Файл қосу

Тамыры терең - тарих

Тамыры терең - тарих.
Дарабоз тарихи танымдық сайыс.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушылардың зеректік қабілетін дамыта отырып,ой-өрісін кеңейту,білімге құштарлығын арттыру,озық ойлы дарабоз оқушыларды анықтау.
Дамытушылық:Оқушылардың дүниетанымын,тарихқа деген қызығушылығын және ойды жүйелеу қабілетін дамыту,шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелік:өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.
Түрі:танымдық ойын сабағы.
Пәнаралық байланыс:Тарих,математика,қазақ тілі,биология,ағылшын тілі,география.
Көрнекілігі:слайдқа жазылған нақыл сөздер,шарлар.
Сайыстың барысы: I.Кіріспе бөлім. Ұйымдастыру кезеңі:а)сайысқа қатысатын топтарды анықтау. б)сайысқа дайындықтарын тексеру.б)қазылар алқасын сайлау.II.Негізгі бөлім. Сайыстың шарттары: 1) <<Сәлем сөздің анасы>>таныстыру,оқушы ұраны. 2) <<Білім ағашы>>(сұраққа жауап) 3) <<Мен ұнататын пәндер>>(ұяшықтағы пәндер бойынша сұрақтар) 4) <<Полиглот>>тіл өнер сайысы(үш тілде білім тексеру) 5) <<Менің білім деңгейім>> тест сұрақтары. 6) <<Тарихи басқатырғыш>> тарихи термендерді табу. 7)Үй тапсырмасы.(ребус құрастырып келу). III.Қорытынды бөлім.Қазылар алқасының берген қорытындысы.Сайысқа қатысушы оқушыларды марапаттау. 1-жүргізуші:Армысыздар құрметті ұстаздар,көрермендер,оқушылар! <<Тамыры терең тарих>> деп аталатын даробоз тарихи танымдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бұлтты көріп түнерген, Қанаттылар талмаңдар. Қазақ деген ұлы ел- Ардан туған арман бар. 2-жүргізуші:Өткенім бар ,өкініш жасыра алман, Тарихым бар,жазылған ғасырлардан. Қазақ деген ел барын әйгілейік, Орындалсын аңсаған асыл арман! 1-жүргізуші:Ғылымның сырын ұғына, Шығыңдар білім шыңына. Ұқыптылықпен зеректік, Жеткізер сіздердей өренді. Жеңістің мынау шыңына- деп бүгінгі бақ сынасар сайыскер топтарды қошеметтеп ортаға шақырайық.(ортаға сайыскерлер шығады) Сайыскер,сіздерге сәттілік тілейміз! 2-жүргізуші:Сайыста бақ сыналар,бап сыналар Бас жүлдені өнерлі,тапқыр алар, Кім өнерлі,кім тапқыр-шешу қиын Қазылар алқасы болмаса нық сын алар -дегендей кез-келген сайыс бағалануы тиіс.Осының аражігін ажырататын қазылар алқасы болатынын білеміз.Бұл жарыстың ажырамас бір бөлшегі,бізде сол үрдіс бойынша әділдігін айтып,тура шешім шығарар қазылар алқасын сайлап алсақ.(әділ қазылар алқасын сайлау) 1.------------ 2.------------------ 3.------------------
1-жүргізуші:1.Армысыз,айналайын дана халқым, Сақтаған ұлтымыздың берік салтын. Тіл ұшына оралар кездескенде, <<Сәлем сөздің анасы>> деген нақыл Сәлемдесу парызы әрбір жастың Өнерлерін паш етер өнегелі Сәт те келіп қалғандай танысатын - дей отырып,сайысымыздың <<Сәлем сөздің анасы>>деп аталатын бірінші шарты бойынша сайысқа қатысатын топ мүшелерін ортаға шақырамыз.(топ оқушылары топтың атымен ұранын айтып таныстырып шығады.) Көңілін халқымның таптың бүгін, Елес қой мынау бізге жат күн бүгін Бір-бірлеп сұрақ қойып бақ сынайық Байқайық оқушылардың тапқырлығын. Келесі кезекте <<Білім ағашы>>айналымы.Бұл айналымда оқушылар сұрақтарға жылдам жауап беруі керек. 1-топ:----------сұрақтары: 1. <<Тарих>>сәзі қандай мағынаны береді?(оқиғалар жайлы әңгіме,зерттеу) 2.Еңбек құралдары тастан жасалған дәуір қалай аталды?(тас дәуірі) 3.Ең алғашқы адамдар қай жерді мекендеген?(Азия,Африка) 4.Ява аралынан (1890-1892ж.) табылған қаңқа қалай аталады?(питекантроп) 5.Екі жағынанда өңделген қарапайым шапқыш құрал?(бифас) 6.Қалайымен мыстың қосындысы?(қола) 7.Көшелілердің баспанасы?(киіз үй) 8.Иран жазбаларында сақтарды не деп атайды?(жүйрік атты турлар) 9.Тиграхауда кімдер?(шошақ бөріктілер) 10.Қазақтың үш биі:(Қазыбек,Әйтеке,Төле) 11.Қазақстанда неше облыс бар?(14облыс) 12.Қазақстан Республикасы туының авторы кім?(Ш.Ниязбеков) 2-топ -------------сұрақтары:1.Шежіре сөзі қандай мағынаны береді?(есте сақтау,жадыдағы білім) 2.Б.зб.2800жыл-б.з..900жыл аралығын қамтыған дәуір?(қола) 3.Тотемизмді қалай түсіндіресің?(адамдардың шығу тегін жануарлар,өсімдіктер немесе табиғат құбылыстарымен байланыстыру) 4.Алғашқы адамдардың қайсысы қазіргі адамға ұқсас болған?(саналы адам,кроманьондық) 5.Ұзындығы 1-2 сантиметрдей ұсақ жаңқа тастардан жасалған құрал?(микролит) 6.Садақ пен жебенің жасалынуы басты жаңалығы болған дәуір?(мезолит) 7.Тастағы сурет қалай аталады?(петроглиф) 8.Грек авторлары <<азиялық скифтер>> деп атаған тайпалар?(сақтар) 9.Сақ парадарайа кімдер?(теңіздің арғы жағындағы сақтар) 10.Қазақ батырларын білесіңбе?(ата Қабанбай,Абылай) 11.Қазақстан қандай елдермен шектеседі?(Қырғызстан, Өзбекстан,Түркіменстан,Ресей) 12.Конституция күні?(30 тамыз) 3-топ --------------сұрақтары: 1.Тарих туралы алғаш кітап жазған,кейіннен <<тарихтың атасы>> атанған:(Геродот) 2.Жаңа тас ғасыры қалай аталады?(неолит) 3.Маймыл тектес ең алғашқы жабайы адамдар?(гоминид) 4.Пекин маңынан (1927ж)табылған тік жүретін адамның екінші өкілі?(синантроп) 5.Тасты жарып,бөлшектеп,жүзі өткірлерін пайдалану нәтижесінде қандай құрал пайда болды?(чоппер) 6.Қыш құмыра(керамика) жасауды үйрену қай дәуірдің басты жаңалығы болды?(неолит) 7.Киіз үйдің негізі?(кереге) 8.Қазақстан аумағындағы алғашқы тайпалық одақтар қалай деп аталады?(сақтар) 9.Сақ хаумаварга кімдер?(Хаома сусынын дайындайтын сақтар) 10.Қазақстандағы сәулет ескерткіштерін ата?(Айша - Бибі,Ахмет Иассауи,Қозы Көрпеш - Баян сұлу кесенесі) 11.Қазақстан Республикасының әнұранының авторлары кімдер?(Ж.Нәжімеденов,Н.Назарбаев) 12.16 желтоқсан қандай күн?(Тәуелсіздік күні) 4-топ ----------------------сұрақтары: 1.130 тараудан тұратын <<Тарихи жазбалар>> еңбегінің авторы,шығыста <<тарихтың атасы>> атанған кім?(Сыма цян) 2.Палеолит дегеніміз?(ежелгі тас ғасыры) 3.Алғашқы адамдардың кәсібі? (терімшілік, аңшылық) 4.Германиядан табылған адам өкілі қалай деп аталады?(неандерталь) 5.Тас құралдың жүзін өткірлеу үшін қандай әдісті қолданған?(ретушь) 6.Мыс-тас ғасыры қалай деп талды?(Энеолит) 7.Сақ қоғамы нешеге бөлінді,ата?(үшке:жауынгерлер,абыздар,малшылар мен егіншілер) 8.Парсы жазбаларында сақтарды қалай деп атады?(құдіретті еркектер) 9. <<Алтын киімді>> адамды қайдан,кім ашты?( Есік қорғаны,К.Ақышев) 10.Қазақтан ғарышқа ұшқан тұңғыш ғарышкер кім?(Тоқтар Әубакіров) 11.Қазақстан Республикасының рәміздері қай жылы қабылданды?(1992) 12.Желтоқсан оқиғасы қашан болды?)1986 жыл 16 желтоқсан) 2-жургізуші: Сараланар сайыскерлер білімі, Білімділер озар бүгін ілгері - дей келе <<Мен ұнататын пәндер>> айналымында топ мүшелері кезекпен сандарды суырып,таңдаған пән сұрақтарына жауап береді. 1.Математика пәні. 1. 1 балл.1/10 санының кері саны (10) 2.2балл.Үш сызықтан пайда болған фигура?(үшбұрыш) 3.3балл.Миллион санын жазғанда неше нөл керек?(6) 4.4балл.Әженің Мирас атты немересі,Ақтөс деген иті және Пушок деген мысығы бар,әжеде неше немере бар?(1 немере Мирас) 5.5балл.Төрт аққайың өсіп тұр ,әр аққайыңның төрт бұтағы бар,әр бұтақтың 4 сабағы бар,әр сабақта 4 алма өсіп тұр.Сонда қанша алма бар?(аққайыңда алма өспейді) 6.6 балл.Теңізде қандай тастар болмайды?(құрғақ) 2.Қазақ тілі. 1.1балл.Көптік жалғаулар (лар,лер,тар,тер,) 2.2балл.Абайдың неше қарасөзі бар?(45) 3.3балл.Сөздің ең түпкі мағына беретін бөлшегі?(түбір) 4.4балл.Құлагер кімнің аты?(Ақан) 5.5балл.Сандыққа нені тығып қоюға болмайды?(жарық) 6.6 балл.Жұмулы көзбен нені көруге болады?(түс) География.1.1.балл.Қазақстанда неше қорық бар?(9) 2.2балл.Қазақстанның ең үлкен өзені?(Ертіс) 3.3 балл.Судың қатты түрі?(мұз) 4.4балл.Сирек кездесетін құрып кету қаупіндегі жануарлар мен өсімдіктерді қайдан табуға болады?(Қызыл кітаптан) 5.5балл. Екі күн бойы жаңбыр жаууы мүмкінбе?(жоқ,өйткені күндердің арасында түн бар) 6.6балл. Жаңбыр жауып тұрғанда қоян қандай ағаштың түбінде отырады?(ылғал,сулы) Биология пәні. 1.1 балл.Жылдан құр қалған жануар?(түйе) 2.2балл.Жер бетіндегі ең ірі жануар?(піл) 3.3балл.Қай өсімдікте сабақ,жапырақ,тамыр жоқ?(саңырауқұлақ) 4.4балл.Ішің ауырса тиым салатын асқорыту мүшесі?(ауыз) 5.5балл.Тамақ пісірер алдында қазанға ең бірінші не салады?(көз) 6.6балл.Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды?(бос) 1-жүргізуші:Тілім менің тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтыларсөз ойдағы Өшсе тілім,менде бірге өшемін Өссе тілім менде бірге өсемін-деген өлең жолдарын оқи отыра <<Полиглот>> атты келесі айналымда жұмбақтың жауабын үш тілде айтуларыңыз керек.Экранға назар аударайық.1.Жаман аттан аяғым артық. Жаман ............. таяғым артық (дос-друг-friend) 2.Күн ысып,Су жылынып. Егін басын тұр иіп,Жеміс тердік бақшадан,Жеңімізді түрініп.Қай мезгіл?(жаз - лето-...........) 3.Тілі бар,үні жоқ,Өзін адам түсінген.Жүрегі барда қаны жоқ,Сөйлеп тұрған ішінен.(кітап-книга-book) 4.............. пейілді болса,шәкірті зейінді келеді.(Ұстаз-учитель-teacher) 2топқа:1.Жаны жақсы ағаның, Етегін баспа жолын қу.Болайын деген ..............,Бетін қақпа,белін бу.(бала-мальчик-boy) 2.Қыр көгеріп,Құс қиқуы көбейді?Жерге диқан дән сеуіп,Қорадан жас төл өрді.Қай мезгіл?(көктем-весна-................) 3.Оқу-білім бұлағы,Білім-...........шырағы.(өмір-жизнь-life) 4.Білімнен мол сый- асы,Балғындардың ұясы.(мектеп-школа-school) 3 топқа:1.Өнерлінің қолы алтын,Өнершінің ........... алтын.(сөз-слова-work) 2.Жақсының аты өлмейді,Ғалымның ........ өлмейді?(хат-письмо-letter)3.Жазу жазып жалықпаған,Жаза-жаза арықтаған.(қалам-ручка-pen) 4.Білім - теңіз,мектеп-.......... .(кеме-корабль-ship) 4-топқа:1.Көрінбейді көзіңе,тіл қатпайды өзіңе.Жығады ол күн сайын ең күштінің өзінде.(уақыт-время-time) 2.Дала тегіс сарғайды.Шаруа қысқа қамданды.Күн қысқара бастады, Тауға тұңғыш қар жауды.(қыс-зима-..........) 3.Тұмсығымен қозғалар,Соңында аппақ із қалар.(бор-мел - chalk) 4.Адамды адаметкен не?(еңбек-труд-work).
2-жургізуші:Біле бер қанша білсең-тағы тіле,Жетерсің мақсатыңа біле-біле-дегендей топ басшылары мына қағаздардағы 5 сұрақтан тұратын тест сұрақтан орындайды. 1-жүргізуші:Біреуінің жүрегінің түгі бар,Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар.Біреуінің күмбірлеген күйі бар,Енді біреуінің қатты істейтін миы бар-дей келе мына сөз сызбадағы археологиялық кезеңдерді табу.Әрбір сөзге 1 ұпайдан бағаланасыздар.
а
ы
п
е
о
л
а
ж
т
е
р
с
л
т
а
л
й
и
қ
т
е
м
і
к
м
а
ж
т
қ
т
н
б
а
у
р
д
е
з
о
д
с
у
е
и
т
а
л
а
п
е
л
а
н
е
о
л
с
қ
о
л
а
д
и
ғ
э
о
л
п
у
н
з
м
б
у
т
а
ж
н
и
қ
е
қ
н
а
р
е
с
п
е
а
т
с
а
ж
л
е

2-жургізуші:Мәңгі бақи есте қалар,Қызықты бір ойын болсын.Білімдірек шәкірт озар,Сұрақтары қиын болсын-деп әрбір топ үйден дайындап келген ребустарын топтар арасында шешеді.Ұпай шапшандықтарына қарай бағаланады. 1-жүргізуші:Көңілінде таусылмас тамаша ән барда,Ұшқың келіп тұрады-ау қиял жетпес заңғарға,Жұлдыз біткен көз тартып көкшіл аспан төрінен Шақырады-ау,дүние-ай,таңғажайып таңдарға-деп сөз сайыстың әділ бағасын беретін қазылар алқасының қорытындысын тыңдайық.1- жургізуші: Бір емес,сен бұл жолы мыңды жықтың,Мыңды жықтың,әліде өрле,мықтым!Елім деп ту ұстаған өзге жерде Жеңісіңнің бастауы сол деп ұққын.-деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

Ұқсас жұмыстар
Рәміздерім - Елдігімнің белгісі
Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттары
Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы
Туған жердің тағдыры толғандырады
Тәуелсіздік - аңсаған арман, қол жеткен мұрат!
Практикалық жұмыстарды орындау
Астана жаңа қала
Тақырыбы: тіл-тарихтың күре тамыры
Туған тілім өркенде, бола бер күшті, көркем де
"елім менің" танымдық ойыны
Пәндер