Математикалық кафе.

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Н. В. Гоголь орта мектебі
Математика пәнінің мұғалімі - Хайруллина Г. Б.
Математикалық кафе
Мақсаты:
- Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, сапалы біліммен қаруландыру, математикаға қызығушылығын арттыру.
- Оқушылардың іскерлік пен дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуына жағдай жасау.
- Оқушыны тапқырлықпен төзімділікке ұқыптылыққа, пәнге деген қызығушылыққа тәрбиелеу.
Сабақтан тыс шараның түрі : дидактикалық ойын.
Көрнекілік: кафе үлгісіндегі кабинет, үлестірмелі қағаздар, сілтемелер.
Шарты: кафе үлгісіндегі кабинетте математика мерекесіне қатысушылар
үшін үстел әзірленіп, «көршілер», «достар», «туысқандар»
сілтемелері қойылады. Ойынға 3 команда 6 оқушыладан
қатыстырылады және жүргізуші «бас аспаз».
Төрешілер үшін «Есепшілер конторасы» болады.
Жүргізуші : Құрметті математикалық кафенің қонақтары бүгін кафеміздің үш столының тапсырыс берген қонақтары бар. Соларды ортаға шақырып, таныстыруға рұқсат етіңіздер. Олар : математика мерекесіне қатысып отырған «Көршілер», «Достар», «Туысқандар» командаларымен той басқарушыларға «Қош келдіңіздер» деп алдарыңызға кафеміздің бүгінгі мәзірін ұсынамыз! Біздің тағамдарымыздан дәм татып, би-билеп, уақыттарыңызды көңілді өткізулеріңізге тілек білдіреміз!
Кафенің «бас аспазы» - мен Салаватова Гульмира.
Төрешілер - Хайруллина Гульмира апайымыз және Саяжан апай. Ендеше, мерекеміз ашық, дастархан жаюлы. Ас дәмді болсын!!!
Ас- мәзірі:
- Қуырдақ- «Кім үлгерді, сол жеді»
- «Үш бұрыш » қосылған сорпа
- Салат «Ұмытпашы»
- «Біздің дастарханнан- сіздің дастарханға . . . »
- «Ебін тапқан екі асар» қаймағы қосылған «Тезпісер» тағамы.
- Тоқбасар « логика қосылған балмұздақ»
Командалардың өзін таныстыруы және сәлемдесуі.
Командалар өздерінің тапсырмаларын көрсетеді: команданың аты, ұраны, сәлемі.
а) «Көршілер» командасы:
Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар және математикалық кафе иелері! Біздерді математика мерекесіне шақырғандарыңызға рахмет айтамыз. Біздер математиканың көршілеріміз. Ұранымыз: «Алыстағы ағайыннан жақындағы көрші артық!»
б) «Достар» командасы:
Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар және математикалық кафе иелері! Біздерді математика мерекесіне шақырғандарыңызға рахмет айтамыз. Біздер математиканың достарымыз. Ұранымыз: «Жүз теңгең болғанша - жүз досың болсын!»
в) «Туысқандар» командасы:
Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар және математикалық кафе иелері! Біздерді математика мерекесіне шақырғандарыңызға рахмет айтамыз. Біздер математиканың туысқандарымыз. Бір атадан тараған арифметика, физика, геометрия, химия сияқты ауылдардан келіп отырмыз. Ұранымыз: «Ғылым таппай мақтанба!»
Жүргізуші: Кеш қонақтары! Бүгінгі кештің ерекшелігі «ас мәзірінде» ерекше тағамдарға байланысты тапсырмалар бар. Тапсырманы орындаған командаға ұтыс беріледі.
Жұргізуші : Қуырдақ- «Кім үлгерді, сол жеді» берілген сұрақтарға бірінші жауап берген топқа бір ұпай қосылады. Әр сұрақ бір ұпай.
- Математиктердің ойынша бір поездың екінші поездан айырмашылығы неде?
- Балаларды жазалауда қолданылатын геометриялық фигура?
- Сөздің, өсімдіктің, теңдеудің ортақ несі бар?
- Күнмен дос геометриялық фигура?
- Бір жылда қанша толық апта бар?
- Одан ала берсең, ол үлкейе береді?
- Такси тұрағында он машина тұр еді. Алдыңғы екеуі жүріп кетті, нешеуі орнында қалды?
- Дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды?
- Жерден көтеру оңай, бірақ алысқа лақтыру қиын?
- Жылдың неше айында 28 күн бар?
- Қандай санның цифрында қанша әріп болса сонша цифр бар?
- Үкі басын неше градусқа бұра алады?
- Бір таңбалы санның соңына дәл сондай санды жаздық, сан неше есе өсті?
- Егер күзгі кеште сағат 10 да жаңбыр жауып тұрса, онда 48 сағаттан соң күн шығуы мүмкін бе?
- Қабырғасы 1см, 2 см, 3 см болатын үшбұрыш туралы не айтасың?
- Барлық араб цифрларының көбейтіндісі неге тең?
- Үш шофер болыпты . Олардың Самат деген інісі болса керек. Бірақта Саматтың ағалары болмапты. Сонда қалай ?
- Консерва калбырларының формасы қандай геомериялық фигураға ұқсайды ?
Сөз кезегін төрешілерге береміз.
Жұргізуші : келесі тағамымыз «Үш бұрыш » қосылған сорпа. Мұнда үш топқа тапсырма беріледі. Арифметикалық төрт амалды пайдалана отырып белгісіз санды табу керек:
12 8 6
5 7 6 8 10 4
14 5 12 3 17 9
10 6 5
8 6 5
- 6 5 12 15 9
Орындаған тапсырмаларды қорғай отырып төрешілерге тапсырамыз. Ас -мәзіріндегі келесі тағамымыз: Салат «Ұмытпашы». Берілген салатта топтар жасырылған ғалымдарды табу керек.
- «Көршілер»тобына тапсырма: Математика бойынша ол жазған екі кітап бүкіл әлемге араб цифрлары мен нөлдің тарауына септігін тигізді. «Арифметика» және «Алгоритм» терминдері ол жасаған сөздіктерден бізге келді, ал алгебра сөзі оның «Хибас әл - жабр уа-л мукабаля » кітабы тақырыбының бір бөлігі болып табылады. Ал географ ретінде сол кездегі белгілі әлемнің толық
картасын жасауға көмектесті.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz