Сабақ жоспары :: Алғашқы әскери дайындық

Файл қосу

Автоматты жинақтау және бөлшектеу


Батыс Қазақстан облыстық , Орал қаласындағы М.Өтемісұлы атындағы
сауықтыру мектеп интернатының алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі
Сүлеев Жұмабай Кәкімұлы

Сабақтың тақырыбы:
«Автоматты бөлшектеу және жинақтау»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: автоматты бөлшектеу және жинақтау ретін түсіндіру,
білдіру, меңгерту;
2. Тәрбиелік: елін, жерін сүюге, саналы түрде Отанын қорғауға дайын
болуға, Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне деген құрметке,
батылдыққа және бастамашылыққа тәрбиелеу.
3. Дамыту мақсаты: автоматты толық емес бөлектеу мен жинақтауды үйрету
және оған қабілеттілігін арттыру, дамыту.
Сабақ түрі: аралас сабақ Көрнекілік құралдар:
1. Калашниковтың портреті;
2. Плакат «Калашников автоматы»;
3. Кесте «Калашников автоматының сипаттамалары»;
4. Оқжатар, пенал керек жарағымен;
5. Автомат, сүңгі пышақ макеттері;
6. Буклет «Калашников автоматы»;
7. Автоматтың негізгі бөліктері мен механизмдері жайлы тірек сызба;
8. Машықтану плакаты;
9. Калашников автоматы /оқу қаруы/.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі: взводты екі қатарлы сапқа тұрғызу, рапорт қабылдау,
амандасу, сыртқы келбетін тексеру, түгендеу.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
а) Тест тапсырмасымен жұмыс;
б) Калашников автоматының арналуы, жалпы құрылысы және ұрыстық қасиеттері
туралы білімін төмендегі сұрақтар арқылы тексеру:
1. Калашников автоматын қашан, кім шығарған және оның арналуы;
2. Автоматтың негізгі бөліктері мен механизмдері;
3. Автоматтың ұрыстық қасиеттері.
III. Үй тапсырмасын қорыту.
Жаңа тақырыпты бастаудан бұрын өткен тақырыпты тақтада ілулі тұрған тірек
сызбасының көмегімен қорытындылау.
Оқушылар тақтаға шығып тірек сызбадағы суреттерді пайдаланып
ұяшықтарды толтырады.
[pic]
IV Жаңа сабақ
Автоматты бөлектеу толық және толық емес болуы мүмкін: толық емес
бөлшектеу- автоматты тазалау, майлау және тексеру үшін; толық бөлектеу -
жаңбыр мен қар астында қалғанда, не жөндеу кезінде автоматты қатты
ластанудан тазалау үшін жүргізіледі. Автоматты толық емес бөлшектеу мен
жинақтау үстел үстінде немесе таза төсеніш жайылып жүргізіледі; бөлшектер
мен механизмдер бөлектенген ретімен қойылады. Оларды абайлап ұстап, бірінің
үстіне бірін қоймай, күштемей және соққыламай жүргізу керек.
Автоматты толық емес бөлектеу тіртібі Оқжатарды бөлектеу. Автоматты
сол қолмен дүмінің мойыншасынан не құндағынан ұстап, оң қолмен оқжатарды
орай ұстайды, бас бармақпен бекіткішті қысып, оқжатардың төменгі жағын
ілгері ұмсындырып, оны бөлектеп алады. Содан кейін оқтықта оқтың бар-жоғы
тексеріледі, бұл үшін ауыстырғыш төменге түсіріледі, оны «АВ» /автоматты
ату/ немесе «ОД» /жекелей ату/ жағдайына қойып, бекітпе жақтауының тұтқасы
кейін жылжытылады, оқтықты тексеріп, бекіткіш жақтауы жіберіліп, шүріппе
ұрыстық қайырудан /взводтан/ босатылады.
Түнгі көздеуіші бар автоматты бөлшектеу кезінде оқжатарды бөліп
алғаннан соң, түнгі көздеуішті бөлектейді, ол үшін қыспа құрылғысының
тұтқасын сол жаққа және артқа қарай апарып, көздеуішті артқа жылжытады да,
оны автоматтан бөлектеп алады.
Жабдықтар пеналын дүм ұясынан шығарып алу. Оң қолдың сұқ саусағымен
дүм ұясының қақпағын пенал серіппенің әсерімен ұядан шығатындай етіп
басады; пеналды ашып, одан сүрткішті, тазалығышты, бұрауышты, қаққышты
шығару керек.
Жиналмалы дүмі бар автоматтың пеналы оқжатарды салуға арналған
сөмкенің қалтасында жүреді.
Сүмбіні алу. Сүмбінің ұшын оның басы қарауылдың негізіндегі тіректен
шығатындай етіп ұңғыдан тартып, сүмбіні жоғары суырып алады. Сүмбіні алу
қиындық тудыратын болса, онда қаққышты қолдануға рұқсат беріледі. Оны
сүмбінің басындағы саңылауға сала отырып, ұңғыдан сүмбінің ұшын тартып
суырып алады.
Автоматтан - ұңгылық тежеуіш-компенсаторын бөліп алу. Бұрауышпен
ұңғылық тежеуіш-компенсатордың орнықтырғышы батырылады.
Ұңғылық тежеуіш-компенсатор қарауыл негізіндегі бұрандалы дөңестен
сағат тіліне қарсы бағытта бұралып шығарылады. Ұңғылық тежеуіш-компенсатор
тым қатты бұралған жағдайда ұңғылық тежеуіш-компенсатордың әйнегіне
қойылған сүмбінің /қаққыштың/ көмегімен бұрап алуға болады.
Ұңгы қорапшасының қақпағын бөлектеу. Сол қолмен дүмнің мойнын қамти
ұстап, осы қолдың бас бармағымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің
дөңесін басады, оң қолымен ұңғы қорабы қақпағының артқы бөлігін жоғары
көтеріп, қақпақшаны алады.
Қайтармалы механизмді бөліп алу. Автоматты дүмнің мойнынан сол қолмен
ұстап тұрып. оң қолмен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегін оның өкшесі
ұңғы қорабының бойлық ойығынан шыққанша ілгері карай ұмсындырады;
бағыттаушы өзектің артқы шетін көтеріңкіреп, қайтармалы механизмді бекітпе
жақтауының арнасынан шығарады.
Бекітпемен қоса, бекітпе жақтауын алу. Автоматты сол қолмен одан әрі
ұстап тұрып, оң қолмен бекітпе жақтауын артқа тірелгенше тартып, оны
бекітпемен бірге көтеріңкіреп барып, ұңғы қорабынан бөлектеп алады.
Бекітпені бекітпе жақтауынан алу. Бекітпе жақтауын бекітпе жоғарыда
болатындай етіп сол қолға алады; оң қолмен бекітпені кейін шегеріп,
бекітпенің жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығынан шығатындай
етіп, бекітпені алға қарай шығарып алады.
Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін босатып алу. Автоматты сол қолмен
ұстап тұрып, оң қолмен жабдық пеналын газ түтігі тұйықталғышының
шығыңқысына тік

бұрышты саңылаумен кіргізеді, жапқышты өзінен тік жағдайға дейін бұрап, газ
түтігін газ камерасының келте түтігінен шығарып алады.
Газ түтікшесін ұңғы бастырмасымен қосу. Автоматты сол қолмен ұстап
тұрып, оң қолмен газ түтігін алдыңғы шетімен газ камерасыньщ келте түтігіне
ұмсындырады және ұңғы бастырмасының артқы шетін ұңғыға қысады;
тұйықталғышты оның орнықтырғышын көздеу қалыбының ойығына кіргенше бұрайды.

Бекітпені бекітпе жақтауына қосу. Бекітпе жақтауын сол қолмен оң қолға
алып, оны цилиндрлі бөлігімен жақтау арнасына сұғады; бекітпені оның
жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығына кіретіндей етіп бұрап,
бекітпені алга қарай сұғады.
Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын ұңгы қорабына қосу. Сол қолмен дүмнің
мойыншасын қамти ұстайды. Бекітпесіне қоса, бекітпе жақтауын оң қолда бас
бармақпен қысылған бекітпе алдыңғы жағдайда болатындай етіп ұстап тұрып,
газ поршенін көздеуіш қалыбының қуысына кіргізеді де, ұңғы қорабының
қайырмалары бекітпе жақтауының ойықтарына кіретіндей етіп бекітпе жақтауын
ілгері жылжытады, оны сәл-пәл күштеп ұңғы қорабына қосады да, ілгері
ұмсындырады.,
Қайтармалы механизмді қосу. Оң қолмен қайтармалы механизмді бекітпе
жақтауының арнасына кіргізеді, қайтармалы серіппені қысып, бағыттаушы
өзекті ілгері итереді де, біршама төмен түсіріп, оның өкшесін ұңғы
қорабының бойлық ойығына кіргізеді.
Ұңгы қорабының қақпагын қосу. Ұңғы қорабының алдыңғы шетімен көздеу
қалыбындағы жартылай шеңбер ойыққа кіргізеді, қақпақтың артқы шетін оң
қолдың алақанымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің шығыңқысы ұңғы
қорабы қақпағының ойығына кіретіндей етіп алға және төмен ұмсындырады.
Шүріппені ұрыстың қайырмасынан босатып, сақтандыргышқа қою. Ағытқыш
ілмекті басып, ауыстырғышты тірелгенге дейін жоғары көтереді.
Автоматқа ұңгылы тежеуіш-компенсаторды қосу. Дүмді тежеуіш-
компенсаторды қарауыл бойындағы бұрандалы шығыңқы бөлікке тірелгенше
бұрайды. Егер ұңғылы тежеуіш-компенсатордың саңылауы орнықтырғышқа сәйкес
келмесе, ұңғылы тежеуіш-компенсатор ұңғысына айналдырады /бір айналымнан
артық емес/.
Сүмбіні қосу
Пеналды дүм ұясына салу. Сүрткішті, тазалығышты, бұрауышты, қаққышты
пеналға салып, қақпағын жабады да, пеналды түбімен дүм ұясына кіргізеді;
оны қақпақша жабылатындай етіп ұяга батырады. Жиналмалы дүмді автоматта
пенал оқжатарға арналған сөмке қалтасына салады.
Оқжатарды автоматқа қосу. Автоматты сол қолмен дүм мойыншасынан немесе
шетмойыннан ұстап тұрып, оң қолмен оқжатардың ілгішін ұңғы қорабының
терезесіне енгізіп, оқжатардың ілмегі оқжатардың тірек шығыңқысынан
асатындай етіп өзіне бұрады. Түнгі көздеуіші бар автоматты жинау кезінде
пулеметті қосқаннан кейін НСПУ көздеуішін қояды. Автоматты құндағынан
ұстап, көздеуіштің қыспа қөрылғысы саңылауын қару қадамасына орналастырады,
ол үшін қыспа құрылғысының тұтқасының артта тұрғанына көз жеткізіп,
көздеуішті алға тірелгенше жылжытып, тұтқаны алға қарай соңына дейін
айналдыра отырып, оны бекіту керек.
V. Жаңа сабақты пысықтау.
1. Жаңа сабақты пысықтау мақсатында 2534 әскери бөлімінен келіп сабаққа
қатысып тұрған әскери қызметші Калашников оқу қаруымен автоматты толық емес
болектеп және жинақтап көрсетеді.
2. Бір оқушы тақтаға шығып автоматты толық емес бөлектейді, екінші оқушы
автоматты толық емес бөлектеуден кейін жинақтайды.
Жаңа сабақты бекіту: Тақтада ілулі тұрган машықтану тапсырмасымен жұмыс.
/Оқушылар тақтаға шығып плакатта көрсетілген автоматтың толық емес бөлектеу
суреттерін пайдаланып, автоматты толық емес бөлектеу ретін реттеп қоюлары
керек/.
Автоматты толық емес бөлектеу тәртібі
Бағалау: Үй тапсырмасына және сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
VI. Үйге тапсырма: §4 «Автоматты бөлшектеу және жинақтау» тақырыбын оқып
келу. 179-184 беттер.

Тест
Т.А.Ж. -
Toп
|1 |Калашников автоматын кім шығарған? |
| |А |Ф. В. Токарев |
| |Б |М.Т.Калашников |
| |В |Д. М. Кочетов |
|2 |Калашников автоматы неге арналған? |
| |А |Қарсыласты қоян-қолтық шайқаста жеңіліске ұшыратуда |
| |Б |Атқыштарды алғашқы атуға үйретуге |
| |В |Қарсыластың адам күшін жоюға |
|О |Калашников автоматының бүгінгі күнде неше түрі бар? |
| |А |8 |
| |Б |10 |
| |В |12 |
|4 |Автомат алғаш рет қай жылы шықты? |
| |А |1947 |
| |Б |1942 |
| |В |1943 |
|5 |Калашников автоматының оқжатарына патрондар сыйымдылығы |
| |А |32 |
| |Б |45 |
| |В |30 |
|6 | |АК-74автоматының ұңғы калибрі |
| |А |7,62 |
| |Б |5,45 |
| |В |6,35 |
|7 |АКМ автоматының жарақталған оқжатарымен қосқандағы салмағы |
| |А |3,6 |
| |Б |3,2 |
| |В |5,8 |


Ұқсас жұмыстар
Автоматты бөлшектеу және жинақтау
Бекітпені бекітпе жақтауынан алу
Бекітпені бекітпе жақтауына қосу
Калашников автоматы
Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын ұңғы қорабына қосу
Жаңа сабақ тезистері
Атыс бөлімшесін басқару
АК-74 автоматының арналу мақсаты, ұрыстық қасиеттері. Автоматты толық емес бөлшектеу мен жинастыру реті
Ұңғы арнасын тазалау
Автоматты беріліс қорабының ақаулары
Пәндер