлім. «Кім тапқыр?»
Ойынның төртінші бөлімінің шарты—1,5 минут уақыт ішінде
неще сұраққа
толық жауап беретінін байқау.
І топтың сұрағы:
1. Сақ өнері стилі қалай аталады? (аң стилі)
2. Үйсіндер туралы жазып кеткен ежелгі тарихшы. (Сына-
Цань)
3. Ғұн әскерінің негізгі құрамы. (атты әскер)
4. Сарматтар шаруашылығының негізгі саласы. (көшпелі мал
шаруашылығы,
егіншілік)
5. Үйсіндер басшысы қалай аталған? (Гуньмо)
6. Сақ қоғамында кімдер ақ түсті киімдер киген? (абыздар)
7. Қаңлылардың астанасы қай қала болған? (Битянь)
8. Ғұн мемлекеті б.з.б. қай жылы оңтүстік және солтүстік
ғұндар болып
екіге бөлінді? (б.з.б. 55 жылы)
9. Коталауи шайқасы қай жылы болды? (451 жылы Еділ
Жауынгерлері
Гллиядағы Котлауи даласында римдіктер мен франктермен
шайқасты)
10. Сарматтар еліміздің қай аумағын мекендеген? (батыс,
б.з.б. VІІІ ғасыр
мен б.з. V ғ.ғ.)
11. Ғұндар негізінде қандай үйлерде тұрды? (киіз үйде)
12. Қаңлылар неге табынған? (күнге, айға, жұлдызға)
13. Бай үйсіндердің қанша жылқысы болған? (4-5мың)
14. Сақтардың парсы патшасы Кирге қарсы күресін кім
басқарды? (Томирис)
15. Ежелгі грек авторлары сақтарды қалай атаған? (Азиялық
скифтер)
ІІ топтың сұрағы:
1. Өз еңбегінде сақтар туралы кім айтып кетті? (Геродот)
2. Үйсіндер қай аумақта қоныстанды? (сақтардан соң Жетісу жерін)
3. Қаңлылар астығын қайда сақтаған? (қыш көзелер мен ыдыстарда)
4. Ғұндардың Еуропаға жорығын кім басқарды? (Еділ патшасы)
5. Сарматтар қай тілде сөйлеген? (скиф)
6. «Шошақ бөрікті» сақтар қалай аталған? (Тигрохауда)
7. Ғұндар ыдыс-аяқты жасауға қандай материалдар пайдаланған?
(ағаштан, қыштан, теріден)
8. Қаңлылар шаруашылықтың қосымша қай түрімен айналысқан?
(металл өндірісі)
9. Үйсіндердің астанасы? ( Қызыл Аңғар)
10. Ғұндарда бұйымдардың бетіне алтын түйіршіктерді дәнекерлеу
әдісі
қалай аталған? (зерлеу)
11. А.Македонский сақтарға қашан жорық жасады? (б.з.б. ІV ғасырда)
12. Үйсін тайпалары үйлерін неден тұрғызған? (шикі кірпіш пен тақта
тастан)
13. Хаома сусынын дайындайтын сақтарды қалай атаған? (Хаумаварга)
14. Ғұн билеушісі қалай аталады? (Шаньюй)
15. Сақ қоғамы неше топтан тұрады? (Үш: жауынгерлер, абыздар,
малшылар)
V бөлім. «Тарихи терминдер»
Ойынның V-ші бөлімінің шарты—тарихи терминдер конкурсы, 2 минут
ішінде термин мағынасын түсіндіру қажет.
БАТЫР- жеке ерлігімен ерекше көзге түскен ер жүрек, қаһарман
адамдарға
берілетін құрметті атақ.
КЕРЕГЕ- киіз үй сүйегінің шеңберлі төменгі қабырғасы.
ТЕКЕМЕТ- бетіне түрлі-түсті ою-өрнек басылған киіз төсеніш.
КЕБЕЖЕ- азық- түлік сақтауға арналған үлкен сандық.
АРХЕОЛОГИЯ- адамзаттың өткен тарихын заттай деректер арқылы
зерттейтін
ғылым.
ҚАЛҚАН- арнайы металл мен қалың теріден жасалатын қорғаныш құралы,
батырлырдың бес қаруының бірі.
ШАҢЫРАҚ- киіз үй сүйегінің негізгі бір бөлігі.
ШАПАН- қалың матадан арасына жүн, мақта салып,астарлап, сырып
тігілген
сырт киім.
СЕМСЕР- болаттың ең асылынан жасалатын ұрыс қаруы, қылыш қайқы,
семсер түзу жасалады.
ЭТНОГРАФИЯ- халықтың шығу тегін, рулық-тайпалық және әлеуметтік
құрамын, тұрмыс-тіршілігін, салт-санасын, әдет-ғұрып ерекшелігін
зерттейді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz