Сабақ жоспары :: Музыка

Файл қосу

Күймен жұмыс жүргізу

5-класс оқушысы Хайролла Аянмен өткізілген ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: <<Күймен жұмыс жүргізу>>
Сабақтың мақсаты: оқушыны шығармамен жұмыс істеу білуге , тезірек жаттау әдісін үйрету, музыкалық шығармалар арқылы ой өрісін дамыту, музыканы сезінуге, түсінуге баулу.

Тәрбиелілігі: оқушыны халқының күйлеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, шығармаларды жатқа ойнай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
І. Қайталау: ең алдымен қайталаудан бастаймын.
1. Күй дегеніміз не?
2. Динаның қандай күйлерін үйрендік? Той бастар.
3. Күйдің шығу тарихы туралы сұрау?
4. Осы күйді тартқызу. Ойнау барысында динамикалық ерекшеліктеріне көңіл бөлу.
5. Б.Ғизатовтың 5 этюдін ойнату, гамма ойнау.

ІІ. Жаңа күй үйрену:

Динаның күйі 8 март

8 март күйі туралы түсінік беру.

* Дина күйлерінің ерекшеліктері жөнінде түсінік беру.
* Күйдің өлшемі, ырғағы, қағыстары лигалық ерекшеліктерін нотадан қарап, ауызша талдап аламыз.
* Фразаларды , музыкалық бөлімдерді қарындаш арқылы белгілеп аламыз.
* Домбыраны қолға алып, ерекше жерлерді көрсетіп, жаттығу есебінде ойнап аламыз.
* І-соғаны нотаны тікелей оқу арқылы баяу екпінмен тартып шығу,
* Екінші рет нотаны тікелей оқу арқылы мұғаліммен тоқтамай баяу екпінде қосылып орындау.
* ІІ- сағасының І-сағамен ұқсас жерлерін тауып, көрсетіп белгілеу.

ІІІ. Үйге берілген тапсырманы тыңдап тексеру:
* К.Күмісбековтың <<Балалар биі>> пьесасының 1-3 бөлімдерін динамикасына, апликатурасына көңіл бөле отырып, нотамен тартып шығу.
* Құрманғазының <<Адай>> күйін , әр дыбысын анық басып, динамикасына көңіл бөліп, мұғаліммен қосылып жылдамырақ екпінмен ойнау.

IV. Үйге тапсырма:
* <<8 март>> бірінші сағасын жаттау.
* <<Балалар биі>>, <<Адай>> екпін динамикасына көңіл бөліп қайталау.
V. Еңбегін бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Естемес мәтін басында
Оқушылардың пікір алмасуында топтық әңгіменің ролі
Лирикалық күймен жұмыс
Құпия әуен. Меңдібай Әбілұлы
Шылаудың емлесі
Тәрбие басы- отбасы дөңгелек үстел
Бесік жыры туралы ақпарат
Пайдалы қазбаларды көрсету
Әдебиеттік оқу. жеңіс күні.2 сынып
Өлеңнің екі шумағын өлең құрылысына талдау
Пәндер