Сабақ жоспары :: География
Файл қосу
Өзен. 6 сынып
«Сарыжаз ора мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» Ақбейіт бастауыш
мектебімен коммуналдық мемлекеттік мекемесі
[pic]
Тақырыбы: «Өзен»
Пәні : физикалық география
Сыныбы: 6
Пән иесі: Садвакасова Б.Ұ.
2013-2014 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Өзен»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік- оқушылардың өзен туралы тірек
білімдерін еске түсіре отырып, өзен
тақырыбын оқып үйрету.
Тәрбиелік- ізденімпаздыққа баулу, өзендерді
қорғауға, оның қажеттілігін түсіне білуге
үйреу.
Дамытушылық- сөйлеу қабілетін дамыту, жаңа
мағұлматтар беру арқылы ой- өрісін кеңейту,
шығармашылыққа баулу.
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, әдебиет, дүниетану, тарих.
Көрнекілігі : өзен макеті, дүниежүзінің, Қазақстанның физикалық карталары,
суреттер (тау және жазық жер өзендері) , тірек сызбалар, атлас, оқулық.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгеру.
Әдісі: сұрақ- жауап баяндау, мың рет естігенше бір рет көр деп оқулықан
өзендерді көрсету.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру- кабинеттің сабаққа
дайындығы, оқушыларды түгендеу, оқу
құралдарының болуы.
Мақсат қою кезеңі- терең де, тиянақты
сапалы түрде білім негізін үйрету, мағұлмат
беру.
Материалдарды түсіндіру кезеңі.
Жаңа сабақты түсінгендігін тексеру
Бекіту кезеңі
Үйге тапсырма беру кезеңі
Сабақты қорытындылау кезеңі.
Оқушыларға жұмбақ айту арқылы сабақ тақырыбы белгілі болады.
1. Жылт-жыл еткен
Жылғадан өткен. (Су немесе өзен)
2. Ирелеңдеген арқан
Қуып жете алман. (Өзен)
Оқушылардың тірек білімдеріне сүйене отырып, төмендегі сұрақтарға жауап
алу.
1. Өзен деген не?
2. Қандай өзендерді білеміз?
3. Өзен, суға байланысты оқушылардың білетін өлең, тақпақ, мақал- мәтел,
аңыз- әңгімелерін айтқызу.
Мысалы: 1) Тау кезеңсіз болмас,
Өлке өзенсіз болмас.
2) Сулы жер құрақсыз болмас,
Таулы жер бұлақсыз болмас
3) Желсіз түнде жарық –ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
Ауылдың маңы терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп. (Абай)
Жаңа сабақты меңгерту.
Өзен дегеніміз не?
Өзен бөліктері.
Өзеннің бағыты мен сипатына жер
бедерінің әсері.
Өзен ағысы
Шоңғалдар
Сарқырамалар
Өзен режимі.
Өзен суының толығуы.
Өзендердің маңызы
Жергілікті жер өзендері оның пайдалануы .
Жоғарыдағы жоспарды тақтаға жазып көрсете отырып, әр бөлім жеке
түсіндіріледі.
Өзен бөліктері.
Бастауы- өзен ағып шығатын жер.
Сағасы- оның құяр жері.
Атырау- өзен сағасына жинақталып, тармаққа бөлінуі.
Аңғар- өзен бастауынан сағасына дейінгі әрі кең әрі ұзынша ойыс алқап.
Жайылма – аңғардың өзен тасығанда су басатын бөлігі.
Өзен ағысы: жоғары- бастауына жақын, орта- екеуінің аралығы, аяғы- саға
жағы.
Өзен жағасы: оң, сол.
Жүйесі- өзеннің барлық салаларымен бірігіп қосылуы.
Өзен алабы- өзен және оның салалары су жинайтын жер.
Өзендер: - таулы жер өзендері;
-жазық жер өзендері.
Сарқырамалар:
- Ниагра- Солтүстік Америкада, биіктігі -50 метр.
- Анхель – Оңтүстік Америкада, Ориноко өзенінде.
- Виктория –африкада, Замбези өзенінде.
- Игуасу- Оңтүстік Америкада, Тарана өзенінде, биіктігі- 72 метр, ені
2700 метр.
Өзендер: - режимі – өзен суы мөлшерінің жыл ішіндегі өзгеру ерекшелігі,
суларының толығуы- еріген қар суымен, жер асты суымен, жаңбыр, мұздық.
- Су тасуы- жыл сайын белгілі бір маусымда қайталанып отыратын өзендегі
су мөлшерлерінің едәуір көбюі;
- Тасқын- су деңгейінің кенет көтерілуі;
- Сабасына түсуі- өзендегі судың ең төмен күй;
Өзендердің маңызын оқушалардың өздері әңгімелейді.
Оқушалардың сабақты түсінгенін тексеру үшін интерактивті тақтаға алдын- ала
жазылған тест алу.
Тест сұрақтары
1. Жердің су қабығы қалай аталады?
А) атмосфера;
Ә) литосфера;
Б) гидросфера;
2. Дүние жүзіндегі ең терең шұңғымасы?
А) Пуэрто шұңғымасы ;
Ә) Кермаден шұңғымасы;
Б) Мариана шұңғымасы;
3. Жер шарындағы ең үлкен және ең терең мұхит?
А) Үнді;
Ә) Атлант;
Б) Тынық;
4. Табиғаттағы тұщы су көздері?
А) өзен, көл,бұлақ, жер асты сулары,мұздықтар, жаңбыр суы;
Ә) мұхит, теңіз,мұздықтар;
Б) шығанақ,түбек, сарқырама;
5. Дүниежүзілік мұхит қанша бөлікке бөлінеді?
А) екі;
Ә) үш;
Б) төрт;
6. Тұзды суға қандай сулар жатады?
А) өзендер мен көлдер;
Ә) мұхиттар мен теңіздер;
Б) бөгендер мен каналдар;
7. Табиғаттағы су қандай күйде кездеседі?
А) қатты, тұзды, жылы;
Ә) тұщы ,жұмсақ ,газды;
Б) қатты,сұйық, газ тәріздес;
8. Ластанған су деп қандай суды атайды?
А) пайданаған шайынды суды;
Ә) тұзды суды;
Б) тұщы суды;
9. Мариана шұңғымасының тереңдігі?
А) 11022;
Ә) 10047;
Б) 10882;
10. Дүние жүзіндегі ең лас теңіз?
А) Каспий;
Ә) Жерорта;
Б) Саргасс;
Үйге тапсырма беріліп, сабақ қорытындылады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz