Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Оқушы қызығушылығын дамытуда мұғалімнің атқаратын жұмысы
Оқушы қызығушылығын дамытуда
мұғалімнің атқаратын жұмысы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында» білім беру жүйесінің
басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар ғылым мен практика
жетістіктері негізіде жеке адамды қалыптастыруға және кәсібт шындауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру білім беру жүйесін
одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Оқушылардың оқу танымдық жан –
қуаттарының аянуына ықпал етіп ізденісін, талабын ұштауға білім деңгейін
жетілдірудің маңызы ерекше. Оқу үрдісі оқушылардың оқу – танымдық әрекеті
негізінде жүзеге асады, ал оқу – танымдық әрекеті негізінде оқушылардың
танымдық белсенділігі қалыптасады. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі
оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалану, білуі болып табылады. Оқу –
танымдық іс - әрекет күрделі үрдіс болғандықтан, мұғалім мен оқушының
бірлесіп жасайтын тиімді, сапалы әрекетін керек етеді. Оқу – танымдық
белсенділік оқушының оқуға, білуге деген ынта – ықыласының құштарлығының
ерекше көрінісі. Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік
пайда болса, сонда оқушыларда ақыл – ой қабілеттерінің мынандай
элементтерді дамиды:
Зеректік,
Зейінділік,
Байқағыштық,
Ойлау және сөйлеу.
Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта проблемалы
жағдай туғызып отыру да маңызды. Мәселенің шешімін табу арқылы оқушының
ойлау қабілеті нығайып кез келегн проблеманы шешуге үйренеді. Дамыта
оқытудың Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесі 3 негізгі құраушыдан:
- Оқу мақсаттарының қойылуы
- Оны шешудің жолын бірлесе қарастыруы
- Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу тұрады.
Сабақта жақсы оқитын оқушылармен ғана белсене жұмыс іситеп қоймай,
барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілетті жеткен жерге
дейін еңбек етуі ойластырылса,әр оқушының оқуға деген қызушылығы артады.
Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасымен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше
құнды қайталанбайтын кезең. Сондықтан бастауыш білім – үздіксіз білім
берудің алғашқы басқышы, қиында жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға білім
беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, қоршаған орта жөнінде
дұрыс көзқарас қалыптастыру, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға,
салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды.
Біріншіден, кез келген бала адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақтаған
тәжіребиесін меңгеруге бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды, білім білік
дағдыны қабылдайды.
Екіншіден, кез – келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы
өзінің мүмкіндіктерін дамытады. Проблеманы өзінше жаңаша шешуге талпыныс
жасайды. Мысалы: оқу әрекетінде белгілі дағдыны қалыптастырған белгілі бір
ережені, меңгеретін жаттығулар орындалса, шығармашылық әрекеттерде баланың
іздену жұмысы басты нысана болады. Бастауыш сынып оқушыларының ой - өрісін
дамытуда ойын әрекетінің маңызы зор. Ойын – балалардың негізгі іс - әрекеті
болып табылады. Балалар білімді ойын арқылы да ала алады. Сабақтағы ойын
арқылы білімін шыңдап, ой - өрісін кеңейте алады. Ал ойынның өз мақсаты,
жоспары, тәрбиелік мәні, қажетті заттары, ерекшеліктері болады. Баланың жас
ерекшелігіне сай ұйымдастырылған ойындар баланың ақылын, дүниетанымын
кеңейтеді, мінез – құлқын қалыптастырады және сабаққа деген қызығушылығын
арттырады.
Оқушылардың сабақтағы қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастырудың
жолдары сан алуан. Бұл пікір педагогикалық әдебиеттерде көрсетіліп,
нақтыланған, әрі бірнеше ғалымдарпікіріне үндесіп отырады. Сондықтан,
қандайда бір пән борлмасын, сол пәнге оқушының қызығушылығын, нақтыланған
әрі бірнеше шарттары мен қолданылатын жұмыс түрлеріне сәкестігі мынандай:
1. Берілген білім мен мазмұнымен оқушының жас ерекшелік ақыл –ой даму
деңгейінің сәйкестігі.
2. Берілетін білім мазмұнының қызықты болуы.
3. Оқу әрекеті мотивінің, міндет, мақсатының айқындылығы.
4. Мұғалімнің кәсіби және мәдени құзырлығының жоғары деңгейлігі.
5. Оқушылардың мінез – құлық, қабілет ерекшелігінің ескерілуі.
6. Оқушылардың өз бетінше және шығармашылық жұмысының тиімді
ұйымдастырылуы.
7. Оқутыдың көрнекілікке, бақылау әрекетіне негізделе жүргізілуі.
8. Проблемалық ситуация тудыра оқыту тиімділігі.
9. Ерік – жігері, жауапкершілік, борыштық сезімін тәрбиелеу.
Сабақта берілетін оқу материалдарын оқушыларға жеткізу үшін, әртүрлі
оқыту әдістерін қолдануға болады. Мектептегі ең тараған оқыту әдіс –
мұғалімнің ауызша баяндауы. Бұл әдіс оқу процесінде жетекші рөл атқарады,
барлық пәндерді оқытуда және сабақтың түрлі кезеңдеріне әсіресе жаңа
материалды түсіндіруде кеңінен орын алады. Мұғалім өзінің сөзін көрнекі
бейнелермен байланыстырады. Мұғалімнің ауызша баяндауы, сұрақтарын анық
және түсінікті етіп қою, проблемалық ситуация тудыратындай етіпқоюы,
баяндалатын материалдық ең маңызды жерлерін айырып беруі, хабарлаудың
жүйелі және дәлелді болуы керек. Мұғалімнің сөзі әсерлі, сенімді, тартымды,
сонымен қатар дауыс ырғағымен мимикасы мәнерлі және бай болғаны жөн.
Жас бала не нәрсеге болса да құмар қызыққыш қолымен ұстап, көзбен
көргенді жақсы көреді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру жақсы
ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан әрбір сабақтан бұрыннан
белгілі мәліметтерді қайталай бермей, оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін
іздестіру қажет.
Мысалы, қазақ тілі пәні бойынша «Етістік» бақырыбын өткендігі өз
сабағыма тоқталатын болсам: оқушыларға сабақтағы тапсырмаларды орындай
отырып пирамида тұрғызуға көмектесетіні айтылды. Пирамиданың алғашқы
бөлігі:
І.Бастапқы таныстық.
1. Мұнда үй тапсырмасы тексеріледі.
2. Тірек сызбаны пайдаланып өтілгенді еске түсіру.
Сөз таптары
Затесім Сан есім Сын есім Етістік
Кім? Не? Не істейді?
Кімдер? Нелер? Не
қылады?
Қайтті?
ІІ.Терең таныстық.
Оқулықпен жұмыс. 338 – жаттығу.
Бие құлындайды.Түйе боталайды. Қой қоздайды. Мысық балалайды.
(төрт түліктің пайдасы туралы айту)
Сөйлемдегі етістіктерді сұрақ қою арқылы табу.
ІІ.Ойнап ойлау. Сергіту сәті. «понтомимо». Әр қатарға сөйлемайтылады.
Сол сөйлемдерді қимылмен көрсетеді.
1. Мен ұйқыдан тұрдым, жуындым, тамақтандым.
2. Біз жүгірдік, секірдік, доп ойнадық
3. Біз ән айттық, биледік, шапалақтадық.
ІV. Жүйелі таныстық.
Оқулықпен жұмыс. 339- жаттығу.
Қайрады, саптадым, сабақтадым, түтті, иірді, тоқыды, тарқатты сөздерге
сұрақ қою, сөйлем құрау.
V. Нәтиже.
1. М.Жаманбалинов «Шебер» (өлеңді көшіріп жазу, зат есімнің астын бір,
етістіктердің астын екі рет сызу).
2. Бүгінгі сабағымыздың барлық тапсырмалары орындалды, пирамида тұрғызылды.
- Біздің Елордамыз қалай аталады?
- Астана
- Астанада ең әдемі нелер бар?
- Биік ғимараттар, ескерткіштер бар.
- Тағы да Астанада ең әдемі, биік, үлкен ғимарат «Пирамида» бар (суретін
көрсету).
Бұл Елбасымыздың ұсыныс қалауымен салынған үлкен ғимарат. Пирамида –
Бейбітшілік және келісім сарайы. Бұл 25 қабатты үймен тең. Бұл орталықта
мұражай, көрме, кітапхана және 1500 орындық опера театры бар. Бұл сарай
туралы Елбасымыз былай дейді: «Қазірде Қазақстан Республикасы дәл осы
Пирамиданың жақтарындай болып дүниенің 4 бұрышына бірдей айқара есік ашты».
3. Бағалау.
Үйге тапсырма.
А.С.Макаренко оқушырды сабаққа тарта білу, олардың оқуға
қызығушылығын арттырып, білімге құмартуына аса көңіл бөледі. Оның
пайымдауынша, қызығушылық сапалы оқудың негізгі жолы, ешбір қызығусыз тек
қана зорлық күшімен жүргізілген оқу оқушы бойындағы білім алуға деген
құштарлықты жояды.
-----------------------
Нәтиже
Ойнап ойлау
Жүйелі таныстық
Терең таныстық
Бастапқы таныстық
Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп
Баяндама:
Оқушы қызығушылығын дамытуда мұғалімнің атқаратын
жұмысы
Оқыған: Ж.Мұқанова
Шалқар қаласы
2009-2010 оқу жыл
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz