Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Туған жер - тұғырың, туған ел - қыдырың

Тақырыбы: Туған жер - тұғырың,
Туған ел - қыдырың.

Мақсаты: Оқушылардың туған жерге, туған ауылға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін тәрбиелеу. Туған ауылдың өткен тарихын біле отырып, қазіргі ауыл өмірін зерттеу және ауылдың болашағын оқушылар көзімен болжау.
І.Кіріспе:
( М. Беспаев Туған жер) - Балалар, бір сәтке барлығың көздеріңді жұмып, мына күйді тыңдай отырып, өздеріңді болашақта мектепті бітіріп, жоғарғы орынға оқуға түсіп, шет елде оқуларың немесе жұмыс бабымен баруларыңды елестетіңдерші. Біраз уақыт өте, сендер туған жерлеріңді сағынасыңдар. Сонда көз алдарыңа не елестейді?
- Туған жердің топырағы, суы, тауы, жусанның ісі келе бастайды.
- Неге ең бірінші топырақ ойларыңа келді?
- Жер деген сөзді топырақпен байланыстырдым.
- Екі күн бұрын біздің Мұса Нариман еркін күрестен жарысқа қатысып, 10 күндей Атырау қаласына барып келді. Бұл сенің үйден алыс сапарға шыққаның бірінші рет шығар, сол туралы айтып берсең. Атырау жүргенде,одан қайтып келгенде қандай сезімде болың?
- Кіндік қаның тамып, туып-өскен мекеніңді, табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Дулығалы ата-бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиісті.

Адам бойындағы отаншыл қасиеттеріне байланысты біздің бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: <<Туған жер - тұғырың, Туған ел - қыдырың>> атты болмақ.
Енді үй тапсырмасын тексерейік. Сендерге туған жер туралы суреттер салу және шағын шығарма жазу, өлең жолдарын жазу немесе кластер құру берілген.
Біз оның нәтижесіннен көрме жасадық. Осының ішінен ең үздік шағын шығарманы оқып береміз (Қанатбек Нурила)
Нурила.
Табиғаттың тамаша жазы қандай,
Айналама көк кілем жазылғандай.
Сымбатыңнан айналдым, туған жерім,
Сылдырлаған бұлағы,суы балдай,- деп бала жүрек жырлағандай, мен өз өлкемді жан-жүрегіммен сүйемін. Өйткені Қазақстан - менің атамекенім. Атамекен деген - туған тіл, ата салт- дәстүр, еліңнің тарихы, байлығы, мектебің, үйің, бәрі-бәрі сонда. Ал бұларсыз өмір сүру мүмкін емес. Біздің Қазақстан өте бай, табиғаты әр түрлі болса да әдемі. Мысалы, бізде көл, өзен, биік таулар, орман-тоғай, аң-құс өте көп.
Туған жер жайлы жыр да, қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде молынан кездеседі. Бұдан біз әр халықтың туған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейтінін байқағандаймыз. Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен-ақ сіңіруге ұмтылатындығын туған жер жайлы мақал-мәтелдерден, аңыз әңгімелерден, батырлар жырынан көреміз. <<Ит тойған жеріне, ер - туған жеріне>> немесе <<Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас>> деп ерекшелеп көрсетеді. Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған жері, туған елі қымбат екендігі деп ойлаймын.

Әсемкүл.
Өлең жолдары
Отан деген - атамекен
Отан деген - туған ел
Отан - ана
Отан үлкен
Қазақстан деген жер!
Дулат. Кластер
Отан деген - ол туған жер, ата-ана, туыс-бауырлар, мектеп, достар, ауыл, көшең.
ҚР Ата Заңының 36-бабында: Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті, - делінген.
- Балалар, Отаның, туған жерің қайда дегенде, неден бастауларың керек?
1. Мемлекетіңді атайсың
2. Облысыңды атайсың (қаласын)
3. Ауылыңды (ауданыңды)
Қазақстанда 14 облыс, 86 қала, 175 аудан, 2468 ауылдық (селолық) әкімшілік бар.
Нұрбақыт. Қазақстанның ежелгі алдыннан келе жатқан қалаларының бірі - Тараз қаласы. Тарихи деректерге сүйенсек 1856 жылы қала Әулие - Ата атымен, 1856 жылы қаңтарда Мирзоян аты беріледі. Ал 1938 жылы мамыр айында ақын Жамбыл тамыздың аты берілді. 1997 жылы 8 қаңтарда Жамбыл қаласына өзінің тарихи аты Тараз қайтарылды. 2002 жылы ЮНЕСКО көлемінде қала өзінің 2000 жылдығын атап өтті. Облыс Жамбыл облысы болып қалдырылды.
Осы тарихи - киелі өңір атақты ақын атамыз Жамбыл Жабаевтің туған өңірі. <<Пірім менің Сүйінбай, Жыр айтпаймын сиынбай>>,-деп Жамбыл атамыз ақын Сүйінбай Аронұлын өзіне ұстаз тұтқан .
Нұрсұлтан Назарбаев: Тарихы мол Меркі өңірі - еліміздің киелі өлкесі.
Мейірлан. (Меркі туралы слайд)
Ауданда 38 мектеп 48 денсаулық сақтау мекемелері, 40 мәдени ошақтары жұмыс істейді.
Мерке - б.д.д. (бұдан әрі Меркі) Қытай патшалығын бағындырыпп, салық салып, үстемдік жүргізген, Ұлы Қытай қорғанын салуға мәжбүр еткен Сақ, Ғұн тайпаларының ішіндегі бір үлкен тайпаның аты. Тарихта осы ғұнның бір үлкен тайпасы асқар Алатаудың бауырына Іле бойынан Меркі жеріне дейін мекендеген. Сондықтан да Талғардың үстінде үш Меркі, қазіргі Меркі ауданының жерін, өзенін, тауын Меркі дейді.
Сақ, Ғұндардан кейін бұл жерді Үйсін ұрпақтары билеген. Үйсіннің 35-ші ұрпағы Меркі батыр - жерін, елін қорғап, халқын ұлан-асыр байлыққа бөлеп, бақытты өмір сүргізген.
Меркі орта ғасырдан Ұлы Жібек жолы бойында үлкен сауда орнына айналған көне шаһар екендігі тарихтан белгілі.
Алатаудың көкмайсалы бауырында Тараз қаласының шығысында 150 шақырым жерде орын тепкен Меркі аты ғасырлардан ғасырларға осы атаумен жеткен. Оның аты тарихшылар мен саяхатшылардың ауызына жиырма ғасырдан аса тарихы бар Таразбен бірге алынады. Бұл өлкеде діндер мен билік, отаршылдар мен азаттық үшін жан беріп, жан алған ірі шайқастар болған. Сондықтан да бұл өңірде сыртқы жаудан қорғану үшін жан-жағын өзен қорғаған қылтанақты жерде орналасқан ірі қорғандар мен биік дуалдары бар қалалар салынған, Бір ауданның аумағында атақ-даңқы әуелеген Меркі, Аспара сияқты қалалар орналасқан. Ал Меркі өзенінің жоғары жағында ЮНЕСКО-ның тарапынан қорғалатын тарихи, мәдени ескерткіштердің санатына енген Меркі түркі ғибадатханасының тарихымызда алатын орны ерекше.Бұл өңірде аты тарихтан өшсе де солардың сарқыты болып табылатын талай халықтар мен ұлыстар өмір сүрген.
Меркі ауданы Қазақстан Республикасының басқа елді мекендері сияқты мәдениеті мен экономикасы өркендеген аймақтың бірі. Бүгінде ауданда 14 ауылдық, кенттік округ, 44 елді мекен бар. Онда 76 мың халық тұрады. Оның ішінде 30-дан астам ұлт өкілдері бір жағадан бас, бір жеңінен қол шығарып, қоян-қолтық өмір сүруде. Осында тұрып жатқан халықтың 70,8 пайызы қазақтар, 10,7 пайызы орыстар, 8 пайызы түріктер, 4,2 пайызы азербайжандар, 1,63 пайызы өзбектер, 0,50 пайызы күрдтер, 0,44 пайызы немістер, 0,20 пайызы корей, 0,05 пайызы басқа ұлттар өкілдері тұрады.
Медина. Меркі өңірінен ғылым мен өнер қайраткерлері көптеп шыққан. Олардың арасында А.А. Асқаров - экономика ғылымының кандидаты, Халықаралық Акмеология Ғылымдары академиясының академигі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры.филология ғылымының докторлары, профессорлары ҚазМУ-дің журналистика факультетінде 16 жыл декан болған Темірбек Қожакеев, ҚазМУ-дің проректоры Намазалы Омашов, Қазақстан және Қырғызстанның еңбек сіңірген халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, Бағдат Сәмединова, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Шырын Мамасерікова және басқалар ауданымыздың мақтаныштары, Экономика ғылымдарының кандидаты 1992 жылы "Сымбат" мода бизнесі академиясының ректоры - Сабыркүл Асанова.
Отан туралы өлең шумақтарына кезек береміз. <<Ойлан, қазақ>> клип
Сұлу дала!Менің сүйген еркемсіңЖаным сенен жаратылған өлкемсіңҚандай жақсы, қазақ болып туғанымО, туған жер! Тамашасың, көркемсің,

Көп аузынан түспейтін
Отан деген немене?
Оның тұлға түс кейпін,
Достым, білгің келе ме?

Отан - сенің ата-анаң,
Отан - досың, бауырың,
Отан - өлкең, астанаң
Отан - аудан ауылың.

Отан - тарих, Отан - тіл,
Жазған елің, ер халқың,
Отан - өлең, Отан - жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
Мақал-мәтелдерді аяқта
* Ел мен жер егіз
* Жұрт дегенде жұмылып,
* Ел дегенде егіліп
* Туған жер - тұғырың,
* Туған ел - қыдырың.
* Ел қадірін көрген біледі,
* Жер қадірін жүрген біледі.
* Адам елінде көгерер,
* қоға көлінде көгерер.
* Бөтен жердің гүлінен,
* Туған жердің тікені артық.
* Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
* Ел болам десең, бесігіңді түзе.

* Отан - елдің анасы,
* Ел - ердің анасы.
* Туған жердей жер болмас,
* Туған елдей ел болмас.
* Отанды сүю - от басынан басталады.

* Пәлен жерде алтын бар,
* Өз еліңдей қайда бар.
* Туған жердің жуасы да тәтті.

* Өз елінің иті де (қадірлі.)

* Отан үшін күрес,
* Ерге тиген үлес.

-Рахмет, балалар! Әрқайсыңның талабыңа нұр жаусын! Сендерді әлі талай биіктерден көретін болайық.

Клип. Қоңыр тобы. <<Туған жер>>
* Балалар, айтыңдаршы, әннің мәтінінде қандай сөз қайталанып отырды?
* << Жер>>
* Қандай жер екен?
* Шөбі майсаң, жұрты жайсаң, туып, кіндік кескен жер
Қорытынды:
* Балалар, осы сабақтан сендердің бойларыңда біраз патриоттық сезім қалыптасты деп ойлаймыз.
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбын - <<Туған жер - тұғырың,Туған ел - қыдырың.>>
- деп алып отырған себебіміз, дүние жүзінде біздің елімізден басқа да алуан түрлі мемлекеттер мен жерлер көп, бірақ адамның туған ата-анасы біреу, оның Отаны да біреу ғана. Сондықтан адам ең алдымен өз елінің перзенті, жан жүрегімен берілген азаматы болуы керек - деп отырып сабағымызды <<Туған жер>> атты әнімен аяқтаймыз. Орындаушылар біздің сыныптың жігіттер мен қыздар тобы.
Клип.


Ұқсас жұмыстар
Балаларға қойылған сұрақтар
Тәрбие сағатын қорытындылау
Сөздерден сөйлем шығар
Менің елім, менің Қазақстаным
Қадыр ата ауылы
Батыс Қазақстан қалалары
Атамекен - алтын бесік
Атамекен
Атамекен-алтын бесік Атамекеннің адамның өсіп-дамуындағы,өміріндегі алатын орны туралы
Отан үшін күрес - ерге тиген үлес
Пәндер