Г дыбысы мен әрпін оқытуға арналған сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы:
Г дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
Г дыбысы мен әрпін таныстыру; г әрпі бар сөздерді дұрыс оқыту, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету.
Дамытушылығы:
Г дыбысын білдіру арқылы оқушылардың тіл байлығын, ой - өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі:
Ұқыптылыққа, жинақтылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
Жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері:
әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі:
суреттер, буындар, сөздер, үнтаспа, слайд
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру :
Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
Сабаққа зейіндерін аударту.
Психологиялық дайындық
Аспан түрді түндігін,
Жерге сәуле жайылды.
Неткен ашық күн бүгін.
Қайырлы күн, қайырлы!
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
:
«Кім кінәлі» өлеңін жатқа сұрау
- Өткен сабақта қандай әріппен таныстық?
1. Ү дыбысынан басталатын адам аттарын ата
2. Үйрек деген сөзді кім жазып көрсетеді?
3. Үкі деген сөзде неше дыбыс бар?
4. Үкі деген сөзге сөйлем құра
5. Ү қандай дыбыс?
- Балалар, сұрақ - жауап арқылы нені құрастырдық?
- Гүл құрастырдық.
- Барлығың гүл деп айтып көрейікші.
- Гүл сөзінде неше дыбыс бар?
- Гүл деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
ІІІ. Жаңа сабақ
:
- Балалар, олай болса біз бүгін «Гүл» дегенде келетін Г дыбысымен танысамыз.
«Г» дыбысы мен әрпін көрсету. «Г» әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.
Оқулықпен жұмыс:
- Бағандағы сөздердің мағыналарын түсіндіре отырып, хормен буынға бөліп оқыту. Слайд арқылы суреттерін көрсету.
- «Ақ көгершін» өлеңін мәнерлеп оқу. Мағынасына тоқталып өту. Авторы Н. Баймұхамедов туралы мағлұмат айту. Оқушыларға әуенін тыңдату.
Сергіту сәті:
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
Дәптермен жұмыс :
- Г әрпінің элементтерімен таныстыру.
- Тақтаға үлгі көрсету.
- Ауада жазып көрсету.
ІҮ. Сабақты қорыту :
Ойын «Буындардан сөз құра»
Ше, шін, кө, ге, іл, гер, гіш, өшір буындары арқылы сөздер құрату.
Ү. Үйге тапсырма : «Ақ көгершін» өлеңін мәнерлеп оқу, көгершіннің суретін салу ;
ҮІІ. Бағалау, мадақтау : Оқушыларға сабаққа белсенді қатысқаны үшін мадақтап, гүл шоқтарын табыс ету.