Ағылшын тіліндегі зат есім

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ММ АБАЙ ат. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ

Қарауыл ауылы

ГРАММАТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Тақырыбы: АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ЗАТ ЕСІМ.

Құрастырған:

Макенова Н. Б.

Қарауыл, 2011

ММ АБАЙ ат. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ

Қарауыл ауылы ШҚО

Құрастырған: Макенова Нұргүл Біләлқызы

РЕЦЕНЗЕНТТЕР: Татаурова Н. Л. - п. ғ. к., МАНПО корреспондент-мүшесі

Жаркенова Ү. М. - Семей мемелекеттік педагогикалық институтының Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу орталығының оқытушысы

Ұсынылып отырған әдістемелік құрал мектеп оқушыларына шетел тілін оқытудың проблемаларына бағытталған. Жұмыс ағылшын тілін беретін мұғалімдерге, соның ішінде ауыл мектептеріндегі, практика аясында әдістемелік және психологиялық-педагогикалық тұрғыда кездесіп жататын қиыншылықтарға арналған.

Жазылған әдістемелік жұмыста жас ерекшеліктеріне қарай ағылшын тілін оқытудың әдістемелік ұсыныстар мен ережелер, дидактикалық материал және оқушының білім деңгейін бақылап отыратын тест тапсырмалары берілген.

Қарауыл, 2011

Raindrops on roses and whiskers on kittens
Bright copper kettles and warm woolen mittens
Brown paper packages tied up with strings
These are a few of my favorite nouns

Cream colored ponies and crisp apple strudels
Doorbells and sleigh bells and schnitzel with noodles
Wild geese that fly with the moon on their wings
These are a few of my favorite nouns

Girls in white dresses with blue satin sashes
Snowflakes that stay on my nose and eyelashes
Silver white winters that melt into springs
These are a few of my favorite nouns

When the dog bites
When the bee stings
When I'm feeling sad
I simply remember my favorite nouns
And then I don't feel so bad.

Түсінік хат

Президент «Жаңа Әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында былай деп атап көрсетті: «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұсынамын»*. Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі». Осыған орай мұны мемлекеттік тіл саясатының негізгі басымдықтары ретінде қарауымыз қажет.
Бұл ретте, Сиэтл университетінің (АҚШ) Кіндік Азияны және Қазақстанды зерттеу орталығының директоры Уильям Фиерманның пікірі өте қызық. Қазақ тілі Конституция бойынша мемлекеттік тіл болғанына қарамастан, қазіргі уақытта сіздің елдеріңізде бір тілдің - орыс тілінің басымдығы білініп тұр. Менің ойымша, Қазақстанда, әсіресе қалаларда қазақ тілі неғұрлым елеулі рөл атқаруы тиіс, ал ауылдарда оның басымдығы әрқашан болған және солай бола береді. Мәселен, қазақ тілі елдің оңтүстігі мен батысына қарағанда шығысы мен солтүстігінде жиі қолданылмайды. Ал, ағылшын тілі Қазақстанда елеулі орын ала бастады және бұл өте жақсы үрдіс».
Алайда, ағылшын тілі мен қазақ тілінің арасында салыстыру жүргізе отырып, олардың арасында кейбір грамматикалық ұқсастықтарды байқауға болады.
Әуелі фонетикаға назар аударайық. Дауысты дыбыстар бойынша ағылшын және қазақ тілдерінде бәлендей айырмашылық жоқ: қазақ тілінде олар 11, ал ағылшын тілінде (дифтонгтарды қоспағанда) 12 және олардың көпшілігі айтылуы бойынша да бірдей, бірақ артикуляцияда аздаған айырмашылықты көруге болады. Мысалы, қазақ тілінде жаңа сөздер мен сөздердің әртүрлі нысандары түбірге қосылу, яғни жұрнақтар мен жалғаулар арқылы жасалады.
Ағылшын тілінде де сөз жасаудың осындай тәсілі бар. Инфинитивтен оған -ing жалғауын қосу арқылы «ингтік» деп аталатын нысандағы ағылшын тілінің ең жиі қолданылатын нысаны пайда болады.
Инфинитивге жалғанған -er (кейде -оr) жұрнағы көп жағдайда іс-әрекетті жасауды білдіреді: to read - reader (оқу - оқырман), to write - writer (жазу - жазушы), to work - worker (жұмыс - жұмысшы), to sail - sailor (жүзу - теңізші) және т. б. Сөзге жаңа лексикалық мән беретін жұрнақ қазақ тілінде ең жиі таралған сөз жасайтын аффикс болып табылады. Ол сөзжасамда оңай байқалады. Мысалы, -шы, -ші: жұмыс - жұмысшы, оқу - оқушы, жазу - жазушы және т. б.
Дегенмен, кейбір айырмашылықтар да бар. Қазақ тілінде түбір өзгеріссіз қалады, ал аффикстер түбірмен үйлесімдік табады, яғни, үйлесімдік заңы бойынша өзгеріске ұшырайды. Осы заңға сәйкес барлық қазақ сөздері жіңішке және жуан буынға бөлінеді. Мысалы, көл, ән - жіңішке немесе қол, жан - жуан. Ағылшын тілінде жұрнақтар мен жалғаулар негізінен тәуелсіз болып табылады.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі дауыссыз дыбыстардың да саны бірдей деп айтуға болады: қазақ тілінде олар 25, ал ағылшын тілінде - 24. Дауысты дыбыстар бұл екі тілде де бірдей. Қазақ тіліндегі сияқты ағылшын тілінде дыбысты дұрыс айтпау сөздерің мағынасының өзгеруіне алып келеді.
Бұл тілдер арасында сондай-ақ кейбір ерекшеліктер де бар. Орыс тіліндегі «род санаты» ағылшын тілінде әдетте тек жақты, өзіндік есімдікті және ерекшелік түрінде кейбір жануарлар мен заттарды білдіреді. Адамға қатысты зат есім («Who is this?» - «Бұл кім?» сұрағына жауап береді) орыс тіліндегідей «мужской род» (сәйкесінше «he, his - ол, оның» есімдігі) және «женский род» (сәйкесінше «she, her - ол, оның» есімдігі) түрінде болады. Ал қазақ тілінде «род санаты» деген ұғым жоқ, сондықтан сөйлемнің мағынасына байланысты сын есім, есімдік немесе сан есім ағылшын тіліне әртүрлі аударылуы мүмкін.
«To be» етістігі ағылшын тілінде міндетті түрде қолданылады, ал қазақ тілінде ол жоқ.
Қазақ тіліндегі сөйлемдегі сөздердің өзіндік реті бар, ол тұрақты. Жай хабарлы сөйлемдегі бастауыш әдетте басында, ал баяндауыш әрқашан соңында, анықтауыш анықталатын сөздің алдында, мезгіл пысықтауыш сөйлемнің басында тұрады. Дәл осылай ағылшын тілінде де бастауыштың, баяндауыштың және т. б. сөйлем мүшелерінің өз орны бекітілген белгілі бір тәртібі бар. Мысалы, «Wе live in Astana» - «Біз Астанада тұрамыз», «Put the book on the table» - «Кітапты столдың үстіне қой».
Бірақ ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуға қатысты тілдің ерекшеліктерімен байланысты белгілі бір қиыншылықтар туындайтыны жасырын емес. Белгілі қазақ лингвист ғалымы Қ. Жұбанов былай деп айтқан: «Бір тілде басқа тілдің қандай да бір сөзімен мәні бойынша дәл қатар келетін сөздер сирек кездеседі. Мәселен, орыс тілінде «пастух» деген ұғым болатын болса, қазақ тілінде «қойшы», «жылқышы», «сиыршы» деп бөлініп көрсетіледі, сол сияқты орыс тіліндегі «тетя» сөзі қазақ тілінде «апа» да «тәте» де және «жеңеше» де болуы мүмкін. Күрделі болғанына қарамастан кез келген орыс тіліндегі сөйлем қазақ тіліне бір сөйлеммен аударылуы мүмкін. Алайда, мұндай сөзбе сөз аударма стилдің дәлдігін ғана емес, сонымен қатар оның мәнін де беруі мүмкін емес».
Тағы бір күрделілік - фразеологиялық сөздерді аударудың мүмкін еместігі немесе дәлсіздігі. Ағылшын тілінен фразеологизмдерді басқа тілдерге аудару әрқашан мұндай конструкциялардың семантикалық тұтастығы мен күрделілігіне байланысты белгілі бір қиыншылықтар туғызады. Мысалы, «to get out of bed on the wrong side» - «сол аяғынан тұру»; «fish begins to stink (or stinks) at the head» - «балық басынан шіриді»; «nothing is stolen without hands» - «жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды». Алайда, осындай қиыншылықтар кез келген тіл жұптарында туындайтынын түсіну өте маңызды.
Қазақстандағы шетел тілдеріне және аударманың өзінің қиыншылықтарына қатысты проблемаларға қарамастан елімізде тілдік қарым-қатынастар процесінің дұрыс жолға түсіп келе жатқанын нық сеніммен айта аламыз.

Зат есім (The Noun)

Ағылшын тілінде, қазақ тіліндегідей, зат есім деректі (a boy - ұл бала, a dog - ит, a window - терезе, a house - үй) және дерексіз болып бөлінеді (rain - жаңбыр, peace - бейбітшілік, beauty - сұлулық, work -жұмыс) .

Ағылшын тіліндегі зат есімдердің ерекшеліктері :

1. Зат есімнің алдына әдетте көмекші сөздер - артикльдер қойылады

a, an, the :

I am a teacher. Мен мұғаліммін.

Open the door, please. Өтінемін, есікті ашыңызшы.

2. Зат есім екі септікке бөлінеді : жалпы ( a girl, girls ) және тәуелдеу ( girl’s, girls’ ) :

What is the girl’s name ? Қыздың есімі кім ?

Where are the girls’ books ? Қыздардың кітаптары қайда ?

3. Зат есім басқа зат есімдерге анықтауыш бола алады :

You must wear your school uniform. Сендер мектеп формасын киюге

тиістісіндер.

I like winter sports. Мен қысқы спорт түрлерін ұнатамын.

Зат есімнің көпше түрі (Plural form of nouns)

1. Зат есімнің көпше түрлері жекеше түрдегі зат есімге - s жалғауы жалғану арқылы жасалады :

a pen - pen s қалам - қаламдар

a ball - ball s доп - доптар

2. Егер жекеше түрдегі зат есім -s, -ch, -sh, -x, -o әріптеріне аяқталса,

көпше түрдегі зат есімге -es жалғауы жалғанады :

a dress көйлек - dresses көйлектер

a box қорап - boxes қораптар

a birch қайын - birches қайындар

a hero батыр - heroes батырлар

a dish ыдыс - dishes ыдыстар

3. Егер жекеше түрдегі зат есім -f, -fe әріптеріне аяқталса, - f әрпі -v әрпіне өзгеріп, зат есімге -es жалғауы жалғанады :

a knife пышақ knives пышақтар

a wolf қасқыр wolves қасқырлар

a leaf жапырақ leaves жапырақтар

a shelf сөре shelves сөрелер

a scarf мойын орағыш scarves мойын орағыштар

4. Егер жекеше түрдегі зат есім әрпіне аяқталып, алдыңғы әрпі дауыссыз болып келсе, -y әрпі - i әрпіне өзгеріп, зат есімге -es жалғауы жалғанады :

a city қала cities қалалар

a family жанұя families жанұялар

a baby нәресте babies нәрестелер

a country ел countries елдер

a lady ханым ladies ханымдар

5. Көпше түрі өзгермейтін зат есімдер:

sheep қой sheep қойлар

fish балық fish балықтар

deer бұғы deer бұғылар

6. Кейбір зат есімдер көпше түрде еш жалғау жалғанбай, түбірдегі дауысты дыбыстың өзгеруі арқылы жасалады :

A man ер адам men ер адамдар

A woman әйел women әйелдер

A tooth тіс teeth тістер

A foot аяқ feet аяқтар

A mouse тышқан mice тышқандар

7. Кейбір зат есімдердің көпше түрі - (r) en арқылы жасалады :

a child бала children балалар

an ox өгіз oxen өгіздер

8. Тек жекеше түрде қолданылатын зат есімдер :

Advice кеңес

Information ақпарат

Iron темір

Money ақша

Permission рұқсат

Progress жетістік

Water су

Weather ауа-райы

Work жұмыс

News жаңалық

Athletics атлетика

Billiards биллиард

Economics экономика

Physics физика

9. Тек көпше түрде қолданылатын зат есімдер :

People халық

Police полиция

Scissors қайшы

Glasses көзілдірік

Pyjamas пижама

Shorts шолақ шалбар

Trousers шалбар

Clothes киім

Goods тауар

Stairs қабат (этаж )

Thanks алғыс

Contents мазмұн

Саналатын және саналмайтын зат есімдер

(Countable and Uncountable nouns)

Ағылшын тілінде зат есімдер саналатын (countable) және саналмайтын (uncountable) зат есімге бөлінеді

countable uncountable

A cap sugar

A man snow

UNCOUNTABLE Саналмайтын зат есім

  1. Тек жекеше түрде қолданылады.
  2. а/аn белгісіздік артиклі қолданылмайды.

Тағам

bread, cheese, butter, chicken, fruit

I need some butter.
Тағамbread, cheese, butter, chicken, fruit:

Зат

water, soap, snow, tea, coffee, milk, air

I need some butter.: Snow is white
Тағамbread, cheese, butter, chicken, fruit:

Материал

cotton, iron, wood, woo l

I need some butter.: The box is made of wood.
Тағамbread, cheese, butter, chicken, fruit:

Абстракты ұғымдар

Hope, love, luck, time, advice,

information, news, progress

I need some butter.: Your advice is not very good.
Тағамbread, cheese, butter, chicken, fruit:

Жалпылауыш сөздер

Furniture, rubbish, hair, noise, traffic,

music

I need some butter.: Her hair is long.

Зат есімнің тәуелдеу формасы (The Possessive Case)

Ағылшын тілінде зат есімнің тәуелдеу формасы апостроф және s әрпі арқылы жасалады:

  1. Жекеше түрдегі зат есімнің тәуелдеу формасы ’s арқылы жасалады

Tom’s book Томның кітабы

the teacher’s bag Мұғалімнің сөмкесі

  1. Көпше түрдегі зат есімнің тәуелдеу формасы ( зат есімнің -s көптік жалғауы болғандықтан, тек апостроф қоямыз)

the students’ book студенттердің кітабы

the boys’ dog ұлдардың иті

  1. Зат есімнің көпше түрі -s жалғауынсыз жасалса, онда зат есімнің тәуелдеу формасы ’s арқылы жасалады

women’s rights әйелдердің құқығы

the men’s duty адамдардың міндеті

Артикльдер (The Article)

Ағылшын тілінде зат есімнің алдына әдетте көмекші сөздер - артикльдер қойылады . Артикльдер белгісіздік a (an) және белгілілік the болып бөлінеді.

a, an, the :

I am a teacher. Мен мұғаліммін.

Open the door, please. Өтінемін, есікті ашыңызшы.

Белгісіздік артиклі а (аn)

Белгісіздік артиклі а (an) (an формасы дауысты дыбыстан басталатын зат есімнің алдына қойылады : an a pple ) ежелгі ағылшын тілінде «бір» деген мағынаны білдірген. Сондықтан белгісіздік артиклі саналатын зат есімнің ғана алдына қойылады

a cat

a room

an orbit

Қолданылады :

  1. баяндауыштың қызметін атқарып тұрған зат есімнің алдына қойылады:

Omar is a student. Омар студент.

  1. “there is (there was, there will be) ” орамынан кейін зат есім -бастауыш

болғанда:

There is a good library in our school. Біздің мектепте жақсы кітапхана бар.

  1. have етістігінен кейін толықтауыштың алдында :

I have a sister. Менің әпкем бар.

Белгілілік артилі the

Белгілілік артиклі the ежелгі ағылшын тілінде «анау» деген сілтеу есімдігінің мағынасын берген. Сондықтан ол бір немесе бірнеше белгілі зат есімнің алдына қойылады, салыстыр :

Give me a pen. Маған (әлдебір) қалам бер.

Give me the pen. Маған (мына) қаламды бер.

Қолданылады :

  1. Зат есімнің алдында реттік сан есім болғанда:

Gagarin was the first man to fly into space.

Гагарин ғарышқа ұшқан бірінші адам.

  1. Сын есімінің күшейтпелі шырайы алдында:

This is the shortest way to the town. Бұл қалаға баратын ең қысқа жол.

  1. Зат есімнің алдында -following, last, next, sameсын есімдері тұрса:

Copy the following sentences. Төменде берілген сөйлемдерді көшір.

You’ve made the same mistake. Сіз тура сондай қате жібердіңіз.

The next stop is ours. Келесі аялдама біздікі.

  1. Зат есімнен кейін анықтауыш болғанда :

Here is the book I bought yesterday.

Can you show me the way to the station?

This is the house where I was born.

  1. Алдынғы контексттен белгілі зат (жақ, құбылыс) алдында:

We’ve received a letter from an English girl. The girl writes in the letter that she wants to correspond with Kazakh schoolchildren.

  1. Дүниедегі жалғыз заттардың атауының алдына қойылады :

The sun, the moon, the earth, the ground, the world, the sky, the air :

Our sportsmen are among the best in the world .

  1. Жалпылама атаулары алдында :

The rose is a beautiful flower. Раушан - әдемі гүл.

The dog is the friend of man. Ит адамның досы.

Есіңізде сақтаңыз !!!

to the cinema at the cinema

to the theatre at the theatre

to the shop at the shop

to the market at the market

to go for a walk

to the cinema at the cinemato the theatre at the theatreto the shop at the shopto the market at the marketto go for a walk:

On x horseback

On x board a ship

In x fact

to the cinema at the cinemato the theatre at the theatreto the shop at the shopto the market at the marketto go for a walk:

What a good boy !

What a long story !

What a day !

to the cinema at the cinemato the theatre at the theatreto the shop at the shopto the market at the marketto go for a walk:

At x sunrise

At x sunset

In the country in x town

To the country to x town

By x bus, by x tram, by x train, by x car

to the cinema at the cinemato the theatre at the theatreto the shop at the shopto the market at the marketto go for a walk:

To play x chess to play the piano

To play x football to play the guitar

Out of x doors

to the cinema at the cinemato the theatre at the theatreto the shop at the shopto the market at the marketto go for a walk:

At x school to go x home

At x home to come x home

At x work for x work

To go to x bed ( school, work)

to the cinema at the cinemato the theatre at the theatreto the shop at the shopto the market at the marketto go for a walk:

In the morning in the evening

In the afternoon at x night

Артикль кей саналатын зат есімдер алдында қолданылмайды

  1. Егер зат есім қаратпа сөз болса :

Children, be quiet ! Балалар, тыныш !

  1. Father, mother сөздерінің алдында :

Ann, hasn’t Father come yet? Аня, папам әлі келмеді ме ?

  1. Апта күндері, ай аттары және жыл мезгілдері алдында:

Spring has come at last ! Көктем де келіп жетті !

July is a summer month . Шілде - жаз айы.

We do not go to school on Sunday. Жексенбі күні біз мектепке бармаймыз.

Есіңізде сақтаңыз !!!

to have a good time

from x morning till x night

all x day long

a lot of

  1. breakfast, dinner, lunch, supper зат есімдерінің алдында :

Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі перифраза табиғаты
Зат есім. қазақ тілі. 3 сынып
Критерийалды бағалау
Сөздерден сөйлем шығар
Орыс сыныптарына арналған қазақ тілінен эмтихан билеттері
Мақал -мәтелдер жарысы
Сын есімнің шырайлары
Қысқа мерзімді жоспарлар. animals in danger. 7 сынып
Қмж ағылшын тілі. 1 сынып
Етістіктің жасалуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz