Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу. 5сынып

Сабақтың тақырыбы: Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеуге үйрету. Оқушылардың құрама сандарды жай көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде жаза білу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өздігінен жұмыс істеу, іздену, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік : оқушыларды нақтылыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта, тақта, бор, кітап.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі : Оқуышлармен сәлемдесу, түгендеу, сыныптағы оқушылардың сабаққа даярлықтарын анықтау(оқу құралдарын тексеру) .

2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Жаңа білімді қабылдауға даярлық сұрақтар.

4. Жаңа сабақты баяндау

5. Есептер шығару

6. Ой толғау. Қорытынды. Бағалау. Үй тапсырмасы .

Мұғалім: Үй тапсырмасын тексеріп болған соң, оқушыларға даярлық сұрақтарды қояды.

1. Жай сандар деп қандай сандарды атайды?

2. Құрама сандар деп қандай сандарды атайды?

3. 1-саны қандай сан?

4. 2-ге, 3-ке, 5-ке бөлінгіштік белгілері қандай?

Мұғалім: үйге берілген 73-бетте алдын-ала даярлық тапсырмасына жауап береміз.

Оқушы: 1) 30:2=15 2) 44:2=22

15:3=5 22:2 =11

5:5=1 11:11=1

30=2*3*5 44=2*2*11

Осыдан келіп қандай қорытынды шығара алады екенбіз?

Кез келген санды жай сандардан тұратын бөлгіштердің көбейтіндісі түрінде жаза аламыз ба екен?

Мысалы 30 саны қандай сан?

30-құрама сан. 30=2*3*5

Мұғалім: құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу - оны тек қана жай сандардың көбейтіндісі түрінде жазу.

Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеудің екі тәсілі бар.

  1. Тәсіл: Берілген құрама сан екі көбейткіштің көбейтіндісі түрінде жазылады.

Мысалы: 36=4*9

  1. Тәсіл: Құрама санды жай көбейткіштерге баған түрінде жіктеу.

Мысалы: 24-саны

24 2

12 2

6 2

3 3

1

24=2*2*2*3

Егер берілген құрама санның жай көбейткіштерге жіктелуінде бірдей жай көбейткіштер кездессе, оларды дәреже көрсеткішпен жазуға болады.

24= 2 3 *3

32 2 32=2 5

16 2

8 2

4 2

2 2

1

Мұғалім: Тақтада №263(1), №264(1, 3, 5)

№272

Тест тапсырмасы:(жеке жұмыс, жұптық жұмыс)

1-нұсқа

  1. 12 санының барлық бөлгіштерін тап:

А) 12; 24; 36; . . . Ә) 1; 6; 12;

Б) 1; 2; 3; 4; 6:12; В) 1; 2; 3; 4; 8; 12

2. 96 санын жай көбейткіштерге жікте:

А) 2 *3; Ә) 16*6

Б) 32*3 В) 2 *6

3. Сандардың қайсысы 3-ке бөлінеді:

8568; 7776; 8694; 9963; 9087; 4686;

А) 7776; 5306; 9963; 4986;

Ә) Барлығы;

Б) 9963;

В) 8568; 7776; 8694; 9963.

2-нұсқа

  1. Бірінші сан екінші санға еселік бола ма:

А) 3пен 43 Ә) 11 мен 11120;

Б) 1120 мен 112; В) 15 пен 8.

2. 162 санын жай көбейткіштерге жікте:

А) 81*2 Ә) 2*3

Б) 3 *16 В) 9*18

3. Сандардың қайсысы 3-ке бөлінеді:

5886; 3506; 6777; 3969; 9648; 7908; 9468;

А) Барлығы

Ә) 5886; 3506; 6777;

Б) 5886; 6777; 3969; 9648; 7908; 9468;

В) 9468.

Екі нұсқалық есептер орындап, нәтижесін өздері экраннан көре отырып, бірінің жұмысын бірі тексереді.

Жауаптары:

1-нұсқа 2-нұсқа

1. Б; 2. А; 3. Ә; 1. Ә; 2. Ә; 3. Б.

Қорытындылау:

  1. «Ой толғаныс»: Бүгінгі сабақтан не алдым? Нені білдік? Не үйрендік?

Үйге тапсырма: №267, №269 2), №276.


Ұқсас жұмыстар
Құрама сандар
Жай сандар мен құрама сандар
Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеуге үйрену
Натурал сан
Жай сандар
Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу туралы
Сабақтың мақсаттары
5 класс емтихан сұрақтары
ЕКОЕ пен ЕҮОБ
Математикадан түрлі тараулар бойынша көпнұсқалы есептер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz