Қазақтың салт-дәстүрлері-ай

Тақырыбы: Қазақтың салт-дәстүрлері-ай

Мақсатым:

1) оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету;

2) ата-анамен тығыз байланыс жасау арқылы ортақ тәрбиеге жұмылдыру.

Көрнекілігі: суреттер, шарлар, бүктемелер, слайд, ұлттық бұйым көрмесі

Жүргізушілер: Нұрғазы Мирас, Нұрғазы Нұрсұлтан,

Сабақ барысы:

Мирас:

Ата салтым -асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым.

Нұрсұлтан:

Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой, тәрбие көзін қалдырған.

Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын.

Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.

Мирас: Ассаламуалейкум, салтын сақтап, ата-дәстүрін ардақтаған ағайын!

Нұрсұлтан:Армысыздар, бармысыздар, қазағымның қазынасын қастерлеп, барын бағалаған әлеумет!

Нұрсұлтан:

Жиналыппыз сәтті күні бәріміз,

Үлкен, кіші, жасымыз да, кәріміз.

Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар,

Қош келдіңіз мынау - сіздің төріңіз.

Мирас: Өнерлі халық- өміршең халық, дейді емес пе?Олай болса, қазақтың әдет-ғұрпына, салт-дәстүрлеріне бағытталған «Салт-дәстүр-асыл қазынам» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!

«Сарыарқа» күйі орындалып тұрады

Динара:

Шашу, шашу, шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойда

Керемет рәсім жасайық!

(шашу шашады)

«Шашу» биі. Орындайтын: «Бишілер» тобы

Ұлдана Қуандыққызы «Елге сәлем» әнін орындайды.

(«Жұмыр қылыш» күйі орындалып тұрады)

Ермахан:Сүйінші, сүйінші! Анам дүниеге сәби әкелді.

Жанел: Ой айналайын, балам, бұл қуанышты хабар ғой. Сүйінші сұрау-шын қуаныштың белгісі. Қазақ сүйіншіден несін аяған. Мінеки, сүйіншіңді ала ғой. (қол орамал береді)

Іңкәр: Ой бәрекелді!

Ермахан: Ата, апа, жүріңіздер кеттік, сәбидің атын қояйықшы!

Жанел: Жарайды, кеттік балам.

(сахнада баласын тербетіп ана отыр. Келін:

-Төрлетіңіздер!

Жанел:Айналайын, құлыным! Әкесінен аумай қалған өзі!

Абылай: Кел, келін, құлыншағымыздың атын қояйық.

Сенің атың-Ұлболсын(3рет)

Артынан ұл туылсын деп, ырымдап қойдық.

Жанел:Ал, келін, баланы бесікке бөле.

Біз анау көрші кешке соғым басына шақырған, соған барып келейік, жүр, Әбеке!

(кемпір-шал шығып кетеді)

Келін: Ботақаным, жата ғой, тәтті ұйқыға бата ғой.

(бесік жырын айтады)

(Жанел Дана немересіне базарлық береді)

(арада 1 жыл өтті)

Аділет: Асқар көкеміздің үйіндегі жеңгеміздің баласы бір жасқа толып, бүгін соның тұсауын кесейін деп жатыр екен.

Атасы:

Ой бәрекелді, онда не тұрыс, кеттік, тұсау кесер тойына барайық!

«Бүлдірген» әні. Орындайтын Ұлдана Қуандыққызы

Нұрсұлтан:

Ал, халайық, халайық,

Барің мында карайық

Мирас:

Той думан ендеше

Тұсаукесермен жалғайық.

«Арулар» тобы «Тұсаукесер» әнін орынлайды

«Тұсау кесер» рәсімі орындалады.

Мұғалім: Еліміздің жарқын болашағы сіздердің колдарыңызда, құрметті окушылар!Халқымыздың ғасырлар бойы жасап кеткен тарихы - бүгінгі үрпақ үшін баға жетпес үлкен қазына, мүра. Бұл мұраларымыз имандылық, ғибраттық, әдет- ғұрпымен, салт-дәстүрімен қымбат. Осынау ұрпақ тәрбиесінің қымбат қазынасын мұралыққа алған біздер оның ішіне үңіліп, одан өз болмысымызға керек-жарақтарымызды алуға тиіспіз. Өзін қазақпын деп санайтын әрбір жас жеткіншек казақтығын дәлелдей алатын істерімен өзгеге өнеге болуы керек.

Мирас:

Жақсылық ашып арнасын,

Той-тойға жалғассын!
Нұрсұлтан:

Шаттанайық бәріміз,

Кәрі-жасы қалмасын!

Бірге: Келесі кездескенше, сау-саламатта болыңыздар, тойшыл қауым!

«Мен Қазақпын» әнімен аяқтау


Ұқсас жұмыстар
Наурыз атаулары, Наурыз көже
Қазақ деген халқымыз
Жеті ата Жеті септік Жеті жұт
Сөз өнері сайысы
Қазақтың салт - дәстүрлері Тәрбие дәстүрі
Бесік тойы
Ата-бабаларымыздан қалған салт-дәстүрдің бірі - «ерулік»
Ата салтым - асыл қазынам
Қазақ дейтін халқымыз
Қонаққа шақыру рәсімдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz