2010-2011 оқу жылы Алғашқы қоңырау салтанатының сценарийі - Жүзімдік жалпы орта мектебі, Бәйдібек ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы

Алғашқы қоңырау салтанатты жиыны.

2010 - 2011 оқу жылы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Бәйдібек ауданы

Жүзімдік жалпы орта мектебі

Тәлімгер: Гүлмира Біттібаева Мейірханқызы

Cәлем саған мектебім!

1-жүргізуші: Армысыздар ұстаздар, оқушылар, қонақтар!

2-жүргізуші : Ата-аналар мен ақ жаулықты апалар! Бүгінгі «Сәлем саған мектебім!» мерекесіне қош келдіңіздер!

Тәлімгер: «Болашақ» ұйымының мәлімдемесін қабылдау.

АӘД: Мектеп оқушылары! Түзеліп тік тұрыңдар! Егемен Қазақстан туына қарап, сап түзеңдер! ҚР мемлекеттік туы енгізілсін!

Әнұран орындалады.

1-жүргізуші: Әр жанұяға береке-бірлік, табыс тілей отырып, тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші : Сонымен бірінші сынып оқушыларын қарсы алайық.

Би «Шөжелер биі».

1-жүргізуші: Шашу, шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке бұл тойдың,

Бастаңғысын жасайық.

Шашу шашылады.

2-жүргізуші : Өсті міне бойларың,

Өсті міне ойларың.

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойларың - дей отырып сөз кезегі мектебіміздің директоры Сарыпбеков Лесбек ағайға, оқу ісі жөніндегі орынбасары Керімбеков Ермақан ағайға және ауданымыздан келген қонағымызға сөз кезегін береміз.

1-жүргізуші: Аруларнеткен сымбатты,

Ғажайып нұрға бөленген.

Көктемдей қыздар гүл атты,

Мың бұралған билеген.

Би «Қазақ биі»

Ортаға Дымбілмес, Білгіш шығады.

Дымбілмес: Ойхой, мына керемет билеген кімдер?

Білгіш: Бұл биыл мектепке келетін бірінші сынып оқушылары. Қарасаңшы, Дымбілмес, бүкіл мектеп болып қарсы алып жатыр. Сенің Дымбілмес деген атың өзіңе лайық. Ештеңе білмей жүресің.

Дымбілмес: Сен, Білгіш, көп білгішсіне берме. Кәне, айтшы, мына оқушылардың бүгін мектепке бірінші рет рет келді ғой?

Білгіш: Ия.

Дымбілмес: Ендеше оларда мен сияқты ештеңе білмейді ғой.

Білгіш: Жоқ, олар дайындық сыныбында болды, көп нәрсені біледі.

Дымбілмес: Кәне тексеріп көрейік. Мына кісі кім?

Ы. Алтынсариннің портретін көрсетеді.

Оқушылар: Ыбырай Алтынсарин. Жазушы, ұстаз, педгог.

Дымбілмес: Оның балаларға арналған қандай өлеңдерін білесіңдер?

Оқушылар: Кел балалар оқылық.

1-оқушы: Кел балалар оқылық,

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегенің алдыңнан,

Іздемей-ақ табылар.

2-оқушы: Бір Аллаға сиынып,

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

3-оқушы: Сиса көйлек үстіңе,

Тоқуменен табылған.

Сауысқанның тамағы

Шоқуменен табылға.

Өнер, білім бәрі де,

Оқу менен табылған.

Дымбілмес: Білгіш, мына оқушылар керемет білгіш қой, тақылдап тұр өздері.

Білгіш: Көрдің бе, мен сияқты білгіш балалар.

Дымбілмес: Ендеше тағы бір сұрақ. Мына сендер тұрған әсем үйді қалай атайды?

Оқушылар: Мектеп.

4-оқушы: Мектеп, мектеп

Төңіректеп жүруші едім мен кеше.

Сұраушы едім,

Жылаушы едім,

Әпкем кітап бермесе.

5-оқушы: Келді, міне, қоңыр күз,

Келді қағып қоңырау.

Мектеп - ана жылы жүз,

Ашты құшақ-омырау.

Ән: «Қошақаным» орындайтын 1 сынып оқушысы Өмірзақ Еңілік.

Білгіш: Оқушылар бізге мектеп туралы тақпақ та, ән де айтып берді. Қандай білгіш балалар.

Дымбілмес: Енді не істесем екен? Ә, таптым. Мен кәзір оларды жарыстырам, олар бәрібір менен қалып қояды.

Жарыс-ойын: «Кім тез сөмкесін жинайды».

Дымбілмес бірге өз сөмкесін де жинайды, оқушыларданқалып қояды.

Дымбілмес: Шаршадым. Осы мектепте үзіліс болмаушы ма еді?

6-оқушы: Қарап алып сағатқа,

Іліп қойған жоғары.

Қоңырауды соғады,

Енді үзіліс болады!

Үзіліске қоңырау соғылады.

Би: «Жалқаубек».

Дымбілмес: Балалар, үзіліс деген қандай тамаша, мектепте ылғи үзіліс бола берсе жақсы болар еді!

Білгіш: Дымбілмес, қарашы, біздің мерекеге тағы бір қонақ келе жатыр. Ол кім?

Дымбілмес: Уа, мына келе жатқан Тазша бала ғой. Кәне, амандасып, қарсы алайық.

Дымбілмес пен Білгіш Тазша баламен қол беріп амандасады.

Тазша бала: Армысыңдар ма балалар?! Бүгін осы мектепте мереке өтіп жатқанын естей сала, мен де асыға жеттім-ау.

Дымбілмес: Не, Тазша бала, «Қырық өтірігіңді» айтуға келдің бе? Кәне, тыңдайық.

Тазша бала: Жоқ. Мен бүгін балаларға ұстаздар жайлы айтуға келдім және жұмбақтар, силықтар әкелдім.

Білгіш: Кәне, балалар, тыңдайық, шешейік, көрейік.

Тазша бала: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына жатыр. «Жақсы ұстаз - мектептің жүрегі» деген Ыбырай атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, ұстаз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Өмірдегі қоғам қайраткерлері, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар. Ол - ұстаз. Ұстазы өмірдің нақты тұтқасын ұстану мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш. Сондықтан да ұстаздың еңбегі - ұлы еңбек.

7-оқушы: Қош келдің деп, балдырған,

Күліп шыққан алдымнан.

Шексіз сеніп ата-ана,

Балаларын қалдырған

Сипап қойып басымнан,

Кетпей жүрген қасымнан.

Құрбы - құрдастарыммен,

Достастырған асыл жан.

8-оқушы: Жетілткен ой-сананы,

Тәрбие әр сабағы.

Алғаш сыннан өткізіп,

Қойған тұңғыш бағаны.

Ұстаз болу - жүректің батылдығы,

Ұстаз болу - сезімнің ақындыңы.

Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы.

9-оқушы: Сәбилік көңілмен,

Арналады бұл әнім.

Баулитын өмірге,

Ақылшым - мұғалім.

Тіліңді аламын,

Айтқаныңды ұғамын.

Мен сендей боламын,

Ақылшым - мұғалім.

Ән: «Ұстазым».

Білгіш: Ал балалар Тазша баланың жұмбақтарын шешейік.

Тазша бала: Қызыл, жасыл, қарасаң

Қолға кезек аласың.

Немен . . . әр түрлі,

Алуан сурет саласың?

Каналдар қазылған,

Қайланың күшімен.

Кітаптар жазылған,

Ненің . . . ұшымен?

Оқушылар жұмбақтарды шешеді.

Дымбілмес: Ау, Тазша бала, сен мана үлкен қоржынмен келген едің ғой.

Білгіш: Рас, рас. Қоржының ауыр сияқты. Онда не бар?

Тазша бала: Оу, мен балаларға әкелген силығымды ұмытып кетіппін ғой. Кәне әкеліңдер қоржынды.

Білгіш: Тез аш, көрейік.

Тазша бала қоржынын ашып кітаптарды алып шығады.

Тазша бала: Кәне, оқиық не жазылғанын.

Кел, балалар келіңдер,

Әліппені көріңдер.

Кәне қарап шығыңдар,

Сурет сырын ұғыңдар.


Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы №31 Бәйдібек жалпы орта мектебіндегі Жігіттің сұлтаны сайысының бағдарламасы
Жүзімдік жалпы орта мектебіндегі Шәмші Қалдаяқовтың 80 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш (2010-2011 оқу жылы)
Тасмола орта жалпы білім беретін мектебінің 2013-2014 оқу жылы соңғы қоңырау салтанатының сценарийі 25 мамыр 2014
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы №213 Қыркенсе орта мектебінің 2009 жылғы 25 мамыр Соңғы қоңырау салтанатының сценарийі
Қызылорда облысы Қазалы ауданы №249 мектеп-лицейінің 8ә сыныбының 2010-2011 оқу жылы Жаңа жылдық бал-маскарад сценарийі
С. Бекбосынов атындағы орта мектептің 2011 жылғы Соңғы қоңырау салтанатының сценарийі
Батық орта мектебінің 2009-2010 оқу жылындағы Қош бол, алтын ұям - мектебім соңғы қоңырау салтанатының жоспары
Көктемгі арулар байқауының оқу-тәрбиелік сценарийі (Тассуат орта мектебі, 2009-2010 оқу жылы)
2012 жылғы Алтын күз мерекелік тәрбие сағаты - Айгөлек шағын орталығы, Достық орта мектебі, Шардара ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы
Ш. Батталова атындағы орта мектептің 2010-2011 оқу жылы бастауышпен қоштасу ертеңгілігінің сценарийі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz