Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
7-сынып қазақ тілі 1 жылдық сабақ жоспар
Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі – қазақ халқының әдеби тілі және
мемлекеттік тіл
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әдеби тіл және мемлекеттік тіл
туралы түсінік қалыптастыру, «Тіл туралы»
заң туралы мағлұмат беру
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ана тілін, елін,
халқын сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу тілін,
ойын дамыту
Сабақтың типі: Кіріспе сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, кітап-
дәптермен жұмыс, мәнерлеп оқу, эссе,
талдау, ауызша тіл дамыту
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Кіріспе сабақ
Әдеби тіл туралы түсінік беріп өту.
1989 жылы қазан айында қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беріліп, «Тіл
туралы» заң қабылданды.
«Тіл туралы» заңнан үзінділер оқып беремін.
ІІІ. Бекіту жаттығулары
1. Сұрақ-тапсырмалармен жұмыс
2. 1-жаттығу
1. Өлеңді мәнерлеп оқу
2. Мазмұнына талдау жасау, өз ойларын дәлелдеу
2-жаттығу Эссе
Ана тілінің қадір-қасиеті жайлы эссе жазу
3-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу
2. Тақырып қою
3. Берілген тапсырма блйынша пікірлерін дәлелдеу.
4. Морфологиялық талдау жасау
Мөлт-мөлт жас үйірілген жанарында сыр тұнғандай.
5. Ауызша тіл дамыту
«Мен жазғы демалысымды қалай өткіздім?»
ІҮ. Қорытынды
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма:
1. Оқу
2. Өлеңді жаттау
Күні: 4.09.13ж
Сыныбы: 7 «А»
Сабақтың тақырыбы: Әдеби тілдің лексикалық нормалары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тіліміздегі сөздердің
лексикалық нормасы жайлы, әдеби нормаға
жататын сөздер мен жатпайтын сөздер жайлы
білім қалыптастыру
Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа,
жинақылыққа, еңбексүйгіштікке,
аңғарымпаздыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: оқушылардың сөздердің
мағыналарын, жасалу жолдарын ажырата білу
дағдыларын қалыптастыру, ойын, тілін,
сөздік қорын дамыту
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, талдау, дәптермен жұмыс,
ойтолғау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабақ
Тіліміздегі сөздердің жасалу аясы бірдей емес. Олардың көпшілігі
әдебиетте жиі қолданылады, ал көпшілігі қолданудан шығып қалған.
Лексикалық нормаға жатпайтын сөздер:
1. диалектизмдер
2. дөрекі, былапыт, жаргон сөздер
3. қазақ тілінде баламасы бар термин сөздер
Кез-келген термин сөздердің баламасы бола бермейді.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту жаттығулары
4-жаттығу Ауызша
Берілген сөздердің жасалу жолдарын түсіндіру, лексикалық нормаға жататын,
жатпайтынын анықтау
Үлгі:
Қоғамдық мал – тіркесу арқылы
Совхоз, колхоз - қысқару арқылы
Руль – кірме сөз т.б.
5-жаттығу Дәптермен жұмыс
1. Синонимдерін табу
Етегін баспа- кедергі келтірме
Жолын қу – ізін бас
Бетін қақпа – қарсы келме
Белін бу – күш бер, көмектес
Тірілерге санама – бар-жоғы бірдей
2. Лексикалық нормаға жататын-жатпайтынын анықтау
6-жаттығу
1. Мәтінді оқу
2. Мағынасын ажырату
3. Сөз екпінін түсіру
Ой толғау
«Шалқыған Арал теңізі неге тартылды?»
ІҮ. Қорытынды
Ү.Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма: 6-жаттығу 2-бөлім
Күні: 12.09.13ж
Сыныбы: 7 «А»
Сабақтың тақырыбы: Мәтін
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мәтіннің бірліктері мен
белгілері жайлы ой қорыту, мәтіндерге
талдау жасауға үйрету
Тәрбиелік: Мәтін мазмұны арқылы тіл
тазалығын сақтауға, орынды сөйлей білуге,
адамгершілікке, қоршаған ортадан тек
жағымды қылықтарды сіңіре білуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін дамыту,
мәтін мазмұнына үңіліп, ондағы негізгі
ойды анықтай білуге машықтандыру
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, мәтінмен
жұмыс, талдау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасын сұраймын.
ІІІ. Жаңа сабақ
Мәтін - өзара байланысты сөйлемдер жиынтығы.
Мәтінде бір-бірімен жалғасып келетін бірнеше күрделі ой болады. Бір бүтін
күрделі ой жазуда абзац ( азат жол) арқылы көрінеді.
Абзац:
1. Мәтінді жаңа жолдан бастап жазғанда, оңға қарай жасалатын шегініс.
2. Бір азат жол мен келесі азат жол арасындағы азат жол бөлігі
Мәтін
Көркем шығарма Публицистикалық Ғылыми
шығарма шығарма
(Диктанттар жинағынан мысалдар келтіремін)
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
7-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу
2. Талдау
3. Дәптермен жұмыс
Орфографиялық нормаға сай келмейтін қолданыстарды тауып жазу
8-жаттығу
1. Мәтінді оқу
2. Қандай сипаттағы мәтін?
3. Ауызша талдау жасау
9-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу
2. Қай ғылым саласына жатады? (Тіл ғылымы)
3. Қазіргі тіл нормасында қолданылмайтын сөздерді теріп жаз.
Лұғат дәлдігі – мағына дәлдігі
10-жаттығу
1. Мәтінді түсініп оқу
2. Тапсырмалар бойынша жұмыс
11-жаттығу
1. Мәтінді оқып, тақырып қою.
2. Мәтіннің бұған дейінгі берілген мәтіндерден өзгешелігін ажырату
3. Араб-парсы тілдерінен енген сөздерді тауып, олардың лексикалық норма
болатынын дәлелдеу
Ү. Қорытынды
ҮІ.Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма: 12-жаттығу
Қазақ тілі 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды
талдау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Орфографиялық, орфоэпиялық
ережелерді еске түсіру, олардың ауызекі
сөйлеу тілі мен жазба тілдегі орны,
айырмашылықтары жайлы алған білімдерін
пысықтату
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке,
дұрыс сөйлей білуге, еңбексүйгіштікке,
тапқырлыққа, ұтымды, нақыт сөйлей білуге
тірбиелеу
Дамытушылық: оқушы ойын дамыту, мәдениетті
сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, қиялын
дамыту
Сабақтың типі: Қайталау сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, өзіндік
жұмыс, талдау, т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге «Мәтін» тақырыбын оқып келуге және 12-жаттығуды орындап келуге
берілген болатын.
Үй тапсырмасын тексеремін.
Қосымша сұрақтар:
- Мәтін дегеніміз не?
- Сөйлем мен мәтіннің айырмасы неде?
- Түрлерін атаңдар.
- Абзац дегеніміз не? Қандай мәнде жұмсалады?
- Мәтіндегі сөйлемдер бір-бірімен қалай байланысады?
ІІІ. Өткенді қайталауға арналған жаттығу жұмыстары
- Орфографиялық, орфоэпиялық норма дегеніміз не?
- Бұл сөздер тілімізге қай тілдерден енген?
13-жаттығу Ауызша
1. Мәнерлеп оқып, қаратпа сөздерді табу
2. Мәтіндегі эмоционалды-экспрессивті сөздерді тауып, жазылу емлесін
түсіндіру.
14-жаттығу
1. Тыныс белгілерін қоя отырып көшіру.
2. Оқшау сөздерді ажырату
3. Демеулік шылауларды анықтау
4. Орфоэпиясында өзгеріске ұшырайтын сөздерді анықтау
15-жаттығу Ауызша
1. Мәнерлеп оқу
2. Мәтіннің абзац санын, ондағы негізгі ой мен тірек сөздерді анықтату
16-жаттығу Шығармашылық жұмыс
1. Мәнерлеп оқу
2. Мәтінді ары қарай жалғастырып жазу
Топтық жұмыс
20, 21, 25-жаттығуларды үш қатарға беріп, берілген сөздерді айтылуы бойынша
транскрипциясымен жаздырамын.
Бұрынғы - [бұрыңғы]
Аймангүл - [Аймаңкүл] т.б.
ІҮ. Қорытынды
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма:
31, 32-жаттығулар.
Мәнерлеп оқу, мәтін түрін анықтау, тірек сөздерді теріп
жазу
Қазақ тілі 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Күз
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың 6-сыныпта алған
білімдерін еске түсіріп, қайталау, жазу
сауаттылықтарын, білім-біліктерінің
деңгейін бақылау
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа,
тазалыққа, өз ісіне жауапкершілікпен
қарап, баға бере білуге, табиғатты,
қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау
қабілеттерін, естігендерін сауатты жаза
білуін дамыту
Сабақтың типі: Білім сынау сабағы
Сабақтың түрі Диктант
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Мәнерлеп оқу, талдау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Диктант жазуға дайындық
ІІІ. Диктант жаздыру
Күз
Күзге салымғы шуақ күндердің бірі еді. Танабай аулы Ақмоланың
оңтүстік жағындағы Нұра өзенінің бойындағы қыстауында еді. Өзеннің жағалары
қалың биік тал, кей жерлерде талмен араласа шыққан қамыс. Араларында, қырат
жерлерінде биік ұшқат, қараған, тобылғы. Өзеннің екі жағындағы жалпақ
шыққан неше түрлі өсімдіктердің сары ала алтынданып, әбден піскен кезі.
Талдардың жапырақтары сап-сары алтын түстеніп, ақырын жыбдырлап желбірейді.
Қарағандардың да жапырақтары сарғайып, бүршіктері қызарып, құндақтары
тұқым шашқан. Тікендердің жазғы ал қызыл гүлдерінің орындарына қып-қызыл
моншақтай, сабақтаған қызыл соншақ түймелердей болып, итмұрандар самсаған.
Қызыл тобылғылардың жасыл жапырақтары алтындай сараланып құйылған. Өзеннің
және қара сулардың жағаларындағы селдіреген қамыстардың шашақтары үлбіреп,
жел соқса, ақырын ырғала желбіреп, сары үкідей болып сарғайған. Қамыстардың
әдемі сыбдырлаған жапырақтары да сары ала болған.
( 114 сөз. С.Сейфуллин)
Тапсырма:
Морфологиялық талдау жасау
1. Қарағандардың да жапырақтары сарғайып, бүршіктері қызарып, құндақтары
тұқым шашқан.
2. Өзеннің екі жағындағы жалпақ шыққан неше түрлі өсімдіктердің сары ала
алтынданып, әбден піскен кезі.
ІҮ. Қорытынды
Ү. Үйге тапсырма: Өткенді қайталау
Ережелерді еске түсіру
Күні: 16.09.10ж
Сыныбы: 7 «А»
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің түрленуі
Көптік, тәуелдік жалғаулары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Зат есімнің мағыналық топтарын еске
түсіру, зат есімнің түрленуін, өзіндік
ерекшеліктерін меңгерту
Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы
халықтық мұраларды, тарихты қастерлеуге,
жауапкершілікке тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың ойын, тілін, сөздік
қорын дамыту
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, ауызша тіл дамыту, өзіндік
жұмыс, талдау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
ІІІ. Жаңа сабақ
Грамматикалық мағына үстейді
Зат есім + жалғау
Екінші сөзбен байланыстырады
Зат есім көптеледі, септеледі, тәуелденеді, тек адамға байланысты сөздер
жіктеледі.
Көптік жалғау(6) : -лар, - лер, -дар, -дер, - тар, -тер
Көптік жалғау сол заттың көптігін ғана емес, сол заттың көпке ортақ екенін
де білдіреді.
Зейнеп + тер, апам+дар
Ескерту:
Мал
Мұнай + к.ж.
Газ
Тары
Тәуелдік жалғау
Бір заттың екінші затқа тәуелді екенін білдіреді
Тәуелдік жалғау өзі жалғанған сөзді ілік септік жалғауы жалғанған сөзбен
байланыстырады.
Оңаша Ортақ
І.ж -ым, -ім, -м -ымыз, -іміз,мыз, -міз
ІІ ж. -ың, -ің, -ң -ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз
-ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз
ІІІж. -сы, -сі, -ы, -і -сы, -сі, -ы, -і
Бір немесе бірнеше заттың бір ғана затқа неадамға тәуелді екенін
білдіруді оңаша тәуелдеу, ал бір не бірнеше заттың көп адамға тәуелді
екенін білдіруді ортақ тәуелдеу дейміз.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
34-жаттығу
1. Түсініп оқу
2. Ауызша тіл дамыту
3. Дәптермен жұмыс
Зат есімдерді теріп жазып, жалғау түрлерін ажырату
Қағанат+ы+ның, негіз + і + н, қалаушы + лар + дың
36-жаттығу Ауызша талдау
37-жаттығу
Көптелетін және көптелмейтін зат есімдерді теріп жазу
Көптеледі Көптелмейді
Халық мұнай
Байлық көмір
Мемлекет алтын
Қазақ мыс
Ұлт уран
Жүн
Мақта
Астық
Ғарыш
Аспан
Төмендегі сөздерді тәуелдеу:
Үй, киім, бала, Отан, бөлме
38-жаттығу
Қарамен жазылған тәуелдік жалғаулы сөздерді байланысқан сөзімен теріп
жазып, нешінші жақта тұрғанын ажырату.
Жердің жүзін – т.ж. ІІІж.
Күннің көзін – т.ж.ІІІ ж.
Ордасын – т.ж. ІІІ ж.
Ү. Қорытынды
ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма: 35-жаттығу
Қазақ тілі 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Зат есімнің түрленуі жөнінде алған
білімдерін тереңдету, зат есімнің септелуін,
оның өзіндік ерекшеліктерін меңгерту
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа,
адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын
дамыту, септік жалғауларын дұрыс ажырата білуге
машықтандыру
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, рөлге бөліп оқу,
талдау, ауызша тіл дамыту, өзіндік жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 40-берілген болатын. Үй тапсырмасын тексеремін.
Қосымша сұрақтар:
- Көптік жалғауларын ата
- Зат есімнің тәуелденуі дегеніміз не?
- Оңаша тәуелдеу
- Ортақ тәуелдеу дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ
грамматикалық мағына
Септік жалғауы + з.е.
Байланыстырады
Зат есімге септік жалғауы ілгерінді ықпал заңына бағынып жалғанады.
Көмектес септігі ықпал заңына бағынбайды.
Тәуелдік жалғауынан кейін септік жалғаулары жалғанады, бірақ өзгеріс бар:
І, ІІ ІІІ
Б.с. –ға, -ге, - қа, -ке -а, -е -на, -не
Тс. -ны, -ні, -ды, -ді -н
Ж.с. –да, -де, -та, -те -да, -де -нда, -нде
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
39-жаттығу
Өлеңді рөлге бөліп оқу
40-жаттығу
Өлеңді көшіріп жазып, септік жалғауларын көрсету
Толқыннан толқын туады,
Толқынды толқын қуады.
Толқын мен толқын жарысад,
Күңіренісіп кеңеспен.
42-жаттығу
1. Түсініп оқу
2. Мәтінге ат қою «Бала елесі»
3. Морфологиялық талдау жасау
Жай септеу мен тәуелдеулі септеудің айырмашылықтарын ажырату
Бала дүбірін бағыттап алып, мұржасы қисайып тұрған жаман үйлен көз
алмады.
43-жаттығу Ауызша септеу
46-жаттығу Өзіндік жұмыс
Берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құрау
Ү. Қорытындылау
ҮІ. Үйге тапсырма
ҮІІ. Бағалау: 45-жаттығу
Күні: 19.09.10ж
Сыныбы: 7 «А»
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жіктелуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Зат есімнің түрленуі жөнінде алған
білімдерін тереңдету, зат есімнің жіктелуі, оның
өзіндік ерекшеліктері жөнінде білім қалыптастыру
Тәрбиелік: Халықтық мұраларды, ауыз әдебиетін,
салт-дәстүрді құрметтеп, бағалай білуге
тәрбиелеу
Дамытушылық: оқушының сөздік қорын молайту,
тілін дамыту, сөз бен сөзді дұрыс байланыстыра
білуге машықтандыру
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, талдау, сұрақ-жауап, ауызша
тіл дамыту
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге септік жалғауларын қайталауға және 45-жаттығуды орындап келуге
берілген болатын.
Үй тапсырмасын дәптерлерінен тексеріп шығамын.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
ІҮ. Жаңа сабақ
Зат есім жіктеледі.
Тек адамға қатысты зат есімдер ғана жіктеледі.
Жекеше Көпше
І. –мын, -мін, (-бын, І. –быз,-біз, -пыз, -піз
-бін, -пын, -пін) -мыз, -міз
ІІ. –сың, -сің ІІ. –сыңдар, -сіңдер
-сыз, -сіз -сыздар, -сіздер
ІІІ. - ІІІ. –
Көркем әдебиетте нәрселер, жан-жануарлар адам қасиеттерін білдіру
үшін ауыспалы мағынада қолданылып, жіктеледі.
Ү. Жаңа сабақты бекіту
1-тарсырма
Зат есімдердің жіктелетін, жіктелмейтінін анықтау
Жіктелетіндерін жіктеп көрсету
47-жаттығу Көшіріп жазып, жіктік жалғауларының астын сызу
Мен – Арғын деген арыспын,
Азуы кере қарыспын.
Сен – бұзау терісі шөнтіксің,
Мен - өгіз терісі талыспын.
48-жаттығу
1. Түсініп оқу
2. Қарамен жазылған сөздерге талдау жасау
Үлгі: Сырмақ – з.е., а.с., текеметтер – з.е., к.ж., сұлтан – з.е.,
а.с., тайжүзген –з.е.,а.с., саба – з.е.,а.с., піспектің – з.е.,і.с., т.б.
2-тапсырма Ойлан, ізден, тап!
- көптік жалғау жалғанбайтын сөз бола ма?
- Тәуелдік жалғауы қандай сөзден соң түсіп қалып айтылады?
- Септік жалғаулары бір-бірінен қалай ажыратылады?
- Ілік септік жалғауы қай жалғаудағы қай сөз табымен байланысып келетінін
байқадыңдар?
3-тапсырма
Төмендегі берілген сөйлемдерге морфологиялық талдау жаса
Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім қайта өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
ҮІ. Қорытынды
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
Жіктік жалғаулы зат есімі бар жұмбақтар тауып жазу
Қазақ тілі 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің сөйлемдегі қызметі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Зат есімнің түрленуі жайлы алған
білімдерін пысықтау, зат есімнің сөйлемдегі
қызметі, тұрлаусыз мүшелер жайлы білім
қалыптастыру
Тәрбиелік: Оқушыларды өжеттікке, ерлікке,
қоршаған ортаны сүюге, еңбек адамдарын
құрметтеуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын
дамыту, сөйлемдерді талдай білу машықтарын
қалыптастыру
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау,
ассоциация
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге жіктік жалғаулы зат есімі бар жұмбақтар тауып жазып кеуге
берілген болатын. Үй тапсырмасын тексеремін.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындыау
ІҮ. Жаңа сабақ
Зат есім қай септікте тұрғанына қарай сөйлемде әр түрлі қызмет
атқарады.
Зат есім а.с кім? Не? Бастауыш
Зат есім і.с. кімнің? Ненің? Анықтауыш
Зат есім ж.ж. Баяндауыш
Зат есім б.с
ж.с. Толықтауыш
ш.с.
к.с.
Зат есім б.с
ж.с.
ш.с. Пысықтауыш
к.с.
а.с + шылау
Анықтауыш – зат есім немесе зат есім орнына жүретін сөз табының
сынын, сапасын, мөлшерін, меншігін білдіреді.
Толықтауыш - өзі толықтайтын сөзбен б,т, ж,ш,к. септіктерінде
байланысады.
Пысықтауыш – Етістіктен болған мүшемен байланысып, мезгілін, мекенін,
себебін, амалын, мақсатын, мөлшерін білдіреді.
ІҮ.Жаңа сабақты бекіту
49-жаттығу
І. 1. Зат есімдерді табу
2. Септік жалғауларын анықтау
3. Сөйлемде қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын анықтау
ІІ. Ауызша тіл дамыту
- Т.Бигелдинов туралы не білесіңдер?
- Ол кім?
- Екі мәрте Кеңес Одағының батыры, ұшқыш
50-жаттығу
1. Өлеңді оқып, көптік жалғауларын анықтау
2. Қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын табу
3. Шығармашылық жұмыс
Өлең құрастыру
51-жаттығу Ауызша
Берілген сөздерді жіктеу
Азамат Инженер Оқушы
52-жаттығу
1. Негізгі, көмекші сөздерді анықтау
2. Негізгі сөздердің қай сөйлем мүшесі қызметін атқарып тұрғанын анықтау
3. Ассоциация
4. Өзіндік жұмыс
Ауыл тіршіігін кеңейтіп жазу
55-жаттығу
Қосымшалардың жалғану ретіне назар аудару
Өз-іміз-дің, оқушы-лар-ымыз-дан, Алматы-ның, зауыт-тар-ы-нан-быз
Ү. Қорытынды
ҮІ. Бағалау
ҮІІ: Үйге тапсырма:
1. Оқу, ереже
2. 53-жаттығу
Қазақ тілі 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту
Сабақтың мақсаты:
Біліміділік: Зат есімнің грамматикалық
мағынасының өзгеруі арқылы сөйлемдегі қызметінің
әр түрлі болатыны жайлы алған білімдерін
пысықтау
Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы
кішіпейілділікке, туған жерге, елге құрметпен
қарауға, әсемдікке тәрбиелеу
Дамытушылық: оқушының сөздік қорын, ауызша,
жазбаша сөйлеу тілін, есте сақтау қабілетін
дамыту
Сабақтың типі: Пысықтау сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ауызша тіл дамыту, талдау,
өзіндік жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 53-жаттығу берілген болатын. Үй тапсырмасын дәптерлерінен
тексеремін.
Есім түбір: іні-шек, төбе-шік, ойын-шық, тал-шық, баа-лық
Етістікті түбір: түй-ін-шек, аялда-ма, өн-дір-бай, өн-дір-іс, көр-ер-мен,
оқы-р-ман
ІІІ. Тіл ұстартуға арналған жаттуғу жұмыстары
57-жаттығу
1. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу
2. Зат есімдерді тауып, мағынасын, жасалу жолын анықтау
58-жаттығу Ауызша тіл дамыту
1. Диалог түрінде оқу
2. Сөз қолданысына назар аударып, талдау
59-жаттығу
1. Өлеңді мәнерлеп оқу
2. Дәптермен жұмыс
Көптік жалғаулы сөздерді теріп жазу
60-жаттығу Өзіндік жұмыс
Берілген зат есімдерді пайдалана отырып, мәтін құрау, тақырып қою
61-жаттығу
1. Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Сын есімдерді тауып, мағыналық түрлеріне ажырату
3. Сын есімдерді қандай мақсатта қолданғанын дәлелдеу.
ІҮ. Қорытынды
Ү.Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма:
1. Өткенді қайталау
2. Тілдер мерекесіне байланысты эссе жазып келу
Күні: 26.09.13ж
Сыныбы: 7 «А»
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің түрленуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сын есімнің түрленуі, сын есімнің
салыстырмалы және күшейтпелі шырайлары, олардың
жасалу жолдары жайлы білім қалыптастыру
Тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа,
тазалыққа, пайымдылыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың ойын, тілін, сөздік
қорын, ауызекі сөйлеу және жазба тілін дамыту
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, өздік диктант, дәптермен жұмыс,
ауызша тіл дамыту, өзіндік жұмыс
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
ІІІ. Жаңа сабақ
Біртектес сапалық сын есімнен бірінен екіншісінің артық не кем
екендігін, әр түрлі дәрежеде болатынын білдіру сын есімнің шырайы деп
аталады.
Сын есім
Сапалық қатыстық
Салыстырмалы күшейтпелі
1. -рақ,-рек 1. күшейткіш
-ырақ, -ірек буын
2. -ғыл, -қыл ( аппақ, көкпеңбек)
-ғылт, -қылт
-ғлтым, -қылтым 2. күшейткіш
3. -лау, -леу үстеу
-дау, -деу
-тау, -теу
4. –шыл, -шіл
-шылтым, -шітім
5. –ғыл
-ілдір, -аң, -қай
-ша, -ше
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
62-жаттығу Есте сақтау диктанты
1. Мәтінді бірнеше қайтара оқу
2. Кітаптарын жапқызып, естерінде қалғандарын жазғызу
3. Сапалық сын есімдерді табу (7)
63-жаттығу Ауызша тіл дамыту
Сапалық сын есімдерді түрлендіру
Көк - көкшіл, көгілдір, көктеу, көгірек, көкпеңбек
Қымбат – қымбаттау, қымбатырау,қып-қымбат
Ақ – ақтау, ақшыл, ағырақ, аппақ
65-жаттығу Дәптермен жұмыс
Салыстырмалы шырайлы сын есімдерді тауып, жұрнақтарын бөліп жазу
Ауыр-лау, сирек-теу, қоңыр-қай, сар-ғыш-тау, ақ-шылтым, қышқыл-тым,
терең-ірек, тәуір-леу, көк-ші.
67-жаттығу Өзіндік жұмыс
Портрет жасауға қатысып тұрған сын есімдерді салыстырмалы шырайға айналдыру
71-жаттығу Ауызша
Сын есімдерден күшейтпелі шырай жасау
Ү. Қорытынды
ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма:
1. Оқу. Ереже
2. 69-жаттығу
Күні: 27.09.13ж
Сыныбы: 7»А»
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің емлесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сын есімнің түрленуі жайлы
алған білімдерін тереңдету, сын есмінің
емлесі жайлы білім қалыпатастыру
Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны
арықылы оқушыларды тиянақтылыққа,
әсемдікке, тазалыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік
қорын, жазу сауаттылығын дамыту
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, ойын,
шығармашылық жұмыс, морфологиялық талдау,
ауызша тіл дамыту
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
ІІІ. Жаңа сабақ
Сын есімдердің емлесі
1. Қосарлану арқылы жасалған сын есімдер дефис (-) арқылы жазылады:
жақсы-жаман, үлкен-кіші, ұзынды-қысқалы, балалы-шағалы
2. Күшейткіш буын арқылы жасалған күрделі сын есімдер дефис арықылы (-)
жазылады:
Жап-жасыл, сап-сары, т.б.
3. Тіркесу арқылы жасалған күрделі сын есімдер дефис (-) бөлек жазылады:
қызыл сары, ақшыл көк, қара торы, ұзын бойлы, т.б.
4. Күшейткіш үстеу арқылы жасалған күшейтпелі шырайлар бөлек жазылады:
өте әдемі, нағыз жігіт, тым ұзын, т.б.
ІҮ . Жаңа сабақты бекіту
70-жаттығу Сөз тіркесін құрау
Ең тамаша жан, тым әлсіз жәндік, тіпті қысқа жіп, сап-сары алма, қап-
қатты құрт, орасан зор корабль, ап-аласа өсімдік, әп-ідемі қыз, кіп-
кішкентай бала
73-жаттығу Шығармашылық жұмыс
Тірек сөздерді пайдаланып, «Өте зейінді оқушы» деген тақырыпқа шығарма жазу
Ойын «Сөз» ойыны
Үш бала шығады.
1-оқушы -сын есім
2-оқушы – салыстырмалы шырау
3-оқушы – күшейтпелі шырай
74-жаттығу
Сөйлемдерге морфологиялық талдау жасау, сын есімдерді тауып, түріне ажырату
Абай жайлаудағы ең әнші, өнерлі жастарды жиып отыр.
75-жаттығу
1. Мәтінді оқу
Аққозының суретін ауызша талдау
Күрделі сын есімдерді атау
Ү. Қорытынды
ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма:
1. Оқу
2. 76-жаттығу
Күні: 30.09.13ж
Сыныбы: 7 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сын есімнің түрленуі жөнінде
алған білімдерін тереңдету, сын есімдердің
түрленіп келіп сөйлем мүщесі қызметін
атқаратынын меңгерту, жаттығу жұмыстары
арқылы білімдерін бекіту.
Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны
арқылы әсемдікке, кішіпейілділікке,
төзімділікке, елін сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік
қорын, сөйлем мүшелеріне ажырата білуін
дамыту
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, талдау, ауызша тіл дамыту,
мақал-мәтел айту, өзіндік жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
ІІІ. Жаңа сабақ
Сын есім сөйлемде әр түрлі қызмет атқарады.
1. Қадірлі сыбағаның бірі – омыртқа.
Сын есімнің негізгі қызметі – анықтауыш
2. Сын есім + І.с. = заттық мағына анықтауыш
Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын.
Өнерлінің өрісі кең.
3. Сын есім + ж.ж. = баяндауыш
Сен бір артық көркемсің.
4. Сын есім + етістік = пысықтауыш
Әжемнің бұлтиған кәрі қолы өте жұмсақ тиеді.
5. Сын есім септелмейді, көптелмейді, тәуелденбейді.
Егер көптеліп, септеліп, тәуелденсе, онда зат есімнің орнына жүреді. Оны
сын есімнің заттануы деп атайды.
Қас жақсының белгісі –
Жаман сөзді жаттамас.
Заттанған сын есім А.с-де тұрып, бастауыш болады.
Дүниеде түрлі-түрлі адамдар бар,
Жақсы да, арасында жаман да бар.
6. Сын есім + Б;Т;Ж;Ш;К = толықтауыш
Жаманға жан жуымас.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
77-жаттығу Сын есімдерді талдау
Толық айдың сүтіне шомылған түнгі айнала тып-тыныш. Ақ үйдің төрінде
қабат-қабат көрпе төсеп, жан-жағына үлкен ақ жастықтар қойып Аймен отыр.
79-жаттығу
Мақалдардағы сын есімдерді тауып, септігін ажырату. Сөйлем мүшесіне талдау.
Сыпай сырын сақтар,
Әдепті арын сақтар.
Жаманның тілі ащы,
Көк мияның гүлі ащы.
80-жаттығу
Түбірін дефис (-) арқылы бөліп, сөз табына ажырату
От-ты, ғылым-и, ауыс-па-лы, жылжы-ма-лы, боз-ғылтым.
81-жаттығу Өзіндік жұмыс
1. Берілген сөздерді қатыстырып, шағын мәтін құрау
2. Сын есімдерді мағынасына, жасалуына, шырай түріне қарай талдау.
Кенет алдымнан қалың қара сақалды кісі шыға келді.
84-жаттығу Ауызша тіл дамыту
1. Мәнерлеп оқу
2. Мазмұндау
3. Сын есімдерді тауып, қай сөйлем мүшесі қызметін атқарып тұрғанын
анықтау
83-жаттығу
1. Оқу
2. Талдау
Ү. Қорытынды
ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма: Диктантқа дайындық
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық өнері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сын есімнің түрленуі, сөйлемдегі
қызметі тақырыбы бойынша оқушылардың алған
білімдерін қорытындылау, жазу сауаттылықтарын
тексеру
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұлттық
өнерді құрметтеуге, ұлтжандылыққа, тазалыққа
тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың жазу сауаттылықтарын
дамыту, естігендерін сауатты жаза білу
дағдыларын жетілдіру, өз бетінше жұмыс жасауға
үйрету
Сабақтың типі: Білім сынау сабағы
Сабақтың түрі: Диктант
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Мәнерлеп оқу, талдау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Диктант жазуға дайындық
ІІІ. Диктант жаздыру
Қазақтың ұлттық өнері
Ағаш пен сүйектен оюлап тұрмыстық заттар жасау – халқымыздың ертеден
келе жатқан дәстүрлі өнерлерінің бірі. Сүйектен ойып, әшекейлі бұйым
жасайтын шеберлерді, ағаш ұсталарын жұрт бұйым жасату үшін, ат арытып іздеп
келетін болған. Олар ағаш бұйымдардың бетіне, аттың қамыт-сайман, ер-
тұрманына, музыкалық аспаптарға сүйектен ойып, өрнек салған. Қазба
жұмыстары кезінде қазақ даласынан табылған әшекейлі сәндік бұйымдардың
ішінде, тіпті тас дәуірінің соңғы кезіне жататын мүліктер бар екені
анықталды. Мұның өзі ою-өрнек өнерінің тамыры тереңде жатқанын дәлелдейді.
Ағаштан оюлап жасалатын тұрмыстық заттың көп тараған түрі – төсек ағаш,
кебеже, сандық. Халық шеберлері ағаштан астау, шара табақ, тостаған,
тегене, саптыаяқ, ожау, т.б. ыдыстар дайындаған. Мұндай әшекейлер киіз
үйдің сүйегіне де түсірілген.
Шеберлер дәстүрі бүгінде жалғасын тауып, күнделікті тұрмыста кең
қолданылып жүр.
ІҮ. Грамматикалық тапсырма
1. Сөйлемдерге морфологиялық талдау жасау
1-топ: Олар ағаш бұйымдардың бетіне, аттың қамыт-сайман, ер-тұрманына,
музыкалық аспаптарға сүйектен ойып, өрнек салған.
2-топ: Сүйектен ойып, әшекейлі бұйым жасайтын шеберлерді, ағаш
ұсталарын жұрт бұйым жасату үшін, ат арытып іздеп келетін болған
Ү. Қорытынды
ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма:
Өткенді қайталау
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің түрленуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сан есімдер туралы 6-сыныпта
алған білімдерін тереңдету, сан есімдердің
түрлену ерекшеліктері жайлы білім
қалыптастыру
Тәрбиелік: Жаттығу жұмыстары арқылы
жинақылыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа,
еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу
Дамытушылық: оқушы ойын, тілін, сөздік
қорын дамыту, сан есімдерді түрлеріне
қарай ажырата білу дағдыларын жетілдіру
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс,
мәнерлеп оқу, талдау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
ІІІ. Жаңа сабақ
Сан есім – сандық ұғымды білдіреді.
1. Заттың санын білдіреді (қанша? Неше?)
2. санның атауын (не?)
Сан есімнің түрленуі біркелкі емес.
• Есептік, реттік сан есімдер заттық ұғымда септік, тәуелдік, жіктік
жалғауларын қабылдай алады.
• Есептік сан есім сандық ұғымды білдіргенде, түрленбейді.
Заттық ұғымда түрленеді.
Тоқсанымыз жиылып,
Тоқты сойған батырмыз.
• Жинақтық сан есімнің заттық қасиеті болғандықтан, түрлендіруші
қосымшаларды қабылдай береді.
• Бөлшектік сан есімдер септеледі, бірақ көптелмейді, тәуелденбейді.
Жіктік жалғауын қабылдап, заттық ұғымда қолданылады.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
85-жаттығу
1. Сан есімдерді тауып, түрленуін түсіндіру
Сен биыл ондасың ба? Ол жасы сол кезде қырықтарды алқымдаған, сақалды,
мұртты кісі еді.
2. Өлеңді мәнерлеп оқу
86-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу
2. Сөзбен жазу
3. Құрамына қарай талдау
87-жаттығу Өзіндік жұмыс
1. Сан есімдерді мағынасына қарай ажырату
2. Сөйлем құрау
89-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу
2. Сан есімдерді тауып, мағынасына қарай ажырату
3. Үшінші бөлімді емлесі бойынша жазу
10 шақты, 50-60-тай, т.б.
Ү. Қорытынды
ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма: 88-жаттығу
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің сөйлемдегі қызметі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сан есімнің
түрленуі жайлы алған білімдерін тереңдете
отырып, сан есімнің сөйлемдегі қызметі
жайлы білім қалыптастыру
Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны
арқылы әсемдікке, өнерді, тарихты сүюге,
құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушының сөздерді саралап,
сөздерге дұрыс сұрақ қоя білуін, сөйлем
мүшелеріне ажырата білуін, ой тұжырымдай
білуін дамыту
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау,
шығармашылық жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 88-жаттығу берілген болатын.Үй тапсырмасын тексеремін.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
ІҮ. Жаңа сабақ
1. Сан есім заттың санын, ретін білдіріп, сөйлемде анықтауыш болады.
Мен жетінші сыныпта оқимын.
І.С-де заттанып та анықтауыш болады.
Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл.
2. С.е. атау септігінде бастауыш болады.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
3. Сан есім жіктеліп немесе көмекші етістікпен тіркесіп, баяндауыш болады.
Біз бесеуміз, бесеуміз
Бес тармақты жұлдызбыз.
4. Сан есім септеліп те, септелмей де етістіктің алдында келіп, пысықтауыш
болады.
Оқушылар спорт алаңына үштерде жиналмақшы.
5. Б.,Т., Ж., Ш.,К. септіктерінде толықтауыш
6. Сан есім + зат есім сөйлемнің күрделі мүшесі
Сан есім – қатыстық сан есім
Біз кеше 100 метр қашықтыққа жүгірдік.
Ү. Жаңа сабақты бекіту
90-жаттығу
Берілген сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшесіне талдау
Шайхат шай ішіп отыр. Ту сыртынан үйелмелі- сүйелмелі төрт ұл, екі қыз
күрең патефонға үймелей қапты.
91-жаттығу
Сан есімдерді тіркескен сөзімен іріктеп жазып, қай сөйлем мүшесі екенін
анықтау.
Жиырма үйлі – қанша ? – анықтауыш
Он түйесінің – қанша? – анықтауыш
Сегізінен айырылып – нешеуінен? – толықтауыш
92-жаттығу
1. Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Сан есімдерді мағынасына, тұлғасына қарай ажырату
бірі – е.с.е., т.ж.ІІж.
төртінші – р.с.е
екі мың – е.с.е., күрделі
Шығармашылық жұмыс
«Уақыт - таразы» деген тақырыпқа мақала жазу
ҮІ. Қорытынды
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Сынақ тапсырма бойынша жұмыс
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Есімдіктердің түрленуі
Жіктеу есімдігінің түрленуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Есімдіктердің түрленуі, жіктеу
есімдігінің түрлену ерекшеліктері жайлы
білім қалыптастыру, жаттығу жұмыстары
арқылы бекіту
Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны
арқылы оқушыларды елін, жерін сүюге,
ерлікке, ардагерлерді құрметтеуге, тарихты
қастерлеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың есімдіктердің
түрленуін ажырата білуін, ойын, талдай
білуін дамыту.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау,
өзіндік жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге сынақ тапсырма бойынша жұмыс жасап келуге берілген болатын.
Үй тапсырмасын тексеремін.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
- Сан есімдердің түрленуі дегеніміз не?
- Сан есімдер сөйлемде қандай қызмет атқарады?
- Қай жағдайда сан есім пысықтауыш қызметін атқарады?
- Сан есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі қандай?
ІҮ. Жаңа сабаққа кіріспе
Есімдіктерді, оның мағыналық түрлерін еске түсіріп өту
Ү. Жаңа сабақ
Есімдік есім сөздердің орнына жүретін сөз табы.
Заттық ұғымдағы есімдіктер (мен, сен, ол, кім, не, т.б.) септеледі,
көптеледі, тәуелденеді, жіктеледі.
Заттың белгісі ұғымындағы есімдіктер өз мағынасында өзгермейді.
Заттанып барып түрленеді.
Жіктеу есімдігі заттық мағынада зат есімдерше септеледі, жіктеледі.
Мен, сен, ол – ерекшеліктері:
1. І.,Б, Т., Ш. септіктерінде түбірдегі н,л түсіп қалады.
2. Ж.с-де түбірдегі л н
3. Б.с-де л,н түсіп қалып, түбірге –ған болып жалғанады, түбір
жуандайды.
4. К.с түбір +ы, -і + К.с.
Жіктеу есімдігі өз жағындағы жіктеу есімдігін ғана қабылдай алады.
ҮІ. Жаңа сабақты бекіту
93-жаттығу
Оқып шығып, заттық ұғымдағы есімдіктерді бір бөлек, заттық белгіні
білдіретін есімдіктерді бір бөлек жазу
Заттық ұғым Заттық белгі
өзі бұл
осы сол
94-жаттығу
1. Өлеңді мәнерлеп оқу
2. Мазмұнын түсіндіру
3. Есімдіктерді тауып, талдау
Сен – ж.е., А.с.,ІІ жақ; бізді – ж.е., Т.с., Іж.к.т.
95-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу
2. Мазмұнына талдау жасау
3. Мәтіннен ашық және жасырын қолданылып тұрған есімдіктерді тауып,
тұлғасына талдау жасау
96-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу
2. Мазмұны бойынша сұрақ дайындау
3. Жіктеу есімдіктерін тауып, қалай түрленіп тұрғанын дәлелдеу.
ҮІ. Қорытынды
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
1. Оқу
2. «Мен ерлік жасау дегенді қалай түсінемін» шығарма
жазу
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сілтеу және сұрау есімдіктерінің
түрленуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сілтеу есімдігінің зат
есімдерше түрленетіні, септелетіні туралы,
сұрау есімдігінің тәуелденуі, септелуі
және жіктелуі жайлы білім қалыптастыру,
септелу ерекшеліктерін аңғарту
Тәрбиелік: Оқушыларды тарихты, шежірені,
ұлттық мұраларды құрметтеп, қастерлеуге,
елді, жерді, отанды сүюге, патриоттық
тәрбиеге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың есімдіктердің
түрленуін ажырата білуін, сөйлем
мүшелеріне талдай білуін дамыту.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау, кітап,
дәптермен жұмыс, т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген тапсырма бойынша жазып келген шығармаларын тексеріп
шығамын. Шығармаларын оқытып, жіктеу есімдіктерін тапқызамын, түрлену
ерекшеліктерін айтқызамын.
ІІІ. Жаңа сабақ
Сілтеу есімдіктері зат есімдерше септеледі, тәуелденеді.
І. Бұным бұнымыз, бұларымыз
ІІ. Бұның бұларың
Бұныңыз бұларыңыз
ІІІ. Бұнысы Бұлары
Сілтеу есімдіктеріне кеййде көптік, тәуелдік жалғаулары жаллғанады.
Сілтеу есімдіктері септелгенде мынадай ерекшеліктер байқалады:
1) бұл, сол, ол І., Т., Ш.септіктерінде л түсіп қалады.
Бұның
Бұны
Бұдан
Ж.с.-де түбірдегі л н бұнда
К.с-де түбір + ы + К.с.
Б.с-де л түсіп қалады бұ-ған
2) –ған Б.с-де осы, мына, ана –ға да жалғанады.
3) Осы, бұл, ол, сол Т:Ж.Ш.К. септіктерінде толықтауыш
Сілтеу есімдіктері А.с-де бастауыш, сызықша арқылы жазылады.
Бұл – Наталья еді.
Сұрау есімдіктері зат есімдердің орнына жүріп, зат есімдерше
септеледі, тәуелденеді, жіктеледі.
Тәуелденуі:
І. Менің кімім І. Біздің кіміміз
ІІ. Сенің кімің ІІ. Сендердің кімдерің
Сіздің кіміңіз Сіздердің кімдерің
ІІІ. Оның кімі ІІІ. Олардың кімдері
Септелуі: Жіктелуі:
А. кім І. Мен кіммін І. Біз кімбіз
І. кімнің ІІ. Сен кімсің ІІ. Сендер
кімсіңдер
Б. кімге Сіз кімсіз Сіздер
кімсіздер
Т. кімді ІІІ. Ол кім
ІІІ. Олар кімдер
Ж. кімде
Ш. кімнен
К. кіммен
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
97-жаттығу
1. Мәтінді оқу
2. Жіктеу, сілтеу есімдіктерін тауып, ауызша талдау
3. Фразеологизмді табу (дәптермен жұмыс)
98-жаттығу
1. Мәтінді оқу
2. Сілтеу есімдігі бар сөйлемдерді көшіріп жазып, морфологиялық талдау
жасау
Бала осы кеште Бұғы ана туралы ғажайып ертегіні тағы бір тыңдағысы
келіп еді.
100-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу
2. Сұрау есімдіктерін тауып, мағыналық ерекшеліктеріне түрлендіру
101-жаттығу
1. Жаңылтпаш оқу
2. Жатқа жазу
3. Сөйлем мүшелеріне талдау жасау
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім.
102-жаттығу Өзіндік жұмыс
Берілген сұрау есімдіктерін қатыстырып, сөйлем құрау
104-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу
2. Мазмұнын талдау
3. Сұрау есімдіктерінің түрленуіне назар аударып, талдау
4. Морфологиялық талдау жасау
Ү. Қорытынды
ҮІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Сілтеу, сұрау есімдіктері бар сөйлемдер жазып келу
І. Қазақ тілі 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Өздік, белгісіздік есімдіктерінің
түрленуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өздік, белгісіздік
есімдіктерінің түрлену ерекшеліктері
туралы бідлім қалыптастыру, жаттығу
жұмыстары арқылы бекіту
Тәрбиелік: Оқушыларды тарихты, шежірені,
ұлттық мұраларды құрметтеп, қастерлеуге,
елді, жерді, отанды сүюге, патриоттық
тәрбиеге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың есімдіктердің
түрленуін ажырата білуін, сөйлем
мүшелеріне талдай білуін дамыту.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау, кітап,
дәптермен жұмыс, т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге сілтеу, сұрау есімдіктері бар сөйлемдер жазып келуге,
сөйлемдерге синтаксистік талдау жасауға берілген болатын. Үй тапсырмасын
тексеремін.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
ІҮ. Жаңа сабақ
Өздік есімдігі «өз» түбірі арқылы жасалады.
Өз есімдігі тәуелденіп барып септеледі, жіктеледі.
А. Өз + ім
І. Өз + ім + нің
Б. Өз + ім + е
Т. Өз + ім + ді
Ж. Өз + ім + де
Ш. Өз + ім + нен
К. Өз + ім + мен
І Мен өз + ім + мін
ІІ Сен өз + ім + сің
Сіз өз + ім + сіз
ІІІ Ол өз + ім
Біреу, кейбіреу, қайсыбіреу, бірдеме, әрне, кімде-кім, әлдекім,
әлдене, әркім, әлдекім сияқты белгісіздік есімдіктері зат есім орнына
жұмсалады. Зат есімдерше түрленеді.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
1-тапсырма
Өз есімдігін жатқа тәуелдеу, жатқа септеу
105-жаттығу
1. Өлеңді мәнерлеп оқу
2. Үш автордың айтпақ ойын түйіндеу
3. Өздік есімдіктерді тауып, қай тұлғада түрленіп тұрғанына ауызша талдау
жасау
107-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу
2. Сөйлемдерді көшіріп жазып, синтаксистік талдау жасау
3. Есімдіктерді тауып, қандай тұлғада жұмсалып тұрғанын анықтау
106-жаттығу Өзіндік жұмыс
Берілген белгісіздік есімдіктерін түрлендіре отырып, сөйлемдер құрау
Ү. Қорытынды
ҮІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 108-жаттығу, 1-азат жолы
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Болымсыздық, жалпылау есімдіктерінің
түрленуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Болымсыздық, жаплпылау
есімдіктерінің түрлену ерекшеліктері
туралы білім қалыптастыру, жаттығу
жұмыстары арқылы бекіту
Тәрбиелік: Оқушыларды тарихты, шежірені,
ұлттық мұраларды құрметтеп, қастерлеуге,
елді, жерді, отанды сүюге, патриоттық
тәрбиеге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың есімдіктердің
түрленуін ажырата білуін, сөйлем
мүшелеріне талдай білуін дамыту.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау, кітап,
дәптермен жұмыс, т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 108-жаттығудың 1-азат жолына синтаксистік талдау жасап келуге
берілген болатын. Үй тапсырмасын тексеремін.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
ІҮ. Жаңа сабақ
Болымсыздық есімдіктерінің ішінде зат есім орнына қолданылатындары:
ешкім, ешнәрсе, ештеңе, ешқайсысы, дәнеме.
Зат есім орнына қолданылатын болымсыздық есімдіктері зат есімдерше
түрленеді: септеледі, тәуелденеді, жіктеледі, көптеледі.
Жалпылау есімдіктерінен барлық, барша, бәрі деген жалпылау
есімдіктері тәуелденеді, септеледі.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
1-тапсырма
Берілген болымсыздық, жалпылау есімдіктерін ауызша түрлендіру ( септеу,
тәуелдеу)
2-тапсырма
Берілген сөйлемдерді көшіріп жазып, синтаксистік талдау жасау
Бәріміз әлдене есімізге түскендей ду күлдік. Күләш апай еш нәрсені
ұға алмай, таң-тамаша қалды. Онымен енді ешкім таласқан жоқ. Бәріміз де осы
тау басына талай көтеріліп жүрсек те, бүкіл әлемді жаңа көргендей,
айналамызға таңырқай қарадық. Аталарымыз тұмсығы тесік құстың бәрін
табиғаттың адал перзенті санап келеді. Мұнан кейін директор ешкімге сөз
берген жоқ. Мұның бәрінің бір табиғи құпиясы болуға тиіс.
Шығармашылық диктант
1. Мәтін ішіндегі есімдіктерді басқа сөздермен алмастырып жазу
Қойайдар бидің айтқанын бәрі мақұл көрді. Әлдекім еркін аттап ішке
кірді. Райымбектің сөзін осында отырған үлкен-кішінің бәрі қостады. Бұл
науқасты бастаған Наурызбай қолы еді. Оның да осы жолы сайлаған сарбазы
мыңнан кем емес болатын. Кейінгілер бұларды көріп, екпінін бәсеңдетті.
Бұлар кідірген жоқ. Бұл бәрімізге белгілі жайт. Онысына әркім әр түрлі баға
берді.
2. Сын есім, сан есімдердің орнына есімдіктерді қойып жаз.
Алғашқы үрдісте азды-көпті жеңіске жеттік. Енді жастардың бас қосуы
сылтауымен жеңісімізді тойлаймыз. Түпкілікті жеңіске сенім орнатып, мақсат-
мұратымызды айқындаймыз. Жастар үлкендердің қабағына қарап іркіліп жүр.
Екеуінің өң-түстері салқын, қабақтары түнеріңкі.
Ү. Қорытынды
ҮІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Көркем әдебиеттен болымсыздық, жалпылау есімдіктері
бар сөйлемдер теріп жазып, тұлғасына қарай ажырату.
Күні:
Сыныбы: 7 «Б» 7 «В»
Сабақтың тақырыбы: Есімдіктің сөйлемдегі қызметі. Етістіктің
шақтары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Есімдіктердің түрлену
ерекшеліктері жайла алған білімдерін
тереңдете отырып, есімдіктердің сөйлемдегі
қызметі жайлы білім қалыптастыру.
Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны
арқылы ұстамдылыққа, бос сөздерден аулақ
болуға, пайымдылыққа, табиғатты аялай
білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушының қоршаған орта туралы
дүниетанымын кеңейту, ойын, тілін, талдау
дағдыларын дамыту
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау,
өзіндік жұмыс, мәнерлеп оқу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге көркем әдебиеттен болымсыздық, жалпылау есімдіктері бар
сөйлемдер теріп жазып, тұлғасына қарай ажыратып келуге берілген болатын. Үй
тапсырмасын тексермін.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
ІҮ. Жаңа сабақ
Есімдіктер түрленіп, сөйлемдерде әр түрлі сөйлем мүшелерінің қызметін
атқарады.
1. Есімдіктер, әсіресе жіктеу есімдіктері А.С-де тұрып, бастауыш болады.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.
2. Б.с., Т.с., Ж.с., Ш.с., К.септіктерінің бірінде келіп толықтауыш
болады.
Мен киноға сенімен бірге бармақшымын.
3. Есімдіктер ілік септігінде тұрып немесе сын есім, сан есімдердің
орнына жұмсалып, анықтауыш болады.
Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол.
4. Есімдіктер мезгіл, мекен мағынасында үстеудің орнына қолданылса,
пысықтауыш болады.
Бүгін ешқайда бармайсыңдар.
5. Есімдіктер жіктеліп қолданылса, баяндауыш болады.
Сөйлеп тұрған кезге байланысты іс-әрекеттің өту кезеңін білдіру етістіктің
шағы деп аталады.
Етістіктің шақтары
Осы шақ Келер шақ Өткен шақ
Сөйлеп тұрған кезде Іс-әрекеттің сөйлеп Іс-әрекеттің сөйлеп
тұрған
болған іс-әрекет тұрған кезден кейін кезден бұрын
болғаны
болғаны
Етістіктің шақтары көсемше, есімше формалы етістікке
• –ды, -ді, -ты, -ті,
• -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтарының жалғануы арқылы
жасалады.
* Шақтық мағына білдіретін етістіктер көбіне жіктелеп келеді.
* Жіктік жалғау шақ көрсеткіштерінен кейін жалғанады.
Оқы – ған – мын
Күрделі етістікте жіктік жалғауы көмекші етістікке жалғанады.
Ү. Жаңа сабақты бекіту
109-жаттығу
1. Сөйлемдерді көшіріп жазып, морфологиялық талдау жасау.
2. Есімдіктерді тауып, түрлену ерекшелігін анықтау, сөйлемдегі қызметін
ажырату.
110-жаттығу
1. Сөйлемдерді көшіріп жазып, синтаксистік талдау жасау
2. Есімдіктерді тауып, қай сөз табының орнына қолданылып тұрғанын ажырату
111-жаттығу
1. Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Есімдіктерді тауып, теріп жазу, мағыналық түрін, сөйлемде қай сөйлем
мүшесі қызметін атқаратынын анықтау
113-жаттығу
Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау
122-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу
2. Әңгімелеу
3. Дәптермен жұмыс
Етістіктерді теріп жазып, мағынасын анықтау
ҮІ. Қорытынды
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 112-жаттығу
Күні: 1.11.13ж Сыныбы: 7 «А»
Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың есімдіктердің
түрленуі жөнінде алған білімдерін
тиянақтау, жаттығу жұмыстары арқылы тіл
ұстарту
Тәрбиелік: Оқушыларды бауырмалдыққа,
ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке,
табиғатты аялап, қастерлеуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың ойын, тілін,
шығармашылықпен жұмыс жасай білу, есте
сақтау қабілеттерін дамыту
Сабақтың типі: Пысықтау сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, өздік диктанты,
есте сақтау диктанты, шығармашылық жұмыс,
талдау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Тіл ұстартуға арналған жаттығу жұмыстары
1. Пысықтауға арналған сұрақ-тапсырмалармен жұмыс
2.
114-жаттығу
1. Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Өздік диктанты
Оқушылар мәтін бойынша есте сақтай отырып, мазмұнын дәптерлеріне баяндап
жазады.
115-жаттығу
1. Суреттеу мәтінін мәнерлеп оқу
2. Есте сақтау диктанты
1-қатар: Есімдіктер
2-қатар: Сын есімдер
3-қатар: Зат есімдер
116-жаттығу
1. Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Қай шығармадан алынған үзінді екенін таптыру
3. Мәтін бойынша әр сөз табынан мысалдар келтірту
4. Қарамен жазылған сөздерге тұлғалық талдау жасату
Ер-азамат -
Жігітектің -
Қорықтарына -
Қоралардың -
Ауылдар -
салт аттылар -
118-жаттығу Шығармашылық жұмыс
1. мақал-мәтелдерді мәнерлеп оқу
2. Морфологиялық талдау жасау
3. Мақал-мәтелдерді, жаттығу мәтіндерін пайдаланып, «Өмір үшін күрес»
тақырыбында әңгіме жазу
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Бағалау
Ү. Үйге тапсырма:
1. Өткенді қайталау
2. 117-жаттығу сөздерді құрамына қарай талдау
3. Диктантқай дайындық
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Алтай орманы
Білімділік: Оқушылардың есімдіктер мен есім
сөздердің түрленуі, сөйлемдегі қызметі жайлы
алған білімдерін, жазу сауаттылықтарын тексеру
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа, сұлулыққа
тәрбиелеу, табиғат сыйын бағалау білуге үйрету
Дамытушылық: Оқушының есте сақтау қабілетін, өз
бетімен жұмыс істей білу дағдыларын дамыту
Сабақтың типі: Білім сынау сабағы
Сабақтың түрі: Диктант
Сабақтың әдіс тәсілдері: Мәнерлеп оқу, талдау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Диктант жазуға дайындық
ІІІ. Диктант жаздыру
Алтай орманы
Алтай жерінің асты қандай қазыналы болса, үсті де сондай бай ғой.
Мұның сыңсыған орманының өзі бір байлық емес пе жатқан! Оны нағыз тайганың
өзімен ғана теңестіруге болады. Алтай орманын аралап көргендеріңіз бар ма
сіздердің? О, ғажап қой оның іші! Балуан пішінді самырсын қарағайын көріп
пе едіңіздер? Жел қозғалғанда, оның жасыл ине жапырақтарының ғажайып күйге
ұшырайтын сыбдыр-сыбдырын естіп пе еді құлақтарыңыз? Самырсын қарағайын
көрмесеңіздер, оның үнін естімесеңіздер, онда Алтай орманын аралаңыздар.
Көкке тіреу болған күміс діңгекті көріп пе едіңіздер? Көрмесіңіздер,
Алтайдың күміс қабақ қарағайына қараңыздар сүйсініп.
Ең алдымен орман ішінің ауасын айтсаңызшы! Оған жақындай бергенде-ақ,
шөптің, шайырдың, жапырақтың, топырақтың, ағаштың, гүлдің, бір сөзбен
айтқанда, бүкіл табиғаттың хош иісі мұрныңды жарады. Неше түрлі нәрлі
жемістің қосындысынан жасалған керемет сусын іспеттес ауаны кеуде кере,
қайта-қайта жұтумен боласыз.
(Ә.Нұршайықов. 115 сөз)
Тапсырма:
1. Есімдіктерді теріп жазу
2. Сөйлемге синтаксистік талдау жасау:
• Оны нағыз тайганың өзімен ғана теңестіруге болады.
• Балуан пішінді самырсын қарағайын көріп пе едіңіздер?
ІҮ. Қорытынды
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма: Өткенді қайталау
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің түрленуі. Етістіктің шақтары туралы
түсінік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістіктің түрленуі, оның
білдіріп тұрған іс-әрекетінің түрлі
уақытта орындалатыны, белгілі жұрнақтар
арқылы нақты ұғымға ие болатындығы жайлы
білім қалыптастыру
Тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікке, табиғатты
сүюге, ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың өлеңді мәнерлеп
оқуын, ойын, тілін, шығармашылықпен жұмыс
жасай білу дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу,
талдау, шығармашылық жұмыс, бес жолды өлең
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабақ
Сөйлеп тұрған кезге байланысты іс-әрекеттің өту кезеңін білдіру
етістіктің шағы деп аталады.
Етістіктің шақтары
Осы шақ Келер шақ Өткен шақ
Сөйлеп тұрған кезде Іс-әрекеттің сөйлеп Іс-әрекеттің сөйлеп
тұрған
болған іс-әрекет тұрған кезден кейін кезден бұрын
болғаны
болғаны
Етістіктің шақтары көсемше, есімше формалы етістікке
• –ды, -ді, -ты, -ті,
• -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтарының жалғануы арқылы
жасалады.
* Шақтық мағына білдіретін етістіктер көбіне жіктелеп келеді.
* Жіктік жалғау шақ көрсеткіштерінен кейін жалғанады.
Оқы – ған – мын
Күрделі етістікте жіктік жалғауы көмекші етістікке жалғанады.
Сөйлеп отыр-ған-сың.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту
122-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу
2. Әңгімелеу
3. Дәптермен жұмыс
Етістіктерді теріп жазып, мағынасын анықтау
4. Құстар қалай сайрайды?
Қаздар қаңқылдайды, үйрек құрқылдайды.
123-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу
2. Етістіктерді шақтарына қарай теріп жазу
1-қатар: осы шақ
2-қатар: келер шақ
3-қатар: өткен шақ
3. Морфологиялық талдау
1-азат жол.
4. Синтаксистік талдау жасау
2-азат жол.
Шығармашылық жұмыс
«Аққу – құстың төресі» ойтолғау жазу
«Аққу» сөзіне бес жолды өлең құрастыру
ІҮ. Қорытынды
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма: 124-жаттығу
Күні:
Сыныбы: 7 «Б», 7 «В»
Сабақтың тақырыбы: Осы шақтың түрлері. Нақ осы шақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістіктің шақ категориясы туралы
алған білімдерін тереңдету, осы шақ, оның
түрлері, нақ осы шақтың жасалу жолы жайында
білім қалыптастыру
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, ерлікке,
шыдамдылыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын
дамыту, сөздерді талдай білуге үйрету
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау, ауызша тіл
дамыту, өзіндік жұмыс, т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге етістіктің шақтары туралы оқып келуге және 121-жаттығу бойынша
«Аққу – құстың төресі» деген тақырыпқа эссе жазып келуге берілген болатын.
Үй тапсырмасын тексеріп, бағалаймын.
Қосымша сұрақтар:
- Шақ дегеніміз не?
- Шақтың түрлерін ата.
- Оларды бір-бірінен қалай ажыратуға болады?
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
ІҮ. Жаңа сабақ
1. Осы шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған кезде болып жатқанын білдіреді.
2. Әрдайым болып тұрған іс-әрекетті білдіреді.
Осы шақ
Нақ осы шақ Ауыспалы осы шақ
Нақ осы шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте болып жатқанын
білдіреді.
Құрамына қарай:
1. жалаң: 4 қалып етістігі: отыр, тұр, жатыр, жүр
2. күрделі: негізгі етістік + -ып, -іп, -п
+ жіктік жалғауы
-а, -е , - й
Ү. Жаңа сабақты бекіту
122-жаттығу Ауызша
1. Мәнерлеп оқу
2. Осы шақты білдіріп тұрған етістіктерді атау
123-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу
2. Нақ осы шақты білдіріп тұрған етістіктерді теріп жазып, тұлғасына талдау
жасау
3. Ауызша тіл дамыту
Тақырып неліктен «Ер ана» деп аталғанын әңгімелеу
124-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу
2. Көшіріп жазып, нақ осы шақтың астын сызу
3. Морфологиялық талдау жасау
125-жаттығу Ауызша тіл дамыту
1. Мәнерлеп оқу
2. тақырып қою
3. Нақ осы шақ етістіктерді тауып, дәлелдеу
126-жаттығу Өзіндік жұмыс
Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлем құрау
ҮІ. Қорытынды
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
1. Оқу
2. 125-жаттығу
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Ауыспалы осы шақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Осы шақ етістіктер туралы
алған білімдерін тереңдету, ауыспалы осы
шақ, оның ауыспалы келер шақтан
айырмашылығы жайлы білім қалыптастыру
Тәрбиелік: Оқушыларды адалдыққа, шынайы
достыққа, еңбексүйгіштікке, табиғат
сұлулығын сезіне білуге, әсемдікке
тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлем мағынасына
мән беріп, логикалық ойлай білуін, талдай
білуін дамыту
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау, терме
жұмысы, ауызша тіл дамыту, өзіндік жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
ІІІ. Жаңа сабақ
Үнемі болып тұратын қимыл-әрекетті білдіретін етістіктің шағын
ауыспалы осы шақ днейміз.
А.о.ш. = етістік + -а, -й, -е + ж.ж.
Ауыспалы осы шақ, яғни көсемшенің жіктелген түрі сөйлемде екі түрлі
қызмет атқарады:
1. а.о.ш.
2. а.к.ш сондықтан ауыспалы деп аталады.
Мағынасы сөйлемде ажыратылады.
Көлдің жағасында отырған ауыл бұлдырап көрінеді. – а.о.ш.
Мен Балжанды үйше алып қайтамын. – а.к.ш.
Ауыспалы осы шақтың күрделі түрі етістікке –ып, -іп, -п жұрнағы жалғанып,
көмекші етістікке –а, -е, -й жұрнағынан кейін жіктеліп келіп жасалады.
Көр-ін-е-ді көр-ін-іп кел-е-ді
Айт-а-ды айт-ып отыр-а-ды.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
127-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу
2. Ауызша тіл дамыту
Өздеріңнің достарың туралы не айтар едіңдер?
3. Ауыспалы осы шағы бар сөйлемдерді көшіріп жазып, талдау
Қашан көрсең де, жұбын жазбайды.
128-жаттығу Теріп жазу
Н.о.ш А.о.ш
әкет-іп жатыр елесте-й-ді
иіліп тұр ойна-й-ды
мәпелеп күт-е-ді
130-жаттығу
А.о.шақты тауып, нақ осы шаққа айналдыру
Ағады – ағып жатыр
Шығады
Ысқырып ойнайды
Қудалайды
Сайрайды
Қосылады
Жырлайды
Қосады
Өзіндік жұмыс Тапсырма бойынша әңгіме құрау
Ү. Қорытынды
ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма:
129-жаттығу
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Алтын сандық
Білімділік: Оқушылардың есімдіктер түрленуі,
етістіктің осы шағы туралы алған білімдерін,
жазу сауаттылықтарын тексеру
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа, ана тілін
қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушының есте сақтау қабілетін, өз
бетімен жұмыс істей білу дағдыларын дамыту
Сабақтың типі: Білім сынау сабағы
Сабақтың түрі: Диктант
Сабақтың әдіс тәсілдері: Мәнерлеп оқу, талдау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Диктант жазуға дайындық
ІІІ. Диктант жаздыру
Алтын сандық
Сенің ана тілің - шексіз бай, тегеуріні мықты тіл, қымбатты балам!
Ең жақсы бала – ана тілін құрметтеген ұл мен қыз. Бұл сенің басқа
тілді меңгеруіңе бөгет болмайды, қайта сені адамгершілікке, шын патриот
болуға жетелейді. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіңе басты
себепкер - сол ана тілің!
Ана тілдің бүге-шігесіне, терең иірімдеріне бойлай білу – саналы
азамат болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол – туған жеріңді,
еліңді, Отаныңды, атамекеніңді сүйе білу деген сөз. Кім ана тілін айрықша
бағаламады дейсің, ал қазақ халқы бұған ерекше зер салған ғой. «Ойнап
айтсаң да, ойлап айт, күліп айтсаң да, біліп айт, әзіл айтсаң да, әділ
айт», «Бұл сөзді сатып алдым құнан нарға», «Ақылың болса, сөз тыңда» деп
отырды ғой аталарың.
Ана тілдің байлығын пайдалана алмаған адам – пақыр, күлкіге ұшырайтын
жан.
(118 сөз)
Тапсырма:
А. Морфологиялық талдау жасау:
1. Бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгет болмайды, қайта сені
адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді.
2. Ана тілдің бүге-шігесіне, терең иірімдеріне бойлай білу – саналы
азамат болғысы келетін жас адамның бірінші парызы.
Б. Етістіктерін тауып, шағын ажырату
ІҮ. Қорытынды
Ү. Үйге тапсырма: Өткенді қайталау
Күні: 20.11.13 Сыныбы: 7 «А»
Сабақтың тақырыбы: Келер шақ. Болжалды келер шақ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістіктің шақтары жөнінде
алған білімдерін тереңдету, келер шақ,
оның түрлері, болжалды келер шақтың
жасалуы жайлы білім қалыптастыру.
Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны
арқылы ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке,
әсемдікке, тазалыққа, ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушы ойын, сауаттылығын
дамыту, сөздік қорын молайту.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау,
мәнерлеп оқу, өзіндік жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
• Осы шақ дегеніміз не?
• Түрлерін ата.
• Нақ осы шақ дегеніміз не?
• Нақ осы шақ қалай жасалады?
• Ауыспалы осы шақ дегеніміз не?
• Жасалу жолын түсіндір.
ІІІ. Жаңа сабақ
Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіретін
етістіктің шағын келер шақ дейміз.
Келер шақ
Болжалды Мақсатты Ауыспалы
Айқын емес
Болжап көрсетеді
-ар, -ер, -р (есімше)
Етістік + + ж.ж.
-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе + С
(болымсыз етістік)
Болымсыздық мағынадан кейін болжалдан гөрі үзілді-кесілді шешім басым.
І жақта кейде –пын, -пін орнына қысқана - н қолданылады.
Б.с., Ш.с, К.с. септіктерінде жіктеледі.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
131-жаттығу
Осы шақ, келер шақ етістіктері бар сөйлемдерді көшіріп жазу, сөйлемдерге
синтаксистік талдау жасау
Е-ей, жөніңді айтсаңшы, өндерестік бригадаға бара жатырмын.
Балалардың көбі пінеде жүр...
132-жаттығу Өзіндік жұмыс
Осы шақ, келер шақ етістіктерді баған түрінде көшіріп жазу
Осы шақ Келер шақ
өтіп жатыр
тұр
ұйымдастырушы болып істейді
үйретіп тұр.
Қарап отыр.
133-жаттығу
1. Көшіріп жазып, сөйлемдерге морфологиялық талдау жасау
2. Болжалды келер шақ мағынаны білдіретін сөздердің астын сызу
134-жаттығу Шығармашылық жұмыс
Келер, жазар, көрінбес, оқыр сөздерін қолдана отырып, сөйлем құрау
135-жаттығу
1. Мақалдарды көшіріп жазып, синтакситік талдау жасау
2. Болжалды келер шақытық мағынаны білдіретін сөздердің жасалу жолын
түсініру
Ү.Қорытынды
ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма: 136-жаттығу
Күні: 25.11.13ж Сыныбы: 7 «А»
Сабақтың тақырыбы: Мақсатты және ауыспалы келер шақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Болжалды келер шақ туралы
алған білімдерін тереңдету, мақсатты,
ауыспалы келер шақ туралы білім
қалыптастыру
Тәрбиелік: Оқушыларды аңғарымпаздыққа,
ұғымталдыққа, көрген-білгенін есте сақтап,
зердесіне тоқи білуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін дамыту,
сөздерді шағына қарай талдай білу
машықтарын жетілдіру
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау,
мәнерлеп оқу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 136-жаттығу берілген болатын. Үй тапсырмасын тексеремін.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
- Келер шақ дегеніміз не?
- Түрлері
- Болжалды келер шақ қалай жасалады?
- Болымсыз етістіктен жасалған болжалды келер шақты ата.
ІҮ. Жаңа сабақ
Мақсатты келер шақ
Мақсатты келер шақ іс-әрекеттің келешекте мақсат ете орындалатынын
білдіреді.
Етістік + -мақ, -мек, -бақ, -бек + ж.ж.
Мен ауылға бармақпын.
Немесе
Етістік + -мақ, -мек + -шы, -ші + ж.ж.
Болымсыз түрі:
Етістік + -мақ, -мек + -шы, -ші + емес
Ауыспалы келер шақ
Көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Сөйлемдегі мағынасы арқылы аңғарылады.
-мын, -мін І жақ кейде –м ( ауызекі сөйлеу тілінде)
Ү. Жаңа сабақты бекіту
137-жаттығу Морфологиялық талдау, болжалды келер шақтың астын сызу
Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек.
138-жаттығу Өзіндік жұмыс
Берілген сөздерді пайдалана отырып, сөйлемдер құрау
140-жаттығу
1. Өлеңді мәнерлеп оқу
2. Болжалды келер шақты ауыспалы келер шаққа, ауыспалы келер шақты болжалды
келер шаққа айналдыру.
143-жаттығу
1. Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мазмұнын баяндау
3. Сөйлемдерді көшіріп жазып, синтаксистік талдау жасау
ҮІ. Қорытынды
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 141-жаттығу
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Өткен шақ. Жедел өткен шақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістіктің шақтары туралы
алған білімдерін кеңейту, өткен шақ, оның
түрлері, жедел өткен шақ туралы білім
қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды қонақжай, дархан
халқының даихын оқи отырып, кішіпейіл, кең
болуға, әдебиетті сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін дамыту,
дүниетанымын кеңейту.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау,
мәнерлеп оқу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 141-жаттығуды көшіріп жазып, келер шақ етістіктердің астын
сызуға берілген болатын. Үй тапсырмасын тексеремін.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
• Осы шақ түрлерін ата.
• Нақ осы шақ дегеніміз не? Неге нақ осы шақ деп аталады?
• Ауыспалы осы шақтың нақ осы шақтан айырмашылығы неде деп ойлайсың?
• Келер шақтың түрлерінің жасалу жолдарын түсіндіріңдер.
ІҮ. Жаңа сабақ
Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уақыттан бұрын істеліп кеткенін білдіретін
етістіктің шағы өткен шақ деп аталады.
Өткен шақ
Жедел өткен шақ Бұрынғы өткен шақ Ауыспалы өткен шақ
Іс-әрекеттің таяуда
болғанын білдіреді.
Етістік + -ды, -ді
-ты, -ті ж.ж.
Ү. Жаңа сабақты бекіту
145-жаттығу Ауызша
1. Мәнерлеп оқу
2. Мәтіннен жедел өткен шақты білдіретін етістіктерді тауып, жасалу жолын
түсіндіру.
147-жаттығу
1. Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Радловтың қазақ тілі үшін сіңірген еңбегіне назар аударту.
3. Сөйлемдероге синтаксистік талдау жасау.
146-жаттығу Өзіндік жұмыс
1. Берілген етістіктерді жедел өткен шаққа айналдыру
2. Сөйлем құрау
ҮІ. Қорытынды
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма:
1. Оқу
2. 148-жаттығу бойынша мәтінге сүйене отырып, Потанинге
мінездеме беру
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Бұрынғы өткен шақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өткен шақтың түрлері жөнінде
алған білімдерін тереңдету, бұрынғы өткен
шақтың жасалу жолдары жайлы білім
қалыптастыру.
Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны
арқылы ел тарихын сыйлап, қастерлеуге,
үлгі тұтуға, парасаттылыққа,
адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін дамыту,
дүниетанымын кеңейту.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 148-жаттығу бойынша Потанинге мінздеме жазып келуге берілген
болатын. Үй тапсырмасын оқытып, жедел өткен шақ етістіктерді тапқызамын.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
ІҮ. Жаңа сабақ
Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған кезден әлдеқайда бұрын
болғандығын білдіреді.
Бұрынғы өткен шақтың жасалу жолдары:
-ып, -іп, -п + ж.ж.
- ған, -ген, -қан, -кен + ж.ж.
немесе
-ып, -іп, -п + еді, екен + ж.ж.
- ған, -ген, -қан, -кен + ж.ж.
-ып, -іп, -п арқылы жасалса, тұжырымды, айғақты ой айтылады.
-ған, -ген, -қан, - кен - көзі толық жетпейтін ой. Ертегілерде көп
кездеседі.
Ү.Жаңа сабақты бекіту
149-жаттығу
1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
2. Бұрынғы өткен шақтық мағынаны білдіріп тұрған етістіктерді теріп айту
3. Өлеңдегі етістіктерді көсемше тұлғасына түсіріп, көшіріп жазу,
морфологиялық талдау жасау.
150-жаттығу
1. Ә.Бөкейхан туралы не білеміз? Оқушы ойларын тыңдау.
2. Ә.Бөкейхан туралы қосымша мәлімет беру
Әлихан Бөкейхан 1870 жылы бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі,
Тоқырауын болысына қарасты 7-ауылда, қазақ хандарының тікелей ұрпағы
Нұрмұхамедтің отбасында дүниеге келген еді. Халықтың бай ауыз әдебиеті мен
Шығыстың қисса-дастандарын жақсы білетін, ұлы Абайдың асқақ ойлы
шығармалары мен оның талантты шәкірттерінің туындыларын жаттап өскен ортада
бой түзеген Әлихан үш кластық бастауыш мектепті, уезд орталығындағы үш
жылдық училищені, Омбы қаласындағы төрт жылдық техникалық училищені де
ойдағыдай бітіреді. Өте жақсы оқуы және ерекше тәрбиелілігі арқасында ол
1890 жылы Дала генерал-губернаторы кеңсесінің ұсыныс-хатымен Санкт-
Петербург Императорлық орман институтына түседі.
Туасы зерек Әлихан Бөкейхан студент кезінде-ақ Ресей орталығындағы
саяси жағдайлардан тыс қала алмады. Сабақтан тыс кездерде марксизм іліміне
ден қойып, қызу пікірталастарда оның экономикалық материализм қағидаларын
қорғайды. Қоғамдық белсенділік танытып, әртүрлі студенттік толқуларға да
араласады. Мұның барлығы болашақ Алаш көсемінің Ресейдің мемлекеттік
құрылымын, оның қазақ даласындағы отаршылдық саясатының қыр-сырын тереңірек
түсінуіне игі ықпал етеді.
Ә.Бөкейхан –қоғам қайраткері, ғалым-тарихшы, «Алаш» партиясын
құрушылардың бірі. 1913 жылы А.Байтұрсыновпен бірге «Қазақ» газетін
ұйымдастырады. Алашорда үкіметінің төрағасы.
3. Мәтін мазмұнымен танысу
4. Мазмұнына талдау жасау
5. Мәтіннің 2-азат жолына синтаксистік талдау жасау.
151 – жаттығу
1. Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Тақырып қою
3. –ған, -ген, -қан, -кен формалы етістіктерді теріп жазып, оларды жедел
өткен шақпен салыстыру.
Ү. Қорытынды.
ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма: Етістіктің бұрынғы өткен шақ түріне сөйлемдер жазып
келу
Күні: 18.11.13ж Сыныбы: 7 «А»
Сабақтың тақырыбы: Ауыспалы өткен шақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістіктің шақтары жөнінде
алған білімдерін толықтыру, жетілдіру,
ауыспалы өткен шақ, оның жасалу жолдары
туралы түсінік қалыптастыру.
Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны
арқылы оқушыларды еңбексүйгіштікке,
парасаттылыққа, үлкенді сыйлауға, ойланып
сөйлеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау,
өзіндік жұмыс, ойын
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
ІІІ. Жаңа сабақ
Ауыспалы өткен шақ есімшенің –атын, -етін, йтын, -йтін жұрнақтары
арқылы жасалып, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағынасында қолданылады.
Сондықтан оны ауыспалы өткен шақ деп атайды.
Ауыспалы өткен шақ
1. жіктеледі.
2. еді көмекші етістігі тіркесіп келіп жұмасалады.
Ауыспалы өткен шақ
1. тікелей жіктелмейді
2. еді көмекші етістігі тіркесіп қолданылады.
еді көмекші етістігі тіркесіп жасалған етістік шағын басқа сөздердің
мағынасы арқылы ажыратамыз.
Ү.Жаңа сабақты бекіту
152-жаттығу
1. Мәтінді мәнерлеп оқу.
2. Көшіріп жазып, сөйлемдерге морфологиялық талдау жасау
3. Ауыспалы өткен шақ етістіктерді тауып, астын сызу
152-жаттығу
1. Мәтінді оқып шығу
2. етістіктерді теріп жазып, шағын ажырату
153-жаттығу
1. Мәтінді көшіріп жазып, синтаксистік талдау жасау
2. Етістіктерді шағына қарай ажырату
Бір зауыттан екі соқа қатар істеліп шықты. Біреуі егіншінің қолына
түсті.
Ойын. «Барлық шаққа»
Жүр, біл, ақылдас, үйрен, жаса, тоқы
1. Берілген сөздерді 1-топ жекеше, 2-топ көпше түрде тез жіктеп шығуы
керек.
2. Әр шаққа қойып айту.
ҮІ. Қорытынды
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
1. қайталауға арналған сұрақтар бойынша жұмыс
2. а.ө.шаққа 4 сөйлем жазып келу
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтарын қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістіктің шақтары, осы шақ,
келер шақ, өткен шақтың түрлері мен жасалу
жолдары жөнінде алған білімдерін еске
түсіру, қайталау, жаттығу жұмыстары арқылы
бекіту.
Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны
арқылы еңбексүйгіштікке, ерлікке,
адамгершілікке тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін дамыту,
сөздік қорын молайту.
Сабақтың типі: Қайталау сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ауызша тіл дамыту, талдау,
мазмұндама
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткен сабақты қайталауға арналған жаттығу жұмыстары
1. Өткенді қайталауға арналған сұрақтар бойынша жұмыс.
155-жаттығу
1. Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мазмұндау
3. Етістіктерді тауып, шақтық мағынасын ажырату.
4. Е көмекші етістігі тіркескен осы шақтық, келер шақтық және өткен
шақтық етістік ойлап табу
Бармақ едім – м.к.ш
Барар едім – б.к.ш.
Барып еді – б.ө.ш
Барған еді – б.ө.ш.
Баратын еді – а.ө.ш.
156-жаттығу
1. мақал-мәтелдерді оқу
2. Үш шақты баған-бағанға бөліп жазу
Келер шақ Осы шақ Өткен шақ
Жеткізер білмейді көрдім
өсер біледі мекендейтін
сүйрер жүреді тереңдейтін
күледі түсінген
туған
158-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу
2. Тақырып қою
«Еске алу», «Партизан достар»
3. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау
159-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу
2. Мәтін бойынша мазмұндама жазу
ІҮ. Қорытынды
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма: 1. Етістіктің шақтары бойынша сызба дайындау
2. Тапсырма бойынша жұмыс
«Мектептес достар» немесе «Кім болам?»
тақырыптарына шығарма жазу
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің райлары туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістіктің райлары, олардың
жасалуы, білдіретін мағынасы, етістік
райларының түрлері жайлы түсінік
қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке,
сыпайылыққа, әдептілікке, сұлулыққа,
өнерді сүюге тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік
қорын молайту.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау, ойын,
мәнерлеп оқу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
Етістік іс-әрекеттің атын ғана білдіріп қоймайды, оның шақтық, жақтық
мағыналарын да көрсетеді.
Етістктің тағы бір ерекшелігі – рай категориясы.
Қимыл, іс-әрекетті айтушының не ол іс-әрекетті хабалаушының пікірімен, ол
іс-әрекеттің іске асуымен де байланысты.
• Ақыл азбайды, білім тозбайды.
Белгілі бір мезгілде іске асуын білдіреді.
• Үгітті ұққанға айт, ақылд жұққанға айт.
орындалун талап ету
• Шапшаң жүрсең, шаң жұқпас.
Орындалу шарты, белгілі бір шақта ске асуы
o Менің оқығым келеді. Оның айтқысы келеді.
Ниетін, талабын білдіреді.
Белгілі бір грамматикалық категориялар арқылы жасалып тұр.
Сөйлеуші сөз арқылы қимылдың шындыққа қатысын, айтушы пікірін,
көзқарасын білдіріп, белгілі бір грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын
етістік түрі рай категориясы деп аталады.
Рай
Ашық Шартты Қалау Бұйрық
Ү. Жаңа сабақты бекіту
160-жаттығу
1. Көшіріп жазып, етістікке талдау жасау
2. Синтаксистік талдау жасау
161-жаттығу Морфологиялық талдау жасау
Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,
Басқаға жануарды тең көрмедім.
Ойын. Кім жылдам?
Үш оқушы етістікті үш шаққа айналдыруы керек.
Осы шақ Келер шақ Өткен шақ
Бар, сөйле, жаса, тік, көр, тоқы, жүгір, ақылдас, үйрен, көзде, тіле,
анықта, айқында, арашала.
ҮІ. Қорытынды
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма: қайталап келу
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Ашық рай
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістіктің райлары туралы
алған білімдерін кеңейту, ашық рай,
олардың жасалу жолдары туралы білім
қалыптастыру.
Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны
арқылы табандылыққа, төзімділікке,
әдебиетті сүюге, қазақ халқының өткені мен
бүгінін құрметтей білуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін дамыту,
сөздік қорын молайту, шығармашылықпен
жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, талдау, шығармашылық жұмыс,
өзіндік жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
ІІІ. Жаңа сабақ
Ашық райдың мәні етістіктің мәні етістіктің шақ мағынасын білдірумен
тікелей байланысты. Өйткені белгілі шақта жұмсалған етістік сол қимылдың
боуы арықылы сөйлеушінің ақиқат шындықты баяндауы байқалады.
Дәркембай өз үйінің жанында ағаш шауып отыр. Атай Ықыласты әңгіме
етті. Әбіш келер жылы оқуын тамамдап қайтады.
Үш шақтың бірінде қолданылып, сөйлеушінің шындыққа қатысты баяндауын ашық
рай дейміз.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
162-жаттығу
1. Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтін мазмұнын таратып айту.
3. Сөйлемдерді көшіріп жазып, морфологиялық талдау жасау.
4. Ашық райлы етістіктердің шағын ажырату
Лагерьден шанамен дырылдатып сүйретіп алып келеді.
163-жаттығу
1. Мәтін мазмұнымен танысу
2. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау
Қазақтар туралы бұрын-соңды ештеңе естімегенмін. Енді оларды білемін,
өте жақсы танимын. Өйткені жақында ғана Мұхтар Әуезовтің тамаша кітабын
ағылшын тілінде оқып шықтым.
163-жаттығу Ауызша талдау
1. Мәтін мазмұнымен танысу
2. Мәтінге тақырып қою.
3. Ашық райла етістіктерді тауып, шағына ажырату
Шығармашылық жұмыс
Ашық райлы етістіктерді қатыстыра отырып, «Анамның мамандығы» деген
тақырыпқа шағын шығарма жазу
Ү. Қорытынды
ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма: 165-жаттығу Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлем
құрау
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Бұйрық рай
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістіктің райлары туралы
алған білімдерін кеңейту, бұйрық рай, оның
жасалу жолдары, жіктелу ерекшеліктері
туралы білім қалыптастыру.
Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны
арқылы оқушыларды еріншектік, сараңдық,
қыңырлық сияқты мінез-құлықтардан аулақ
болуға, қиындыққа мойымауға, шыдамдылыққа
тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін дамыту.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, өзіндік жұмыс,
ауызша тіл дамыту
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 166-жаттығу бойынша берілген ашық райлы етістіктерді қатыстыра
отырып, сөйлемдер құрап келуге берілген болатын.
Үй тапсырмасын тексеремін.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
ІҮ. Жаңа сабақ
Бір жаққа қаратылып, қимылдың, іс-әрекеттің орындалуын талап ету
мағынасын білдіретін етістіктің түрі бұйрық рай деп аталады.
Бұйрық рай :
• Бұйрық
• Тілек
• Талап ету
• Ниет ету мағыналарын білдіреді.
І, ІІ жақта талап, бұйрық мағынасын білдірсе,
ІІІ жақта ниет ету мағынасы басым.
Басқа райдан ерекшелігі:
1. Етістіктің ерекше жіктелуі арқылы жасалады.
2. ІІ жақ анайы түрде қосымша жоқ.
3. І жақ түбір + -айын, -ейін, -йын, -йін (жекеше түр)
-айық, -ейік, -йық, -йік (көпше түр)
4. ІІІ жақ. Түбір + -сын, -сін
Бұйрық рай –шы, -ші жұрнақтары жалғану арықылы өтініш, тілек мағынасын да
білдіреді.
Ү. Жаңа сабақты бекіту
167-жаттығу Ауызша талдау
1. Мақал-мәтелдерді оқу
2. Бұйрық райлы етістіктерді тауып, талдау жасау
168-жаттығу
1. Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Тақырып қою.
3. Етістіктерді теріп жазып, талдау
169-жаттығу
1. Мәтінді мәнерлеп оқу
2. М.Қашқари сөзінің мазмұнына талдау жасау
3. Сөйлемдерге грамматикалық талдау жасау
Өзіндік жұмыс Грамматикалық калейдоскоп
Берілген сөздерден сөз тіркестерін құрау
Қиянат, ұрлық, кісі, өтірік, ғайбат, жасау, ата-ана, айт, қамқорлық, кіші,
үлкен.
ҮІ. Қорытынды
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
170-жаттығу, морфологиялық талдау, бата жаттау
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Шартты рай
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістіктің райлары туралы
алған білімдерін тереңдету, шартты рай,
оның жасалу жолдары, білдіретін мағынасы
туралы білім қалыптастыру.
Тәрбиелік: Мақал-мәтел, жұмбақтардың
мазмұны арқылы жаман қасиеттерден жиреніп,
жақсы қасиеттерді бойына сіңіре білуге
тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін дамыту,
сөздік қорын байыту, сөздерге талдау жасай
білу машықтарын жетілдіру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау,
өзіндік жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 170-жаттығу бойынша сөйлемдерге морфологиялық талдау жасауға
және бата жаттап келуге берілген болатын. Үй тапсырмасын сұрап, жаттаған
баталарын сұраймын.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
• Бұйрық райлы етістіктің жасалу жолы
• Бұйрық райлы етістіктің жіктелу ерекшелігі туралы айтыңдар
ІҮ. Жаңа сабақ
Көп іздесе, жоқ табылар.
Етістіктің шартты райы іс-әрекеттің болу, болмау, іске асу, аспауының
шартын білдіреді.
1. Өмірден көп нәрсені үйренсек, көрсек дейміз.
2. Қатты айтсаң, қарындасыңа да жақпайсың.
• Шартты райлы етістік тиянақты ойды білдіре алмайды.
• Көмекші етістіктердің тіркесіп келуі арқылы жасалады.
• Шартты рай жедел өткен шақ етістік сияқты жіктеледі.
• Үнемі шартын білдіре бермейді.
• Кейде мезгілдік, кейде қарсылық мән білдіреді.
• Шартты рай + І, ІІ ж.ж.ж. + - шы, -ші өкіну, налу
мағынасын білдіреді.
Ү. Жаңа сабақты бекіту
Тапсырма бойынша жұмыс:
1. –са, -се жұрнағы жалғанған сөз үнемі істің шартын білдіре ме?
2. Шартты райла етістікке жұрнақ жалғана ма? Жалғанса, қандай мағынап пайда
болады?
171-жаттығу
1. Мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, морфологиялық талдау жасау. Шартты
райлы етістіктердің астын сызу
172-жаттығу Өзіндік жұмыс
Берілген етістіктерді шартты райға айналдырып, сөйлем құрау
1-қатар: сана, жаз
2-қатар: жүргіз, тазарт
3-қатар: санама, бүлдірме
173-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу
2. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасату
Шартты райлы етістіктері бар мақал-мәтелдерді еске түсіру
• Жаман атқа жал бітсе,
Жанына торсық байлатпас.
• Тіл тас дарады,
Тас жармаса, бас жарады.
• Батыр туса, ел ырысы.
Жаңбыр жауса, жер ырысы.
• Ер жігіт айтпайды, айтса, қайтпайды.
• Оқи берсең, көзің ашылады,
Отыра берсең, жалқаулық басынады.
ҮІ . Қорытынды
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
Оқу, 173-жаттығудың 2-бөліміне грамматикалық талдау жасап
келу.
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Қалау рай
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістіктің райлары туралы
алған білімдерін тереңдете отырып, қалау
райың мағынасы, жасалуы туралы білім
қалыптастыру.
Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны
арқылы ұқыптылыққа, тазалыққа,
ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін дамыту,
байланыстырып сөйлей білу дағдыларын
жетілдіру, сөздік қорын байыту.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау, ой
дамыту, өзіндік жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 173-жаттығудың 2-бөлімі бойынша берілген жұмбаққа грамматикалық
талдау жасап келуге берілген болатын. Үй тапсырмасын тексеремін.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
• Шартты рай дегеніміз не?
• Шартты райдың жасалу жолдарын түсіндіріңдер.
• Мысалдар арқылы өз ойларыңды дәлелдеңдер.
ІҮ. Жаңа сабақ
Етістіктің райларының ішінде мағынасы және жасалуы жағынан ерекше түрі –
қалау рай.
Етістіктің қалау райы іс иесінің қимылды, іс-әрекетті қалауын, соған
ынтасын, ниетін білдіреді.
1. Менің көп жұмысты атқарғым келеді.
2. Сен Әйгерімнің есебін шығаруға көмектесіп жібергейсің.
3. Ербол өзіне берілген тапсырманы уақытында орындаса игі еді.
Ү. Жаңа сабақты бекіту
1-тапсырма
Берілген етістіктерді қалау райлы етістіктің жасалу жолының барлық түріне
қойып айту
• Ойнама
• Берме
• Көр
• Жасыр
• Тарсылдатпа
• Тік
• Бақыла
174-жаттығу
1. Сөйлемдерді көшіріп жазып, морфологиялық талдау жасау
2. Шартты райлы етістіктердің астын сызып, білдіретін мағынасын ажырату
175-жаттығу Өзіндік жұмыс
Берілген сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлемдер құрау
177-жаттығу
Мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, синтаксистік талдау жасау.
Шығармашылық жұмыс.
«Менің арманым» деген тақырыпқа қалау райлы етістіктерді қатыстыра отырып,
шағын эссе жазу
ҮІ. Қорытынды
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
176-жаттығу
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің райларын қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістіктің райлары туралы
алған білімдерін бекіту, олардың жасалу
жолдары мен өзіндік ерекшеліктерін
қайталау.
Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны
арқылы ерлікке, отансүйгіштікке,
парасаттылыққа, әдебиетті, өнерді сүюге
тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік
қорын дамыту, рай түрлерін ажырата білуге
машықтандыру.
Сабақтың типі: Қайталау сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау, ой
дамыту, өзіндік жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 176-жаттығу бойынша «Ойланыңыз, табыңыз» деген тапсырма бойынша
жұмыс жасап келуге берілген болатын.
ІІІ. Өткен сабақты қайталауға арналған жаттығу жұмыстары
178-жаттығу
Етістіктерді теріп жазып, шағына, райына ажырату
Болатын – а.ө.ш., ашық рай
Көрінеді – а.о.ш., ашық рай.
Бекінген – б.ө.ш., ашық рай, т.б.
179-жаттығу
1. Ф. Оңғарсынованың өлеңін мәнерлеп оқу
2. Мәтіндегі ашық рай, бұйрық рай және қалау райлы етістіктерді теріп
жазып, тұлғасына талдау жасау
Ашық рай Қалау рай Бұйрық рай
180-жаттығу
1. Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мазмұнына талдау жасау
3. Топтық жұмыс
1-қатар : Сөйлемдерден етістіктерді теріп жазып, шағын, райын ажырату
2-қатар: Сөйлемдерді көшіріп жазып, синтаксистік талдау жасау
3-қатар: Шығармашылық жұмыс
«Бақыт дегеніміз не?» деген тақырыпқа рай түрлерін қатыстыра
отырып, шағын шығарма жазу
Пысықтауға арналған сұрақтар бойынша жұмыс
ІҮ. Қорытынды
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма:
Мақал-мәтел, өсиет сөздердің негізінде «Атаның баласы ғана емес,
адамның баласы болсам» тақырыбында шығарма жазу.
Қазақ тілі 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Есімшенің түрленуі.
Есімшенің тәуелденуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: есімшенің түрлену ерекшелігі,
тәуелденуі туралы білім қалыптастыру,
бұрынғы алған білім, білік, дағдыларын
дамыту, тереңдету.
Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа,
тазалыққа, парасаттылыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік
қорын дамыту, есімшенің түрленуін ажырата
білу машықтарын қалыптастыру
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау,
өзіндік жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
ІІІ. Жаңа сабақ
Есімше екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте жұмсалатын етістіктің
ерекше түрі.ол:
1. Жіктеліп, етістік қызметін атқарады.
2. Есімдерше түрленіп (септеліп, көптеліп, тәуелденіп), есім қызметін
атқарады. Сондықтан да есімше деп аталады.
Есімшенің жұрнақтары:
-ған, -ген, -қан, -кен
- ар, -ер, -р, -с
-мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек
-атын, -етін, -йтын, -йтін
Есімшенің тәуелденуі:
Оңаша Ортақ
І. Менің айтқаным І. Біздің айтқанымыз
ІІ. Сенің айтқаның ІІ. Сендердің айтқандарың
Сіздің айтқаныңыз Сіздердің айтқандарыңыз
ІІІ. Оның айтқаны ІІІ. Олардың айтқандары
Ү. Жаңа сабақты бекіту
183-жаттығу
1. Сөйлемдерді көшіріп жазып, синтаксистік талдау жасау
2. Қарамен жазылған сөздерді тұлғасына қарай талдау
184-жаттығу
Тәуелденген есімшелерді қатыстырып, сөйлем құрастыру
Тапсырма
Сөйлемдерге морфологиялық талдау жасап, есімшелерді табу, түрленуіне назар
аудару
Айтқаның Серікбай ғой. Игілік шеткі аттың неден үріккенін де көрді.
Жүгіре бере өкшесінен су кіргенін сезді. Бар үй ішінің тосатыны Иіс, соның
бай үйінен қайтқанын болымсыз үмітпен күтеді. Бірақ өзінің де жатып-
тұрғанын сезген жоқ.
Өзіндік жұмыс
Берілген етістіктерден есімше жасап, тәуелдеп, сөйлемдер құрау
Әндет, күл, шымырла, жайна, бөлен, тара, елті, құмарт, жарқылда,
сайра
ҮІ. Қорытынды.
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Оқу
2. 6 сөйлем жазу, талдау
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Есімшенің жіктелуі.
Есімшенің септелуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Есімшенің түрленуіндегі
өзіндік ерекшеліктері, оның
тәуелденуі жайлы алған білімдерін
тереңдету, есімшенің жіктелуі,
септелуі жайлы білім қалыптастыру
Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндері арқылы
еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа,
пайымдылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: оқушы ойын, есімшелерді
түрлендіріп, талдай білуін дамыту
Сабақтың типі: Аралас сабақ
САабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау,
өзіндік жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге тәуелденген есімшесі бар 6 сөйлем жазып, талдап келуге берілген
болатын.
Үй тапсырмасын тексеремін.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
ІҮ. Жаңа сабақ
Есімшенің жіктелуі:
Оңаша Ортақ
І. Мен көргенмін І. Біз көргенбіз
ІІ. Сен көргенсің ІІ. Сендер көргенсіңдер
Сіз көргенсіз Сіздер көргенсіздер
ІІІ.Ол көрген. ІІІ. Олар көрген.
Есімшенің септелуі
А. барған
І. барғанның
Б. барғанға
Т. барғанды
Ж.барғанда
Ш.барғаннан
К. Барғанмен
Болымсыз түрі –ма, -ме + с + ж.ж.
Ү. Жаңа сабақты бекіту
185-жаттығу
1. Өлең шумақтары мен мақал-мәтелдерді мәнерлеп оқу
2. Сөйлемдерге морфологиялық талдау жасау
3. Есімшелерді тауып, олардың түрлену жолын түсіндіру
186-жаттығу
1. Өлеңдерді оқып, мазмұнына, дауыс ырғағына талдау жасау
2. Морфологиялық талдау жасау
3. Болымсыз етістіктен кейін жалғанған есімшенің –с жұрнағы мен жіктік
жалғауының өзгеріске ұшыраған түріне көңіл аударту
4. Сүйегім, тақсыр және тартынбай сөздеріне фонетикалық талдау жасау
187-жаттығу
1. Мақалдарды мәнерлеп оқып, мазмұынына, тәрбиелік мәніне талдау жасау
2. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау
ҮІ. Қорытынды
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 157-жаттығу 4,5,6 сөйлемдер
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Есімшенің түрленуі жайлы
алған білімдерін тереңдете отырып,
есімшенің сөйлемдегі қызметі жайлы
білім қалыптсатыру, жаттығу жұмыстары
арқылы бекіту
Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндері арқылы
еңбексүйгіштікке, ерлікке,
ауызбіршілікке, татулыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы ойын, есте сақтау
қабілетін, тілін дамыту
Сабақтың типі: Аралас сабақ
САабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау, ауызша
тіл дамыту
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге ішінде берілген сөздері бар сөйлемдер не мақал-мәтелдерді тауып
жазып, талдап келуге берілген болатын.
Үй тапсырмасын тексеремін.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
ІҮ. Жаңа сабақ
Есімше әр түрлі сөйлем мүшесі бола алады.
1. Есімше + ж.ж. баяндауыш
Жаңбыр жауар, көк шығар.
2. Есімше + З.е.
Есімше + І.с. анықтауыш
Домбыраны қолға алсам,
Ағылған жыр мен күй көрем.
3. Есімше А.с. бастауыш
Оқыған білер,
Ерінбеген етікші болар.
4. Есімше + (Б.с, Т.с., Ж.с., Ш.с., К.с.) толықтауыш
Білмегеніңді үлкеннен сұра,
Үлкен білмесе, кішіден сұра.
5. Есімше + (Б.с, Т.с., Ж.с., Ш.с., К.с.) пысықтауыш
Есімше - Шылау
Осыны сезген сайын Абай тоқтаусыз жыр шертеді.
Ү. Жаңа сабақты бекіту
188-жаттығу
1. Мақал мәтелдердегі есімшелердің сұрақтарын анықтап, қай сөйлем мүшесі
болып тұрғанын табу
2. Үлгіге сай талдау жұмысын жүргізу
Туған үйдің, туған ананың – қандай? , анықтауыш
189-жаттығу
Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау
Жұмыскерлерге барақтар салынған.
190-жаттығу
1. Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Есішелерді тауып, ауызша талдау жасау (сұрағын анықтау, түрлену түрі
мен қай сөйлем мүшесі қызметін атқарып тұр)
191-жаттығу
Мақал-мәтелдердегі есімшелердің түрленген тұлғаларына ауызша талдау жасау
192-жаттығу
Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау
ҮІ. Қорытынды
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
195-196 жаттығулар
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Көсемшенің түрленуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістіктің ерекше түрі
көсемшенің түрленуі жайлы түсінік
беру, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту
Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің
мазмұны арқылы тапқырлыққа,
адалдыққа, ақарапайымдылыққа,
парасаттылыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін,
сөздік қорын дамыту, дағдыларын
қалыптастыру
Сабақтың типі: Аралас сабақ
САабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау, ауызша
тіл дамыту
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 195-196 жаттығулар берілген болатын. Үй тапсырмасын тексеремін.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
Өткен сабақты пысықтауға арналған сұрақ-тапсырмалар арқылы
қорытындылаймын.
ІҮ. Жаңа сабақ
Көсемше де екі түрлі қызметте жұмасалады:
1. Тікелей жіктеліп ( барып-пын) немесе күрделі етістіктің негізгі
етістік сыңары (ажырата алмайды) болып, нақты қимылды білдіріп,
етістік қызметінде қолданылады.
2. Қимылдың амалын білдіріп, үстеу қызметінде жұмсалады.
айтқалы отыр
Бай мен жалшы дауласып, Бәйдібек биге барыпты.
Тамақ беріп әлдендірдім, ескімді беріп киіндірдім.
Көсемше жұрнақтары:
-а, -е, -й жіктеледі
-ып, -іп, -п
-ғалы, -гелі, -қалы, -келі жіктелмейді
Ү. Жаңа сабақты бекіту
197-жаттығу Ауызша
Берілген көсемшелерді жіктеу
198-жаттығу
1. Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Үлгі бойынша талдау жасау
Жоғалып кетіпті – жоғал – нег. ет., -ып – көс.ж., кет –көм.ет., -іп
–көс.ж., - ті – ж.ж.ІІІж.
199-жаттығу
Көсемшелерді байланысқан сөздерімен теріп жазып, тұлғалық талдау жасау,
жағын ажырату
Қожанасыр бар-ып-ты, табаққа сал-ып, қасық қой-ып-ты.
200-жаттығу
Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау
201-жаттығу
Сөйлемдерге морфологиялық талдау жасау
ҮІ. Қорытынды
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
202-жаттығу
Мәтіннен есімше және көсемше формалы етістіктерді
баған түрінде теріп жазу
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Көсемшенің сөйлемдегі қызметі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Көсемшенің түрленуін
қайталау, сөйлемдегі атқаратын
қызметі жайлы білім қалыптастыру
Тәрбиелік: Оқушыларды достық,
жолдастық сезімдергге адал болуға,
қазақ халықының салт-дәстүрін
құрметтей білуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін,
сөздік қорын дамыту
Сабақтың типі: Аралас сабақ
САабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау,
өзіндік жұмыс, мәнерлеп оқу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге көсемшенің түрленуі туралы мағлұматты оқып келуге және 202-
жаттығу бойынша есімше және көсемше формалы етістіктерді баған түрінде
теріп жазуға берілген болатын. Үй тапсырмасын тексеремін.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
ІҮ. Жаңа сабақ
1. Көсемше жіктеліп, баяндауыш қызметін атқарады.
Терезеден көкпеңбек болып қала көрінеді
2. Көсемше қимылдың амалын, жай-күйін, мақсатын, себебін білдірп,
пысықтауыш болады.
Таудың сай-сайымен сумаңдап, сылдырлап бұлақтар ағады.
3. Кейде жіктеліп келген баяндауышпен, есімшеден болған анықтауышпен,
септеліп келген есімшелермен, тұйық етістіктен болған толықтауышпен
бірыңғай мүше болады.
Осы жақта бір қарт атамыз бар дегенге жолығып, қолын алып, бір-екі
ауыз ақылын сұрайын деп едім.
Ү. Жаңа сабақты бекіту
203-жаттығу
1. Сөйлемдерге синтаксисьік талдау жасау
2. Көсемшелерге сұрақ қою арқылы сөйлемнің қай мүшесі екенін анықтау
Сибан көші Еламанның аулына қарамай, әрі асып кете берді.
Өзіндік жұмыс
Көсемшенің жасалу жолдарының үш түріне мысалдар келтіріп, сөйлемдер құрау
204-жаттығу
1. Мақал-мәтелдерді мәнерлеп оқу
2. Морфологиялық талдау жасау
3. Көсемшенің қызметін анықтау
Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
205-жаттығу Ауызша талдау
1. Мәнерлеп оқу
2. Мазмұндау
3. Көемшелерді тауып, қай сөйлем мүшесі екенін ажырату
ҮІ. Қорытынды
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
1. 206-жаттығу Адам бейнелері берілген сөйлемдерді көшіріп
жазып, морфологиялық талдау жасау
2. Пысықтауға арналған сұрақтармен жұмыс
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Кенен Әзірбаев (диктант)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістіктің шақтары,
райлары жөнінде алған білімдерін
тексеру, жазу сауаттылықтарын
арттыру.
Тәрбиелік: Мәтін мазмұыны арқылы
өнерді құрметтеуге, тарихты қастерлей
білуге, әсемдікке тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы жазу
сауаттылықтарын, ойын, тілін дамыту
Сабақтың типі: Білім сынау сабағы
Сабақтың түрі: Диктант
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Мәнерлеп оқу, өзіндік жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Диктант жазуға дайындық
ІІІ. Диктант жаздыру
Кенен Әзірбаев
Өздеріңе таныс «Бозторғай» әнін Кенен 11 жасында шығарған. Шешесінен
7 жасында жетім қалған. Жалшылықта жүріп, аспандағы бозторғайға осылайша
мұңын шаққан еді. Бірде бала қойшы көрші ауылда той болып жатқанын естіді.
Жайып жүрген қойын досына тапсырады да, Көкшолағымен тойға кетіп бара
жатқандарға қосылады. Жол-жөнекей Шәлипа деген қызбен айтысады. Байдың қызы
оны менсінбейді. Осы жолы Кенен «Көкшолақ» әнін шығарады.
Осыдан бастап ол «бала ақын» аталып, жиын-тойларда өнерімен көзге
түседі. Сүйінбай, Бөлтірік, Сарбас сияқты арқалы ақындардың шығармаларынан,
өздерінен өнеге алады. Оның мектебі де, университеті де өмірдің өзі, халық
ауыз әдебиеті болады.
Кенен Әзірбаев – ең алдымен әнші, ақын, халық сазгері. Оның әндері
халық арасына кең тараған. Кенен –айтыс ақыны. Он алты жасынан-ақ белгілі
ақындармен айтысқа түскен.
(120 сөз)
Тапсырма:
Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау:
1-топ:
Өздеріңе таныс «Бозторғай» әнін Кенен 11 жасында шығарған.
2-топ:
Бірде бала қойшы көрші ауылда той болып жатқанын естіді.
ІҮ. Қорытынды
Ү. Үйге тапсырма:
Өткенді қайталау
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістіктің түрленуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тұйық етістіктің түрлені
жайлы білім қалыптастыру, тұйық
етістіктің жазылу емлесін меңгерту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ауызбіршілікке,
татулыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін,
сөздік қорын дамыту
Сабақтың типі: Аралас сабақ
САабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау,
өзіндік жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 206-жаттығу бойынша адам бейнелері берілген сөйлемдерді көшіріп жазып,
морфологиялық талдау жасауға және пысықтауға арналған сұрақтармен жұмыс
жасап келуге берілген болатын. Үй тапсырмасын тексеремін.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
ІҮ. Жаңа сабақ
Тұйық етістік қимылдың, іс-әрекеттің атын ғана білдіреді, бірақ
етістіктерше жақтық, шақтық мағына бермейді.
Түбір + у Көбіне заттық мағынаға ие болады.
Тұйық етістік зат есім сияқты түрленеді. Тұйық етістік тіелей септеледі,
тәуелденеді, бірақ жіктелмейді.
Тұйық етістікке көптік жалғауы жалғанса, одан кейі тәуедік жалғауы
жалғанады.
Емлесі:
1. Сөз дауыссызға бітсе, у дауысты
Дауыстыға біте, у дауыссыз болып жалғанады.
2. ы, і + у у
3. п, к, қ + у п б
к г
қ ғ
Ү. Жаңа сабақты бекіту
Тапсырма Ойланыңыз да айтыңыз.
1. У дыбысына аяқталған сөздердің бәрі тұйық етістік бол бере ме?
2. Жұмбақтың шешуін тап.
3. Жаю, тыю, сүю деген сөздер қай сөз табына жатады?
207-жатттығу
1. «Құмырсқалар өркениеті» тақырыбындағы мәтінді мәнерлеп оқу
2. Абзац бойынша оқушыларға мазмұндату
3. Өзіндік жұмыс
1-нұсқа: у тұйық етістік болатын сөздерді
2-нұсқа: у зат есім болатын сөздерді теріп жазу
4. 1-3 азат жолдарға морфологиялқ талдау жасау
5. 7-азат жолға синтаксистік талдау жасау
Шығармашылық жұмыс
«Адамдарға сөзіңмен ұнау үшін не істеу керек?» деген сұрақ төңірегінде
ойланып, эссе жазу
ҮІ. Қорытынды
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
Көркем әдебиеттен тұйық етістікті сөйлемдер жазып, тұйық
етістікті сөздің қай сөйлем мүшесі қызметін атқарып тұрғанын
анықтау
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің сөйлемдегі қызметі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістіктің формалары
жөнінде алған білімдерін тиянақтау,
етістіктердің сөйлемдегі қызметі
жайлы білім қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды жинақылыққа,
еңбексүйгіштікке, тазалыққа, өнер-
білімге ұмтылуға тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін,
сөздік қорын дамыту
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
САабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, талдау, мәнерлеп оқу, сұрақ-
жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабақ
1. Етістік шақ, рай тұлғасында жіктеліп келіп, баяндауыш болады.
Тұйық етістік сөйлем соңында Ж.с-де немесе басқа тұлғаларда тұрып-ақ
баяндауыш болады.
Қойшының қоңыр лашығының бір үзігі сыпырылған.
Асан баласын Семейде оқытуда
2. Етістік көсемше тұлғасында іс-әрекеттің амалын, қасиетін білдіріп,
пысықтауыш болады.
Тұйық етістік Б.с., Т.с., Ж.с., Ш.с., К.септіктерінің бірінде келіп
немесе шылаулармен тіркесіп келіп, пысықтауыш болады.
Біз газет оқығалы кітапханаға бардық. Жиналыста тазалық сақтау,
жаңа тұрмыс құру, оқу турал айттым.
3. Етістік есімше және тұйық етістік тұлғаларында А.септігінде келіп,
бастауыш болады.
Қайталау – оқу анасы.
Ізденген жетер мұратқа.
4. Есімше формалы етістік немесе А.с –гі тұйық етістік З.е-мен тіркесіп
келіп, анықтауыш болады.
5. Б.с.,Т.с., Ж.с., Ш.с., К.септіктерінің бірінде келіп, екеуі де кейде
толықтауыш болады.
Мына оқиғадан кейін осыны мойындауға тура келді.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту
208-жаттығу Ауызша талдау
1. Мәнерлеп оқу
2. Сөйлемдерді жеке-жеке оқып, етістіктерін табу, қай сөйлем мүшесі
қызметін атқарып тұрғанын анықтау
209-жаттығу
Сөйлемдерге синтакситік талдау жасау
210-жаттығу
Етістіктерді теріп жазып, шағына, райына ажырату
Тимеді – ж.ө.ш., а.р.
Байқаған жоқ – б.ө.ш., а.р.
211-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу
2. Мазмұнына талдау жасау
3. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау
ІҮ. Қорытынды
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма:
212-жаттығудың 1-бөліміне синтаксистік талдау жасау
Сұрақ-тапсырмалар бойынша жұмыс
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің сөйлемдегі қызметі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістіктің сөйлемдегі
қызметі жайлы алған білімдерін
нығайту, етістік тарауы бойынша
өткенді қайталау
Тәрбиелік: Оқушыларды парасаттылыққа,
байыптылыққа, білуге алға ұмтылуға
тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік
қорын, ойын дамыту
Сабақтың типі: Пысықтау сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Мәнерлеп оқу, талдау, ауызша тіл дамыту,
шығармашылық жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 212-жаттығудың 1-бөліміне синтаксистік талдау жасап келуге
берілген болатын.
Үй тапсырмасын тексеремін.
Қосымша сұрақ-тапсырмалармен жұмыс.
ІІІ. Өткен тақырыптарды қайталауға арналған жаттығу жұмыстары
212-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу
2. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау
213-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу
2. Тақырып қою
3. Ауызша ой, тіл дамыту
Тілдің пайдасы мен зияны туралы білетіндерін сұрау
4. Сөйлемдерге морфологиялық талдау жасау
214-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу
2. Етістіктерді тауып, толық талдау жасау
еді – көм. ет., ж.ө.ш., а.р.
шыққам – нег.ет., есімше, І ж.ж.ж., б.ө.ш.,
3. Мәтінге сүйене отырып, Аянға мінездеме жазу
ІҮ. Қорытынды
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма:
215-жаттығу Үлгі бойынша талдау жасап келу
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Морфология тарауынан өткенді
қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Морфология тарауынан сөз
таптарының сөйлемдегі қызметі туралы
алған білімдерін қайталау, бекіту
Тәрбиелік: Оқушыларды парасаттылыққа,
байыптылыққа, білуге алға ұмтылуға
тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік
қорын, ойын дамыту
Сабақтың типі: Пысықтау сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Мәнерлеп оқу, талдау, ауызша тіл дамыту,
шығармашылық жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 215-жаттығу бойынша үлгіге сүйене отырып, талдау жасап келуге
берілген болатын.
Үй тапсырмасын тексеремін.
ІІІ. Өткен тақырыптарды қайталауға арналған жаттығу жұмыстары
216-жаттығу
1. «Ақсүйек» мәтінін мәнерлеп оқу
2. Мәтін мазмұнына талдау жасау, мағынасын таратып айту
3. Мәнінен есімше және көсемше тұлғалы етістіктерді тауып, мағынасы мен
қызметін ауызша түсіндіру
217-жаттығу
1. Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Ойынға ат қою
3. Етістіктерді теріп жазып, шағын ажырату
218-жаттығу
1. Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Өзіндік жұмыс
Мәтіннен әр топ өздеріне берілген сөз таптарын теріп жазу
Зат есім:
Сын есім:
Сан есім:
Есімдік:
Етістік:
Үстеу:
219-жаттығу
Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау
ІҮ. Қорытынды
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма:
Сынақ-тапсырма бойынша жұмыс
«Достықта не жақсы, не жаман» деген сұрақ төңірегінде 10 ереже түзіп шығу
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Синтаксис. Сөз тіркесі туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Синтаксис тарауы туралы жалпы
түсінік қалыптастыру, сөздердің байланысу
жүйесі, грамматикалық байланысты жүзеге асырушы
тұлғалар туралы білімдерін еске түсіру
Тәрбиелік: Оқушыларды ұлттық мұраларды
қастерлеуге, адамгершілікке, өлеңді, өнерді
сүюге тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын
дамыту, дүниетанымын кеңейту
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс –тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау-жинақтау,
мәтінмен жұмыс, мәнерлеп оқу, ауызша тіл дамыту
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге сынақ-тапсырма бойынша «Достықта не жақсы, не жаман» деген сұрақ
төңірегінде 10 ереже түзіп шығуға берілген болатын. Үй тапсырмасын
тексеремін.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
ІҮ. Жаңа сабақ
Синтаксис – грек сөзі, «біріктіру», «құрау», «реттеу» деген мағынаны
білдіреді.
Қазір грамматиканың бір саласы, сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылым-
құрылысын қарастырады.
Тілдің ойды білдіретін ең кіші бөлшегі – сөйлем. Сөйлем – сөздердің
бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсуі арқылы құралады.
Егер құрамындағы сөздерді қосымшасыз алсақ, мағыналық байланыс
болмайды.
Синтаксис сөйлемдердің мағыналары мен түрлерін, сөйлемдегі сөздердің
грамматикалық байланысқа түсуін, сөздердің тіркесуін зерттейді.
Сөздер сөйлемде бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсіп
қолданылады.
Сөйлемдегі кем дегенде екі сөздің бірінің екіншісіне сабақтаса байланысуын
сөз тіркесі дейміз.
Сөз тіркесі
Есімді Етістікті
Сөз тіркесінің түрлері басыңқы сөздің қай сөз табынан болуына қарай
анықталады.
Басыңқы сыңары: зат есім
Сын есім есімді тіркес
Сан есім
есімдік
Басыңқы сыңары: етістік - етістікті тіркес
Ақбураның құс секілді ұшатын ерекше қасиеті болатын.
Ақбураның қасеті - есімді
Құс секілді ұшатын – етістікті
Ұшатын қасиеті – есімді
Қасиеті болатын – етістікті
Ерекше қасиеті – есімді
Ү. Жаңа сабақты бекіту
223-жаттығу Ауызша
1. Мәндегі сөйлемдерді мәнерлеп оқу
2. Сөйлемдердегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді атап, қай сөз
таптарының байланысып тұрғанын атау
224-жаттығу
1. «Шөген» мәтінін мәнерлеп оқу
2. Мәтін мазмұнына талдау жасау
3. Мәтінен қалаған 3 сөйлемдердегі сөздерді байланыстыры, сөз тіркестерінің
түрлеріне ажырату
Үлгі: Аса шеберлікті қажет ететін бұл сайыс түрі қазақ халқында
ұлттық ойын ретінде қолданылған.
Шеберлікті қажет ететін – етістікті
Бұл сайыс – есімді
Сайыс түрі – есімді
Сайыс түрі қолданылған – етістікті
Қазақ халқында – есімді
Қазақ халқында қолданылған – етістікті
Ұлттық ойын ретінде қолданылған - етістікті
227-жаттығу
1. Мәтіндегі сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау
2. Сөйлемдегі сөз санын анықтап, қандай сөз тіркестері бар екенін ажырату.
ҮІ. Қорытынды
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма:
226-жаттығу
Мәтіннен қалаған 5 сөйлемді сөз тіркестеріне жіктеп, түріне
ажырату
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі, күрделі сөздер мен тұрақты
тіркестер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөз тіркесі, күрделі сөздер мен
тұрақты тіркестер туралы, олардың бір-бірінен
айырмашылығы, қолданылуы жайлы алған білімдерін
тереңдету.
Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы
әдебиетті, халықтық салт-дәстүр, ұлттық
ойындарды қастерлеп, құрметтеуге,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын
дамыту, дүниетанымын кеңейту
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс –тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау,т өзіндік
жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 226-жаттығу бойынша мәтіннен қалаған 5 сөйлемді сөз тіркестеріне
жіктеп, түріне ажыратып келуге берілген болатын.
Үй тапсырмасын тексеремін.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
ІҮ. Жаңа сабақ
Тұрақты тіркес 1. Екі не одан да көп сөзден тұрады
Күрделі сөз 2. Бір мағынаны білдіреді
3. Сырттай ұқсас
4. Орындары тұрақты
Күрделі сын есімдер
Күрделі сан есімдер
Күрделі зат есімдер
Күрделі етістік
Негізгі сөз бен көмекші сөздер
Күрделі сөз ┼ басыңқы сөз = сөз тіркесі
Тұрақты тіркестер
Ү. Жаңа сабақты бекіту
229-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу
2. Баған түрінде теріп жазу
Сөз тіркесі Күрделі сөздер Тұрақты тіркестер
230-жаттығу
1. Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мазмұнына талдау жасау
3. Қарамен жазылған сөздердің сөз тіркесі, күрделі сөз немесе тұрақты
тіркес екенін ажырату
232-жаттығу
1. Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау
ІҮ. Қорытынды
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма: 231-жаттығу қарамен жазылған сөздердің сөз тіркесі
не күрделі сөз екенін анықтау
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі, күрделі сөздер мен тұрақты
тіркестер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөз тіркесі туралы алған білімдерін
тереңдете отырып, оларды күрделі сөздер мен
тұрақты тіркестерден ажырата білуге,
сөйлемдерден тауып, талдай білуге үйрету
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, пайымдылыққа,
қазақ музыка өнерін құрмет тұтуға, әсемдікке
тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын
дамыту, дүниетанымын кеңейту
Сабақтың типі: Пысықтау сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс –тәсілдері: Сұрақ-жауап, сөйлемдерді сөз тіркестеріне
талдау, өзіндік жұмыс,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге сөз тіркесі, күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер деген
тақырыпты қайталап оқып келуге және тұрақты тіркестері мен күрделі сөздері
бар сөйлемдер жазып келуге берілген болатын.
Үй тапсырмасын тексеремін.
Қосымша сұрақтар:
- Сөз тіркесі дегеніміз не
- Сөз тіркесінің күрделі сөздер мен тұрақты тіркестерден айырмашылығы
неде?
- Күрделі сөздер мен тұрақты тіркестерді бір-бірінен қалай ажыратамыз.
Мысалдар арықылы дәлелдеңдер.
ІІІ. Өткен сабақты пысықтауға арналған жаттығу жұмыстары:
234-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу
2. Мазмұнына талдау жасау
3. Сөйлемдердегі сөз тіркестерін тауып, түріне ажырату
Салған жерден түсінсе – етістікті
Абай түсінсе – етістікті....
235-жаттығу Ауызша
1. Мәнерлеп оқып шығу
2. Мазмұнына талдау жасау
Көкбай туралы мағлұмат
3. Сөз тіркестерін анықтап
Терме диктанты
1-қатар - сөз тіркесі
2-қатар - күрделі сөз
3-қатар - тұрақты тіркестерді теріп жазу
Қонақасы, қонақүй, мүшелтой, қабілетті бала, жүрегі алып ұшу,
зығырданы қайнау, пікірталас, жаман-жәутік, құлаққа ұрған танадай, аппақ,
құдық қазу, әңгір таяқ орнату, талапкерлер сөйледі, демалысқа кету,
тілашар, қаннен-қаперсіз, көңіліне қона қоймау.
Сөз тіркесі: қабілетті бала, құдық қазу, талапкерлер сөйледі, демалысқа
кету,
Тұрақты тіркестер: жүрегі алып ұшу, зығырданы қайнау, құлаққа ұрған
танадай, әңгір таяқ орнату, көңіліне қона қоймау.
Күрделі сөздер: Қонақасы, қонақүй, мүшелтой, пікірталас, жаман-жәутік,
аппақ, тілашар, қаннен-қаперсіз
233-жаттығу Шығармашылық жұмыс
Өздерініңіз бірнеше күрделі сөздер мен тұрақты тіркестерді тауып
жазып, солармен сөз тіркестерін құраңыздар. Сөйлем етіп жазыңдар
235-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу
2. Мазмұнын таратып айту
3. Тапсырма бойынша жұмыс
ІҮ. Қорытынды
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма: 236-жаттығу
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу тәсілдері
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Сөздердің байланысу тәсілдері
туралы алған білімдерін тереңдету, жаттығу
жұмыстары арқылы бекіту
тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке,
еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа,
пайымдылыққа, еңбекті бағалай білуге
тәрбиелеу
дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөйлемдегі
сөздердің байланысын ажарата білуін дамыту
Сабақтың типі: пысықтау сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс, талдау,
т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 233-жаттығуға синтаксистік талдау жасап келуге берілген болатын.
Үй тапсырмасын дәптерлерінен тексеремін.
Қосымша сұрақтар:
• Сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілдері дегеніміз не?
• Түрлерін ата
• Мысал келтір.
ІІІ. Өткен сабақты пысықтауға арналған жаттығу жұмыстары
1-тапсырма
Төмендегі сөйлемдегі сөздердің тіркестерін анықтап, байланысу тәсілдерін
ажыратыңдар.
Машиина үшін мен жауап беремін. Келген қоныстанушылардың аттары оған
өлең сияқты естілді. Болашақ қаланың көшелері төрт пәтерлі жалғыз қабат
ағаш үйлерден тізіле бастады. Мәтібұлақ! Бұл – картаға түспеген жер. Бұл
жерге жаңа сатық шаруашылығы орнады. Жібек – сауыншы.
2-тапсырма Өзіндік жұмыс
Бірінші топтағы сөздерді екінші топтағы сөздермен ыңғайына қарай сөз
тіркесіне айналдырып, қандай тәсілмен байланысқанын айт.
1. Жазық, бөлінген, мұны, баланың, мамндыққа, көпір арқылы,
өндірістік, біз, үйге шейін, машинамен, жұмыстан.
2. Үлескі, дала, естіген, баулу, бас агрономы, бригада, өту, жүгіру,
құрылысшымыз, бару, келу.
3-тапсырма Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау
Бізге орыс әдебиетінен бір жас мұғалима сабақ берді. Бір күні ол
сабақ үстінде маған Марк Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендерін»
дауыстап оқытты. Өзге балалар ұйып тыңдап отырды. Сабақта біз оны оқып
тауыса алғамыз жоқ. Содан бастап менің ермегім тек қана кітап болуға
айналды.
ІҮ. Қорытынды
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма: Өткенді қайталау, көрскем әдебиеттен 5 сөйлемге
синтаксистік талдау жасап келу
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөз тіркесі туралы алған
білімдерін тереңдету, есімді және
етістікті тіркес туралы білім қалыптастыру
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке,
кісі еңбегін бағалай білуге,
адамгершілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік
қорларын дамыту
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіңс-тәсілдері: Түсіндірмелі, талдау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабақ
ІІІ . Жаңа сабақты бекіту
1-тапсырма
Берілген сөйлемдерден сөз тіркестерін тауып, сөз тіркесінің түрлеріне
ажырату
Бүкіл бір квартал жерді баспахана алып жатыр. Барлық газет-журналдар
мен кітаптар осында басылып шығады. Біз баспахананың ішіне кіріп көрдік.
Ақшыл бояумен боялған терезелердің ар жағында шамдар жарқырап жанып тұр.
Кең бөлмеде зырлаған машиналар, кісілер көрінеді. Тоқсаусыз жүріп жатқан
еңбек үні естіледі. Сол газеттерді баспахана жұмысшылары жеті қараңғы түнде
басып шығарады.
2-тапсырма
Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау
Тымырсық ауа мен ауыр ескек оны әбден қалжыратты. Енді ол мүлде
тынышсыздана бастады. Жаңа ғана мөлдіреп жатқан аспан әлемінде енді ағыл-
тегіл бұлттар көше бастады. Баланы асықтырып отырған қарт енді ескекті өз
қолына алды. Ауыр жүк тиелген үлкен қайық жағаға қарай жөнелді. Қарт бір
ескекті тастай салды да, орындығының астынан шекпеніні алып киді.
3-тапсырма
Сөйлемдерге морфологиялық талдау жасау
Абай осы жолы қалада көп жатты. Оқуға балаларын орналастырған алғашқы
жылында олаарды қимай жүргені де болады. Күз бойы, қыстың ортасына шейін
Гоголь атындағы кітапханада күн ұзын отырады. Кей кештерде өзі оқыған
романдардың қызықтарын Баймағамбетке әңгіме етеді. Оның айтуы арқылы
Баймағамбет те көп әңгіме жиып жүр.
ІҮ. Қорытынды
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма: 6 сөйлемге талдау жасау
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Матасу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөз тіркесінің құрылысы туралы
алған білімдерін тереңдету, түрлерімен
таныстыру, матаса байланысқан сөз тіркесі
туралы білім қалыптастыру
Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндері арқылы
оқушыларды табиғатты, қоршаған ортаны
аялай білуге, денсаулықтарын сақтауға,
қайырымдылыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік
қорларын дамыту, сөз тіркестерін ажырата
білуге машықтандыру
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіңс-тәсілдері: Түсіндірмелі, мәнерлеп оқу, талдау, сұрақ-
жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабақ
Сөз тіркесінің құрылысы байланысу түрлеріне қарай мынадай:
1. матаса байланысқан сөз тіркесі
2. меңгере байланысқан сөз тіркесі
3. қабыса байланысқан сөз тіркесі
4. жанаса байланысқан сөз тіркесі
Бірнеше зат есім немесе заттанған сөз ілік септік жалғауында, екінші
сөз тәуелдік жалғауында келу арқылы байланысқан сөз тіркесін матаса
байланысқан сөз тіркесі дейміз.
Матау – есімді сөз тіркесі.
Оқушының жабдығы, қаланың халқы, онның бірі, әкесінің баласы,
жазушының қасиеті, менің әдетім.
Кейде ілік септік жалауы түсіп қалады.
Ауыл малы, ақын өлеңдері
Кейде тәуелдік жалғауы түсіп қалып қолданылады.
Біздің бала, сіздің үй.
ІІІ . Жаңа сабақты бекіту
248-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу
2. Түсіндіру
3. Матаса байланысқан сөз тіркестерін теріп жазу
4. Мәтіннен І.с. жалғауы түсіп қалған сөздерді өзі байланысқан тәуелдік
жалғаулы сөзбен бірге теріп жазу
249-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу
2. Аңшы достарымен әңгіме иесінің неліктен кездеспей кеткенінен болжам
жасау
3. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау
4. Сөз тіркесінің байланысу түрлерін ауызша ажырату
250-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу
2. Әңгіме мазмұнын түсіндіру
3. Матаса байланысқан сөз тіркестерін теріп жазу
ІҮ. Қорытынды
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма:
250-жаттығу, соңғы азат жол:
2 сөйлемге синтаксистік талдау,
1 сөйлемге морфологиялық талдау
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Матасу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөз тіркесінің құрылысы, сөз
тіркесінің байланысу түрлері жайлы алған
білімдерін тереңдету, матасу туралы
білімдерін нығайту
Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны
арқылы оқушыларды еңбексүйгіштікке,
тазалыққа, ұқыптылыққа, адамгершілікке
тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік
қорын дамыту, сөздердің байланысу
тәсілдерін ажырата білуге машықтандыру
Сабақтың типі: Пысықтау сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, талдау, эссе, кітап-
дәптермен жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырамысын сұрау
Үйге 250-жаттығудың 2-азат жолы бойынша матаса байланысқан сөз
тіркестерін тауып, жазып келуге берілген болатын.
Үй тапсырамсын тексеремін.
Қосымша сұрақтар:
• Матасу дегеніміз не?
• Матасудың өзіндік ерекшеліктері неде?
• Жасырын тұрған қосымша арқылы жасалған матаму түріне мысал
келтіріңдер.
ІІІ. Өткен сабақты пысықтауға арналған жаттығу жұмыстары
251-жаттығу
1. Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мазмұндау
3. Тақырыпты ашу
4. Матаса байланысқан сөз тіркестерін табу
2-тапсырма
Бозторғай
Бозторғай өзінің туысы қараторғаймен көрші тұрады. Ертелі-кеш ән
салып, көңілін көтереді. Қараторғайдың да шиқылдап бірсыдырғы ыңылдайтын
«өнері» болатын. Бозторғайдың өнерінен кейін қараторғайдың шиқылы аяқ асты
болып, ескерусіз қалды.
3-тапсырма Матаса байланысқан сөздерді тауып, көшіріп жаз.
Наурыз – діни мейрам емес, жалпы халықтық мереке. Наурыз – табиғат
мейрамы, аса зор салтанат, ұлы жиын. Адамдар бұл күні «бәріміз де табиғат
перзентіміз, оны аялайық, бергеніне риза болайық» дейді.
4-тапсырма Өзіндік жұмысы
«Көктемнің алғашқы мерекесі» тақырыбына эссе эазу
ІҮ. Қорытынды
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма: Өткенді қайталау
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Меңгеру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөз тіркесінің байланысу
түрлері жайлы алған білімдерін тереңдете
отырып, меңгеріле байланысқан сөз
тіркестері туралы білім беру
Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны
арқылы оқушыларды әдебиетті, өнерді сүюге,
көрсем, білсем деген құмарлыққа, қолда
бармен шектелмей, жан-жақты болуға
талпынуға тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік
қорын дамыту, сөйлемдерді талдай білу
машықтарын қалыптастыру
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау,
өзіндік жұмыс, ойтолғау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабақ
Б.с., Т.с., Ж.с., Ш.с., К.с. жалғаулары мен септеулік шылаулар арқылы
байланысқан сөз тіркестерін меңгеріле байланысқан сөз тіркесі немесе
меңгеру дейміз.
Меңгеру
Есімді меңгеру Етістікті меңгеру
1. Алтын етікті де аяққа киеді. Жақсы – ісімен жақсы. Жанындағы досына,
жақынына сену – адам баласының ең қымбатты қасиеті.
Т.с-де жасырын тұрып та қолданыла береді.
Шай ішу, нан илеу, ағаш кесу т.б.
Ән салу, ант ішу, зар илеу, ат қою
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту
252-жаттығу
1. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін табу
2. Синтаксистік талдау жасау
Ол сенің айыбыңды ашпайды, сырыңды сыртқа шашпайды.
253-жаттығу
1. Мәнерлеп оқып, негізгі ойды анықтау
2. Септік жалғаулы сөздерді тіркескен сөздерімен теріп жазу
Түндерді өткізуші ем, кітаппен өткізуші ем, «Иллидадан бас көтермей» т.б.
254-жаттығу
Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін тауып, бағыныңқы, басыңқысын анықтау,
сөз тіркестерінің түрлерін анықтау
Дүниеде жасамадым ба, адаммын деуге болады.
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Тіл мәдениеті халықтың әдет-ғұрпы мен тіл
өнерінде
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тіл мәдениеті, тіл тазалығы туралы
түсінік беру, дұрыс жазу, сөйлеуге, қосымшаларды
нормаға сай орынды қолданып, ұтымды сөйлей
білуге үйрету
Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы
халықтық дәстүр, салт-сана, сөз өнерін
қрметтеуге, дұрыс, мәдениетті сөйлей білуге
тәрбиелеу
Дамытушылық: Мәнерлеп оқып, мәтінге өз
көзқарасын жеткізе білуін, ойын, тілін дамыту
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс –тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, мәнерлеп оқу, талдау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабақ
Тіл мәдениеті деп - сөйлегенде, жазғанда тіл құралдарын ( сөз, сөз
тіркесі, сөйлем) дұрыс қолдануды айтамыз.
Олқылықтары:
- басқа тілді араластырып сөйлеу
- қосымшаларды дұрыс қолданбау
- сөз аяғын жұтып қою
- керексіз қыстырма сөздерді жиі пайдалану
ІІІ. Жаңа сабақты бекітуге арналған жаттығу жұмыстары
298- жаттығу Ауызша
1. Мәнерлеп оқу
2. Мазмұндау
3. Теңеу сөздердің мәнін ашу
4. Қарашаштың өлгенін Жиренше қалай білді?
299-жаттығу
1. Өлеңді мәнерлеп оқу
2. Исатайға сипаттама беру
3. Сөз тіркесінің түрлеріне талдау
300-жаттығу
1. Өлеңді мәнерлеп оқу
2. Әбдірахман туралы не біледі?
3. Тапсырма бойынша жұмыс
4. Синтаксистік талдау жасау
ІҮ. Қорытынды
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма: 1. Оқу
2. ауыз әдебиеті үлгілерінен үзінді жаттау
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Тіл мәдениеті халықтың әдет-ғұрпы мен тіл
өнерінде
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Халықтың әдет-ғұрпы мен шешендік
сөздерінің, халықтың ауыз әдебиетінің тіл
мәдениетін қалыптастырудағы орны жайлы алған
білімдерін тереңдету.
Тәрбиелік: Оқушыларды парасаттылыққа, достық,
жолдастық қатынастарды құрметтеуге,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың ойын, қиялын, тілін,
сөздік қорын дамыту
Сабақтың типі: Пысықтау сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс –тәсілдері: Жұмбақ сайысы, мәнерлеп оқу, талдау, ауызша тіл
дамыту
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге шешендік сөздер жаттап келуге берілген бюолатын. Үй тапсырмасын
сұраймын.
ІІІ. Өткен сабақты пысықтауға арналған жаттығу жұмыстары
292-жаттығу
1. Жұмбақтарды мәнерлеп оқып, шешуін табу
2. Жұмбақ мәтінінің құрамында кездесетін бейнелеуіш сөздерге мән беру,
олардың көркемдегіш қызметін аңғару
2-тапсырма
Үйге жұмбақ жаттап келуге берілген болатын. Үш қатардың оқушылары бір-
бірімен жұмбақ айтып, шешуін тауып жарысады.
293-жаттығу
1. Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау
294-жаттығу Ауызша
1. Мәнерлеп оқу
2. Әңгімелеу
3. «Азамат» сөзінің қандай жағдайларда қолданылатынын анықтау
4. Жиреншенің төрт жасар баласын «азаматым» деп атауының себебін
түсіндіріңдер
295-жаттығу
1. «Байлық пен ақыл» және «Достық туралы» әңгімелерін мәнерлеп оқу
2. Мазмұнын әңгімелеу
3. Сөзге тоқтау, сөзден жеңілу деген сөздердің мағынасын ажыратып айту
4. Адамның сырт тұлғасын бейнелейтін сөздерді тауып, сөз таптарына,
тұлғасына ажырату
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Бағалау
Ү. Үйге тапсырма: 1. Оқу
2. Шешендік сөздерден үзінді жаттау
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Тіл мәдениеті халықтың әдет-ғұрпы мен тіл
өнерінде
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тіл мәдениеті, тіл тазалығы туралы
түсінік беру, дұрыс жазу, сөйлеуге, қосымшаларды
нормаға сай орынды қолданып, ұтымды сөйлей
білуге үйрету
Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы
халықтық дәстүр, салт-сана, сөз өнерін
қрметтеуге, дұрыс, мәдениетті сөйлей білуге
тәрбиелеу
Дамытушылық: Мәнерлеп оқып, мәтінге өз
көзқарасын жеткізе білуін, ойын, тілін дамыту
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс –тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, мәнерлеп оқу, талдау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабақ
Тіл мәдениеті деп - сөйлегенде, жазғанда тіл құралдарын ( сөз, сөз
тіркесі, сөйлем) дұрыс қолдануды айтамыз.
Олқылықтары:
- басқа тілді араластырып сөйлеу
- қосымшаларды дұрыс қолданбау
- сөз аяғын жұтып қою
- керексіз қыстырма сөздерді жиі пайдалану
ІІІ. Жаңа сабақты бекітуге арналған жаттығу жұмыстары
298- жаттығу Ауызша
5. Мәнерлеп оқу
6. Мазмұндау
7. Теңеу сөздердің мәнін ашу
8. Қарашаштың өлгенін Жиренше қалай білді?
299-жаттығу
1. Өлеңді мәнерлеп оқу
2. Исатайға сипаттама беру
3. Сөз тіркесінің түрлеріне талдау
300-жаттығу
1. Өлеңді мәнерлеп оқу
2. Әбдірахман туралы не біледі?
3. Тапсырма бойынша жұмыс
4. Синтаксистік талдау жасау
ІҮ. Қорытынды
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма: 1. Оқу
2. ауыз әдебиеті үлгілерінен үзінді жаттау
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөз мағынасы – тауып сөйлеудің кілті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың тіл мәдениеті
жайлы алған білімдерін толықтыра отырып,
сөз мағынасы, шешендік сөздер мен ұтымды
сөздерді орынды қолдана білуге үйрету
Тәрбиелік: Оқушыларды сөйлеу мәдениетіне,
адамгершілікке, ұстамдылыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік
қорын, шығармашылықпен жұмыс жасай білуін
дамыту
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Мәнерлеп оқу, жатқа оқу, мазмұндау,
талдау, шығармашылық жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге жаңылтпаш жаттап келуге берілген болатын. Үй тапсырмасын
сұраймын.
ІІІ. Жаттығу жұмыстары
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөз мағынасы – тауып сөйлеудің кілті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұтымды сөздер, жұмбақ, мақал-
мәтелдер арқылы оқушыларды сөйлеу
мәдениетінек, дұрыс сөйлеп, сөздерді
орынды қолдана білуге үйрету
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке,
адамгершілікке, пайымдылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, қиялын
дамыту, дүниетанымын кеңейту
Сабақтың типі: Қайталау сабағы
Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Жұмбақ, сұрақ-жауап, ойын, талдау,
өзіндік жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге жаңылтпаш жаттап келуге берілген болатын. Үй тапсырмасын
сұраймын.
ІІІ. Жаттығу жұмыстары
1-тапсырма Жұмбақ – мақалдар
Тамақ ішіп-жемесе адам семіре ме? – деп сұрайды Базарбай.
Балалардың кейбіреулері «семіреді» десе, кейбіреулер «семірмейді» деп
таласып жатыр.
- Семірмек түгілі, тамақ ішпесе, адам өліп те қалады, - дейді Амантай.
Оған да бір күлісіп алған балалар:
- Шынында да қалай болады екен? – деп ойласып жатыр. Бұл сұраққа қандай
мақал жауап береді?
Арымақ, семірмек көңілден,
Адам құлақтан азады,
Көңілден семіреді.
1. Қандай ас тәтті?
Ағайынмен ішкен ас тәтті.
2. Аурудың жаманы не?
Жалқаулық жаман ауру
3. Нені жасыруға болмайды?
Жамандық жасырылмас.
4. Адамды көкке жеткізетін не?
Өнер адамды көкке жеткізер.
5. Кім қартаймайды?
Халық қартаймайды.
6. Ердің атын не шығарады?
Ердің атын еңбек шығарады.
7. Ненің көркі не?
Сөздің көркі не? Мақал
Беттің көркі не? Сақал
Ауылдың көркі не? Қыз –ауылдың көркі.
Жігіттің көркі не? Өнер – жігіттің көркі
Өзен көркі не? Тал
Кісінің көркі не? Кішіпейілділік – кісінің көркі.
8. Ненің түбі не?
Еңбек түбі не? Береке
Көптің түбі не? Мереке
Кәсіп түбі не? Нәсіп
Бейнет түбі не? Зейнет
Ынтымақ түбі не? Игілік
Тірлік түбі не? Бірлік
Ұрлық түбі не? Қорлық
Уайым түбі не? Тұңғиық
Тәуекел түбі не? Жел қайық.
2-тапсырма. Өлеңдерді қара сөзге айналдырып жазу.
1. Отыруға уақыт жоқ үзбей жағып
2. Қақты қанат жаңадан,
Кең даламда домбырам.
3. Құмарланып сүюші еді,
Отанын балап жанына.
4. Өкпемнен барады өтіп күзгі суық.
5. Күресте жігіт емес беті қайтқан,
Еш қауіп жоқ жүрегін оның шайған.
6. Өнер-білім бар жұрттар,
Тастан сароай салғызды.
3-тапсырма Бұларды кім дейді? Ауызша
1. шешенің туыстары?
2. Ағаңның жұбайы
3. Әпкеңнің күйеуі, баласы (жезде, жиен)
4. Шешеңнің апасының баласы
5. Жездеңнің балдызы саған кім болады (апа)
6. Сенің шешеңнің сіңлісінің жездесі саған кім болады? Ол алыс адам ба,
жақын адам ба? (әке)
4-тапсырма Кім дұрыс түсіндіре алады?
1. Жұмысқа илікпейтін, еш нәрсеге икемі жоқ адамды (оқтау жұтқан)
2. Отбасынсыз жалғыз басты адам ( салт басты; салт атты, сабау қамшылы)
3. Жөнімен істейтін істі бүлдіріп, қырып-жойып келетін адам. (шаш ал
десе, бас алады)
4. Қауіп-қатер ойлап сақтандыру ( сақтықта қорлық жоқ, жаман айтпай жақсы
жоқ)
5. Қалай істесе де ешбір жөні, қисыны келмейтін іс ( былай тартса өгіз
өледі, былай тарса арба сынады)
6. Көрге-білгенін жоққа шығарып, бар болса да жоқ дейтін адам ( аузын қу
шөппен сүрту)
7. Молшылыққа кездесіп, мол олжаға бату (шаша етектен бату)
8. Біреуді өзіне тәуелді етіп алу (ашса алақанында, жұмса, жұдырығында)
9. Мардымсыз іс, болымсыз тіршілік туралы ( құрыққа сырық жалғап)
Осы тіркестерді қатыстырып, сөйлем құрау
ІҮ. Қорытынды
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма: Жоғарыда берілген мақал-мәтел, тұрақты тіркестерді
кірістіріп, сөйлем құрау
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөйлеудің диалогтік және монологтік түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөйлеу тілінің түрлері, сөйлеудің монологтік, монологтік
ерекшеліктерін танытып, ұсынылған тақырып
бойынша монолог, диалог құра білуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, үлкенге
құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушы ойын, қиялын, шығармашылықпен жұмыс істей білу
қабілетін дамыту
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, рөлге бөліп оқу, талдау, өзіндік
жұмыс, жатқа оқу, т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа білімді игерту
Диалог- сөйлесу, әңгімелесу деген сөз. Көркем шығармада екі я одан да
көп адамдардың бір-бірімен тікелей сөйлескен сөздерін диалог дейміз.
Диалог көркем шығармада да, ауызекі сөйлеу тілінде де кездеседі.
Монолог – бір кісінің сөйлеуі, ойы. Монологта белгілі бір тақырыпты
баяндап, сипаттап, әңгімелеп айтып беру мақсаты көзделеді. Онда адамдардың
ойы, пікірі, көңіл-күйі, психологиялық ішкі толғанысы, саяси-ғылыми
көзқарасы, дүниетанымы – бәрі ашық байқалады.
Лекция, баяндамалар да монологқа жатады. Монолог әдеби сөйлеу
үлгісіне жатады.
Мысал ретінде Абайдың қара сөздерін, «Жыр құдіреті», «Ақтамберді жырау»,
144-146 беттер (дидактикалық материалдар) оқып беріп, оқушылардың өздеріне
ажыратқызамын.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту
307-жаттығу
1. Рөлге бөліп оқу
2. Тәрбиелік мәнін анықтау
308-жаттығу
1. Үзінділерді мәнерлеп оқу
2. Рөлдерге бөліп оқу
• Автор
• Шешесі
• Зере
• Абай
• Жиренше
3. Қай шығармадан үзінді екенін анықтау
Өзіндік жұмыс
Кез-келген тақырыпта жұптаса отырып диалог құрау
• Туған жер
• Достық
• Қызылоданың 70 жылдық мерейтойы
• Адамгершілік
• Ата-ананың алдындағы парыз
309-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу
2. Монолог екенін дәлелдеу
3. Сөздердің байланысу түрлерін анықтау
ІҮ. Қорытынды
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма: Диалог, монолог жаттап келу
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Спорт қашан пайда болды?
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сын есімнің түрленуі, сөйлемдегі
қызметі тақырыбы бойынша оқушылардың алған
білімдерін қорытындылау, жазу сауаттылықтарын
тексеру
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа,
байыптылыққа, спортты сүюге тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың жазу сауаттылықтарын
дамыту, естігендерін сауатты жаза білу
дағдыларын жетілдіру, өз бетінше жұмыс жасауға
үйрету
Сабақтың типі: Білім сынау сабағы
Сабақтың түрі: Диктант
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Мәнерлеп оқу, талдау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Диктант жазуға дайындық
ІІІ. Диктант жаздыру
Спорт қашан пайда болды?
Тарихқа үңілер болсақ, спорттың дүниеге келуі діни нанымдардан бастау
алатын сияқты. Ертеде адамдар құдайға құлшылық етіп, әр түрлі ырымда
билейтін болған. Олардың билері жауынгерлер мен аңшылардың қимылына
ұқсайтын. Келе-келе бұл билер спорттың бір түріне айналған.
Осыдан 4 мың жыл бұрын египеттіктер спорттың бірнеше түрін білген.
Бірақ спорт жеңіл атлетика түрінде алғаш рет Грекияда пайда болыпты. Біздің
заманымызға дейінгі 776 жылы Грекияда алғашқы олимпиадалық ойындар
өткізілген.
Грекияда әр түрлі спорттық мерекелер өте көп болған. Соның ішінде ең
ежелгісі және ең маңыздысы – олимпиадалық ойындар. Жарыстарға он айлық
дайындықтан өткен грек ұлтының жас жігіттері ғана қатыстырылған. Алғашқы
кезде жарыстар жүгіру мен секіруден ғана өткізілсе, кейін оған күрес, бокс,
найза мен диск сияқты спорт түрлері қосылған.
Бүгінде спорт әуесқой және кәсіпқой спорт болып екіге бөлінеді.
ІҮ. Грамматикалық тапсырма
1. Сын есімдерді теріп жазып, түріне, шырайына ажырату, сөйлемдегі қызметін
анықтау
2. Синтаксистік талдау
Грекияда әр түрлі спорттық мерекелер өте көп болған.
Жарыстарға грек ұлтының жас жігіттері ғана қатыстырылған.
Ү. Қорытынды
ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма:
Өткенді қайталау
ІІ-деңгей 1-тапсырма
Тұрақты сөз тіркестерін көшір де, тұсына мағынасын жаз.
Үлгі: Тілі шығу – сөйлеу.
Арасынан қыл өтпейтін –
Бармағын шайнау –
Ит арқасы қиянда –
Екі езуі екі құланда –
Жұлдызы қарсы –
Қас пен көздің арасында жоқ болу –
Бетінен оты шықты –
Ағаштан түйін түю –
Қырғи қабақ болу –
Жүрегі зу ету –
І-деңгей 1-тапсырма
Төмендегі тұрақты сөз тіркестерін қатыстырып сөйлемдер ойлап жаз.
Көзі жеткізу. Қолды болу. Мысы құру. Қыр көрсету. Сабасына түсу. Көңіліне
келу.
Мына сөздердің қайсылары тұрақты тіркеске жатады?
Ақ халатты абзал жандар, дала кемесінің капитаны, былғары қолғап
шебері, адам жанының инженері, мектептің жүрегі, қас-қабағын аңду, қолы
ұзын, жүрегінің түгі бар, көзі ашық, ит арқасы қиянда, түйе үстінен сирақ
үйту.
1-тапсырма
Сөйлемдегі сөздерді сөз тіркесінің құрылысына қарай сызба бойынша талда
Халқымыздың ертеден-ақ өзіне тән дәстүрлі музыкасы болды. Қазақтың ән
мен күйлері еліміздің әр кездегі тіршілік-тынысын танытады.
Ауыл-ауылды аралап ән айтып, күй тартқан сал-серілер сол дәуірдің музыка
мәдениетін таратушылар болды. ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасырдың басында
композитор-әншілер қазақ музыкасын жоғары сатыға көтерді. Әнші-
композиторлар шығармалары халық музыкасының классикалық қорына қосылды.
Одан кейінгі жылдарда да қазақ музыкасының жанры мықтап дамыды.
4-тапсырма.
Сөйлемдерге морфологиялық талдау жаса
Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын- жуығына арнап сақталған
кәделі ет мүшелері сыбаға деп аталады. Айталық, ақсақалдарға, құдаларға,
жолы үлкен адамдарға сыбаға әдейі сақталады. Бас, жамбас, ірі малдың
белдеме омыртқалары сыйлы мүшелер болып саналады. Өзі келе алмайтын қарт
адамдардың сыбағасын беріп жібереді. Қазақ дәстүрі бойынша әр адам жолаушы
өзі қонатын үйде сыбағам бюар деп санаған.
-----------------------
АУЫЛ
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz