Aйналу денелері. тік цилиндр, оның элементтері. цилиндрдің жазықтықпен қималары

Сабақ жоспары

Сыныбы: 11

Уақыты: 27. 11. 2014

Тақырыбы: Aйналу денелері. Тік цилиндр, оның элементтері. Цилиндрдің жазықтықпен қималары

Мақсаты.

1. Педагогикалық мақсат: әр оқушының көп қырлы зиятын дамытып, оның өмірде болатын алуан түрлі өзгерістерге бейімделгіш, алған білімдерін кездескен тұрмыстық жайттарда немесе белгілі бір ғылым саласында толыққанды қолдана алатын, табанды да, шыдамды тұлға болуына мейілінше үлес қосу.

2. Пәндік мақсат: әр оқушының логика-математикалық, кеңістікті елестету зиятын (қабілетін) дамытып, геометриядан теориялық және практикалық дағдыны қалыптастыру.

3. Тақырыптық мақсат: оқушыға цилиндрдің неліктен айналу денесі деп аталу себеін түсіндіріп, оның белгілі бір бөліктерін есептей алуын және көлемін табуға үйрету, сонымен қатар қоршаған ортада кездесетін цилиндр пішіндес нәрселерді көрсету және осы тақырыптың сол аталатын нәрселерді зерттеу үшін қажет екендігін жеткізу.

Тақырыптың түйінді идеясы: Цилиндр - айналу денесі.

Күтілетін нәтиже: Әр оқушы цилиндр және оның бөліктерімен тереңірек танысады, оның берілген бөліктерін еркін сипаттай, көлемін таба алады, Қоршаған ортада кездесетін цилиндр пішінді нәрселерді зерттеуде цилиндрдік қасиеттерін қолдана отырып зерттей алады.

Бөлімдер
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Бөлімдер:

Ұйымдастыру

Мұғалім әрекеті: 4 топқа бөлемін
Оқушы әрекеті: Ақылдаса отырып топқа бөлінеді
Бөлімдер:

Тақырып

Мұғалім әрекеті:

Тақырыптық сұрақтар:

1. Тіктөртбұрышты оның қабырғасынан айналдырғанда қандай фигура шығады?

2. 43-суреттегі (Слайд 1)

а) қай кесінді цилиндр осіне жатады?

ә) Қай кесінді цилиндрдің биіктігі?

б) Қандай кесінді цилиндрге жасаушы болады?

3. Тік цилиндрдің осьтік қимасының пішіні қанадай фигура болады?

4. Цилиндрге жанама екі жазықтық өзара қалай орналасуы мүмкін?

Мысалдар сұраймын

Көлем ұғымын беріп жіберемін!

Қосымша түсіндіріп жіберемін, геогебра бағдарламасынан қималарды көрсетемін

Оқушы әрекеті:

Топ болып ақылдасып, бір-біріне түсіндіре отырып, жауап береді

Өздері мысал келтіреді

Бөлімдер:

Бекіту

Мұғалім әрекеті:

1. Оқулықтағы тапсырмалар:

11-есеп. Табанының радиусы 4м және биіктігі 6 м цилиндр берілген. Цилиндрдің осьтік қимаының ауданын табыңыз.

12-есесп. Табанының радиусы 3 см, осьтік қимасының диагоналі 10см цилиндр берілген.

1) цилиндрдің биіктігін тап;

2) цилиндрдің осьтік қимасының ауданын тап.

2. Тұрмыстағы тапсырмалар

1) Үйге қонақтар келді. Дастархан жасау қажет. Дастарханға 3 жерге 7 тілімнен шұжық қойылды. Әр шұжықтың қалыңдығы 0, 5 см, диаметрі 7см. Сұрақ: қанша грамм шұжық кетеді? (1см 3 = 0, 8 г шұжық) Ж: шамамен 330 г

2) Жылу жүйесін жүргізгелі жатырсың. Құбырларды басқа бөлмелерге жеткізу үшін қабырғаны тесу керек. Қабырғалардың ішіндегі кейбіреуі гипсокартоннан тұрғызылған. Ойғаннан пайда болған цилиндр пішіндес гипсокартон бөлігінің көлемі 17, 6625 см 3 , гипсокартонның қалыңдығы 0, 9см. Қолдарыңдағы ойғыштардың үшеуінің қайсысымен ойған (№1, №2, №3) ? Ж: 5см-лік ойғыш

3) Суретін ғана салыңдар:

Цилиндрдің биіктігі 6 дм, табан радиусы 5 дм. 10 дм-ге тең АВ кесіндісінің ұштары әр түрлі табандарының шеңберлерінде жатыр. Берілгені бойынша суретін сал.

Оқушы әрекеті: Топтаса отырып, тапсырмаларды орындайды және тақтаға кім шығатынын бірлесе отырып, шешеді.
Бөлімдер:

Қорыту

Мұғалім әрекеті: Шағын бір бетке тақырыпқа қатысты эссе жаздырамын (максимум 2 құрмалас сөйлем)
Оқушы әрекеті: Қысқа да нұсқа етіп бүгінгі сабақтан не үйренді, нені түсіне алмады сол жайында өзіндік пікірін жазады
Бөлімдер:

Бағалау

Мұғалім әрекеті:

Критерилік бағалау

:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
Оқушы әрекеті:

Бөлімдер

Критерилер

1-тапсырма
2-тапсырма
3-тапсырма
4-тапсырма
5-тапсырма
Берілгенінің түсініктілігі (7-12)
Шығарылуы мен шешімінің түсініктілігі (7-12)
Тапсырманың қажеттілігі (7-12)
Өмірмен байланыстылығы(7-12)
Өзін өзі бағалай алады
Бөлімдер:
Мұғалім әрекеті:
Оқушы әрекеті:
Бөлімдер:
Мұғалім әрекеті:
Оқушы әрекеті:
Бөлімдер:
Мұғалім әрекеті:
Оқушы әрекеті:
Бөлімдер:
Мұғалім әрекеті:
Оқушы әрекеті:
Бөлімдер:
Мұғалім әрекеті:
Оқушы әрекеті:
Бөлімдер:

Үйге тапсырма

Мұғалім әрекеті: №13, №17 есептер
Оқушы әрекеті: Өзбетінше орындап келеді

Ұқсас жұмыстар
Тік дөңгелек конус, оның элементтері. Конустың жазықтықпен қималары
Айналу денелері: конус цилиндр, шар жайлы ақпарат
Цилиндр. 11 сынып
Пирамида көлемінің формуласы
Конус-айналу денесі
Пирамида немесе конус
11 сынып геометриядан ұмж, қмж
Конус табанының радиусын тап
Конус туралы түсінік
Топтарға берілетін есептер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz