10-сыныпқа арналған география сабағы: Құрлық сулары

Атырау қаласы

М. О. әуезов атындағы №7 орта мектеп

Калиева Гульмира Ғайсақызы

География пәні мұғалімі

География 10 сынып

Тақырыбы: Құрлық сулары.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға құрлық сулары, қасиеттері, маңызы, таралу ерекшеліктері, заңдылықтары жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Құрлық суларымен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Топтық, шығармашылық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық, қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т. б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты ІІІ топқа бөлу түрлі түсті қаламды таңдату арқылы

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Жалпы гидросфера тарауы бойынша

1. Сұрақ-жауап. «Кім жылдам?»

Әр топқа 10 сұрақтан

1-топ сұрақтары

  1. Әлем мұхитындағы жылы ағыстар мен суық ағыстардың пайда болу себебі?
  2. Ішкі теңіздері бар материктерді атаңыз?
  3. Мұхитта судың айналымы қанша жыл ішінде суды толық жаңартады?
  4. Өзен жүйесі дегеніміз не?
  5. Өзен бассейіні дегеніміз не?
  6. Байкал көлінен ағып шығатын өзен?
  7. Ең терең көл?
  8. Арнасында 8 су қоймасы орналасқан өзен?
  9. Теңіз суының ең басты қасиеті?
  10. Мұхиттық ағыстар ненің әсерінен қалыптасады?

2-топ сұрақтары

  1. Өзен бассейіні дегеніміз не?
  2. Өзен ағысы мен жылдамдығы неге байланысты?
  3. Жер асты суларының негізгі қорек көздерін көрсетіңіз?
  4. Мұхитқа құймайтын ең ірі өзен?
  5. Теңіз суының ең маңызды қасиеті?
  6. Әлемдік мұхит қанша бөлікке бөлінеді?
  7. Көлемі бойынша ең кішкентай мұхит?
  8. Теңіз суы қандай температурада қатады?
  9. Әлемдік мұхиттағы ең ірі ағыс?
  10. Азияның ең қарлы ауданы?

3-топ сұрақтары

  1. Егер де тау жыныстары өзен арнасын қоршаса, онда не қалыптасады?
  2. Жер шарындағы ең биік су сарқырамасы?
  3. Жердегі судың таусылмау себебі?
  4. Қытайлықтардың «сары өзен» аталған өзені?
  5. Қай мұхитта кеме қатынасы екі айдан төрт айға дейін созылады?
  6. Ауданы жағынан ең үлкен көл?
  7. Ең тұзды теңіз?
  8. Беринг бұғазы қандай мұхиттарды қосып тұр?
  9. Цунами дегеніміз не?
  10. Замбези өзені қайда құяды?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Электронды оқулықтан жалпы құрлық сулары жайлы мәліметті тыңдау, еске түсіру

І тапсырма Оқулық мәтіні бойынша 3-топқа тапсырма Топтарға ресурстар беріледі. Сол ресурстар негізінде, оқулық мәтінін пайдаланып, әр топ өз шығармашылық жұмыстарын қорғайды

1-топқа дүниежүзілік мұхитқа жалпы сипаттама

2-топқа өзендер, көлдер

3-топқа мұздықтар, жерасты сулары

ІІ-тапсырма 3 топқа картамен жұмыс

Әр топқа берілген нысанды контур картаға орналастыру

ІІІ-тапсырма Олимпиадалық есептерді шығару

/ өзендерге байланысты/

1-топқа

Днепр өзенінің ұзындығы 2285м 253м биіктіктен басталып сағасы 85м биіктікте өзеннің құламасы мен еңістігін табу

2-топқа тапсырма

Өзеннің ені 200 м орташа тереңдігі 2500 ағысының жылдамдығы 1сек-2 м Өзеннің су шығынын анықтау

3-топқа тапсырма

Ағынсыз судағы жылдамдығы 20км/сағатқа тең катер ағысқа қарсы 36 км/сағ және өзен ағысының бойымен 22 км жол жүрген. Ол осы жолдың барлығына 3 сағ уақыт жіберген. Өзен ағысының жылдамдығын табыңыз

ІУ- тапсырма электронды нұсқада тест жұмысын орындап, қорытындысы тексеріледі

IV. Сабақты бекіту.

1. Б. Ү. Ү. кестесі.

Білгенім
Үйренгенім
Үйренгім келеді
Білгенім:
Үйренгенім:
Үйренгім келеді:

V. Қорытындылау, бағалау / бағалау парақшасы бойынша/

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Құрлық сулары.

C:\Users\user\Desktop\img028.jpg


Ұқсас жұмыстар
10-сынып географиясы. §13 Құрлық сулары: өзендер, көлдер, жер асты сулары және мұздықтар - сабақ жоспары
Құрлық сулары: су ресурстары, ластану және қорғау
Солтүстік Америка материгінің ішкі сулары: 7-сыныпқа арналған география сабағы
Құрлық сулары: түрлері, жіктелуі және судың айналымындағы маңызы
Құрлық сулары: өзендер, көлдер, мұздықтар, жер асты және жасанды су көздері - оқу-әдістемелік сабақ жоспары
Құрлық суын қазақ ұлттық ою-өрнектері арқылы бейнелеу: 10-сыныпқа арналған кіріктірілген сабақ
10-сыныпқа арналған география сабағы: Молдова Республикасы - сабақ жоспары
Еуразияның ішкі сулары: 5-сыныпқа арналған сабақ жоспары
6-сынып: Гүлдің құрылысы және 7-сынып: Евразияның ішкі сулары - география-биология сабақ жоспарлары
10-сыныпқа арналған Ғажайып география: дүние жүзі географиясын қорытындылау және дарынды оқушыларды анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz