Сәтбаев қаласы - менің қалам

Сабақтың тақырыбы: «Сәтбаев қаласы - менің қалам

Мақсаты : Сәтбаев қаласы туралы мағлұмат беру, қаламыз Сәтбаевтың көрікті орындарымен таныстыру; отансүйгіштікке, Отанын қадірлеуге үйрету; ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу.
Көрнекіліктер : Сәтбаев суреттері, слайдтар.
Барысы:
І. Кіріспе

Оқушылар Фариза мен Мәди ортаға шығады.

1- жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі біздің тәрбие сағатының тақырыбы - «Сәтбаев қаласы - менің қалам». Сәтбаев қаласы Қазақстанның көрікті қалаларының біріне айналып, әсем де жақсы қала ретінде танылуда.

2 - жүргізуші:
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Елбасымыз Қазақстанды бүкіл әлемге танытты. Басқа мемлекет сияқты біздің де Астанамыздың бар екенін, 14 облысының бар екенін, жұмаққа ұқсас жерлерінің керемет екенін таныта білді. Әнұранымыз бүкіл әлемде шырқалды.
Әнұран орындалады.
Әдеби монтаж «Сәтбаев тарихы»
2 - жүргізуші
Сәтбаев - Қарағанды төсінде егіз қозыдай қатар жатқан қос қала Жезқазған қасындағы қаласы. Әр елдің баласы өз Отаны, туған жері туралы біліп, оны көркейтіп, қадірлей білу керек. Біз - осы елдің болашақ патриоттарымыз. Үлкендеріміз жасап берген жолды алдағы уақытта жалғастырушылар - біз. Ендеше Сәтбаев туралы, бүгін жырлап, әңгімелеп, мақтан етейік!
1 - жүргізуші
Кең дала төсі толқыған егін,

Күмістен көлі шашуын шашқан.

Өрісте малын әндетіп баққан,

Кеңгірдің от қып толқынын жаққан.
Барша ұлттың халқы бақытын тапқан

Көгілдір туы түсіндей аспан

Жер бар ма шіркін өзіңнен асқан Сәтбаев - қалам менің!

2 - жүргізуші
«Өзіндік ортада туған, бәсекеге қабілетті тұлға алдымен өз халқының тілін, тарихын мәдениетін білу керек» деген Н. Назарбаев
Оқушылар ортаға шығып қала туралы жинақтаған мәліметтерін ортаға салады.

Нұрғиса: Туған қалам Сәтбаев

Туған қалам Сәтбаев,

Мақтанышым Қашанда.

Қазақтың ұлы ғалымы,

Академик атында.

Ақнұр:

Кенін тапқан жерімнің,

Байлығы болған елімнің.

Кенді қазған кеншілер,

Татады еңбек жемісін.

Әсел:

Құтты болсын Қаламыз,

Туған күнің бүгінгі.

Жырға қосып атынды,

Шаттық әнге саламыз!

Аружан:Сәтбаев қаласының ауа райы жазы құрғақ, қысы қатты континенттік аймақ болғандықтан бұл өңірде сібірдің сақылдаған аязы, Орта Азияның аптастығы тоғысып тұрады. Жаздағы орташа температура +24 С тең. Қыстың ең суық айы қаңтарда температура 14-16 С абсалюттік минимум 37-40 С, жазда ең ыстық ай шілдеде орташа температура +20-25 С, абсалюттік минимум +370-45С деңгейді көрсетеді. Осыған сай ауа температурасының жалдық ауытқуы -96 С.

Анель: Сәтбаев- достықтың қаласы

Сапырған сары алтын тастардан,

Бәріндеасқақ ән, жақсы арман.

Бақытты байтақ ел достығы

Қаныштың қосынан басталған.

Арайлым:

Сары алтын Сарыарқа даласы,

Халқымның кемеңгер данасы данасы.

Әр-таңын ән-күймен қарсы алған,

Сәтбаев-достықтың қаласы.

Еркеназ:

Жалыңды жүректе сыр қандай,

Шын достықсалтанат құрғандай.

Қаланың әр кешке, әр үйі,

Сәтбаевдеп жырлап тұрғандай.

Марат:

Ырыс боп ағылған кеніміз,

Шахтада шыңдалған еріміз,

Қарсы алар құшағын кең жайып.

Сәтбаев-жас қала, келіңіз!

Айдос:

Бар мекенім, бесігім тербетілген,

Кенші қала, айналдым келбетіңнен.

Шыға келсем ерте мен көше бойлап

Күлімсіреп сипайды күн бетімен.

Мадина:

Қала толы қайнаған жұрт ішінде,

Кеншілердің үңілем түр-түсіне.

Кенді өлкенің кемеңгер ұландары,

Толағайдың қуаты тұр ішінде.

Еркеназ: Жұмысшылардың Никольский поселкесі, кейін Никольский қаласы, қазіргі таңдағы Сәтбаев қаласының тарихы үлкен өнеркәсіп аймағы болып табылатын Жезқазған-Қарсақбай-Ұлытау трихтарымен ажырамас жұпта. Орталық Қазақстан даласының қазбалы пайдаға толы екенін адамзат баяғыдан, тіпті сонау қола дәуірінен бері білген. Ол туралы тарихта із қалдырған ашық кен орындары мен кен байытуға арналған пештердің іздері, мыс кесектері және табылған жебелердің мыс пен қоладан жасалған ұштары айтады.

Санжар: Құрлықтың ортасында, Еуразия кіндігінде орналасқандықтан Сәтбаев аймағының су қоры Каракеңгір өзенінің Кеңгір су қоймасының, Сарыкеңгір және қос жер асты бұлақтарының су көзін пайдаланады. Бұл өзендер қар, жер асты суларымен және атмосфералық жауын-шашынмен қоректенеді. Өзен арналары қар көп жауған жылдары өте мол су қорын жинайды. Өзендегі ең ұзын өзен-Қаракеңгір, оның ұзындығы 350км алқабының ауданы 16, 700 км, орташа жылдық ағын мөлшері секундына 2, 1 текше метрге жетеді.

Нұрасыл: Сәтбаев қалалық торабына (агломарция) Сәтбаев қаласы мен поселкелік округ (Жезқазған кенті мен Сәтбаев селосы) енеді. 2008 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша Сәтбаев торабы халқының саны 70645 адам, оның 70398-і қала халқы, 247-і ауыл халқы. 1989 жылғы және 1999 жылғы халқы санақ аралығында Сәтбаев қаласының халқы 4, 3 мың адамға немесе 5, 9%-ға азайды. 1996 жылға дейін халық санының азаюының басты себебі, қоныс аударып кетушілердің көбеюі себеп болды.

1-жүргізуші: Иә, біз қаламыз жайлы жақсы жерлерінің бар екенін көрдік, мәліметтер білдік, туған жер жайлы ән шырқайық!

Барлығы ән айтады.

2-жүргізуші: Біздің сыныпта қаламдары жүйткіп тұратын оқушылар бар. Ендігі кезекті соларға берсек.

Сәтбаев қаласы туралы ойтолғаулар:

Аружан:

Менің туған қалам-Сәтбаев қаласы. Мені қаршадай кезімнен бастап, туған жерді сүйуге, қадірлеуге, қастерлеуге баулыған. Күннен күнге Сәтбаевтың климатына, ыстығы мен суығына бойым үйреніп келеді. Сәтбаев қаласы шағын болса да, мені ыстық сезім Сәтбаевқа тартып тұрады. Адамның ең бір үлкен борышы-туған қаласын көркейтуге үлесін қосу.


Ұқсас жұмыстар
Сәтбаев достықтың қаласы
Сөйлеу мәдениеті
Қастерлеймін сені, әсем табиғат!
Менің елім - Қазақстаным
Табиғат өлі табиғат тірі табиғат
Менің сыныбым өзгеше
Менің сүйікті қалам
Эссе "менің арманым"
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушыларды патриоттық санада тәрбиелеу
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың хатшысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz