Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ақыл, қайрат, жүректі тең ұстаған мұхтар арын

Бір халық, бір ел, бір тағдыр
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.Сабақтың міндеттері:
* Оқушыларға тәуелсіздік ұғымы, еліміздің тарихы, қазіргі кездегі еліміздің өркендеуі жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра білім беру.
* Патриоттық тәрбие беру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
* Оқушылардың ой-өрісін дамыту.
Сабақтың түрі: дәріс сабақ
Сабақтың типі: білім мен дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, репродуктивті
Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, құттықтау сөзі.
ІІ. Ой қозғау:- Біз қандай мемлекетте тұрамыз?- Қазақстан.- ҚР-ның халқы қай тілде сөйлеу керек?- ҚР - ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.- Біздің тұңғыш президентіміздің аты-жөнін білесіңдер ме? - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.-14 желтоқсан күні жаңа <<Астана опера>> опера және балет театрында ҚР Президенті Тәуелсіздіктің 21 жылдығына арналған салтанатты жиналысында халқына үндеуі?-Иә, балалар, Жолдауын арнады.Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды. Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. Сессияда Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын <<Бүкіл халықтық өкілдік!>> деп атады. Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: <<Қазақстан-2050>> Стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр>>! Елбасы сессияда сөйлеген өз сөзінде:<<Бір халық>> - бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,<<Бір ел>>, бұл - барлығымыз үшін ортақ Отан.<<Бір тағдыр>>, бұл - біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді. Елбасы мынаны баса айтты: <<Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес>>. Ендеше, Ассамблея - барша қазақстандықтың мүддесі! - деген болатын.Оқушы: 1986 жылы 16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.Оқушы: Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.Біз: <<Мен - қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!>> - деп айта алатын әділетті қоғам құрып жатырмыз. Бүгінде біздің азаматтар үшін барлық есік, барлық мүмкіндік, барлық жол ашық. Біз көппіз және бәріміз - бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу - әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой. Біз бірлік пен татулық құндылықтарын қоғамның іргетасына, қазақстандық ерекше толеранттылықтың негізіне айналдырдық. Біз осы құндылықтарды қазақстандықтардың әрбір болашақ буынына аялай ұсынуымыз керек. Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты. Біз бәріміз бір атаның - қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу - ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді <<Мәңгілік Ел>> етуді мұрат қылдық. <<Қазақстан-2050>> Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі.ІІІ. Сұрақ-жауап
* Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіз мемлекет атанды?
* Егемендік туралы Декларация қабылданған уақытты ата.
* Ең алғаш Конституция қай жылы қабылданды? Ата Заң дегенді қалай түсінесіңдер?
* Ең алғаш ғарышқа кім және қашан ұшты?
* Мемлекеттік рәміздерді білесіңдер ме? Олар қашан қабылданды?
* Қазақстанның астанасы Астана қаласына қашан көшірілді?
* Қазақстанның алғаш төл теңгесі қашан қабылданды?
* Сен өз құқығыңды білесің бе?
ІV. Тәуелсіздік алған еліміздің еркіндігін паш ететін мемлекеттік рәміздер - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтанбасы және Мемлекеттік Гимні туралы жаңа мәліметтер жеткізу
+ Бірінші тапсырма
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы туралы ой бөлісу және авторларын сұрау, бейнелеу

+ Екінші тапсырма
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтанбасы ой бөлісу және авторларын сұрау, бейнелеу

+ Үшінші тапсырма
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні туралы ой бөлісу және авторларын сұрау, бейнелеу

IV. Ойды аяқта
* Ұрлық түбі - .......... (қорлық)
* Біреуге ор қазба ...... (өзің түсесің)
* Заңның құрығы ..... (бәрінен ұзын)
* Қолыңмен істегенді ..... (мойныңмен көтер)
* Еңбек түбі - ...... (зейнет)
* Білім инемен ....... (құдық қазғандай)
* Ат айналып ....... (қазығын табар)
* Өнер алды - (қызыл тіл)
V. Қорытындылау


Ұқсас жұмыстар
Гуманист педагог абай құнанбаев
Қазақ - тілі өте бай тіл
Абай Он жетінші қара сөз
Адам көркі - ақыл
Бабалардың арманы тәуелсіздік
Абай құнанбаев "он жетінші қарасөз"
Үміт аялдамасы
Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру
Жетім әңгімесі
«абайдың он жетінші қарасөз» тақырыбын жобалау технологиясы
Пәндер