Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын сценарийі
«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын сценарийі
25 мамыр 2010 жыл
1 –жүргізуші: Айтымбетов Қайрат, 2-жүргізуші: Тұрғынбаева Гүлбану
(мектеп алаңы безендірілген, шарлар, қоңырау, гүлдер ілінген, «Сәт сапар,
жас түлек!», «Түлеп ұшқанымызға 20 жыл» тақырыбында банерлер ілінген).
І. Сапқа тұрғызу.
ІІ. Рапорт тапсыру.
1-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2-Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі ата-аналар мен қонақтар!
1-Жүргізуші:
Думанды дүбір ән жырлы
Жайқалған өмір жас бағы
Мінеки, тағы бір жылды
Сырғытып ары тастады.
Ұстаздардың – жаны нұр
Шаттық күйін бөліскен.
Аяқталды тағы бір
Оқу жылы жеміспен.
2 -Жүргізуші:
Уақытың ақ желкенді бір кеме бұл,
Жақұтың жарқырап тұр нұр төге бір!
Аты тым жақын ұяң- мектеп болса,
Бақытың – алдыңдағы үлкен өмір!
Бөленіп алтын, темір, мыс, асылдар,
Өріліп алдан үлкен, кіші асулар,
Төгіліп сағыныштарың , қарлығаштар,
Керіліп келешекке ұшасыңдар!
1-Жүргізуші:
Бүгінгі салтанатты жиын – 2009-2010 оқу жылындағы 11 – сынып оқушылары
үшін аса салтанатты күн. Бүгін 11 – сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау
соғылады. 11 жыл бойы бұл оқушылар ұстаздарды тік тұрып қарсы алса, біз
бүгін үлкен өмірге қадам басқан түлектерді тік тұрып қарсы алайық.
1-Жүргізуші. Қарсы алыңыздар. Алдарыңызда 11А сынып оқушылары. Сынып
жетекшісі Бакирова Феруза Сәбитқызы. Сыныпта 15 оқушы. Олар:
сабырлы қыз - Айтқұлова Айғаным, мектептің еркесі - Балтакаев Айдос,
салмақты - Иманбеков Бақытжан, мектебіміздің еркесі- Иманбекова Мадина,
компьютер шебері - Қожабергенов Азамат, сымбатты - Қоңырбаева Назерке,
спорт шебері- Музафбаров Жандос, ағылшын тілі шебері -Мырзабаев Берік,
спорт шебері, дайын командир - Орманов Жансейіт, сынып оқымыстысы - Сыбанов
Нұржау, спорт шебері - Тұяқбаев Нұркен, орыс тілі шебері - Мәметтегі
Әлібек, келбетті - Қансейітов Күмісбек, сүйкімді оқушы Шатабаева Динара,
студент - Мейірбек Қуаныш.
2- жүргізуші: Қарсы алыңыздар. Алдарыңызда 11Б сынып оқушылары. Сынып
жетекшісі Орынбаев Жамбыл Әзімханұлы. Сыныпта 15 оқушы. Олар: «Үздік
аттестат»үміткері, мектеп мақтанышы –Сәбитова Айжан, «Кіші ғылым
академиясы» жеңімпазы, қазақ тілі білгірі – Досалиева Айдана, мектептің КТК
тобының белсенді мүшелері – Лауланбеков Арман, Ахметов Риза, Ұлы Жеңістің
65 жылдығына арналған ғылыми жобалар жарысының І орын иегері – Дүйсенбекова
Айдана, сынып математигі – Оразқұлова Балнұр, сынып тарихшысы – Нұргелдиев
Нұрдәулет, шахматшы – Елібаев Нұржан, сыныптың мерген оқушысы – Базарбаев
Бексұлтан, сыныптың дойбы шебері – Орзақұлова Гүлнұр, сынып бишілері –
Сәрсенбаева Бақыт, Утеева Бағила және Төлеметов Абзал, сынып әншісі –
Утемуратова Мөлдір, сынып оқымыстысы – Махамбетов Емен, сыныптың еркесі –
Айдарбек Алмас.
Сынып жетістіктері – 2009 ж. аудандық акция ІІ орын, аудандық КТК ойындары
ІІ орын, 2010 жыл - аудандық КТК ойындары І орын.
1-жүргізуші:
Құрдастар, сыныптастар, парталастар,
Шәкірттер бір кездегі балғын жастар
20 жыл бұл кісілер мектепті бітіргелі
Бастарын қосқалы отыр, бүгін достар.
2-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар! Бүгінгі біздің салтанатты
жиынға мектепті 1990 жылы бітірген түлектер, яғни 20 жылдық кездесуге
келген сыныптастар қонаққа келіп отыр. Ендеше салтанатты жиын алаңына аға-
әпкелерімізді шақырамыз. (20 жылдыққа кездесуге келген қонақтарды орнына
жайғастыру)
ІІІ. «Мектеп түзулен! Тік тұр! Мектеп туы ортаға әкелінсін!»
ІҮ. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: «2009-2010 оқу жылының
аяқталуына арналған «Сыңғырла, соңғы қоңырау! атты салтанатты жиынды ашық
деп жариялаймыз!».
Ү. ҚР Мемлекеттік Гимні.
1-Жүргізуші.
Бүгінгі салтанатты жиынға келген құрметті қонақтармен таныстырып кетсек:
1.--------------------------------------------------------------------------
------------------------
2.--------------------------------------------------------------------------
------------------------
3---------------------------------------------------------------------------
-----------------------
4.--------------------------------------------------------------------------
------------------------
1-жүргізуші:
Келешек қой түлектер барға шүкір
Алдарында ақ қанат арманы тұр.
Жүректері лүпілдеп, тебіреніп.
Жетелейді қиялы алға ұшқыр!
Ажырамай ұжымынан бір елі сіз
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз
Сөз берелік мектептің басшысына
Түлектерге арналсын тілегіңіз.
Құттықтау сөз мектеп директоры Бейсенова Ғалия Дайрабайқызына беріледі
(мектеп директорының құттықтау сөзі).
2-Жүргізуші:
Тек жүректен арналар сөзіміз де,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берейік құрметпен өзіңізге
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.
Сөз кезегі құрметті қонағымыз-----------------------------------------------
-----беріледі. (Гүл шоғын бітірушілер сыйлайды)
1-Жүргізуші.
Күмбірлей күй естілсе домбырадан
Көңілге шаттық сезім қондырар ән.
Шымырлай шыққан кезде шырқау көкке
Елітіп тұла бойың балбыраған.
«.........................» әні ұстаздар қауымына арналады. Орындайтын
............................................................................
................................
1 жүргізуші:
Жайнаса бал-бұл бүлдіршін
Бір сынып тағы өрлеген
Түлектер тұйық, кім білсін.
Сезім бе қимас кернеген
Мерейлі топтан алқалы
Сыр тартып бір көрейік
Сөз кезегін, ал қане,
Балдырғанға берейік.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды.
Құттықтау кезегі бірінші сынып бүлдіршіндеріне беріледі.
1-оқушы: Мектепке былтыр күз келген
Оқушымыз құлықты.
Аяқтадық біздер де,
Бірінші міне сыныпты.
2-оқушы: Жаза аламыз, хат танып,
Оқуға да машықпыз,
Тақпақ та талай жаттадық.
Көп білуге асықпыз.
3-оқушы: Өнеге үлгі -саналар,
Қамқор боп, бізді мәпелер,
Жолдарың болсын, ағалар!
Жолдарың болсын, тәтелер!
4-оқушы: Өмірдің жолы сән өмір,
Алдыңда толған таңдау бар.
Білімге қосып өнерің
Биікке асқар самғаңдар.
5-оқушы: Жігерлеріңмен арынды,
Арманды балғын гүлдетіп.
Толымды табыстарыңды,
Жүрейік біздер үлгі етіп.
6-оқушы: Қыран боп көкке самғаңдар.
Атағың кетсін көп- көпке.
Намысты ту ғып ұстаңдар
Кір келтірмей мектепке
7-оқушы: Ашылып өмір бағы алдан,
Қиялдың құсын ерттеп ап
Бұл күнге, арман саналған,
Жетерміз бізде ертең-ақ.
8-оқушы: Шалынып періштелерге
Ақ бата, ізгі тілектер.
Жол тартқан үлкен өмірге,
Сәт сапар болсын, түлектер!
9-оқушы: Сабақта да алдамын,
Кілең «бестік» алғаным,
Сендердей үлкен жігіт боп,
Ер жету-бар арманым.
10-оқушы: Армандаңдар,
Сол арманда зор мән бар,
Жақсылықты ақ жүрекпен қолдаңдар.
Асқақ арман-үлкен өмір бастауы,
Болашаққа бақыт үнін жолдаңдар!
11- оқушы: Қиындықтар мойытпасын сендерді,
Батылдық пен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар енді елді.
Үлгілі болып сіздердей
Үлкейеміз біздер де.
Біз де ойшыл, өнерлі
Боламыз істің шебері.
Көп екен «төрт»,бесіңіз»
Өмірде өстіп өсіңіз.
Талай сыннан өттіңіз
Кәмелетке жеттіңіз
Қыран болып ұшыңыз,
ВУЗ-ға барып түсіңіз.
Еңбекте көп қуаныш
Елде талай туар іс.
Кемелденген маман боп,
Келіңіздер аман боп.
Мерейлі боп күніңіз
Мектепке кеп тұрыңыз.
Сағынамыз күн сайын,
Кездесейік жыл сайын.
Сіздерге жалын жүрекпен
Айтамыз достық тілекпен.
Әрқашан сәтті жол болсын
Сапарларыңыз оң болсын
1-сынып оқушысы Бостан Ақботаның «.........................» әні мектеп
бітіруші түлектерге арналады.
1-жүргізуші: Алдыңа келіп, ұстазым,
Тұңғыш қалам ұстадым.
Күлімдеген көзіңнен.
Мейірім мен сезінгем.
Сипадың да басымнан,
«Әліппені» ұсындың.
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім.
Мектеп бітіруші түлектер, 11 жыл бойы сендерді білім нәрімен сусындатқан
мұғалімдердің арасында бүгін өздеріңнің алғашқы ұстаздарың тұр. Олар:
Тұрғынбекова Гүлзат,
......................................................................
келесі құттықтау сөз алғашқы ұстаздарға беріледі.
2-Жүргізуші.
Ұрпақсыз шәкірттерге бақ келген бе?
Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?
Он бір жыл сыныбы үшін жанын салған,
Сөз кезегі - жетекші бапкерлерде.
Ортаға екі сыныптың сынып жетекшілері Орынбаев Жамбыл Әзімханұлы мен
Бакирова Феруза Сәбитқызын шақырамыз.
Музыкалық номер. ???????????????
1-жүргізуші:
Береке мен бірліктің басын құрап,
Жүрген жандар жайқалған жасыл құрақ,
Бітіргелі мектепті 20 жыл боп,
Сағынысып кездесу – асыл мұрат, - дей отырып, бүгінгі «Соңғы қоңырау»
мерекесінің арнайы қонақтар, мектептің 1990 жылғы түлектеріне сөз кезегін
береміз. (20 жылдық кездесуге келген қонақтар сөзі)
Музыкалық номер. ???????????????
2-Жүргізуші:
Алдарыңнан арман жолы ашылады.
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен 11-дің «алтын кілтін»
Ізін басар сыныпқа тапсырады.
Білімнің алтын кілтін 2010 жылғы «Үздік аттестат» үміткері Сәбитова
Айжан 2011 жылғы «Алтын белгі» үміткері Молдыбай Ринатқа тапсырады.
Айжан:
Білімге басқан жастарың,
Ғылымды іздер үңіліп,
Өмірге сапар бастадық,
Алдымда күліп тұр үміт.
Білімді құйып санаңа
Шәкірт болыңдар білікті.
Орнымызды нық басар деп,
Тапсырамыз «Алтын кілтті».
Ринат:
Қанатын қағар ақ жолдан
Болыңдар сендер жаңа ұрпақ.
Жарқыраңдар жұлдыздай
Қарасын жұрт таңырқап.
Аяқтап бүгін мектепті
Гүлдерге толды қолдарың.
Шаттықтан тіпті ес кетті ,
Сәт-сапар болсын жолдарың.
1-жүргізуші: Жүректер лүпіл қаққан қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман
сезімдері араласқан осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы, өмір жолының
алғашқы қадамында тұрған жас түлек, ендігі сөзді сендерге береміз.
Утемуратова Мөлдір.(директоры Бейсенова Ғалия Дайрабаықызына)
Жүрегі – нұр, өмірі – гүл ұстаздың,
Сондықтан да ұстазыма ұқсадым.
Ақ көңілде қарапайым қашанда,
Құрметтейміз өзіңізді Ғалия апай ұстазым.
Утеева Бағила. (ДТІЖО Сандыбаева Л)
Жүресіз баршамызды сүйсіндіріп,
Даналықтан қазына жүресіз жиып.
Ұстаздарды жетелеп ұлылыққа,
Тұғырында өмірдің тұрсыз биік.
Асыл қасиет жас жүрекке ектіңіз,
Шәкірттердің бойына білім нәрін септіңіз.
Мектептің абыройын биік ұстап,
Еліңізге адал қызмет еттіңіз.
Ләззат апай қабыл болсын тілегіңіз,
Мың алғыс айтады сізге түлегіңіз.
Базарбаев Бексұлтан: (Химия пәнінің мұғалімі Елеуісова Ә)
Әлиза апай ұрсып бізді төпеледің,
Химияға үйреттің, жетеледің.
Шаршауды ешқашан білмеп едің,
Есіміңді төбеме көтеремін.
Сыбанов Нұржау. (Тарих пәнінің мұғалімі Шораева Л)
Мектебім төл емгізген ана тектес,
Шын ұстаз сөзің асыл ойдан кетпес.
Танытқын тарихымды Ләззат апай,
Еңбегіңе ешқашан баға жетпес.
Мырзабаев Берік. (Еңбек пәнінің мұғалімі Қасымханов Ә)
Үйретіп өмір ұстазым,
Үлгілі іске нұсқадың.
Ақкөңіл, іскер қашанда,
Әуез ағай – сүйікті ұстазым.
Қоңырбаева Назерке. (Еңбек пәнінің мұғалімі Сәрсенбаева А)
Сөз сөйлесе жарқын – ақ,
Күніміздей жарқылдап.
Қызық өтіп сабағы,
Өсіреді ой – санады.
Біздермен ойнап күледі,
Сырымызды біледі.
Қасымызда қашанда,
Қамқор болып жүреді.
Анар апайға
Алғыс айтады түлегі.
Ахметов Риза. (Ағылшын пәнінің мұғалімі Базарова Р)
Роза апай, сізді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде жатталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады.
Досалиева Айдана. (Биология пәнінің мұғалімі Оразбақова А)
Ақбілек апайға жұрт қараған,
Білім нәрі өзіңізден тараған.
Өзіңізден білім алған бар адам,
Туған елдің құрметіне жараған.
Махамбетов Емен. ( Алгебра пәнінің мұғалімі Пернебаева А)
Тәрбиелі сөз сөйлейсіз санадан,
Еңбекқорсыз бал жинаған арадан.
Алтын апай, өзіңізді жарық нұрға балаймыз,
Өзіңізді алып қырға санаймыз.
Қожабергенов Азамат. (Ағылшын пәнінің мұғалімі Медерова Г)
Жас ұрпаққа жалынды,
Сөз маржанын дарытқан.
Өзге тілді меңгерген,
Тіл білуді жөн көрген.
Гулзипа апайымыз ардақты,
Орны ерекше салмақты.
Тұяқбаев Нұркен. (Өнер және музыка пәнінің мұғалімі Тұрмаханов М)
Биік сенің ұстаздық қасиетің,
Мінезің жоқ қиынға бас иетін.
Өнерге тәрбиелеп, құлшындырған,
Қымбатты да ардақты Марат ағай,
Жүрегімде әркез айтқан өсиетің.
Иманбекова Мадина. (Әдеп пәнінің мұғалімі Тұрғынбекова Г)
Білімнің байыбына барып терең,
Гулзат апай бастап еді Әліппеден.
Жаны жасыл ұстазымызға 1000 алғыс,
Бастаған тәрбиесін алып келем.
Нұргелдиев Нұркеш. (Математика және физика пәнінің мұғалімі Тастанов Н)
Шамамызша физикадан намыс бермедік,
Дайындалмай сабағыңызға келмедік.
Білмесек те Нұржан ағай сіз бізді,
Еңбегіңізді ақтаймыз деп еңбектеніп терледік.
Нұрдәулет. (Орыс тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі Тұрғынбаева М)
Жайраңдан көктемім, күледі көкте күн,
Құшағын тұр жайып аяулы мектебім.
Орыс тілін меңгерткен Мадина апай,
Ісіңмен үлгісің, қарызым көп менің.
Мұзафбаров Жандос. (Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Тасболатов Е)
Кейде сенің көкендей,
Айтар барлық ақылын.
Сыйлар дауыс көтермей,
Сабыр сақтап ақырын.
Ержан ағай сіз бізге,
Боп кеттіңіз жақыным.
Оразқұлова Балнұр.(Информатика пәнінің мұғалімі Елікбаев Қ)
Білімді шәкірттерін аялаған,
Жақсылығын ешкімнен аямаған,
Қалижан ағай – жанашыры жас ұрпақтаң,
Ұстаз деген – ардакты, аяулы адам.
Сәрсенбаева Бақыт. (Оқу ісі меңгерушісі Қарабаев Ж)
Жас болса да мектебіме бас болған,
Ұйымшылдық ұжым үшін жақсы деп.
Жасұлан ағай үміт күтеді жастардан,
Айтатыны ақ бата мен ақ тілек.
Оразқұлова Гүлнұр. ( Құқық пәнінің мұғалімі Мұсырманов А)
Адамбай ағай, өлшемі жоқ бағаңның,
Айтындаршы таласады оған кім?
Еленуде елге істеген еңбегің,
Айтады алғыс шәкірттерің сізге мың.
Елібаев Нұржан. (Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Елібаев С)
Спорттан талай шәкірт даярлады,
Шәкіртіне бәрін берді, аямады.
Әзілі бірге жүрер өзімен
Сайын ағай қашып кетсек аямады.
Лауланбеков Арман. ( БӘД пәнінің мұғалімі Жақсылықов М)
Даламдай кең түсінігі, ұғымы,
Қазаққа тән мінезі мен қылығы.
Мұрат аға деп ойлаймыз кейде біз,
Қалған екен жақсылардың сынығы.
Айтқұлова Айғаным. (Қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі Рысбекова Ж)
Келеді сыр сыйлағым, жыр сыйлағым,
Жанымның жиып алып тылсымдарын.
Тыңдамай балалықпен кетсек те ойнап,
Жаңыл апай үйреттіңіз өмірдің қыр-сырларын.
Орынбаев Жамбыл ағай, Бакирова Феруза апай
1-Жүргізуші:
Бүгінгі салтанатты жиын тек бітірушілер құрметіне ғана арналмайды, ол
сондай-ақ 2009-2010 оқу жылының қорытындысын шығару жиыны. Салтанатты
жиынымыздың марапаттау рәсіміне кезек берейік. Оқу озаттары мен мектептің
қоғамдық жұмысына белсене қатысқан оқушыларды, сондай-ақ үздік
жетістіктерге жеткен ұстаздар қауымын мақтау қағаздарымен марапаттау үшін
сөз оқу ісінің меңгерушісі Қарабаев Жасұлан Нышанұлына беріледі.
- Марапаттау рәсімі;
1-Жүргізуші:
Гүлдерге толып омырау
Түлектер тойын тойлайды.
Қағылмақ соңғы қоңырау
Қаққызбай өмір қоймайды.
Соңғы қоңырау соғу салтанаты құрметпен 11-сынып оқушысы
--------------------------------------------------------мен 1-сынып оқушысы
-------------------------------------------------------- тапсырылады.
Бүгінгі күн – жас түлектің жаңа өмір баспалдағына жолдама берілетін
күн.
2-Жүргізуші:
Көгершіндей самғаңдар, түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.
Дірілдеді-ау ерекше жүректерің.
1-Жүргізуші:
Бұл соңғы қоңырау үні... Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу
үні. Осыдан 11 жыл алдын өздеріңе жаңа ғана ақ жол тілеген бүлдіршіндер
секілді едіңдер. Көз салып қараңдаршы... сендер де сондай тәтті едіңдер,
бір сәт балалықпен қауышыңдар...Әне, олар сендерді үлкен өмірге
аттандыруға бара жатыр ... Жүректерің не дейді?
Дауыс (музыка әуенімен):
Бүлдіршіндер өздеріңдей болғанбыз,
Құшақ ашқан алтын ұя ордамыз.
Сол бір сәттер енді қайта келер ме?
Балалығым біз өзіңді қимаймыз,
Алтын ұя мектебім мен аяулы
Ұстаздарым өздеріңді қимаймыз.
Қош бол енді балалығым бал дәмім
Мен өзіңді ғұмыр бойы аңсаймын.
1-Жүргізуші: Үлкен өмірге аттаған қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң
болсын! Жас түлектерді соңғы сабағына ақжол тілей отырып, шығарып салайық!
2-Жүргізуші:
Қоштасады алтын ұя мектебің,
Маңдайыңнан сипап өтсін көктен күн
«Сәт сапар!» деп қол бұлғайық бәріміз,
Тілейік біз армандарға жеткенін.
ІІІ. «Мектеп түзулен! Тік тұр! Мектеп туына тіктеліңдер!»
ІҮ. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: «2009-2010 оқу жылының
аяқталуына арналған «Сыңғырла, соңғы қоңырау! атты салтанатты жиынды жабық
деп жариялаймыз!».
1-Жүргізуші:
Жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылына амандықпен
жолыққанша сау-саламатта болыңыздар!!!
2-Жүргізуші:
Алаңда мектеп бітіруші түлектердің құрметіне би кеші жалғасады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz