Сабақ жоспары :: Өзін-өзі тану

Файл қосу

Мен елімнің азаматымын


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп Бітік ОЖББМ Мерзiм___24 .10_____ № 8 Тақырып: Мен елімнің
азаматымын
Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: отансүйгіштік, адалдық, қамқорлық
Мұғалiм: Мирманова Толғанай Класс 4 Оқушылар саны__12_

|Сабақ мақсаты: |Ресурстар:(құралдар,|
|Ақиқат құндылығы арқылы оқушыларды елдің азаматы болуға |мәлiметтер) |
|баулу. | |
|Міндеттері: | |
|Туған ел, өскен ортаның адам үшін маңыздылығын | |
|ұғындыру. | |
|Оқушылардың елге деген жанашырлық, қамқорлық,адалдық | |
|қасиеттерін дамыту . | |
|Жігерлікке, шыншылдыққа,намыстылыққа тәрбиелеу. | |
|Сабақ барысы: |Сабақ барысын |
|Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Су асты патшалығына ойша|талдау: |
|саяхат. | |
|Үй тапсырмасын тексеру. | |
| | |
|Оқулықтағы 8 сабақ. 43 бет Сырбай Мауленовтың «Мен | |
|елімді сүйемін» әңгімесін оқып, талдау. | |
| | |
|1. «Туған жерсіз адамның күні жоқ» - дегенде нені | |
|түсінесіңдер? | |
|2. Сендерге өз елдерің несімен ыстық ? | |
|3 Сендер өз елдеріңді сүйетіндеріңді қалай дәлелдей | |
|аласыңдар? | |
|Дәйексөз. | |
|Ел іші -алтын бесік | |
|Халық мақалы | |
| | |
|Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Оқушылар есте | |
|сақтап қалу үшін үш рет қайталаймыз. Дәптерлеріне | |
|дәйексөзді жазып аламыз. | |
|Әңгiмелеу. | |
| | |
|Айтмағанбет Құдайберген | |
|Ақжайық әңгімесі | |
|Өзеннің жарқабағында Өсер әкесімен әңгімелесіп отыр. | |
|-Ол былай болыпты,,балам! Алыстағы қатпар-қатпар асқар | |
|таудан басталған бұл Жайық елеусіз ғана бұлақ саға- сағаны | |
|қуалап, сылдырап келіп, өз тамшысын бас өзекке құя беріпті.| |
|Бас өзек ұлғайып, суы молайып,арналы өзенге айналыпты. | |
|Судың түсі көк, өзі айнадай мөлдір болыпты. Тұнығында балық| |
|ойнап, байлық жиналыпты. | |
|Өзен жағасын баласымен бір кәрі әже мекендейді. Баласы | |
|кішкентай қайығына мініп,балық аулапты. Бірақ құралы нашар | |
|жас балықшының ауына ештеңе түспепті. Ертелі- кеш ұстаған | |
|бірлі-екілі шабақпен жарлы жандар күн кешеді. | |
| | |
|-Балық неге ілікпейді, әже? -деп сұрапты баласы. | |
|-Маңдайыңның тері көбірек төгілсе, балық та ілігер, балам,-| |
|депті әжесі. | |
|Бала ауын тереңге қайта жаяды. Тынбай еңбек етеді. Бір | |
|кезде қалтқы- қалқандардың бәрі суға батып кетіпті. Бала | |
|ауды тарта бастайды. Ау қиын тартылды. Бала шаршап | |
|қалжырайды. Маңдайыңнан ащы тер шұбырып, Жайыққа құйылады. | |
|Тердің ақысындай болып,балық та қайықты толтырады. | |
|Қысылған бала әжесін шақырады. Әжесі баласының терін күнде | |
|келіп жаулығының ұшымен сүртеді екен. Тынбай шұбырған | |
|терден Жайық суының түсін осылайша өзгерткен екен. Содан | |
|бері Жайық суының түсін осылайша өзгерткен екен. Содан | |
|бері Жайық өзені Ақжайық аталыпты. | |
|Өсер әкесіне сұрақ қойды: | |
|-Олай болса, судың дәмі неге ащы болмайды, әке? | |
|-Сұрағың орынды, балам. Ақжайық- ағысты өзен. Ол маңдай | |
|тердің ащы тұзын ағызып әкетеді. Тұйық су болса, ащы болуы | |
|да мүмкін еді. Тұз Атырауға ағып барады. Теңіз суының ащы | |
|болатыны сондықтан. | |
|Өсер Ақжайықтың бұйраланған ағысына ойлана қарады. | |
|1.Жайық басында қандай өзен еді, ол қандай өзгеріске | |
|ұшырады. | |
|2.Баланың сұрағына әжесінің берген жауабына қандай мақал | |
|-мәтелмен түсіндірер едің? | |
|3.Өсердің сұрағына, әкесінің берген жауабына сен қалай | |
|жауап бересің? | |
|4.Жайық өзенінің суы неліктен ащы емес екен? Ал теңіз суы | |
|неліктен ащы екен? | |
|5. Өз өлкеңдегі өзен -көлдер туралы не білесің? Сипаттап | |
|бер? | |
|Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. | |
| | |
|Балаларға үш тапсырма беріледі. | |
|тапсырма «Туған жерім-тірегім» | |
|тапсырма «Аяулы өлкем» | |
|тапсырма «Елімді мақтан етемін» | |
|Осы тақырыптарға сүйіспеншілік, құрмет, қамқорлық, | |
|адалдық тұрғысынан әңгіме жазып, оқиды. | |
|Топпен ән айту. | |
| | |
|«Атамекен » өлеңін айту. | |
|Сөзін жазған Қ. Мырза Әли | |
|Әнін жазған Е.Хасанғалиев | |
| | |
|Жасыл жайлау-түкті кілем, көк кілем, | |
|Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем. | |
|Айдарымнан сипап өткен самалды, | |
|Қазағымның алақаны деп білем. | |
| | |
|Қайырмасы: | |
| | |
|Қайда жүрсең атамекен, | |
|Көкейінде жатады екен. | |
|Күннің өзі ұясына, | |
|Қимай оны батады екен. | |
| | |
|Жасыл жайлау –түкті кілем, көк кілем, | |
|Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем. | |
|Асқар тауың аспанымен таласқан, | |
|Қазағымның мәртебесі деп білем. | |
| | |
|Қайырмасы: | |
|Қайда жүрсең атамекен, | |
|Көкейінде жатады екен. | |
|Күннің өзі ұясына, | |
|Қимай оны батады екен. | |
|Үй тапсырмасы. | |
|9 сабақ 48 беттегі «Сыпайы қоян» мексика ертегісін | |
|оқып, талдау. | |
|Дәптердегі 8 сабақтағы тапсырма берілді. | |
| 8. Соңғы тыныштық сәтi. | |
|Жай музыка қойылады. | |
|Құрметті оқушылар жайланып отырып, көздеріңізді жұмып, | |
|бүгінгі сабақтан алған жақсы сәттерін жүрегіңізге түйіп | |
|алаңыз. | |


Ұқсас жұмыстар
Мен Қазақстан Республикасының азаматымын
Мен – тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!
Қазақстандағы көрікті жерлер
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні. Отан. Астанам
Қалалар
Орал қаласы
БҮБ стратегиясы
Жасыл түс
Астана-Бәйтерек
Мен өз Отанымның азаматымын
Пәндер