Сабақ жоспары :: Математика

Файл қосу

Математика 2 сынып "өткенді пысықтау"

Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау
Сабақтың мақсаты:
1. Қосуың терімділік қасиеті негізделген көршілес екі қосылғышты олардың қосындысымен ауыстыру тәсіліне есептер шығару дадыларын қалыптастыру; есептеу дағдыларын жетілдіру. Ел ордасы - Астана туралы жан-жақты білімдерін кеңейту;
2. оқушылардың ойлау қабілетін, өрісін, дағдысын қалыптастыру; есте сақтау қабілетін арттыру; логикалық есте сақтау қабілеттерін дамыту;
3. Өз Отанын, халқын, жерін сүюге және оны құрметтей білуге тәрбиелеу; алғырлыққа, тиянақтылыққа баулу.
Түрі: кіріктірілген сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, жаттығу
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, музыка
Көрнекілігі: флипчарт, Қазақстан картасы, интерактивті тақта
Сабақтың барысы: І.Үйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық. Оқушылар бір-біріне жақсы күн, еліміздің амандығын тілеп, тілек айтады.
ІІ. Қызығушылықты ояту
Мұғалім бүгінгі сабақтың ерекше сабақ екендігін айтып өтеді.
Картаға шолу.
-Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Онда бірнеше қалалар бар. Соның бірі біздің Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласы. Ал Отанымыздың астанасы - Астана қаласы. Ал қазір біз пойызға отырып, Астанаға жол тартамыз.
ІІІ. Жол ашар тапсырмалары.
-Ең алдымен Орал теміржол вокзалына барып, кассадан билет аламыз. (флипчарттағы тапсырмаларды орындау)

3+10+7+80
5+20+5+10
50+6+4+20

10+6+4+20
4+50+20+6
8+2+20+30
9+10+1+40
7+40+3+10
1+30+9+20

-Балалар, пойызға отырамыз.
-Астана теміржол вокзалына келіп түстік.
-Астана қаласының көрінісін тамашалайық. (фличарттағы бейнематериал)
ІҮ. Астанаға саяхат.
-Балалар Астана символы - Бәйтеректі көргілерің келе ме? Ол үшін тапсырмаларды орындайық.
(флипчарттан бәйтерекке кіру тапсырмасын орындау)
Спорт дүкенінде 4 футбол,3 волейбол және 6 баскетбол добы сатылды.
Барлығы неше доп сатылды?
Футбол добы - 4
Волейбол добы - 3
Баскетбол добы - 6
Барлығы - ? доп

Шешуі:
1) 4+(3+6)=13
2) 3+(4+6)=13
3) 6+(3+4)=13
Жауабы: барлығы 13 доп сатылды
(флипчарт арқылы саяхат жасалып түсіндіріледі)
Елордамыздағы Астана - Бәйтерек монументі - архитектуралық ескерткіш қана емес еліміздің бүгіні мен келешегінің көрінісі. Бұл бәйтеректің биіктігі 97 метр. <<Астана - Бәйтерек>> монументі кешенін салу идеясының авторы - ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев.
-Келесі тамашалайтын жеріміз Астана қаласындағы Ханшатыр кешені.
Ханшатырға кіру тапсырмасы.
Әжесі 6 тауықтың еті қосылған және 10 сиырдың еті қосылған самса пісірді. 7 самсаны немерелері жеді. Неше самса қалды?
Пісірді - 6 және 10 самса
Желінді - 7 самса
Қалды - ? самса
Шешуі: (6+10)-7=9
Жауабы: 9 самса қалды
(флипчарт арқылы саяхат жасалып түсіндіріледі)
Сергіту сәті. (флипчарт арқылы орындалады)
-Келесі <<Думан>> ойын сауық орталығына саяхат жасаймыз. Ол үшін сиқырлы өшіргіш тапсырмасын орындайық.

76+8=
70-40=
43-8=
34+3=
(флипчарт арқылы саяхат жасалып түсіндіріледі)
Ү Сабақты бекіту.
(Орал қаласына оралу)
Флипчарт арқылы ауызша тапсырмалар беріледі. Тапсырмалар толық дұрыс шешілгенде құрастырмалы сурет шығады, ол сурет астында Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласының көріністері шығады.
78
21
98
54
60
17
100
75
40
10+6+4+20
15+1+5
4+44+6
2+50+20+3
30+5+65
8+20+70
4+50+20+4
5+6+4+2
8+2+20+30

ҮІ. Қорытындылау.
(ассоциация құру)

АСТАНА
арман қала
бас қала
жас қала
Әсем қала

ҮІІ. Үйге тапсырма беру.
ҮІІІ. Оқушыларды бағалау.

Ұқсас жұмыстар
7 санының құрамы жайлы ақпарат
Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау
1,2,3,4,5 цифрлары туралы өткенді пысықтау. ортаңғы топ
Математика 3 кл. кайталау. ашык сабак
Математикадан өткенді пысықтау
Өткенді пысықтау. математика 3-сынып
Циклдік алгоритм. 9 сынып
8 санын азайту мен қосуды қайталау. 2 сынып
Мақсат қою кезеңі
Амалдарды орындау тәртібінін ережеге сүйеніп орындау
Пәндер