Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Зат есімнің жекеше және көпше түрі


Сабақтың тақырыбы:Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Сабақтың мақсаты: Зат есім туралы түсінікті кеңейту.
1. Зат есімнің жекеше, көпше түріне жаттығу жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту.
2. Логикалық ойлау дағдыларын жетілдіпу.
3. Сауатты жазуға төселдіру.
Сабақтың түрі:Пысықтау сабағы.
Сабақтың әдісі:Талдау, жинақтау.
Көрнекілігі:Сызбалар, жұмбақтар, топтық тапсырмалар.

Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Өлеңнен жекеше, көпше түрдегі зат есімдерді табу.
ІІІ. Өткенді пысықтау.Топтастыру.
Заттың аты Сөз табы

Зат есім
Кім? Кімдер? Жалқы есім
Не? Нелер? Жалпы есім
Жекеше, көпше түрі
ІҮ. Оқулықпен жұмыс.
1 - жаттығу.
Сөздерге тиісті жалғауларды қосып жазу.
Іні ( - лар, -лер), қарындаш (-дар, -тар), терезе (-дер, -лер), ағаш (-дар, -тар), жіп (-тар, -тер), жүзім (-тер, -дер)
Ү. Тақтамен жұмыс.
Сөйлемдерді оқу. Көптік жалғауы жалғанған зат есімдерді жекеше түрге айналдырып жазу.
Бақалар судан жағаға шықса, күн жауады. Бозторғайлар күн ашылғанша, қар астында жатады. Аңдарды тормен де ұстайды. Қалың қар жауғаннан кейін қасқырларды ізіне түсіп аулайды.
ҮІ. Топпен жұмыс.
І топ. Бос орынға керекті зат есімдерді жазу.
Т. Әубәкіров -
Абай ата -
Сен ұнататын гүл -
Өзің туған жер -
ІІ топ. Көптік жалғаулы сөздерді теріп жазу.
Кітаптар, кептер, катар, тістер, Таңатар, гүлдер, түйелер, таулар, Павлодар, өзендер, теледидар, дәптер, бақтар, түстер.
ІІІ топ. Не? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бағанға, нелер? сұрағына жауап беретін сөздерді екінші бағанға жазу.
Төбешік, қоңыраугүл, жұлдызшы, кітаптар, күнтізбе, зейнеткер, құмыралар, жаңылтпаш, бөдене, жылғалар, ошақ, құмырсқалар.
ҮІІ. Жатқа жазу. Өлеңді жатқа жазу арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін анықтау.
Кіп - кішкене болса да,
Ағаштың басын иеді.
Жемістерден айырып,
Танисың ба шиені?
Жекеше, көпше тұлғадағы зат есімдерді тауып, сұрақ қою.
ҮІІІ. Шығармашылық жұмыс.
Қаңтар - жыл басы, қыстың қақ ортасы. Қаңтар айында сақылдаған сары аязды күн....... көп болады. Суық күн..... бет, қол, аяқ үсу жиі кездеседі. Терезенің әйнек......, ағаш......, су бетіндегі мұз........ жарылып кетеді. Малшы..... малды қорада күтеді. Бала....... мен қарт...... үйде отырады.
ІХ. Қорыту
Кім?
Не?
Кімдер?
Нелер?
Айгүл
Ұшқыш
Дәрігер
Парта
Кітап
Қалам

Балалар
әжелер
ақындар
Балықтар
Гүлдер
Үйлер

Балықтар, парта, Айгүл, ұшқыш, кітап, балалар, гүлдер, үйлер, қалам, дәрігер, әжелер, ақындар.
(Оқушылардың зат есім туралы қаншалықты түсінгендерін есепке алу мақсатында жүргізіледі.)
Х. Үйге тапсырма.3 - жаттығу, зат есімдерді қайталау.
ХІ. Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Зат есім жекеше көпше кім
Тақырып - Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есімнің жекеше және көпше түрі. Сабақтың тақырыбы
Жекеше және көпше
Зат есімнің жекеше және көпше түрі. Зат есімдердің жекеше, көпше тұлғада жұмсалатындығын түсіндіру
Сөздерді салыстырып оқиықшы
Бала ауылы
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері жайлы ақпарат
Заттың аты
Тәуелдік жалғауларының қолданысын білу
Пәндер