Бастауыш сыныптардағы өзіндік жұмыстың педагогикалық мәні және ұйымдастыру әдістері

Ә. Жангелдин атындағы орта мектеп

Баяндама :

«Бастауыш сыныптардағы өзіндік жұмыстың маңызы»

Дайындаған: Сарина Зинеш Жаңалыққызы

(бастауыш сынып мұғалімі)

Шалқар 2010 жыл

Баяндама :

Тақырыбы: «Бастауыш сыныптардағы өзіндік жұмыстың

маңызы»

Бастауыш мектеп - бұл оқушы тұлғасы мен сапасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да, бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да, қадірлі жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқарасты болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету. Дамыта оқытудың басты мақсаты -баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.

Әрине бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері әртүрлі болады. Дегенмен әр баланың бір нәрсеге бейімі болады.

Бейімділік - оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың жасырын, тіпті тым терең жатқан қабілеттерінің көрінуін мүмкіндік жасау тек оқыту үрдісі кезінде үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.

Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себебті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға болады.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән - мағынасын ұйымдастырудың тәсіл - амалдарын бір ғана белгімен сипаттауға болмайды. Өзіндік жұмыстың ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар.

  • Мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі;
  • Жұмысты орындаудың уақытын белгілеу;
  • Мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің өзара байланысы олардың жұмысты өз еркімен орындау.

Оқушылардың өзіндік жұмысы - мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушының оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау талап етілді. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, олар да тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір - бірімен деген жолдастық көмек қалыптасады.

Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге қүштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс - тісілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс - тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан - жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің міндеті.

Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін өзіндік жұмыс түрлері:

1. Логикалық дамытушы ойындармен берілген тапсырмалар: құрастырмалы

ойындар, ребус, сөзжұмбақ, анаграмма.

2. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (кері есеп

құру, мәтіннің мазмұнын өңдеу т. б. )

3. Өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби шағармашылық

бағыттағы жұмыстар: өлең құрасыру, әңгіме, шығарма жазу. Мұнда басты

назар аударатын мәселе - оқушылардың ауызша, жазбаша тілінің өзара

ұштастырыла отырып, соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде

көрініс табуларын талап ету.

Соның негізінде ғана тіл байлығы мол, саутты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелеу.

Енді 2 «а» сынып оқушыларымен жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып өтейін.

І Қ азақ тілі пәні бойынша:

1. Сөздің әрбір дыбысынан сөз тудыру жұмысы. Баланың сөздік қорын

молайтып, жаңа сабақты меңгеруде өте көп пайдасы тиеді.

«Сөз таптарын» өткенде 8с.

«Қай, қандай сұрақтарына жауап беретін сөздер» тақырыбында Әсем қандай қыз? сұрағына жауап береді. Әсем сөзінің әрбір дыбысын Әсемнің бойындағы жақсы қасиеттерін жазғызамын.

Ә - әдемі, әдепті, әсем.

С - сұлу, сүйкімді, сезімтал.

Е - еңбекқор, епті, елгезек.

М - мейірімді, мәдениетті, момын.

Енді әрі қарай дамыта отырып, осы сөздерді пайдаланып сөйлем құрастырттым: Әсем - әдемі қыз. Әсем үлкенге де, кішіге де мейірімді. Сын есімдерді тауып астын сызу.

2. Қарындаш сөзінен зат есімдерді жазып, ойлау қабілеті, байқампаздық қабілеті арта түседі. Қарындаш - қар, ар, шар, ана, шана, шара, арық, шын.

3. «Сөз таптарының» тақырыбындағы білімдерін тексеру мақсатында Сөздік диктант ретінде беремін.

Зат есім Сын есім Сын есім Етістік

Аспан жиырма ұзын жүгірді

қойшы алты тәтті ойнады

Асқар он бір қызыл оқыды

4. Тақырыбы: «Мәтіннің түрлері»

Үш қатарға бөліп беремін. «Ит» тақырыбы бойынша әңгіме құрастыру

1 - қатар - әңгімелеу мәтіні

2 - қатар - сипаттау мәтіні

3 - қатар - пайымдау мәтіні

Осы жұмыс барысында оқушылардың шығармашылық қабілеті дамиды, сөздік қоры молаяды.

ІІ «Әдебиеттік оқу» сабағында:


Ұқсас жұмыстар
Үй тапсырмасының педагогикалық мәні және тиімді ұйымдастыру әдістері
Шағын жинақты мектептердің біріктірілген сыныптарында бірпәндік сабақтарды ұйымдастыру және өзіндік жұмыстың әдістемесі
Оқушылардың білімін бақылау және бағалау: түрлері, әдістері және өзіндік жұмыстың дидактикалық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық құзіреттілігін қалыптастырудағы өзіндік жұмыстың маңызы мен ұйымдастыруы
Информатика пәнін оқытудағы практикалық жұмыстың маңызы мен ұйымдастыру әдістері
Бата дәстүрінің тәрбиелік мәні: бастауыш сыныптардағы тәрбие сағаты мысалында
Бастауыш сыныпта оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту
2013-2014 оқу жылының педагогикалық кеңесі: мұғалімнің оқытудағы рөлі және бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие жұмыстарының қорытындылары
Бастауыш білімнің негіздері және мұғалімнің педагогикалық-шығармашылық әдістері
Инклюзивті сыныптардағы білім беруді ұйымдастыру: мақсаттар, міндеттер және тәжірибелік ұсыныстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz