Сабақ жоспары :: Ағылшын тілі

Файл қосу

Сабақта оқушылардың лексико-фразеологиялық сөз байлығын дамыту


Сабақта оқушылардың лексико-фразеологиялық сөз байлығын дамыту

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде «Ғасыр мақсаты – қоғамның
нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани
дағдарысты жеңіп шыға алатын, ізгіленген, ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге
икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру» деп атап өткен.
ХХІ ғасырда әлемдік өркениет жаңа даму сатысына көтерілді. Еліміздің
қазіргі білім жүйесінің стратегиялық мақсаты жоғары білімді бәсекелестік
қабілеті мол шығармашылық тұлға қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау
болып табылады.
Оқушы қоғамның болашағы, сондықтан ол өз жаратылысын, қабілеті мен
мүмкіндіктерін мектеп қабырғасында басқалармен қарым қатынас үстінде ғана
дамытып алады. Демек, жеке оқушының басты белгілері болып табылатын оның
мінез құлқы, басқа оқушыларға, табиғатқа қатынасы, оқушының болмысы, білім
алуы, өзіндей оқушылармен қатынасқа түсу арқылы қалыптасады.Осы орайда
оқушылардың лексико-фразеологиялық сөз байлығының рөлі өте маңызды.
Жалпы тақырыпқа тоқталатын болсам, фразеологизмдер - әр тілдің
бөлінбес бір бөлшегі, белгілі бір заңдылығына байланысты, өзіне тән мағына
беретін екі немесе одан да көп сөзден тұратын бірлікті айтамыз. Қазіргі
ағылшын тілінде фразеологизмдердің шығу тарихы әр түрлі. Оларды шығу
тарихына қарай үш түрге бөлуге болады:
1. бұрыннан келе жатқан фразеологизмдер;
2. басқа шет тілінен енген фразеологизмдер;
3. американдық ағылшын тілінен енген фразеологизмдер.
Қазақ тілі мен ағылшын тілі екі түрлі тілдік шығу тегіне
жататындықтан, олардың фразеологизмдерінің ішкі құрылымы да екі бөлек
болады. Фразеологизмдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аударғанда көптеген
өзгерістерді және айырмашылықтарды көре аламыз. Мысалы: to bring smb. to
his milk - ес жинату “өз-өзіне келу”, be deeply occupied doing smth. – жан-
тәнімен кірісу, lose the power of speech – сөйлеуге мұршасы болмау, keep
one’s tongue between one’s teeth – тіл қатпау, have a ready tongue –
аузының желі бар, cast smth. full in smb’s teeth – бетіне басу, be quietly
cutting smb’s throat – мақтамен бауыздау, exalt smb. to the sky – төбесін
көкке жеткізу, wag one’ s tongue – аузымен орақ орып, пішен шабу, have a
sharp tongue – тілдің майын ағызу, stop smb’s mouth – аузына қақпақ болу,
the apple of someone’s eyes – көзінің қарашығы болу. Әр тілдің өзіндік
ерекшеліктеріне сәйкес фразеологизмдерді бір тілден екінші тілге
аударғанда, мағынасын дұрыс жеткізу қажет.
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі тұрақты тіркестер мен еркін сөз
тіркестерінің берілу ерекшеліктері
Фразеологизмдердің өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін
танытатын негізінен үш түрлі басты белгісі бар. Олар: 1) даяр қалпында
жұмсалу белгісі; 2) мағына тұтастығы; 3) тіркес тиянақтылығы. Фразеологизм
дегеніміз – құрамындағы сыңарлары өте тұрақты болып келетін, қолданысқа
әрдайым дайын тұратын тұрақты сөз тіркесі. Еркін сөз тіркесі дегеніміз –
сөздердің емін-еркін тіркелуінен жасалатын тіркестер. Еркін сөз тіркестері
құрылымы жағынан фразеологиялық тіркестермен ұқсас келеді. Еркін сөз
тіркестері фразеологиялық тіркестердің көптеген түрлерінің жасалуына негіз
болады. Екінші сөзбен айтқанда фразеологиялық тіркестердің ішінде еркін сөз
тіркесінің құрылымы, үлгісі бойынша жасалғандары ұшыраса береді. Мұны мына
мысалдарды салыстырудан көруге болады: шалқасынан жату – шалқасынан түсу;
таудан биік – сүттен ақ, судан таза; есік пен терезенің арасында – қас
пен көздің арасында; қол жуып – қол қусырып, ағылшын тілінде: to keep in
hand - to keep in mind; to draw the picture – to blacken the picture; to
fall from the tree – to fall from the moon; to be on the seventh floor – to
on the seventh heaven және т.б. Бұлардың алдыңғылары – еркін сөз
тіркестері де, соңғылары – еркін сөз тіркестерінің құрылымдық үлгілері
бойынша жасалған фразеологиялық тіркестер.
Алайда, фразеологиялық сөз тіркестері мен еркін сөз тіркестерінің
арасында түбірлі айырмашылықтар бар. Жек сөздердің даяр тұрған бірлік
ретінде сөйлем құрамына енетіні сияқты, фразеологиялық бірліктер де
бұрыннан жасалып қойған, даяр тұрған бірліктер ретінде еркін сөз тіркесінің
немесе сөйлемнің құрамына енеді. Мысалы: one’s blood freezes – жаны
мұрнының ұшына келу; one’s hair stands on end – төбе шашы тік тұру; to walk
on air – көңілінің қанаты алып ұшу тәрізді фразеологиялық тіркестер олардың
құрамындағы жеке сыңарлардың (сөздердің) сөйлеу кезінде емін-еркін
тіркесуінен жасалған тіркестер емес, бұрынан тіркесіп қойған, әбден
қалыптасқан, даяр тұрған тіркестер ретінде қолданылады.

Фразеологизмдердің даяр қалпында жұмсалу белгісі еркін сөз
тіркесімен салыстырғанда айқын байқалады. Мәселен: Асан қалаға жүрейін деп
отыр деген бір сөйлемді әркім неше жаққа жүгіртіп өзгерте беруіне болады.
Мысалы: Асан қалаға жүрмекші, Асан жақын арада қалаға бармақшы, Асан қалаға
барам ба деген ойда, Асанның қалаға жүрем бе деген ойы бар, т.б. Бұл сияқты
еркін сөз тіркестері қатынас жасау процесінде әркімнің өз қалауы бойынша
жасалады. Ал тілдегі фразеологизмдер бұлайша етуге, құбылтуға көнбейді.
Мәселен, төбесі көкке жетті дегенді төбесі көкке жетейін деп тұр, төбесі
көкке жетпекші деп өзгертуге болмайды. Оның сыртқы құрылым-құрылысы еркін
тіркеске ұқсағанымен сөйлем ішінде қолданғанда біртұтас даяр күйінде
жұмсалады. Ешкімнің ырқына көнбей, даяр тұрған құрылыс материалы сияқты
қызмет етеді де, сол қалпында сөйлемнің құрамына енеді. Еркін сөз
тіркесінің әрбір сыңары мағыналық дербестігін сақтап, сөйлемде әр басқа
мүше ретінде жұмсалады. Синтаксистік сөз тіркесі белгілі бір үлгілері
(модельдері), ережелер бойынша сөйлеу кезінде жасалады. Демек,
фразеологизмдердің даяр қалпын сақтай отырып қолданылуы оның еркін сөз
тіркестерінен ерекшелігін білдіретін белгілердің бірі екенін көреміз.
Еркін тіркес пен фразалық тіркесті бір-бірінен ажыратудың түрлі
амалдары болады. Мысалы: ағылшын тідінде мына төмендегі after having rolled
up her sleeves, she began to wash the floor сөйлемде to roll up one’s
sleeves – жеңін түру деген еркін сөз тіркесі. Жалпы сөйлем Жеңін түріп
алып, ол еденді жуа бастады, бұл сөйлемде әр сөздің өзінің жеке мағынасы
бар және белгілі бір сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Ал мына сөйлемде
Everybody worked rolling up their sleeves – құлшына кірісіп, бұл жерде
фразеологиялық сөз тіркесі жалпы бір мағына білдіреді, мағынасы «бүгіліп
қатты жұмыс істеу».
Ағылшын тіліндегі фразеологиялық бірліктерді қазақ тіліне
аударудың тәсілдері
Фразеологиздер – лингвистиканың үлкен бір саласы. Фразеологияның
тілде атқаратын рөлі айрықша. Өйткені, тұрақты тіркестер – халқымыздың
ұлттық ерекшелігін бойына сіңірген басты мадени байлығымыздың бірі.
Тілдерді салғастыра қарастыру аударма мәселесінің ең құрамдас бөлігі. Бұл
мәселені дұрыс шешудің бір жолы фразеологизмдердің табиғатын терең түсінуде
жатыр. Оның түрлерін, соған орай көркем туындыда атқаратын қызметін жеке
ұғып алмай тұрып, екінші бір тілге аудару жөнінде сөз болуы мүмкін емес.
Тіпті кей жағдайда бүтін бір фразеологиялық мағынаның, бүтін бір
фразеологиялық түсініктің екінші бір тілде мүлде кездеспеуі мүмкін. Ұлттық
боюуы қою фразеологиялық бірліктер әсіресе ұлттың өзіне ғана тән қасиетін
көрсететін салт – дәстүрі, мәдениеті, тұрмысы, тарихы мен географиясы, жер,
су аттарын білдіретін ұғымдар аударманы күрт қиындата түседі. Жалпы
аудармамен айналысқан бірде бір ғалым, бірде бір тіл мамандары фразеология
мәселесін аттап өте алған емес. Ол заңды да. Сонымен фразеология аудармасын
зерттеуде А.В. Федоров, И.Я.Рецкер, Н.Л. Шадрин, В.Н. Комиссаров және т.б.
Қазақ ғалымдарының арасында І.К.Кеңесбаев, М.Қ. Қаратаев, С.О. Талжанов,
М.Б. Балақаев, Ө. Айтбаев және т.б. еңбектерін ерекше атап өтуге болады.
Біздің қарастырайық деп отырған қазақ әдеби тіліндегі және ағылшын тілінің
құрамындағы фразеологизмдердің құрамы, құрамындағы сыңарлардың кірігуі
тіркесуі, семантикалық байланысы жағынан бір бірінен айырмаланатын
ерекшеліктері өте көп, бірақ та аударма процесі кезінде
фразеологизмдердің (тіркесу нысаны, құрамында неше сөз бар екендігі)
айтарлықтай рөл атқармайды, тәжімалаушылардың назарын аударатын – түп
нұсқа тілдегі фразеологизмдердің ұлттық ерекшеліктеріне көңіл бөле
отырып, семантикалық құрылымының аударма тілде берілуі.
Сондықтан аударма тәжірибесінде фразеологизмдердің мағынасын
дәлме дәл жеткізуде сөзбе-сөз(калька)тәсілі, толық балама, жартылай
балама, түсіндірме арқылы т.б аударма тәсілдерін қолдануға болады.
1. Сөзбе-сөз(калька) тәсілі тілдік бірліктің (сөздің, сөз
тіркесінің) сыртқы нысанын , ішкі мазмұнын, нақтырақ, сол қалпында аудару
дегенді білдіреді. Мысалы: not to believe one’s own eyes (ears) -
өз көзіне өзі сенбеу; fish begins to stink at the head – балық басынан
шіриді; to lead a cat and dog life – ит пен мысықша өмір сүру; to get up
one’s wrong foot – сол аяғымен тұру; black gold – қара алтын; a black list
– қара тізім, бұл фразеологизмдердің калькаланған қазақшасы мейлінше
тұрақталған әрі қазіргі тілдік қорда жиі кездеседі. Калька тәсілімен аудару
кезінде аудармашы тұпнұсқадағы тілдік бірліктердің түр-тұрпатына, өзге
халықтардың мәдениетіне қатысы бар екенін естен шығарып алады, және кей
жағдайларда мән-мағынасы түсініксіз болып шығады. Сондықтан да бұларды
мағынасына қарай, балама болатын сөз тіркестерін, егер ондай тіркестер
болмаса, мағынасын бере аларлық жеке сөздермен немесе еркін сөз
тіркестерімен аударуға болады.
2. Түсіндірме арқылы аудару тәсілі. Мысалы: come to one’s own
autumn - өзіне тиісті жазасын алу; have something one’s conscience - өз
кінәсін сезу (түсіну); addict oneself to vice – жаман әдетке салыну; немесе
қазақ тілінде: ала жібін аттамау – be honest and desсent; ашпа жалап күйде
өмір сүру – live from hand to mouth; ауызынан ақ ит кіріп қара ит шығу –
use foul (bad) language; таңды көзбен атыру – to spend the night until
morning; қосағымен қоса ағару – live a happy life.
3. Толық балама – екі бейнелік сәйкестік болған жағдайда, яғни
толық сәйкес келуі. Мысалы: play with fire – отпен ойнау; asperse smb’s
name – біреудің атына кір келтіру; to set a fire – от салу; the rotten
apple injures its neighbours – бір қарын майды бір құмалақ шірітеді; to
addle one’s brain – бірденемен миын ашыту; немесе қазақ тілінде көздің ағы
мен қарасы – the apple of one’s eye; көзден жарық көңілден таса – out of
sight out of mind; көзі ағару – lose one’s sight.
Алайда фразеологиялық тіркестерді салыстыра зерттеуде мағыналық
және тұтастығы, бейнелілігі, яғни толық сәйкестігі сирек кездесетіні
байқалады. Тіл- тілдегі фразеологиялық бірліктердің сәйкес мәндес келуі,
аударманың жатық болуына көп септігін тигізеді және аударманың жұмысын
едәуір жеңілдетеді.
4. Жартылай балама – дәл сол мағынаны басқаша бейнелеуіш
құралымен беру тәсілі, яғни мағыналас тіркестер. Мысалы: abuse somebody
left and rіght – жерден алып жерге салу; commіt adultory – жұбайының
көзіне шөп салу; asperse smb’s character – біреудің абыройын айрандай
төгу; to gіve somebody a foot – аяғынан шалу; to play the baby – балалыққа
салыну немесе балалық жасау; немесе қазақ тілінде: ақ пен қараны айыру –
tell good from evіl; екі беті анардай – red cheeks.
Қорыта келгенде тіл-тілдегі соның ішінде ағылшын және қазақ
фразеологиялық тіркес құрамындағы компоненттердің әр түрлі болып
аударылуының басты мақсаты – аударма оқырманның құлағына жатық әрі
түсінікті болуы . Жасанды әрі түсініксіз аударма екі жаққа да тиімсіз.
Оқушылардың лексико-фразеологиялық сөз байлығын дамыту мақсатында
ағылшын тіліндегі тұрақты тіркестер мен еркін тіркестердің берілу
ерекшеліктері мен ағылшын тіліндегі фразеологиялық бірліктерді қазақ тіліне
аударудың тәсілдерімен таныстыру басты мақсат болды. Тапсырмалар берілу
арқылы оқушылардың сөйлеу әрекетінде фразеологизмдерді қолдануы анықталып,
сөйлеу қабілеттерінің деңгейі бақыланды. Осыған орай, қорытынды шығарып,
жеке оқушыға бағытталған технологияны қолданып, әр баланың өзінің білім
деңгейіне сай тапсырма дайындалды.

Қолданылған әдебиеттер:
1. “Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі” І. Кеңесбаев
2. “Қазақша-орысша фразеологиялық сөздік” Х.Қ.Қожахметова
3. “Англо-русский фразеологический словарь” А.В.Кунин
4. “Idioms and Phrasal Verbs” Macmillian
5. “Idioms” Peter Watcyn-Jones


Ұқсас жұмыстар
Туған өлкем
Тұрақты сөз тіркестерінің түрлері
Есімдіктің лексико-семантикалық сипаты
Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы жергілікті тіл ерекшеліктері
Фразеологиялық бірлік
ІІІ айналым
Ағылшын тілі мектепте 2011 жыл
Қазақ тілі туралы
Модуль Жеке адамға қатысты іс қағаздары (Өмірбаян, түйіндеме рәсімдеу)
Еркін сөз тіркестері
Пәндер