Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Интерактивті оқыту арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру



Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп

Баяндама

Интерактивті оқыту арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру

Дайындаған: Ешниязова М.М.
(бастауыш сынып мұғалімі)

Шалкар – 2010

Соңғы жылдары елімізде экономиканың өсіп-өркендеуіне орай, білім беру
саласында да елеулі өзгерістер жүргізілуде. Оқыту мен тәрбиелеуге тың әдіс
– тәсілдер жасалды. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп,
білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келуде.
Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық – педагогикалық
бағыттағы негізгі ой-тұжырымдары төмендегідей сипатталды:
1. Есте сақтауға негізделген оқып-білім алудан бұрынғы меңгергендерді
пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу.
2. Білімнің статистикалық үлгісімен ақыл-ой әрекеттерінің динамикалық
құрылым жүйесіне көшу.
3. Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп,
саралап оқыту бағдарламасына көшу.
4. Мұғалім мен оқушының бірігіп одақта қызмет істеуі. Мұғалім де,
оқушы да субъект болуы.
Бұл міндеттеді жүзеге асыру үшін мектеп ұжымында әр мұғалім күнделікті
ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-
қатынас жасаулары керек. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық
технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік,
адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін
тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына
көмектеседі.
Кез келген оқыту технологиясы оқутышыдан терең теориялық,
психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық
шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап
етеді.Оқыту технологиясынна белгілі ғалым В.П.Беспалько «Практикада іске
асатын нақты педагогикалық жүйе - жоба», деп анықтама берді.
Шын мәнінде педагогикалық технологиялар тарихын, оның пайда болуын,
мақсат-міндеттерін, қызмет ету үрдісін зерделеп талдау, олардыңмаңызды
құрылымдық түрлерін айқындау ой елегінен өткізу оқушыларға құнды
педагогикалық іліммен қарулануға мүмкіндік береді. Оқыту барысында жаңа
технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін
дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой-өрісін кеңейтеді, есте
сақтау қабілеттерін өсіреді.
Бастауыш сынып оқушысының жас мөлшері 6-10 жас аралығын қамтиды.Бұл
жас баланың ақыл-ойының дамуы үшін қолайлы кезең. Бастауыш сыныптың негізгі
міндеті – баланың жеке басының бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның
қабілеттерін анықтау мен дамыту.

[pic]

Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр
ұстаз алдында отырған баланың жас ерекшелігін ескеріп, өзінің шеберлігіне
орай таңдап алады. Балаларды сүйетін, өз пәнін жетік меңгерген, психология,
педагогиканы терең меңгерген нағыз мұғалімнің алдында білім алған бастауыш
сынып оқушысының бейнесі мынадай болуы тиіс:

Неміс педагогы А.Дистерверг өзінің әйгілі «Неміс мұғалімдерінің білім
беру ісіне басшылық» атты еңбегінде «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып
береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға
үйретеді»-деген.
Міне, осындай оқытудың жаңа технологияларының бірі интерактивті оқыту
әдісін мен өз тәжірибемде қолданып келемін.
Интерактивті әдісті пайдаланудың тиімділігі сол оқушының өз ойын
еркін, жүйелі айтуына, ұйымшылдыққа тәрбиелейді.Әсіресе табиғатынан тұйық,
өз ойын жеткізе алмайтын, өздеріне сенімсіздеу оқушыларға пайдасы зор.

[pic]

«Интерактивті оқыту» терминдерінің ортақ түбірі интер ағылшын тілінің
«inter» (между) аралық «act» (действовать, действие) әрекет ету деген
сөздерімен енген.
Интерактивті әдістер тіркесін оқушылардың өзара әрекет етуіне жағдай
жасайтын әдістер деп түсінуге болады.
Сондықтан олар сабақта ынтымастық педагогикасының жүзеге асуына,
бірлесіп әрекет етуіне сабақта жайлы да жағымды психологиялық жағдай
орнауына мүмкіндік жасайды.
Интерактивті әдістерді қолдануда мұғалім кейбір ережелерді естен
шығармауы абзал.
Бірінші ереже: Сынып оқушыларының барлығы сабаққа түгел қатыстырып,
танымға жұмылдыру.
Екінші ереже: Оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау. Оқушыларды
жиі мақтап, қолпаштап отыру.
Үшінші ереже: Сынып талапқа сай болуы қажет.
Төртінші ереже: Әрбір қатысушы өз пікірін, көзқарасын білдіріп,
дәлелдеп беруге мүмкіндік жасалу қажет.
Бесінші ереже: Оқушыларды проблема шешу барысында топқа бөлуге мұқият
қарау.
Үстіміздегі ғасыр – жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту
ғасыры.
Олай болса, мұғалімдердің алдында тұрған бірден-бір мақсат оқушылар
алған білімдерін пайдаға асырып, өзара әрекет ете алатын азаматтың ұлттық
құндылықтарды меңгерген жеке тұлға тәрбиелеу.
Интерактивті әдіс сыныптағы тыныштықты бұзады, ол тәртіпсіздікке алып
барады деген пікір айтылады. Интерактивті әдістің дәстүрлі әдістен
ерекшелігі оқушыны қозғалысқа түсіру. Мысалы, шетел тіпті орыс халқы мен
қазақ балаларын салыстырмалы түрде қарасақ, екі ұлттың балаларына қарағанда
қазақ балалары жасқаншақ. Ал орыс, шетел балалары өз ойын ашық айтып, дәлел
келтіріе, белсенділік танытады.
Ендеше, неге қазақ балалары да осындай болмасқа. Бүгінгі таңда басты
мәселе де бәсекелестікке қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Қоғамның әрбір даму
кезеңі ең алдымен, сол қоғамға сәйкес жаңа адамды қалыптастыруды
көздейтіні – ешқашан маңызы жоймайтын тарихи құбылыс. Ұлы педагог
М.Жұмабаев: «Баланы тәрбиелеу қылу – тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен
күресе білетін адам шығару деген сөз. Қалса өзін, асса барлық адам баласын
әділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз. Тұрмыста түйінді
мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстың тұңғиық теңізін қалын қайрытымен
шеше білетін, адалдық жолға құрбан бола білетін, қысқасы адамзат дүниесінің
керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел адам етіп шығару. Бала мұндай
адам қыла алу үшін тәрбиені бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай,
шаршамай үйрете білуі керек» деген болатын.
Өзім оқушыларға сабақты екі бағытта жүргіземін.
1. Халық ауыз әдебиеті арқылы білім беру. Біздің ата-бабамыз салт-
санамызды, әдет-ғұрыптарымызды ұрпаққа мирас еткен. Халықтың осы
тәрбиесін ұстанамын.
2. Қазіргі таңдағы жаңа педагогикалық технологияларға сүйенемін.

Топтағы жұмыстың пайдасы
❖ Оқушы жалпы жұмысқа қосатын үлесін өзі анықтайды, сондықтан
сабаққа бар ықыласымен кіріседі.
❖ Белгілі бір жүйеден шықпай, қатып қалған оқу тәсілі өзгереді.
❖ Оқушылардың өздеріне деген сенімі нығаяды.
❖ Бірлесе жұмыс істеу балалардың арасында ынтымақ бірлікті,
әдептілік қасиеттерін қалыптастырады.
Әр топтың жұмыс нәтижесін бағалайтын нақты бір жүйе дайындап алу шарт.
Оқушылар жолдастарының жұмыстарын талдай отырып, ойларын ашық айтуға
үйренеді.
Топтағы жұмыс оқушылардың бірге жұмыс істеуіне жеңілдетуге арналған
әдіс. Оның өз тәжірибемде тиімділігі мынадай болады.
Мысалы дүниетанудан өткізген «Су еріткіш», «Су маңызы» сабағы топ
бойынша өткізілді. Сонымен бірге берілген тапсырмаларды орындау барысында
керемет көлдің макетін құрастырып шығатынымыз туралы айтылып өтті. Үй
тапсырмасы сұрақ – жауап түрінді сұралды. Бұл жерде ұтқаным уақытты
үнемдей білдім. Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыруда өлең жолдары
оқылып, өлеңнің мағынасы ашылды. Сонымен қатар жаңа сабақ оқушыларға
түсіндірілді. Яғни оқушының білім, білік дағдысын тексеру мақсатында топ
тәжірибелер жасау арқылы судың қасиеттерін өздері анықтады. 1 – топ
оқушылары суға қант салып тәжірибе жасаса, 2 - топ тұзбен тәжірибе жасады,
3 – топ суға сөз тәжірибе жасады. Яғни тәжірибе жасау арқылы көзбен көріп,
колдарымен өздері тәжірибені жасау арқылы судың еріткіш қасиетін анықтап
және суда ерімейтін заттардың бар екенін анықтады.
Мәтін бойынша түрлі жұмыстар жүргізілді. Дауыстап, тізбектеп оқыту
түсініксіз қиын сөздермен жұмыс түрлері жүргізілді. Сабақтың дамытушылық
кезеңінді І топ – су туралы мақал мәтел айтып, мағынасын ашып түсіндірді.
2 топ – суда мекендейтін құстарды атап, осылардың пайдасы туралы
білгендерін айтты. 3 топ – суда өсетін өсімдіктерді атап, пайдасын атап
өтті.
Сонымен бірге тиым сөздерді айтып, мағыналары ашылды. Елбасының
«Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» бағдарламасы туралы айтылды.
Бекіту кезеңінде.
1. Өзен, көл жағасындағы өсімдік, ағашты неге кесуге болмайды?
2. Суды қалай қорғау керек?
3. «Сусыз тіршілік жоқ» дегенді қалай түсінесің? Балалар біз ненің
макетін құрастырып шығардық? Тәрізді сұрақтар қойып, қызу пікірталас
есебінде сабақтың соңы қызу тартысқа айналды.

[pic]
Сабақтың соңы «Шалқар вальсі» әнімен аяқталды.
Қазіргі таңда әрбір педагог баланың ойынан шығып, қажеттілігін
қанағаттандыра білуге дайын болуы тиіс. Өйткені қазіргі мектеп жасындағы
балалар қай сыныпта оқыса да, қай жаста болса да өзінің кім болатынын,
қандай адам болатынын армандайды және өмірден өз орнын табуды басты мақсаты
деп санайды, сондай-ақ өзіне айналасындағылардан дұрыс бағдар беретін ақыл-
кеңес күтеді.
Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды
қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі
қоғамның мүддесі мен әр баланың үрдісінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы
жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғалы тек қана жаңа
тұрпатты педагог қалыптастыра алады.
Егер әр педагог өзі таңдаған әдістемелік жолын тың идеяларға негіздей
білсе, жаңа педагогтардың саны арта түсер еді. Сөзімді ұлы ғұлама Летурно
сөзімен қорытқым келіп отыр: «Егер сен тәнді шынықтыру, ерік-жігерді
шындау, жүректі ізгілендіру, ақыл-ойды жетілдіру және сана сезімді
теңестіру әдістерін білетін болсаң-онда сен нағыз ұстаз, тәрбиешісің».[pic]
-----------------------
Бастауыш мектеп

Оқу қызметін қалыптастыру

Жеке тұлға

Мінез-құлық мәдениеті

Өзін-өзі шығармашылық тұрғыда таныту

Бастауышты бітірген оқушы бейнесі

Білім стандартына сай міндетті мүмкіндігін деңгейдегі біліммен қаруландыру

Өз бетінше үйренуді мақсат еткен

Өз ойын еркін айта алатын

Танымдық күші қалыптасқан

Білімге деген қажеттілікті ұғынған

Интерактивті оқыту

Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелеу

Жан-жақты ізденушілігін арттырады

Еркін ойлауға мүмкіндік береді

Ақыл-ойын дамытады

Шығармашылық белсенділігін, тіл байлығын дамытады

Еріткіш

Жұққыш

Аққыш

Иіссіз

Мөлдір

Түссіз

Су


Ұқсас жұмыстар
Интерактивті әдіс - тәсілдер
Алған білімді жүйелеу
Таным үрдістері
Ойын - балалар үшін күрделі әрекет
Теміржол мамандарын даярлауда химияны оқытудың интерактивті әдістері
Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау
Оқу үрдісін ақпараттандыру арқылы информатиканы оқыту
Математика сабағында жеке тұлғанының таным белсенділігін арттыру
Оқушының математика сабағында шығармашылық қабілетін дамыту
Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру
Пәндер