Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Денсаулық - зор байлық Студенттерді зиянды әдеттерден сақтандыру

Тақырыбы: <<Денсаулық - зор байлық>> Мақсаты: Студенттерге зиянды әдеттерден сақтандыру, темекінің ағзаға тигізетін әсері және одан туындайтын ауру түрлері, олардың алдын алу шаралары туралы білуге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Халқымыздың арасында кең тараған зиянды әдеттер - араққа, есірткіге және темекі шегуге жетелейтін себептерді анықтау, олардың адам ағзасына келтіретін зиянын ашу, оқушыларды одан жирендіру. Студенттердің күнделікті денсаулығын шынықтыру, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруын қамтамасыз ету. Көрнекілігі: Плакаттар, суреттер, нақыл сөздер. Барысы: Мұғалім: Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл - күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз <<Дені саудың - жаны сау>> деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың - салауатты өмір салтын сақтау. Балалар, сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан - жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?
Студенттер: Денсаулық. Мұғалім: Әр топ өздерін таныстыра кетсін. Топ спикерлері өз топтарының аты мен ұрандарымен таныстыра кетеді. 1- <<Есірткіге қарсы>> тобы, 2- <<Темекіге қарсы>> тобы, 3- <<Араққа қарсы>> тобы. Сөз кезегі студенттерге беріледі.
Жамиля: Денсаулық - зор байлық. Денсаулық болса, бәрі де болады. Дені сау адамның көңілі шат, өмірі бақытты. Айдын: Жан - адамның ішкі дүниесі, ішкі жаратылысы. Олай болса, дені саудың - жаны да сау. Ендеше әр топ денсаулық туралы ой бөлісіп, топтастырсын. Уақыт біткен кезде әр топтан бір студент шығып қорғайды. 1-студент : Денсаулық ол - шыныққан Барлық денең мүшесі. Денсаулық ол - тыныққан Жүйке тамыр жүйесі.
2-студент: Денсаулық ол - күлуің Көңіл - күйің жадырай, Денсаулық ол - жүруің, Ешбір жерің ауырмай.
3-студент: Қара айнаға, көресің Өзіңді - адам денесін. Қол - аяғың, басың бар, Бұған кеуде қосылар- Құрылысың бұл сыртқы. Көрінбейді жүрегің, Өкпе, миың, бүйрегің- Құрылысың бұл ішкі.
4-студент :Сымбат - мүсін дегенің Бітім - көркі денеңнің. Сымбат - жүру әдемі, Дене қалпын тік ұстап: Көтеріп сәл кеудені, Иық жазып дұрыстап. Түзу отыр, қисаймай, Бүкіреймей, жантаймай. Күш сап бас пен арқаға, Жатып алма партаға.
Жамиля: Әр түрлі жұқпалы аурулардың адамға микробтар арқылы таралатыны және одан микробтардың кір - қоқысты жерлерде өсіп - өніп, шаң-тозаңмен бірге ауаға көтерілетіні баршамызға белгілі жағдай. Сондықтан тұрмыста тазалық сақтау адамның денсаулығына өте қажетті жағдай екенін естен шығармаған дұрыс. Адамның денсаулығы, еңбекке қабілетті болуы көбінесе үйдегі тұрмыс жағдайына байланысты. Сондықтан да үй тұрмысы, әсіресе оның тазалығы белгілі санитарлық - гигиеналық талапқа сай болуы қажет. Үй ішіндегі бөлмелер тұратын адам санына сай және әрқашанда құрғақ та жылы, күн сәулесі жақсы түсетін кең болуы керек.
5-студент: Гигиена - бұл денсаулықты қорғау және тазалық сақтау туралы ғылым. Дос бол сабын, сумен сен, Жиі - жиі жуын сен: Таңертең де, кешке де, Жуын күндіз - түсте де, Жуын тамақ алдында, Жуын тамақ соңында, Жуын ұйықтар кезіңде, Жуын тұрған мезгілде.
6-студент:Мен айтайын тақпақ, Алғың оны жаттап. Тісіңді жу, тазарт Маржандай болсын аппақ. Атқаратын қомақты Ауыз қуыс ісі бар: Ұсататын тамақты Отыз екі тісі бар. Алғашқы тіс - сүт тістер Түсіп бірте тынады. Алты жастан нық тістер - Тұрақты тіс шығады.
7-студент: Тіс болмаса, Асты қалай шайнарсың, Тазалап жүр тісіңді. Тісті күнде екі рет Кішкене де ыңғайлы, Тазартуды ойларсың. Тіс щеткасын пайдалан. әдет қыл бұл ісіңді: Тазалауға болмайды, Щеткасымен басқа адам. <<Тіс пастасының әзіл жарнамалық үзілісі>>. Интерактив тақтаны қолдану.
8-студент: Аяқ -- қол - көмекші, Күт оны ерекше. Қол жиі ластанар Сондықтан істің әр Соңында қолды жу, Жояды кірді су. Аяқ - қолды кірлетпей, Тырнағыңды алып жүр.
9-студент: Тері - сезім мүшесі, Тері дайым дұрыстап, Маңызды оның үлесі. Қызуыңды реттейді. Сол арқылы білесің Зиян микроб, вирустар Сезіп затты, ыстықты, Ағзаға одан өтпейді. Қатты, жұмсақ, суықты.
10-студент:Еріншектен - салақтық, Еріншек таза жүре алмас, Салақтықтан - надандық. Кір қолын да жуа алмас Бірінен бірі туады, қаракет жоқ, ғылым жоқ Жоғалар сөйтіп адамдық. Өз бойынан ұялмас.
Раушан: Балалар, біздің арамызда кейде тазалықты сақтамайтын оқушылар болса, олар туралы не айтамыз?.
11-студент: Күнде бетін жумайды, Жатып алап тұрмайды, <<Жу>> десең - ақ тулайды. Дейді ақырып <<Жолама>>, Өз - өзінен өкпелеп, Сондай бала бола ма?
12-студент: Беті қандай кір еді, Күледі - ау жұрт, күледі. Айниды адам жүрегі. Сондай бала бола ма? Көрсе осы бір кескінін, сендер оған жолама.
Жамиля: Тиімді тамақтану деген не? Қандай пайдалы тамақтар бар? Топтастыру, қорғау. Мақсат: Бірдей емес жұрт барлық, Алуан түрлі азық бар, Бірі - толық, бірі - арық. Ет, май, сүт пен балықтар. Байланысты ол талғамға, Көкөністер, жемістер, Қоректенер тағамға. Витаминдер, жидектер.
Ас - адамның арқауы. Зелимхан: Ас - адамның арқауы Тамақты ішкің күнде сен, Деген сөз бар ежелден. Белгілі бір мезгілде. Бойға сіңіп, тарқауы, Таңертең, түс, түстен соң, Үшін керек ереже. Жатар алды кезінде.
Су - тіршілік негізі Айдын: Су - тіршілік негізі, Үйде ванна, душ болса, Онсыз өмір сүрмейсің. Салқын сумен құйынғың. Гигиена егізі Ыстық сумен шомылсаң, Су деп және білгейсің. Салқын сумен шайынғың.
Витаминдер. Жангелді: Витаминдер - тірегін, А - сы қажет көзіне, А,В,С,Д,Е - деп аласың. В - жүйкені тоғайтар. Жетіспесе бірі оның, С - дан микроб безінер, Ауырып сен қаласың. Д - сүйекті нығайтар.
Раушан: Тұмау туралы не білеміз? Жамиля: Тұмаумен ауырмау үшін бөлмені жиі желдетіп, адамдар көп жиналатын жерлерге бармаған дұрыс. Тұмауратып ауырсаң, мына ережелерді сақта: төсек режимін сақтап сұйық заттарды, витаминдерді көп мөлшерде іш.
Пердегүл: Қарсы алып жылы сөзіңмен, Ем жасадың аянбай. Бауыр боп кеттік өзіңмен, Жақсы бір көріп жанымдай.
Нәр алып жылы сөзіңнен, Жақсарып келем жалындай. Шипалы сөзің, еміңмен, Көктемгі жасыл жайлаудай.
Бүгінгі тәрбие сағаты Денсаулық жайлы сөз еткен. Көп нәрсені ұғып алдық Кетпейтұғын мәңгі естен


Ұқсас жұмыстар
Денені шынықтыру
Дене шынықтыру
Тазалық тобы
Отбасы тәрбиесі
Темекінің зияндары
ЖҚТБ ауруы қатерлі
Салауатты өмір салтын сақтаймыз! 9-сынып
Ұзартқын келсе ғұмырды, таста шылым мен арақты
Денсаулық мол байлық. ашық тәрбие сағаты
Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл жайлы ақпарат
Пәндер