Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар
Файл қосу
Дүниетану. тест 4 сынып
Дүниетану.Жылдық қорытынды тест. 4 сынып ІІІ нұсқа
1. Ежелгі адамдар алғашында нелерді қорек етті?
а) Жеміс-жидек , өсімдіктердің тамырын
ә) Балдырлармен
б) Аңдарды
2. Табиғат дегеніміз не?
а) Адамның қолымен жасаған дүниенің барлығы
ә) Бізді қоршаған орта
б) Адамнан тәуелсіз тіршілік ететін қоршаған орта
3. Аспалы бақ қайда орналасқан?
а) Галикарнаста ә) Түркістанда б) Вавилонда
4. Құбыланаманың қай тілі оңтүстікті көрсетеді?
а) көкшіл ә) қызыл б) жасыл
5. Көкжиекті құбыланамасыз қалай анықтауға болады?
а) күн мен Поляр жұлдызына қарап
ә) сағатқа қарап
б) ағаш пен термометрге қарап
6. Іле Алатауы етегінде қай қала орналасқан?
А) Ақтау ә) Астана б) Алматы
7. Әлемдегі ең терең көл қайсысы?
а) Каспий теңізі ә) Арал теңізі б) Байкал
8. Ас тұзын қайдан игереді?
А) жер астынан ә) тартылған және тартылмаған тұзды көлдерден
б) жер бетінен
9. Әктастың ең қатты және нығыз түрін ата.
А) ұлутас ә) мрамор б) фосфорит
10. Әлемде Қазақстан аумағы бойынша нешінші орын алады?
а) 1 ә) 10 б) 9
11. Жазық картада қандай түспен белгіленеді?
а) сары ә) жасыл б) қоңыр
12. Мәдени өсімдіктерді өсіруге қандай топырақ қолайлы?
А) қара топырақ ә) сұр қоңыр б)сұр жер түсті
13. Тау жыныстары ненің әсерінен мүжіледі, үгіледі?
а) жел, өсімдік, температура
ә) күн, жаңбыр, жел
б) жел, су, өсімдік, температураның ауысуы
14. Жерасты суларының негізгі көзін ата.
А) өзендер мен мұздақтар
ә) жаңбыр мен қар
б) теңіздер мен мұхиттар
15. Пайдалы қазба деген не?
А) Жер астында жатқандардың бәрі
ә) адам игеретіндердің бәрі
б) адам жер қойнауынан игеретін тау жыныстары мен минералдар
16. Қандай суды минералды су деп атайды?
А) дәмі мен иісі бар ә) дәмі мен иісі жоқ
б) құрамында минералды тұзы бар
17. Металдар қандай топтарға бөлінеді?
а) қара және түсті
ә) магнитті және магнитті емес
б) қатты және жұмсақ
18. Оттегі ауаның қанша бөлігін алып жатыр?
А) 2/3 ә) 1/2 б) 1/3
19. Ауа қабаты неше бөліктен тұрады?
А) 4 ә) 3 б)1
20. Полиметалл кендері қай жерде орналасқан?
а) Арқалық ә) Алатау б) Алтай
21. Шөлде өсімдік тұқымы қалай таралады?
А) адамның көмегімен
ә) тамырдың көмегімен
б) желдің көмегімен
22. Суда жүзетін құстарды көрсет.
А) үйрек, қаз, аққу ә) құр, тоқылдақ, жапалақ
Б) торғай, шымшық
23. Адам алғаш рет ғарышқа қашан ұшты?
А) 12 сәуір 1961 жыл
ә) 5 қазан 1957 жыл
б) 12 сәуір 1964 жыл
24. Жердің күнді толық бір айналып шығуына қанша уақыт кетеді?
А) 365 күн ә) 360 күн б) 375 күн
25. Отбасы бұл-
А) көрші тұратын адамдар
ә) неке мен туыстық қатынастарға негізделген адамдар тобы
б) туыстар
Дүниетану. 4 сынып. Жылдық қорытынды тест. V нұсқа
1.Адамдар табиғатты қандай тәсілмен зерттеді?
А) құрту ә) оқып білу б) бақылау
2. Ежелгі адамдар қайда тұрды?
а) Інде ә) Үңгірде б) Үйде
3. Бағдарлау деген не?
А) көкжиек тұстары бойынша бағдарды анықтау
ә) уақытты анықтау
б) жолдың ұзындығын анықтау
4. Азықтық шөптер жойылып кетпес үшін не істеу керек?
А) шөптердің бір бөлігін шаппай қалдырып кету;
Ә) шөптерді түгел шауып отыру;
Б) шөптердің тұқымдары жетілмей тұрып,мал жаю.
5. Далада қандай жануарлар ұйқыға кетеді?
А) қоян,дала бүркіті,саршұнақ;
Ә) ақбөкен,қасқыр,саршұнақ;
6. Қыраттар нені құрайды?
А) аласа таулар ә) жеке орналасқан төбелер
б) бір-бірімен жалғасып жатқан төбелер
7. Өсімдік жақсы өсу үшін қандай тыңайтқыш қосу керек?
А) калий тұзын ә) фосфор тыңайтқышын б) көң
8. Тарихи жерді зерттеу үшін не ұйымдастырады?
а) ғылыми экспедиция
ә) ғылыми конференция
б) барлау
9. Мұздықтардың 90 % жердің қай жерінде орналасқан?
а) Арктикада ә) Антарктидада б) Австралияда
10. Жерасты суының жер бетіне шыққан жерін не деп атайды?
А) бұлақ ә) тұма б) мұхит
11. Қазақстан Республикасының аумағының басым көпшілігін не алып жатыр?
а) таулар
ә) ойпаттар мен төбелі жазықтар
б) өзендер мен көлдер
12. Зат жанған кезде не жанып бітеді?
А) оттегі ә) көмірқышқыл газы б) азот
13. Бұлт неден түзіледі?
А) су буынан ә) су тамшыларынан б) ауадан
14.Орман мен тоғайда тіршілік ететін жануарларды белгіле.
а)бұғы,тиін,қабан
ә) киік, ақбөкен, кесіртке.
б) қасқыр, қарсақ. түлкі
15. Ауаны тазалайтын ең тиімді жолды ата.
А) ауаны желдету ә) тазалайтын құрылғыларды қолдану
Б) көгалдандыру арқылы
16. Мал шарушылығынан алынатын өнімдерді ата.
А) сүт, жүн, тері, ет, мүйізі
ә) ағаш, ет
б) кілем, мұнай
17. Жердің беткі қабатында орналасқан табиғи суқоймаларды қалай атайды?
А) бұлақтар ә) батпақ б) өзендер мен көлдер
18. Орта ғасырда Жердің шар тәрізді екенін қалай дәлелдеді?
А) жер шарын айналған саяхат арқылы
ә) ғылыми зерттеулер арқылы
б) бақылау арқылы
19. Градустық тор-бұл...
А)полюстерден бірдей арақашықтықта өтетін сызық
ә) екі полюсті қосып тұратын сызық
б) нақты градустар арқылы жүргізілген параллель мен меридиандар
20. Өмір сүру жағдайы, қарым-қатынасы, міндеттері мен мүдделері бір адамдар
тобын қалай атайды?
А) достастық ә) қоғам б) достар
21. Алғаш рет қағазды қай елде жасап шығарды?
А) Америка ә) Қытай б) Ресей
22. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздік туралы Конституциялық
заңы қашан қабылданды?
А) 1991 жылы 31 желтоқсан
ә) 1991 жылы 16 желтоқсан
б) 1989 жылы 18 желтоқсан
23. Қазақ халқының Жоңғар хандығымен соғысы қашан басталды?
А) ХІІ ғасырда ә) ХІХ ғасырда б) ХVІІІ ғасырдың бас кезінде
24. Ұлы Отан соғысы қай жылы басталды?
А) 1955 жыл ә) 1941 жыл б) 1945 жыл
25. Ауылдық еңбек бірлестігі қалай аталады?
А) достастық ә) фермерлік шаруашылық б) көрші шаруашылық
Дүниетану 4 –сынып Жылдық қорытынды тест. І нұсқа
1. Ғарыш деген не?
а) аспан ә) ғалам
б) кеңістік
2. Ежелгі адамдардың негізгі кәсбі не болды?
а) егіншілік ә) аңшылық
б) зергерлік
3. Адамдардың ең алғашқы еңбек құралдары?
а) тас ә) сүйек
б)темір
4. XIV-XV ғасырларда Түркістан қаласындағы тарихи ескерткіш:
а) Қожа Ахмет Йассауи кесенесі ә) Айша бибі кесенесі
б) Бескүмбез мазары
5. Жер бетінің ең биік жерлерін ........ деп атайды?
а) жазықтар ә) төбелер
б) таулар
6. Террикондардың орналасқан қала маңы:
а) Астана ә) Алматы
б) Қарағанды
7. Пайдалы қазбалардың бөліну тобы:
а) 2 ә) 4
б) 3
8. Алғашқы адамдардың сөйлеуінің және миының дамуына мүмкіндік берген
жағдайлар:
а) еңбек ә) Отты пайдалана білулері б) топтасып өмір сүрулері
9. Төменгі бөлікте алып жатқан жазықтарды ..................... дейді?
а) ойпаттар ә) жазықтар б) қыраттар
10. Каспий теңізіне ірі ..... өзені келіп құяды?
а) Жайық ә) Ертіс б) Сырдария
11. Жерасты суының жер бетіне шыққан жерін ....дейді?
а) өзен ә) көл б) бұлақ
12. Газ бен тұз ерітіндісі бар сулар қалай аталады?
а) тұщы ә) минералды б) қықыл
13. Еліміздегі ең ірі көлді білесің бе?
а) Алакөл ә) Балқаш б)Каспий
14. Ауаның түсі қандай?
а) бұлыңғыр, көкшіл ә) ақшыл, бу б) түссіз, мөлдір
15. Жаздан кейін күз келеді. Күзгі күн мен түннің теңелуі қай кезде
болады?
а) 23 қараша ә) 23 қыркүйек б) 25 қазан
16. Пайдалы қазбаларды өңдіруге жеткілікті мөлшерде бар табиғи орындары:
а) кен орны ә) шахталар б) кенге жатпайтын
орындар
17. Магниттік қасиеттері бар пайдалы қазбалар:
а) түсті металдар кендері ә) қара металдар кендері
б) жанғыш пайдалы қазбалар
18. Түсті металдар кендерінен алынады:
а) мыс, қорғасын, алюминий, алтын
ә) бензин, керосин, мазут
б) шойын, құрыш
19. Қазақстандағы полиметалл кенінің мол жері;
а) Жезқазған ә) Қарағанды б) Алтай
20. Шалғын деген не?
а) Орманда алқап,
ә) шөптесін өсімдік өсетін жер
б) құрғақ төзімді өсімдік өсетін жер
21. Қандай жәндіктер суды тазартады?
а) шегіртке ә) табанбалық
б) ұсақ ұлу,тоспа ұлуы, айқұлақ ұлу
22. Жердің серігін ата.
а) ай ә) күн б) шолпан
23. Қазақстан Республикасы қай құлықта орналасқан?
а) Еуразия ә) Африка б) Австралия
24. Жердің кішірейтілген үлгісі қалай аталады?
а) карта ә) глобус б) план
25. Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзінде нешінші орында
а) 11 ә) 10 б) 9
Дүниетану 4 –сынып Жылдық қорытынды тест. ІV нұсқа
1. Көшпенділерден қалған тамаша мұра:
а) жануарлар өсіру ә) киіз үй тігу б) тастан үй салу
2. Бет бейнесі адамдікі және арыстандікі тасты күзетшіні ... атайды?
а) жолбарыс ә) сфинкс б) барыс
3. Есік қорғанынан табылған мәдениет ескерткіші
а) «Алтын адам» ә) Олимпия зевс мүсіні б) Родос
алыбы
4. Қазақстан мыс қоры жөнінен дүние жүзінде ... орында
а) 4 ә) 2 б) 3
5. Жоталар (төбелер) бір-бірімен жалғаса тұтасып жатса ... құрайды
а) таулары ә) төбелері б) қыраттары
6. Бір тонна қағаз алу үшін қанша су жұмсалады?
а) 250 тонна ә) 350 тонна б) 150 тонна
7. Көктемгі күн мен түннің теңелуі қашан?
а) 22 наурызда ә) 21 наурызда б) 1 сәуірде
8. Олар қалың шөп арасына ұя салып, жұмыртқа басады. Балапандары тез
аяқтанады. Бұл не?
а) қоян ә) қарлығаш б) бөдене
9. Жантақ пен сексеуілдің тамыры қанша тереңдікке жетеді?
а) 20-30 метр ә) 30-40 метр б) 40-50 метр
10. Қазақстан жерінің басым бөлігін шөлді және шөлейтті жерлер алып
жатқандықтан физикалық картасында ... бояумен боялғаны байқалады.
а) көк және көгілдір ә) сары және ашық қоңыр б) жасыл
11. Табиғатта су неше түрлі күйде кездеседі?
а) 2 ә) 3 б) 4
12. Қой мен түйеге қысқы азық болатын өсімдік?
а) беде ә) сарғалдақ б) селеубояу
13. Орманды жерлер, негізінен Қазақстанның қай өңірлерінде орналасқан?
а) Оңтүстік ә) Солтүстік б)Батыс
14. Бір жартысы тұщы, бір жартысы тұзды көл:
а) Ақкөл көлі ә) Арал көлі б) Балқаш көлі
15. Ауа райын ғылыми тұрғыдан зерттейтін станция қалай аталады?
а) метеорология ә) атмосфера б) галактика
16. Ауаның қызғандағы көлемі:
а) еріді ә) үлкейеді б) қатады
17. Сапасы жоғары деп есептелетін тас көмір:
а) қоңыр көмір ә) кәдімгі тас көмір б) антрацит
18. Бензин иісі бар жанғыш майлы сұйықтық:
а) бензин ә) мұнай б) глицерин
19. Апақ Байжанов қандай кен орнын ашты?
а) мыстың ә) тас көмірдің б) мұнайдың
20. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар:
а) мыс, қорғасын, алюминий, алтын
ә) бензин, керосин, мазут
б) тұз, фосфорит, асбесті, әктас, бор, мәрмәр
21. Жердің өз білігін толық айналып шығуын не деп атайды?
а) күн ә) ай б) тәулік
22. Алғаш рет қағазды қай ел жасап шығарды?
а) Америка ә) Қытай б) Ресей
23. Елді кім басқарады?
а) министр ә) президент б)министрлер
кабинеті
24. Ғарыштық қашықтық қандай өлшем бірлікті көрсетеді?
А) километр ә) сағат б) жарықтың қашықтығы
25. Шөлде өсімдік тұқымын қалай таралады?
а) адамның көмегімен
ә) тамырың көмегімен
б) желдің көмегімен
Дүниетану 4 –сынып Жылдық қорытынды тест. ІІ нұсқа.
1. Қандай тірі организмдер бірінші пайда болды?
а) Динозаврлар ә) балықтар, жәндіктер, құстар б) маймылдар
2. Ежелгі адамдар қайда тұрды?
А) інде ә) үңгірде б) үйде
3. Әлемнің жеті кереметіне қайсысы жатады?
А) Мысыр перамидалары ә) биік үйлер б) Мәскеудегі мовзолей
4. Алтын адам қай қаланың маңында табылды?
А) Алматы ә) Есік б) Талғар
5. Бағдарлау деген не?
А) Көкжиек тұстары бойынша бағдарды анықтау
ә) уақытты анықтау
б) жолдың ұзындығын анықтау
6. Көкжиектің тұстарын ненің көмегімен анықтайды?
А) сағат ә) Оңтүстіктің б) құбылнама
7. Қазақстан пайдалы қазбаның қай түрі бойынша алғашқы әлемнің он елінің
қатарында тұр?
А) Мұнай ә) Таскөмір б) Алтын
8. Мектепті бітіргенен кейін берілетін құжат –
А) аттестат ә) куәлік б) диплом
9. Тау деген не?
А) Жер бетінің биік жерлері ә) терең шұңқыр мен жазықтар
б) онша биік емес төбелер
10. Мұздық деген не?
А) суық камерада қатқан мұз ә) тау басында жиналған мұз
б) қыз мезгілінде қатып қалған мұз
11. Темір кені деген не?
А) бос жыныс ә) құрамында металы бар тау жынысы б) құнарлы топырақ
12. Түсті металдарды көрсет.
А) мыс,жез, қола, алюмин, қоғасын ә) темір, болат, шойын
б) мыс, қола, болат, қорғасын, алюминий
13. Фермерлік шаруашылығын кім басқарады?
А) Әкім ә) ауыл шаруашылық министрі
б) ауыл шарушылығының кез келген саласының маманы
14. Әлем бойынша фосфор көп шоғырланған жер?
А) Ақтау ә) Маңғыстау б) Қаратау
15. Судың қандай қасиеті бар?
А) Табиғаттағы су айналымы ә) Иірім б) бұрылыс
16. Ертеде адамдар жердің пішінін қандай деп ойлады?
А) дөңгелек ә) тегіс б) сопақ
17. Арал теңізіндегі су деңгейінің төмендеуінің негізгі себебі қандай?
А) өте көп мөлшерде теңізге құятын өзендердің сулары шаруашылыққа
жұмсалады
ә) Климат ыстық
б) теңізде тұздың көптігінен
18. Ауаның құрамына қандай газдар кіреді?
А) оттегі, сутегі, көмірқышқыл газы
ә) оттегі, көмірқышқыл газы, азот
б) азот, пропан, оттегі
19. Топырақты не ластайды?
А) шөп-шалам ә) улы химикаттар б) зиянкес жәндіктер
20. Дала деген не?
А) шөп жабылған ормансыз алқап
ә) ылғалсүйгіш өсімдіктер өсетін ашық жер
б) топырағы құрғақ, өсімдіктер өте аз және сирек өсетін ашық жер
21. Шөп шабу кезеңі қашан басталады?
А) күздің басында ә) жаздың соңында б) жаздың басы мен ортасы
22. Жазғы күн тоқырауы қашан басталады?
А) 23 қыркүйекте ә) 26 қазанда б) 22 маусымда
23.Тоғай деген не?
А) өзен жағалауындағы орман ә) мал жаятын жер б) өз жауабың
24. Ғарышқа алғаш рет ұшқан ғарышкерді көрсет.
А) Юрий Гагарин ә) Нил Армстронг б) А. Леонов
25.Бір-бірімен туыстық қатынастағы адамдарды қалай атайды?
А) көршілер ә) достар б) туысқандар
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz