Жаңажол НЖББМ-нің Алтын күз мерекелік ертеңгілігінің сценарийі

Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы

Жаңажол НЖББМ

Ермеккалиева Данагул Жумабаевна

Тәрбиеші

Тақырыбы : Алтын күз

Сахнаға мерекелік ертеңгіліктің жүргізушілері шығады.

  1. Жүргізуші . Күз қандай керемет мезгіл ! Қазан толып, еңбегінің жемісін көріп, адамзаттың нағыз той тойлар шағы емес пе ?
  2. Жүргізуші. Иә, пішен шабылып, астық орылып, мал жайлаудан, түскеннен соң, шаруанының реттелгеніне қуанған халқымыз күзде сабан той жасап жаипаушы ма еді ?

1 . Жүргізуші : - Дұрыс айтасың !Сол ізгі дәстүр біздің шағын орталықтада жалғасын тауып жатыр.

2. Жүргізуші : - Олай болса жұртты тойға шақырайық !

- Армысыздар, ағайын, қош келдіңіздер!

Күн суытып, ызғарланып,

Аңызақта қаңбақ жүр .

Сабан тойды бастаңдар да,

Алтын күзді таң қалдыр!

1 . Жүргізуші :Тыныш, тыныш балалар ! мен бір дыбыс естіп тұрмын . Біреу асығып келе жатқан сияқты.

/Есік ашылып, орманшы атай кіреді/

Орманшы атай : Мен ормандағы жеміс жидектерді ағаштарды күзетемін. Балалар сендерге орманнан көптеген жұмбақтар, ойындар әкелдім. Ал, қане бәрің тыңдандар да шешуін бірге ойланыңдар.

Жұмбақтар шешу

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан, алуан жапырақ,

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап.

Ән : « Біз өмірдің гүліміз »Хор

Орманшы атай : Балалар, сендер әнді жақсы айтады екенсіңдер келіңдер «Түрлі түсті жапырақтар »ойының ойнайық.

Ойын «Түрлі түсті жапырақтар»

1 . Жүргізуші :

Орманшы атай, сіз кереметсіз ! Жақсы ойын ойлап тауыпсыз . Айтыңызшы, күз ханшайымы қайда?

Орманшы атай : Ойынға беріліп кетіппін ғой, қалайша ұмыттым . Қазір келіп қалар

2. Жүргізуш : Жарайды, олай болса күз ханшайымы келгеншетақпақ айтайық.

Тақпақтар

Би : Құспан Назира

1 . Жүргізуші : Балалар, , біреу есікті қағып тұр.

2. Жүргізуші : Міне, Алтын күз ханшайымы қонаққа келді.

Күз ханшайымы : Сәлеметсіңдер ме, балалар ! Мен күз ханшайымымын сендермен кездескеніме қуаныштымын.

1 . Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Төрлетіңіз!

Күз ханшайымы : Міне күткендеріңе өте қуаныштымын

2. Жүргізуші : Күз ханшайымы біздің бүлдіршіндеріміздің сізге арнап көрсететін өнерлері бар соны тамашалайық.

Күз ханшайымы : балалар сендердің өнерлеріңді тамашаламай тұрып, мен сендерге тапсырмалар алып келіп едім тапсырмамды орындайсыңдар ма?

Тапсырмалар

1 . Жүргізуші:

Біз кішкентай балдырған

Сескенбейміз жаңбырдан

Төбемізде қол шатыр

Алдымызда жол жатыр

Би: ортаңғы топ қыздары.

Орманшы атай : Күзханшайымы, қыздар биді билейді екен . Ал енді ұлдар би білмей ме, деп қалдым .

Күз ханшайымы : Жоқ, атай ұлдардың биін мен талай көргенмін . Олар нағыз шабандоздар . Қане ұлдар, бидің сәнін келтірейік.

Ата- аналармен ойын : «Құстың ұясы»

2. Жүргізуш і: Күзгі сән үлгісі / қыздар/

2014-10-24-1237

Орманшы атай : Балалар, сендерге алғысымды білдіремін . Бәріміз бірге көңілді ойындар ойнадық, ән айтық, би билегендерің ұнады. Біздің орманға қайтатын уақытымыз келді.

2014-10-24-1230

Күз ханшайымы : Сендерге әкелген сыйлығымыз бар. Себетке салынған жемістер таратылды

20141024_103900


Ұқсас жұмыстар
Ортаңғы топқа арналған Алтын күз ертеңгілігінің сценарийі
Ортаңғы топтарға арналған Алтын күз ертеңгілігінің сценарийі
1-г сыныбына арналған Алтын күз ертеңгілігінің сценарийі
Балабақшадағы Қарлығаштар тобының Мерейлі күз, мырза күз мерекелік ертеңгілігінің сценарийі
Астыққа бай - Алтын күз: балабақша мерекелік-білім беру сценарийі
Алтын күз - ел байлығы ертеңгілігінің мектепке дейінгі ұйымдарға арналған сценарийі
Ересектер тобына арналған Келді міне Алтын күз ертеңгілігінің оқу-әдістемелік сценарийі
Алтын күз: балабақшадағы күзгі мерекелік ертеңгіліктің сценарийі мен тәрбиелік мақсаттары
Гүлдер бөбекжайының Жайдарлы - Алтын күз мерекелік сценарийі: тәрбиелік және дамытушылық мақсаттары
Жапырақтар сарғайғанда - 3-4 сыныптарға арналған Алтын күз ертеңгілігінің тәрбие сағаты сценарийі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz